Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






І.Оқыту процесі туралы түсінік





Арнайы білім беру және оқыту теориясы арнайы педагогиканың жеке бөлігі болып табылады. Арнайы білім берудің дидактикасы -мүмкіндіктері шектеулі балаларга білім беру мен оқыту, оның заңдылыктары, принциптері, әдістері мен оқу процесін үйымдастыру формаларын зерттеумен айналысады. Арнайы педагогиканың дидактикасы, оқыту теориясы ретінде оқытудың динамикасын көрсете, барлык езгерістерін ашып, білім берудің мазмүның қамтиды.

Дидактика нысаны - түлғаның білім алуда, жаң-жақты дамуын қамтамасыз етуге багытталган оқытушы мен окушылар арасындагы байланыс әрекеттер жүйесі. Ал дидактика пәні оқыту мен оқу процестерін зерттейді. Сонымен бірге, дидактика оқыту процесінің түсінігі мсн мәні, оқыту принциптері, арнайы мектептегі білім беру мазмүны, оқыту әдістері мен үымдастыру формалары, окушылар білімін тексеру және бағалау мәселелерін қамтиды.

Оқыту процесінде арнайы мектеп окушылары арнайы білім беру мазмүның меңгереді. Түзетушілік жүмыс үйымдастыру аркылы окушы бойында еңбекке баулу, ең бастысы коғамдық әндіріске қатысуга мүмкіндік беретін икеммен дағдылар, көзқарас пен сенімдер қалыптасады, коғамға бейімделуге жагдайлар қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда дамуыида кемістігі бар оқушылар жаңа компьютерлік технологиялармен мектепте танысуы қажет, арнайы оқытуда бағдарлап оқыту технологияларды т.б. кен пайдалануы тиіс. (О.И. Кукушкина, 'Г.К. Королевская т.б). Ол келешекте бүл техникамен жүмыс істеп қана коймай, теория мен тәжірибе саласындағы жаңалықтармен танысып, оны жетілдіруге мүмкіндік береді, болашақта қарым-қатынас, акпарат алу қүралы ретінде пайдаланады.

Соңдықган, болашак арнайы педагог арнайы білім беру және оқыту теориясын терең менгеріп, оны мүмкіндіктері шектеулі балалармен жүмыс жасау тәжірибесінде жүзеге асыруды білуі қажет.

Арнайы педагогикада оқыту, білім беру, оку, білім алу арнайы мектеп окушыларынын когамдық мәнін міндеттерін шешуге бағыттапған өзара байланысты педагогикалық процес тұрғысында сипатгалады.

Қоғамнын - тарихи дамуында оқыту сапыстырмалы гүрде өзіндік және дербес сипат апады. Себебі, біріншіден, білім күрделенеді. Білімнің курделенуі оку материалын игеруге бағыттапған арнайы танымдық іс - әрекетті үйымдастыруды талап етеді. Екіншіден, ғылым мен техникапық дамуына сәйкес оқыту процесіне танымның абстрактілі даму кезеңі үлкен орын алады. Бала санасында әлем әр түрлі кырларымен көрінеді. Ал арнайы мектеп окушылары үшін бүл жағдай ауырға түседі, себебі оқытудың алғаш кезеңдерінде көрнекі ойлау жетекші болады. Арнайы оқыту әзіие тән мақсатымен, үйымдастырылуы ерекшеліктерімен сипаттапады, олар окушылардың бойындағы ерекшеліктерге тәуелді. Үшіншіден, қоғамдық өндірістің дамуы жаңа мамандыктарды кажет етеді, қоғам тарапынан білім беру жүйесіне тапсырыс етеді. Осыдан мүмкіндіктері шектеулі бапаларды емірге бейімдеу, лайықты мамандықты меңгеруге бағьпталған білімдік, еңбектік және кәсіби отқыту қажеттігі туады. Арнайы мектептегі оқыту үш міндет атқарады, олар: білім беру, тәрбиелеу, түзету-дамыту.

Білім беру қызметі ғылыми білімді меңгеру мен жалпы және өзгеше икемділік пен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге асады. Озгеше арнайы икемділік пен дағдылар нақтыоқу пәніне лайықты тәжірибеде қажетті икемділік пен дағдыларға үйрету. Мысалы, физикадан есеп шығару мен зерттаханалық тәжірибе өгкізу болса, географиядан- карта, атлас, глобуспен жүмыс жасау т.б. Жалпы оку дағдылары барлық пәндерге қатысты, олар кітап, анықтама, сөздіктермен жүмыс жасау, оку және жазу дагдылары, оқу әрекетін үйымдастыру дағдылары сияқты.

Тәрбиелеу қызметі оқушылардың дүниетанымың, адамгершілік, еңбек, әстетикалык, әтикалык кезқарастарын қалыптастыруға бағытталған.

Оқытудың түзету-дамыту қызметі көбінесе арнайы түзету сабақтар арқылы атқарылады. Оқыту процесінде окушылар алдына таным процестерін дамыту үшін арнайы міндеттер қойьшады. Оқытудың дамытушылық міндеті білім беру мазмүны арқылы жүзеге асады.

Білім беру және оқытудың ғылыми теориясы озат ойшылдары Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестапосций, А.Дистервегтің педагогикалық кәзкарастарын негізінде капыптасты. Я.А.Коменский әзінін «¥лы дидактика» (1658) деген еңбегінде мектепте оқытудын принциптерін, мазмүнын, әдістерін, үйымдастырудың негізгі түрін сабақ екенің негіздеді. Қазіргі уақытқа дейін арнайы мектепте сол сабак түрінде оқыту негізгі түрі.

Философиянын таным теориясы білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі ретінде оқыту процесі және адамның танымдық іс- әрекектінің басқа да формалары мен түрлерінің үқсастығы және айырмашылығын түсінуге, қоршаған әлемді адамның тануының зандылықтары жүйесінде оқытудың орнын анықтауға мүмкіндік береді. Нақты оқытуда, таным теориясы секілді сезімдік танымнан абстрактілі ойлауға, одан тәжірибе қалыптасады. Мектептегі оқыту – танымдық процестің көптүрлігінің бірі, өзінің міндеттері, мазмүны, үстанымдары, әдістері, шарттары, үйымдастыру түрлері және логикамен қүрылысы бар. Оқыту теориясының дамуына П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, Л.С. Выготскийдің педагогикалык және психологиялык еңбектері үлкен үлес қосты. П.П.Блонскийдің оқыту процесін психологиялық негіздеу білім беру мен оқытудың теориялық мәселелерін зерттеуді елеулі тереңдетті. Л.С.Выготскийдің оқытудың жетекші релі туралы концепциясы оқытудың гісихологиялык негізін зерттеуде елеулі ыкпал етті.

Н.А.Менчинская, В.В.Давыдов, Д.Б.Әльконин және т.б. білімді игерудегі жас ерекшелігінің мүмкіндіктерін, Л.В.Занковтың кіші мектеп жасындагы оқушьшар дамуының жалпы деңгейін калыптастыру жолдарын, оқытудың мазмүны мен әдістерін жергілікті табигат және баланың өмір тәжірибесімен байланыстыруды психология және педагогикалык түргыдан зерттеулері оқыту теориясын ерекше багытга түседі.

Арнайы білім беру мен оқытудың бойында мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды жан - жақты дамыту мен кемістікті түзетуге қуатты жагдайы бар. Осы жагдайларды ашу және жүзеге асыру — арнайы білім беру мен оқыту теориясының маңызды міндеті. Педагогика үлы орыс физиологтары И.М.Сеченов гтен И.П.Павлов жасаган жогарғы жоғарғы жүйке жүйесінің іс- әрекеті жоніндегі алдыңғы қатарлы материалистік ілімге сүйенеді. Жүйке жүйесінің қызметінің шарттьі рефлекторық теориясы оқушылардың таным процесінің және олардың қогамдық негізінің дамуын терең түсінуге мүмкіндік ашады.

Оқу іс-әрекетінің әлементтері мектепке дейінгі тәрбие мазмүнында да болады. Бала әріптер, есептеумен, оқу процесімен танысады. Ата- аналар және тәрбиешілер көмегімен бақыланған табиғат құбылыстарынын елеулі белгілерін ажыраты, әңгімелер мен ертегілер тындайды, олардың мазмүнын түсінугеі үйренеді. Дегенмен, ғылымның, оған сәйкес оку пәнінін логикасы, ғылыми білімнің әлементтерін үғыну және олардың негізінде білік пен дағдылардың қалыптасу процесіне шешуші ықпал жасамайды. Мүмкіндікгері шектеулі балапардың жетекші іс-әрекетіне көңіл бәліп, ойлау, сезімдік, таным іс-әрекетінде басым мәнінде қала береді.

Ал, оқыту процесі - оқушының қоршаған әлемді тану процесі. Оқыту процесінің бүл белгісі оның адамның таным іс-әрекетінің баска түрлері мен формалары үқсастығын білдіреді. Оқыту - арнайы үйымдастырылған танымдық іс-әрекет. Оқыту қүрылымының ойын, керкем- бейнелеу, еңбек және басқа да іс-әрекеттерден мәндік айырмашылығы болады.

Date: 2016-05-14; view: 1383; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию