Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Арнайы недагогиканың психологиялық иегіздері





Арнайы психология - психологиялык білімнің өзіндік, даумында туа немесе жүре пайда болган ауыткушылығы бар түлғалардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы. Бүл ғылым дене бгЛічі кең және психиканың дамуында ерекшеліктері бар балалардың даму өзгешілігін және олардың оқу тәрбиелеудегі заңдылықтарын көрсетеді. Арнайы психология ез проблемаларын зерттеуін жалпы психология, медицина, педагогика гылымдарымен тығыз байланысты және практикалық, теориялық жүзінде арнайы педагогикаға бағытталады. Арнайы психологияның пәні - түлғаның бойындағы акаудың негізгі себептерін айқын анықтайды және кемтар балалардың психикасын зерттейді. Осыған байланысты келесі кажеттіліктер туындайды:

- қалыпты дамыған және сол сияқты дамуыда ауытқушылығы бар баланың психикасыныц пайда болуын және негізгі зандылықтың дамуын ашу қажет.

- әр түрлі дәрежедегі кемтар балалардың психикалық дамуы ерекше негізімен ашылуы қажет.

Арнайы психология мүмкіндігі шектеулі баланың әр түрлі зақымдалған психикалык процестерінің орын толтыру үшін психиканы толық дамыту және түзету жолдарын үсынады. Зерттеудің маңызды бағыты гылыми негізгі әдістерді жетілдіру, әр түрлі топтагы кемтар балалардың оқыту қүралдарын және оның оқытудағы теориялық нақты жолдарын дәлелдеу болып табылады.

Кезкелген кемістік психологиялык жағынан - әлеуметтік мінез- қүлықтын озгеруіне ықпал етеді. Кемтар баланың психологиялық ерекшеліктерін түзетуде әлеуметтік факторлар биологиялық факторларға қарағанда маңызды.

Кемтар баланың әлеуметтік жағдайын жәбірлеп, оны өз қүрдастарынан бөлу, психикасынын дамуына жағымсыз. Сондай-ак баланы «жынды" немесе "кеміс" деп айтып намысына тиіп, теріс бағдарға ауып кетуіне себепші болады. Бала кемістігі әлеуметтік ортада айқын байқалады.

Сол үшін қоғамда калаптаскан мүмкіндіктер шектеулі түлғаларға деген көзкарасты өзгерту маңызды міндет. Оларды қоғамнан шектемей дөрекі сөздерді қолдануға тиым салу кажет. Бүл үғымдар түлғаның ауыткуларын бетке басу болып табылады, әлемдік адамгершілік бағытымен үйлеспейді. Түлға өзін қогамнан кем санамау үшін ең алдымен жанүясын, қоршаған ортаны психологиялық кеңес беру және балалардың өзіне деген сенімділігін тудыру. Ең алдымен түзету жүмыстарын дер кезінде жүргізуді үмытпау керек.

Бір сөзбен айтқанда мүмкіндігі шектеулі түлғаның ақыл-ой өрісін дамытып отыру дені сау балалардың тіршілік бейнесіне карай барынша бейімдеп отыруды талап етеді. Бүл орайда калыпты коретін бала соқырды жетектеп, оган жол көрсетеді. Ал сокырды соқыр бала жетектесе, онда олардың екеуі бірдей кұлап түсуі мүмкін. Сондыктан кеміс балаларға камкорлык көрсетіп, олардың өмір тіршілігіне барынша көмектесу адамға деген адамгершіліктің айкын көрінісі.

Арнайы психологияның нақтығылым ретінде дамуында ерекше орын алагын Лев Семенович Выготскийдің еңбегі.

Лев Семенович Выготский 1896 жылы 5-ші карашада Белорус каласы Оршада туылды.І-жылдан кейін семьясымен Гомиль қаласына кешіп келді. Мүнда ғалымның жастық шағы мен ғалым ретінде қалыптасу өмірі өтті. Мәскеу университеттін заң факультетін бітіріп, психология институтында білім алу жолын жалғастырған. Л.С. Выготскийдің белсенді ғылыми және үйьшдастыру жүмыстары 20-ғасырдың ортасында Мәскеуде басталады.Осы кезеңде Л.С. Выготскийдің ерекше ғалым- педагог ретінде қабілеттілігі көрінді. Ол дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мәселесімен айналысып, олардың даму заңдылықтарын зерттеген. Бүл ғалым ең алғаш ғылыми мекеменің іргетасын қалаған, және ғылыми-тәжірибелік орталығын кейін Дефектология институтын ашуға белсенді қатысқан..

Қазіргі арнайы педагогикада Л.С. Выготскийдің фундаментальды- әкспериментальды және теориялық зерттеулері бойынша бағытталған бірден бір басқа бағыт жоқ.

Қалыпты және кемтар баланың дамуындағы негізгі зандылықтары туралы теориясы түзетудің әдіснамалық негізі ретінде. Бүл жерде бала дамуындағы негізгі заңдылыктар мәселесінің негізінде биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролін дүрыс түсіну қажет. Өйткені биологиялық теория ағзаның барлык қассиеттері дүниеге келген дейін дайын түрде қалыптасады, дейді. Бүл механистикалык теория қоршаған орта мен тәрбиелеудің ролін теріске шығарады. Бала дамуына әсер ететін педагогикалық ықпалдың маңызын бағаламайды. Л.С. Выготский дәлелдегендей дамуында кемістігі бар балалар өз онтегенезінде қалыпты балалар сиякты негізгі даму кезеңдерінен етеді, бірақ өте баяу өтеді.

Сонымен бірге дамудын жақын аймагы мен өзекті аймағы туралы ілімді әзірлеген. Дамудын жакын аймагы баланың ерексергердің басшылығымен, көмегімен шешетін міндеттерінің қиындылыгының деңгейі. Мысалы: Біздің алдымызда 2-бала, екеуі де 7-жаста, бірақ біруіне кішкене көмек көрсетсең, тапсырманы 9-жастағы балаға лайық деңгейде орындай алады, ал екіншісі 7-жасқа сәйкес орындайды. Екеуінің ақыл- ойының дамуы бірдей ма? Өздерінің іс-әрекеті бойынша бірдей, бірақ дамуына байланысты әр түрлі. Баланың үлкендердін көмегімен ғана тапсырманы орындай алуы, бірге дамудың жакын аймағын көрсетеді. Бүл дегеніміз осы әдістеменің көмегімен біз қазіргі күнгі даму процесін карастырамыз, сонымен қатар аяқталған айналымын ғана емес,қазір қалыптасып жатқан процестерді де карастырамыз.

Ересектердің көмегімен бүгін бала не жасаса, оны ертең өзі жасайтын болады. Осылайша дамудың жакын аймағы ертеңгі күнгі баланың динамикалық даму жағдайын аныктауға көмектеседі. Мысалы көрсетілген 2-баланың жасы бірдей аяқталған айналымы бойынша, бірак дамудың динамикасы екі түрлі. Осыдан оның 2 деңгейін дамудың актуальды, яғни өзекті деңгейі мен дамудың жақын аймағын анықтадық.

Л.С. Выготский кемтар баланы әлеуметтік тәрбиелеу, оның табиғи кемістігін әлеуметтік компенсациялау әдісіне негізделеді. Жеке түлғага, йедагогикалык ықпал ету жүйесі кемістіктің ерекшелігіне бағыттауын тиіс.

Арнайы психологиялық, сондай-ак арнайы педагогикалық чегізгі мәселесі зақымдалған анализаторлардың орнын толыктыру (компенсация). Психикалык дамуы тежелген балаларды арнайы үйымдастырып оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты - зақымдалған ағза мүшелерін негүрлым тиімді орнын толықтыру жолдардын табу. Психикалық функцияларды толықтыру (теңестеру, яғни компенсация) дегеніміз - бүзылған немесе дамымай қалған психикалық функцияларды сақталған немесе жартылай зақымдалған функциялар арқылы орнын толықтыруды білдіреді. Зақымдалған ағза мүшелерінің қызметін толықтырудың 2 жолы бар.

Біріншісі - ішкі жүйелілік толықтыру (компенсация): мысалы: есту кабілетің сакталған қалдық есту арқылы қабылдауын дамыту арқылы;

Екіншісі - жүйе аралық толықтыру (компенсация,теңестеру,) мысалы: көру қабілеті зақымдалған баланың кору анализаторының кызметің сипап-сезуді дамыту арқылы толықтыру.

Толықтыру формалары түлғаның толықтай дамуына мүмкіндік береді. Толықтыру теориясы арнайы білім беру тарихымен тығыз байланыста үзақ уақыт жолдан өтгі.

Толықтыру мәселесінде ерекше орын алатын Австрия психологы жәнё психиатры А.Адлердің жоғары толықтыру теориясы ерекше орын алады. Бүл ғалым түлғаның ішкі бірлігін сақтауды жетекші кағида ретінде белгілеп, психика дамуына әлеуметтік ортаның биологиялық факторларға караганда маңызды деген. З.Фрейд сиякты, А.Адлер да түлғаның қалыптасуы негізінен баланың алғашқы 5-жыл өмірінде болады. Бүл кезде оның мінез-қүлқы, өмірге деген кез қарасы пайда болады. А.Адлердің пікірінше, адам табиғатта биологиялык түрғыдан ең бейімделмеген жәндік, сондықтанда ол бастапқы кезден-ақ өзін толыққанды түлға ретінде сезінбейді, сол себептең бала дамуында кандай да денелік немесе сенсорикалық кемістік пайда болса сол сезімді күшейтеді. Өзін толыкқанды емес болып сезіну, психикалык дамуына әсер етеді, яғни адам озің кемтар болып сезіну аркылы сол кемістікті жоюга, орның толықтыруға тырысады, күш салады. Осы сезіммен күресу арқылы адамдар өздерінің шығармашылық мүмкіншіліктерін артады.

Л.С.Выготский кемістіктің орнын толықтыруды әлеуметтік және биологиялық факторлар арқылы карастырған. Бүл толықтыру теориясы арнайы педагогикалық барлық салаларының дамуына жағымды әсерін тигізді, кемтар балаларды оқыту мен тірбиелеудін тиімді әдістер мен тәсілдерін әзірлеуге мұмкіндік берді. Аталмыш теорияны қарастыра отырып, оның негізгі факторларын белгілеуге болады.

Біріншіден, Л.С.Выготский кемтар баларды әр түрлі әлеуметтік және шығармашылық әрекеттерге қатыстыру жүмыстарына үлкен көңіл бөлді. Бүл теория бойынша бір сезім мүшесі зақымдалған жағдайда, басқа мүшелер бұрын орындамаған қызмет аткарып, оның орнын толықтырады. Есту қабілеті зақымдалған адамда керу қабілеті, сипап сезуі, сезім мүшелері қалыпты емес, өзгеше қызмет етеді, себебі, олар көптеген ақпаратты ерекше жол арқылы қабылдап, өңдеулері керек. Соңдықтан дамуында кемістігі бар балалармен жұмыс тек қалдық қабылдауын дамыту емес, белсенді әрекеггі ұйымдастыру бағытында жүргізілуі тиіс.

Екіншіден Л.С.Выготский ақау құрылымы деген түсінікті енгізді. Бірінші (алғашқы) кемістік, мысалы есту, көру қабілеттінің төмендеуі, дамуда екіншілік кемістікті тудырады. Әр түрлі біріншілік себептерге байланысты сәбилік, ерте және мектепке дейінгі кезеңде екіншілік кемістіктер ұксас болып келеді. Екіншілікте ауытқулар баланың психикалық дамуын өзгертеді.

Сөйлеу тілі дамуындағы кемістіктер барлық кемтар баларда кездеседі. Естуінде, зиятында ауытқушылғы бар және бала жасындағы сал ауру балаларда сөйлеу тілі болмауы мүмкін. Сонымен қатар, кемтар баланың дамуы қалыпты баланың даму заңдылықтары бірдей болғандыктан, кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мүмкіндіктерінің дәлелдейді. Ол үшін бала бойындағы кемістіктің түрін, деңгейін ескере отырып, арнайы педагогикалық әрекетті ұйымдастыру керек. Педагогикалық әрекеттің ең басты бағыты екіншілік кемістіктердің алдын алу және түзету мен кемісткті азайту. Педагогикалық құралдар арқылы закымдалған анализаторлардың орның нәтижелі толықтыруға мүмкіндік әркашан бар.

Психикалық даму құрылымының озгешілігің, мысалы, есту кабілеті зақымдалған баланың дамуы аркылы көрсетуге болады.

Біріншілік кемістік - естудің зақымдалуы, оның салдарынан екіншілік кемістік пайда болады ол - сейлеу тілі дамуының бұзылысы, үшінші ретті кемістік - барлық танымдық проңестердің өзіндік дамуы. Біріншілік кемістікті түзету үшін медициналык әрекет қажет болса, екіншілік ауытқулар педагогикалық әрекеттерге тәуелді. Неғұрлым екіншілік ауытқуы біріншілік кемістікке тәуелді болса, соғырлым оның түзету жолдары қиындыққа түседі. Мысалы, естімейтіндердің дыбыс айтуы естуіндегі кемістіктің деңгейіне тәуелді, сондықтан дыбыс айтуды түзету ауыр мәселе. Ал сөйлеу тілінің баска жақтарын, сөздік қорын молайту сияқты жеңіл жүреді.

Үшіншіден, тәрбиелеудің жалпы міндеттері мен арнайы әдістемелер арасындағы байланысы, арнайы тәрбиелеудің әлеуметтік тәрбиелеуге тәуелді, олардың бірі -бірімен байланысыда теуелді. Дамуында қандай да кемістігі бар балаларды арнайы оқыту, кажетті арнайы педагогикалық құралдар арқылы ұйымдасатыны белгілі. Мысалы, естуінде ауыткуы бар баланы оқытуда, ен алғашымен сол бала ушін сөйлеуді қажет ететің жагдайларды арнайы қамтамасыз ету керек, соңда бала сөйлеу тілінің қажеттілігің түсініп үйренуге ұмтылады.

Төртіншіден, Л.С.Выготский әр түрлі кемістіктері бар түлгаларды оналту, сауықтыру мен кемістіктің орның толықтырудың негізгі амалы ретінде еңбек әрекетін қарастырган. Еңбек әрекеті жоғары таным процестерін қалыптастыру мен дамытуға жол ашады және болашақта толыққанды емір сүруге, қоғамға бейімделіп қосылуға мүмкіндік береді.

Л.С.Выготскийдің бесінші қағидасы бойынша, тұлға өмірі үшін шешуші фактор ксмістік емес, оның әлеуметтік-психологиялық көрінісі. Ғалым түлға ез бойындағы кемістікті саналы түсініп, сезген жағдайда ғана кемістіктің орнын толықтыру мүмкіндігі жоғарлайды деген. Бүл процеске бірігіп әсерін кемістіктің деңгей және - сыртқы әлеуметтік факторлар бірдей гигізеді.

Кейіннен озат психологтар өз зерттеулерінде психикалық функциялардың орнын толықтыру мәселелер қарастырған (А.Р. Лурия, Б.В. Зейнгарник, Р.Е. Левина, И.М. Соловьев, В.В. Лебединский).

Date: 2016-05-14; view: 2115; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию