Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Лттық шоттар жүйесі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
ҰШЖ – ұлттық және халықаралық деңгейде пайдаланатын бірыңғай экономикалық терминдер, жүйелер және есепке алу ережелерінің жиыны. ҰШЖ келесі міндеттерді атқарады: - макроэкономикалық есептілік үшін, ағымдағы макроэкономикалық ахуалды талдау үшін және болжауларды, негіздеу үшін дерекқор мәліметтерін жинақтайды; - әр елде экономиканың жағдайын және қызмет нәтижелерін салыстырып, аналитикалық ақпарат береді; Экономикалық қызмет нәтижелерін бағалайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖІӨ ішкі өнім болып саналады, себебі осы елдің резиденттерімен өндіріледі. Бір елдің экономикалық аумағында экономикалық мүддесінің орталығы бар, олардың ұлтынан тәуелсіз барлық экономикалық бірліктер (кәсіпорындар, үй шаруашылықтары) резиденттер болып саналады. ЖІӨ өлшеудің 3 тәсілі бар: - қосымша құн бойынша (өндірістік әдіс) - шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі) - табыстар бойынша (бөлу, үлестіру әдісі) ЖІӨ өндірістік әдіспен есептегенде соңғы өнім өндірісінің әр сатысында қосылған құн сомаланады (қосылады). Ол шаруашылық қызметтің әр қатысушысының үлесін көрсетеді. Қосымша құн – ол барлық фирмалар өнімдерінің нарықтық бағасы, өнімнің өндірісіне осы фирмалармен сатып алып шығындалған шикізат пен қосымша материалдың құнын санамағанда. Қосымша құн осы кәсіпорын қызметкерінің еңбегімен атқарылған жұмыстар құнының көрсеткіші болып келеді. ҰШЖ (ұлттық шоттар жүйесі) шығын шығыс бөлігіне табыс бөлігіне тең болуы тиіс: осы жылдың өнім өндірісінен алынған ақша табысы осы жылы өндірілген тауарлар мен қызметтердің сатып алуына жұмсалған шығындар көлеміне тең, немесе: Бұл теңеу негізгі макроэкономикалық үйлестік деп аталады. ЖҰӨ – белгіленген мерзім ішінде осы елдің тұрғындары алған табыстың жиынтық бағалауы, ол ЖІӨ (жалпы, валдық өнімге) жақын. Тауар мен капиталдың сыртқы ағындары жоқ жағдайындағы жабық экономикада ЖІӨ мен ЖҰӨ шамалары тең. Бірақ, нақты алғанда, ел ішінде өндірілген өнімнің белгіленген бөлігі шетел азаматтарының иелігінде, ал шетел өнімдерінің қайсыбір бөлігі осы ел азаматтарының иелігінде. Сондықтан, қазіргі барлық экономикалардың ЖІӨ мен ЖҰӨ айырмашылықтары бар, кейбір елдер үшін бұл айырмашылық аз ғана шаманы құрайды. ТҰӨ = ЖІӨ - амортизациялық ақша аударулар ТҰӨ халықтың тұтынуына және жеке инвестицияларға кететін ЖІӨ құнын шамасын көрсетеді. ТҰӨ жанама салықтар кіреді, оның ішінде акциздер мен кеден баждары. Егер ТҰӨ жалпы көлемінен жанама салықтарды алып тастасақ, алынған сома ұлттық табыстың (ҰТ) шамасы болады. Date: 2016-05-25; view: 1729; Нарушение авторских прав |