Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нақты шамалар, қатысты шамалар олардың түрлері





Статистикалық нақты шамалар дегеніміз қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын, деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер. Мысалы, топтағы студенттер саны, белгілі бір уақыт аралығындағы өндірілген өнім көлемі, т.б.

Нақты шамалар өздерінің сандық көрсеткіштерінің қолданылуына қарай жеке және жалпы немесе жиынтық қосындысы болып екіге бөлінеді. Жеке нақты шамалар жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді. Мысалы, бір жұмысшының айлық табысын, әр отбасындағы балалардың санын алуға болады. Жалпы нақты шамалар жеке нақты шамалардың қосындысынан алынады. Мысалы, халық санағы кезінде республика бойынша жалпы халықтың саны алынады, ол әрбір адамның жиынтығынан құралады.

Нақты шамалар қоғамдық құбылыстар мен процестердің табиғи негізін бейнелейді. Сол себепті зерттеліп отырған зерзаттың әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты көрсетілетін өлшем бірліктері атаулы сандар болып келеді және оны табиғи, еңбек және ақшалай өлшем бірліктерін қолдану арқылы есептейді.
Табиғи өлшем бірлігі қарастырылатын заттың, нәрсенің өзіне тәлпы көлемін есептеу үшін пайдаланылады. Оны есептеу кезінде арнайы коэффициенттер жүйесі қолданылады.
Еңбек өлшем бірліктері өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытының мөлшерін анықтауға арналған. Ол адам-сағат, адам-күн, адам-жыл сияқты өлшем бірліктерін қолдану арқылы өлшенеді.
Ақшалай өлшем бірліктері өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбек ақы көлемін, таза пайда мен зиянды, банк несиесімен есептеу, т.б. көрсеткіштерді жинақтау үшін қолданылады.

Қатысты шамалар дегеніміз қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштерді айтады.

Жоспардың орындалуының қатысты шамалары берілген жоспардың қандай дәрежеде орындалғанын, яғни қаншаға өскендігін немесе кемігенін көрсетеді және өлшем бірлігі коэффициентпен беріледі.

Жоспарлық тапсырманың қатысты шамалары дегеніміз жоспар бойынша қоғамдық құбылыстар мен процестердің өткен уақытпен салыстырғанда қаншалықты өскенін немесе кемитінін бағдарлама арқылы көрсету болып табылады.

Өсіңкілі қатысты шамалар құбылыстың уақытқа байланысты өзгеру мөлшерін білдіреді.

Құрылымның қатысты шамалары жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді, яғни ол арқылы құрылымның өзгеруін анықтауға болады. Есептеу үшін жиынтықтың жеке бөліктерінің мәнін оның жалпы жиынтығына бөлу керек.

Үйлестік қатысты шамалар деп жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің өзара қатынастарын айтады. Мысалы, дүниеге келген ұлдар мен қыз балалардың санының қатынасы, жұмысшылар мен қызметкерлер санының қатынасы және т.б.

Үдемелік қатысты шамалар аттас емес көрсеткіштердің қатынасын сипаттайды. Олар жинақтың әртүрлі көрсеткіштерінің қатынасын немесе бір-бірімен байланысты екі жиынтық көрсеткіштер қатынасының белгілі бір ортаға таралуын көрсетеді.


Салыстырмалы қатысты шамалар деп бір уақытта әртүрлі аймақтарға жататын бір тектес, аттас шамалардың қатынасын көрсетуді айтады. Мысалы, 1995 жылдың басында Алматы қаласының тұрғындары 1197,9 мың адам, ал Қарағанды қаласының тұрғындары 956,0 мың адам болды. Яғни Алматы қаласының тұрғындары Қарағандылықтарға қарағанда 2 есе көп (1197,9/596,0=2).

Дәрежелік қатысты шамалар дегеніміз әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың даму немесе кему процестерін жан басына шаққандағы шығатын көрсеткіштермен көрсету. Мысалы, жан басына шаққанда келетін халық шаруашылығы өнімдерінің көлемі, ұлттық табыс пен байлықтың көлемі және т.б.

Статистикалық график – берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.

Графиктің негізгі элементтері. Статистикалық графикті геометриялық жазықтықта бейнеленген шартты белгілері дей отырып, әрбір графиктің төмендегідей негізгі элементтері болады: графиктің негізі, графиктің өрісі, кеңістік бағыты, масштабтың бағыты, графиктік экспликациясы

Геометриялық белгілердің қолданылуына қарай графиктер нүктелі және сызықты болып екіге бөлінеді. Нүктелі график деп график негізінің жиынтықтары нүкте ретінде, ал сызықтық график деп сызықтардың қолданылуына байланысты болатын жол – жолды, төрт бұрышты, шеңбер тәріздес және т.б түрінде берілгендерін айтамыз. Кейбір кездерде графиктер геометриялық емес фигуралармен белгіленеді. Мұндай графиктердің түрлерін бейнелі график деп атаймыз.

Графикалық әдісті қолдану кезіндегі ең басты нәрсе – оның негізінің дұрыс алынуы және мақсатына қарай статистикалық мәліметтердің бейнеленуі айқын көрсетілуі қажет.

Сандық мәліметтерді график арқылы бейнелеу үшін, алдымен оның масштабын таңдап алуымыз қажет, содан кейін оған шкаласын түсіреміз. Масштаб деп графикке түсірілетін сандық шаманы шартты өлшем бірлігіне ауыстыруды айтамыз.Мысалы, 1 сантиметр 50 киломерге тең және т.б График немесе масштаб шкаласы деп әрбір статистикалық сандық көрсеткіштерді белгілі бір межемен көрсететін жеке нүктелер мен сызықтарды айтады.

 

 







Date: 2016-05-25; view: 5356; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию