Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ішінара бақылау





Ішінара бақылау әдісі қазіргі кезде мемлекеттік статистикалық органдарда, ғылыми-зерттеу мекемелерінде және басқа да кәсіпорындарында кеңінен қолданылатын жетілдірілген, ғылыми түрде негізделінген әдіс болып саналады. Ішінара бақылау әдісін қолданудың мақсаттары:

- Жұмыс көлемінің азаюына сәйкес жұмыс уақытын және қаржы ресурстарын үнемдеу;

- Ішінара бақылауды міндетті түрде ғылыми принциптерге сәйкес ұйымдастыру;

- Бақылауды қысқа мерзім ішінде кең көлемде жүргізу, қорытынды көрсеткіштерін жедел алу.

Ішінара бақылу әдісін қолданудың міндеттері:

- Ішінара бақылау кезіндегі қолданылатын іріктеудің түрлерін дұрыс пайдалану;

- Ішінара бақылауға алынатын бірліктің санын анықтау;

- Ішінара бақылауды жіберілетін қателерді есептеу.

 

Адам қоғамында болып жатқан құбылыстар мен процестерді, статистикалық зерттеуде тексерілуге алынатын жиынтық бірліктері қамту дәрежесіне қарай, жаппай және жартылай бақылау болып екіге бөлінеді.

Соңғы жылдары статистикалық зерттеу жұмыстарында жартылай бақылау әдісі жиі қолданылады және оның өзі зерттеу әдістеріне қарай ішінара, жеке ауқымды және жиынтықтың негізгі бөлігі сияқты үш түрге бөлінеді. Ішінара бақылау әдісі статистикалық тәжірибеде ең көп тараған, жетілдірілген түрі болып саналады.

Қазіргі кезде ішінара бақылау әдісі халық шаруашылығы салаларының барлығында кеңінен қолданылады. Мысалы: жұмыс уақытын дұрыс пайдалануды анықтау үшін, саудада халықты керекті тұрмыстық тауарлармен қамтамасыз ету және тағы басқалары.

Статистикалық ішінара бақылау әдісі деп жалпы жиынтық бірліктерінен зерттеуге кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми негізге алдын-ала іріктеліп алынған кейбір бөліктерін айтады. Ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштерді жалпы жиынтық көрсеткіштеріне толығымен таратуға, қолдануғы болады.

Егер бақылаудың қорытындысын барлық жиынтық бірліктеріне таратуға болмайтын болса, онда ол ішінара бақылау тәсіліне жатқызылмайды және оны жай зерттеу деп атайды.

Жаппай бақылаумен салыстырғанад ішінара бақылаудың өзіне тән ерекшеліктері бар:

а) бақылауды жүргізу кезінде мәліметтерді жинау, өңдеу және қортындылау сияқты жұмыс көлемінің азаюына байланысты жұмыс күші мен материалдық және қаржы ресурстары үнемделеді.

б) бақылау қысқа мерзім ішінде кең көлемде жүргізілсе, қорытынды көрсеткіштер жедел алынады.

в) жаппай бақылау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, яғни өнімдер сапасын тексер\у кезінде олардың бүлініп немесе пайдаға аспай қалуына байланысты қолданылады.

г) ішінара бақылау кезінде қате барынша аз кетеді және есептелінген қортынды көрсеткіштер дәлме-дәл келеді.

д) ішінара бақылау әдісін қолдана отырып жаппай бақылаудың көрвсеткіштерін тексеруге болады.

 







Date: 2016-05-25; view: 3369; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию