Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Статистикалық бақылау, оның міндеттері мен нысандары
Статистикалық бақылау- қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдармен жүйеде тіркеу, жинау тәсілі. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты -зерттелетін объекті туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін ғылымға негізделген сапалы мәліметтерді белгіленген уақытта жинау. Сонымен қатар статистикалық бақылау кезінде жиналған мәліметтерде кемшіліктер кездесуі мүмкін, яғни мұндай жағдайда бағдарлама жасап алған дұрыс.Мұны бақылау бағдарламасын дұрыс жасау негізінде, жоспар және алға мақсат қою негізінде дұрыс шешуге болады. Статистикалық бақылауды жүргізбес бұрын оны ұйымдастыру жоспары жасалынады. Онда бақылаудың мәні, маңызы, мәліметтерді жинаудың формалары, түрлері мен тәсілдері, орнын анықтау сұрақтары қарастырылады. Сондықтан бұларды нәтижелі шешу үшін алдын-ала бағдарлама жасайды. Бақылау бірлігі дегеніміз статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын объект құрамының бір бөлігі. Бақылау бірлігін анықтау зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алға қойған мақсатына, атқаратын міндеттеріне байланысты. Статистикалық бақылау бағдарламасы дегеніміз зерттеу кезінде алғашқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығы. Статистикалық бақылау бағдарламасына енгізілген сұрақтар мөлшері статистикалық органдардағы есеп беру формасы арқылы жинақталған көрсеткіштерге байланысты болады. Статистика органдары алғашқы мәліметтерді жинауда ұйымның негізгі екі жолын қолданады: есеп беру және арнайы ұйымдастырылған бақылау. Есеп беру дегеніміз кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, жұмшарлар мен кеңшарлар және басқа да кәсіпорындар өздерінің қызметтері туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында қажетті мәліметтерді тиісті органдарға және статистика органдарына тапсырып отыруы. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайда немесе есеп беру арқылы мәліметтер жинауға мүмкіндік болмаса, онда қажетті ақпараттарды жинау үшін арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жүргізіледі. Статисттикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттеліп отырған объектінің жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына қарай бақылау жаппай және жартылай болып бөлінеді. Статистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай тіркеу үзіліссіз немесе ағымдағы және үзілісті немесе кезеңдік болып екі түрге бөледі. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше түрлері бар. Олар: тікелей қатысу, құжаттар және сұрақ-жауап арқылы. Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау дегеніміз болған фактілердің пайда болуына қарай тұрақты жүйелі түрде белгілі бір уақыт мерзімінде тіркеуге алуды айтады. Үзілісті бақылау дегеніміз зерттеуге алынған құбылыстар менпроцестерді ұдайы, бірақ белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолдары бар. Бақылауға жататын объектінің әрбір жиынтық бірліктерін адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын болса, ол тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп аталады. Eсеп беру формаларының негізінде жиналса, ол құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі болып табылады. C ұрақ-жауап тәсілі дегеніміз қажетті мәліметтерді сұралушы адамның айтқаны бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарында жазып алу арқылы жинау.
Date: 2016-05-25; view: 2242; Нарушение авторских прав |