Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Статистиканың мәні ,әдісі және міндеттері





Статистика латынның «status» деген сөзінен шыққан. Ол заттың, құбылыстың, нәрсенің жағдайын жетік білу дегенді білдіреді. Осы сөздің негізінен италияның «stato» - мемлекет, «statisto» - мемлекеттің жағдайын жетік білу дегенді білдіреді.Статистиканың ғалым ретінде пайда болуына екі мемлекет үлесін қосты.

Оның даму процесінің бастамасы XVII ғ аяғынан Англияда басталады.Оның негізін алғашқы болып қалағандар-ағылшын ғалымдары Джон Граунд және Вильям Петти.Олар «Саяси арифметика» атты еңбек жазған.

Статистика тарихының екінші бір бастауы неміс ғалымы Конгридтің еңбектерінде қалыптаса бастаған «мемлекеттану» ғылымында жатыр.Статистиканың одан кейінгі дамуына да көптеген ғалымдар, яғни неміс ғалымы Ахенваль, бельгия ғалымы Кеплер, англия ғалымы Баули және т. б. өз үлестерін қосты. «Статистика» деген сөздің өзін ғылымға 18 ғасырдың ортасында неміс ғалымы Готфрид Ахенваль енгізген.

Кейіннен статистика саласының дамуына Чебышев, Марков, Бернштейн сияқты атақты математиктердің еңбектерін атауға болады.

Статистиканың пәні - әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды, оның құрамы мен даму процесттерін, өзара байланыстарын, онда болатын сандық қарым-қатынас пен заңдылықтарды зерттейді.

Статистиканың негізгі міндеті – құбылыстар мен процестердің өзгеруі сандық тұрғыдан қарастыра отырып оның сапалық мәнін анықтау.Статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеуде біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштер жиынтық бірлік, ал олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттер белгі болып табылады. Оның екі түрі бар: сандық және сапалық. Белгілер жиынтықтың әрбір бөлігінде әртүрлі мәнге ие болуы өзгермелілік деп аталады(вариация).

Белгілі жердегі және уақыттағы біртекті нышан иесінің көп бірлігін статистикалық жиын деп атаймыз.

Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерде зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына сүйенеді, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Статистикалық әдістер өздерінің қолданылуы мен жалғасуына байланысты үш сатыдан тұрады:

1. Статистикалық бақылау, яғни алғашқы мәліметтерді жинау сатысы.Бақылаудың негізгі мақсаты-қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсер ететін фактілерді өздеріне тән белгілеріне қарай анықтау және мәліметтердің толық, нақты, дәл, анық болуын қадағалау.

2.Жиналған мәліметтерді өздеріне тән белгілеріне қарай топтау, өңдеу және жинақтау. Бұл әдісті қолдану кезінде бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтер өздеріне тән жеке белгілері бойынша топтарға бөлінеді. Бұл кезеңде қоғамдық құбылыстар мен процестердің топтық көрсеткіштері іріленеді, жекелеген топтардың сапалық айырмашылықтары анықталады, сондай-ақ талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштер есептеледі.

3.Жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау. Бұл сатыда жинақталған, топталған, өңделген көрсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Сонымен қатар олардың өзара байланысын анықтайды. Статистикалық мәліметтерге талдау жасау-жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау және солар арқылы тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.

Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақтарға кетеді. Бірінші Қазақ мемлекеті – Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың адам, ал 15 ғасырдың соңында олар 1 млн болды.

Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі 18-ғасырдың екінші жартысына, Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9-ақпанындағы (28 – қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.

Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми статистикалық орган болып, Түркістан губерналық статистикалық комитет (құрылған күні – 1968 жылдың 22-қаңтары) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар саналады. 19 ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды.

Қазақстанда статистика органы тұңғыш рет 1919-жылы Далалық өлке статистика басқармасы ретінде құрылып, оның міндеті мен қызметі туралы ереже бекітілді. Содан кейін статистика органын ұйымдастыру жүйесінде бірнеше рет өзгерістер болды. Мысалы, 1930-жылы статистика басқармасы Жоспарлау комитетімен біріктіріледі және онда ол халық шаруашылық есеп бөлімі болып, ал 1931-жылы желтоқсан айында Жоспарлау комитеті жанындағы Орталық халық шаруашылық есеп басқармасы болып қайта қүрылады. 1941-жылы ол Жоспарлау комитетінің Орталық статистика басқармасы болып өзгертілсе, 1948-жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Советі жанындағы Орталық статистика басқармасы болып қайта қүрылады.

1996-жылы 29-қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекетгік комитеті Қазақстан Республикасының Ұлтгық статистика агенттігі болып қайта ұйымдастырылды және статистикалық мөліметтерді жинау, өңдеу, талдау жұмыстары бірыңғай принципке сай ортақ бағдарлама мен әдістеме бойынша жоғарыда көрсетілген ережеге сүйене отырып жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының статистика органдары өз қызметін Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистика комиссиясының 1994 жылы қабылданған ресми статистикаларының негізгі қағидаттарына негіздейді:

– Ресми статистика Үкіметті, экономикалық өрісті және жұртшылықты экономикалық, жағдай туралы деректермен қамтамасыз ете отырып, демократиялық қоғамның ақпараттық жүйесінің қажетті элементі болып саналады. Осы мақсатпен Тәжірибелік құны бар ресми статистикалық деректер, объективтік негізде қоғамдық ақпаратқа деген азаматтардың құрметті құқын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік статистика ведомстваларымен дайындалып таратылады.

– Статистикалық ведомстволар деректерге дұрыс түсінік беруді жеңілдету үшін статистика саласындағы рәсімдер мен әдістер, дерек көздері бағытында ғылыми стандарттарға сәйкесті ақпараттарды ұсынуы керек.

– Статистика ведомстволарының теріс түсініктерге немесе статистикалық деректерді теріс пайдаланушыларға түсіндірме беруге құқы бар.

– Статистика жүйесі қызметі шеңберіндегі заңдар, нормалар мен шараларға жариялылық берілуі керек.

– Статистика жүйесінде келісімділікті және тиімділікті қамтамасыз ету үшін еліміз деңгейінде статистикалық қызметті үйлестіруді іске асыру қажет.

 

Date: 2016-05-25; view: 2485; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию