Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Су объектілерін ластанудан қорғау
Су объектілерінің сапалық жай- күйін нашарлататын жіне пайдаланылуын қиындататын заттардың немесе ластаушы нәрселердің су объектілеріне тасталуы немесе өзге де тәсілмен түсуі су объектілерінің ластануы деп танылады. Су объектілерін, диффузиялық ластануды (жер беті мен ауа арқылы ластану) қоса алғанда, ластанудың барлық түрінен қорғау жүзеге асырылады. Су объектілерін ластанудан қорғау мақсатында: 1) Су объектілерінің су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдануға тыйым салынады. Су объектілерінің су жинау алаңы мен санитарлық қорғау аймағында дезинфекциялық және дератизациялық іс-шаралар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жүргзіледі; 2) Радиоактивті және уытты заттарды су объектілеріне тастауға және көмуге; 3) Тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиімді тазартуды қамтамасыз етпейтін өнеркәсіп, тамақ объектілерінің ағынды суларын су объектілеріне ағызуға; 4) Су объектілерінде радиоактивті және уытты заттар бөлінуі қоса жүретін технологиялардың ядролық және өзге де түрлері пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргізуге; 5) Су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін техника мен технологиялардың қолданылуына тыйым салынады. 1. Су объектісіне қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтардың, сондай- ақ салмақты бөлшектердің түсуі, соның салдарынан оның гидрологиялық жай- күйі нашарлап, су пайдаланудың қмындығы су объектілерінің қоқыстануы деп танылады. 2. Су объектісіне қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастауға және оларды көмуге тыйым салынады. 3. Су объектілерінің су жинау алаңдарын, су объектілерінің мұз қабатын, мұздықтарды қатты, өндірістік, тұрмыстық және шайылу кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінің сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстауға жол берілмейді.
Date: 2016-05-23; view: 1076; Нарушение авторских прав |