Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жобаланған сумен қамту жүйелерін ұйымдастыру шаралары
Сумен қамту жүйелерін пайдалану мекемелерінің негізгі мақсаттары- елді мекенге және ауыл шаруашылығы өндірісіне керекті көлемде, сапалы суды үздіксіз беру, құбыр желілері мен құрылымдарды жұмыс істейтін күйде ұстау, керекті жөндеу жұмыстарын, энергияның, материалдық еңбек шығындарын аз жұмсап атқару, суды үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру болып табылады. Су құбыры желілерін пайдалану түрі олардың ведомствалық иеліктеріне байланысты болады. егер сумен қамту жүйелері арнаулы пайдалану мекемелерінің қармағында болса, онда оларды техникалық пайдалануға алады. Оған құбыр жүйелері мен құрылымдарды бақылау және күту, олардың техникалық жағдайларын жоғары ұстау, күгделікті және күрделі жөндеулер жүргізу, бұзылыстарды қалпына келтіру жатады. Егер сумен қамту жүйесі шаруашылықтың не агроөнеркәсіп орындарының балансында болса, онда оларды пайдалану келесі ретте жүргізіледі. Күнделікті бақылау, күту жұмыстарын шаруашылық түгел өз күштерімен атқарады. Жөндеу және техникалық күту жұмыстарын арнаулы құрылыс, жөндеу- құрылыс, не жөндеу- пайдалану мекемелері орындайды. Олар шаруашылықтармен тікелей шарттар жасайды. Керекті заттар мен қондырғыларды шаруашылықтар жөндейтін мекемеге нормативтер бойынша өткізіп отырады. Сумен қамту жүйелерін техникалық күту- алдын- ала жоспарлы жүргізетін жұмыстардан тұрады. Олар жүйенің конструкциялық және пайдалану ерекшеліктеріне байланысты, құрылымдар мен қондырғылардың ұзақ уақыт кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Топтық құбырлар жүйелерін ұзақ мерзім пайдалану үшін сатылы басқару схемасы қабылданған. Олара пайдалану фирмалары мен сумен қамту жүйелері басқармалары (ЖБ) кіреді. Су беру жүйелерінің өтімі, ұзындығына орай, басқармалар бірнеше жүйелерді не бір жүйені немесе бір жүйенің ішінде бірнее басқармалар болуы мүмкін. Топтық құбырлар жүргізілген аймақтар бірнеше белдеуге (зона) бөлінуі мүмкін. Оларды пайдалану үшін жөндеу- пайдалану бөлімдерін (ЖПБ-РЭУ) және аудандық жөндеу- пайдалану бөлімдерін (АЖПБ-РРЭУ) құруға болады. ЖПБ- лар топтық құбырлар желісімен қатар, оларға қосылған елді мекендердің көпшілік желілерін және орналасқан ауылдардың, АПК объектілерінің сумен қамту жүйелерін бірге пайдалануға алады. АЖПБ- лар территориялық принциппен, тек қана жекеленген сумен қамту жүйелері мен топтық құбырға қосылған елдң мекендердің көшелік желілерін пайдалануға алады. Жүйелер басқармаларының құрамына: цехтарды, энергия мен жылу жүйелерін жабдықтау, байланыс және электрлі- химиялық қорғау, бас құрылымдар, КИП- пен автоматика, бас механик және судың сапасын бақылау бөлімшелерден тұрады. Бірнеше құбырлар жүйесін басқаратын ЖБ үшін, келтірілген судың тәуліктік көлемі жеке құбырлар жүйелерінің тәуліктік су өтімдерінің қосындысына тең болады. Маусымдарда пайдаланатын құбыр жүйелерінің келтірілген тәуліктік су өтімін, жылдық су көлемін 365 иәулікке бөліп анықтайды. Суды үнемдеп пайдалануға қолданылатын техникалық шаралар нәтижесінде тұтынушыларға суды керекті көлемнен аз берілсе де, бұрынғы қабылданған еңбек ақы төлеу тобы пайдалану қызметкерлеріне сақталады, егер тұтынушылардың судың сапасына және басқада негізделген арыздары болмаса. ЖПБ- лардың жұмыскерлері құбыр желілерінің ұзындықтарына орай еңбек ақысын төлеу топтарына бөлінеді (13- кесте).
Date: 2016-05-23; view: 898; Нарушение авторских прав |