Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Еңбек қорғау мәселелері және қажетті есептеулер





Қазақстан Республикасының бұл заңы 2004 жылдың 28- ші ақпанында №528-11 ҚРЗ, 10.12.1999ж. №493-1 «ҚР еңбек туралы заңы», 22.11.1996ж. «Өрт қауіпсіздігі туралы заң», 03.04.2002ж. №314-11 «Қауіпті өндірісті нысаналардағы өндіріс қауіпсіздігі туралы заң» негізінде бекітілген.

Еңбекті қорғау ҚР заңының 4 тармағына сәйкес еңбек қорғау мәселелерін шешу өндірістің нәтижелерінің алдыңғы мәні болып саналады, бұл жағдай қазба байлықтардың кен білінімдеріне іздеу бағалау жұмыстарын жүргізгенде де қала береді. Әрбір жұмыс немесе қазба байлықтың кен орындарын іздеу мен барлаудың жобасы ҚР халық шаруашылығында күтілгендей пайда бермесе, егер оларды жүзеге асыру кезінде денсаулық үшін зиянды және жұмыскерлердің өміріне қауіпті жағдайлар тудырса, олар жүргізілмеуіне шартты.

Су құрылысы жұмысшыларының жұмыс алаңы техника қауіпсіздігіне сай орналастырылуы қажет. Техникалық нысандарға тым жақын жүрмеуіне баса назар аударған дұрыс. Тиеу – түсіру жұмыстары еңбек қауіпсіздігі стандартына сай, техникалар өз орындарында тұрғанда тежегішке басылып қойылуы қажет. Барлық қауіпсіздік шаралары МЕСТ 12.3.009-96 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі» талаптарына сай болуы тиіс.

Электр құралдарымен жұмыс істегенде түрлі жағдайлар: тежелу кезінде ұшқынға күйіп қалу, ыстыққа күю,т.б оқиғаларға тап келуі мүмкін. Электр жарақаты, тоқтың соғуы, содан болатын бұлшық еттің тартылуы, дененің семуі сияқты жағдайлардан өте сақ болған жөн.

Кернеу көп болған сайын токтың күші көп болады да, адамның қарсыластығы 1000 Ом деп алынған кезде оны сыртқы терісінің қарсыластығы деп білу керек.

Электр тоғымен зақымданудан қорғанудың негізгі шаралары:

- Кернеуде тұрған тоқ өткізгіш бөліктерді кездейсоқ тиіп кетуден қамтамасыз ету;

- Жүйені электрлік бөлу;

- Электр құралдарының қаптама корпусында және т.б. бөліктерінде кернеу пайда болған жағдайда зақымдану қауіптілігін жою. Ол қауіпсіз жерге қосылумен, қауіпсіз ажыратумен жүзеге асады;

- Электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру.

Қорғаныс құралы ретінде УЗО-1 қауіпсіз өшірілетін қондырғы қолданылуына байланысты нөлдік сымды қайтадан жерге көму кезіндегі адам бойынан өтетін токты анықтау қажет. Фазалық кернеу Uф=220 В, адам денесінің кедергісі Rh=1000 Ом.

 

,(28)

 

мұндағы - адам денесінен өтетін тоқ, А;

- жүйенің фазалық кернеуі, В;

- фазалық сымның толық кедергісі,В;

Rж- жолақтың кедергісі,В;

Rh- адам денесінің кедергісі,В;

 

Қауіпсіздік шарттары бойынша қорғанысқа жіберілетін жұмыс істеу уақыты анықталатын өрнектің шамасынан аспауы қажет.

Қайталап жерге көму болмаған жағдайда (Rn=0) адам денесінен өтетін тоқтың шамасын салыстыру үшін анықтаймыз:

 

tжіб.өшір.=50/Ih=50/73=0,67c. (29)

 

=0,146A=144мА,

 

Бұл жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қорғаныс жұмысының максималды жіберілетін уақыты екі есе аз болуы қажет:

 

tжіб.өшір.=50/144=0,32c.

Сонымен, өңдеулер ҚР Мемэнергнадзор нормативті құжаттары мен талаптарына жауап береді.


Сорап станциясында жұмыс процесі кезінде шулар қабаттаса жүреді. Шу машина қозғаушысымен жасалады. Таралу жолындағы шудың басылуы дыбысизоляциялық бөгеттермен, қаптамалармен, экрандармен және арнайы кабиналардың көмегімен жетеді. Дыбыс қысымының деңгейі нормативті мәндерге сәйкес болады (СанНжЕ 2.02-05-2002) «Шудан қорғану».

Елді мекендердегі су жинағыш орындардың, құрылыс үйлерінің, электр қуатын үнемі пайдаланатын тұрақтардың өртке қауіпсіздігін жақсарту үшін алдымен барлық жерде тазалық болуы тиіс. Барлық станциялар ОХП-10, ОУ-5 өрт сөндіргіш құралдарымен жабдықталған. Станция ауласында темекі тартатын жерлер мен қоқыс салатын ыдыстар болуы керек. Тұрғын үйлердің, қойманың және т.б. құрылыстардың өртке шыдамды дәрежесі IV. Өрт қауіпсіздігін сақтаған жағдайда өрт болмайды.

Өртті өшіру үшін қолданылатын әдістер мыналар:

1) Реакция зоналарын немесе өртеніп жатқан заттың өзін өшіру;

2) Өртке әсер ететін заттарды жою;

3) Өртеніді химиялық жолмен тоқтату;

4) Өртену зонасына әсер ететін заттарды оқшаулау.

ЖММ сақтау аймағы қоршаулы және өртке қарсы қондырғылармен жабдықалуы тиіс.

- Өрт сигнализацияларының датчиктарымен;

- ОП-5 маркалы өрт сөндіргіштермен; ОП-10 көпіршікті өрт сөндіргіштері 1800м2 ауданға тең орындарды сөндіруге қолданылады, ОУ-2- көмірқышқылды өрт сөндіргіші автокөлік, гараждар және автоқұятын станцияларды сөндіруге қолданылады;

- Электр жылытқыштармен;

- Кондиционерлермен;

- Сыртқы жарықтандырумен (фонарь немесе прожектор).

 

 







Date: 2016-05-23; view: 735; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию