Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру
Ауыл шаруашылығын сумен қамту жүйелерін және олардың жеке бөліктерінің жұмыс істеудегі сенімділігін арттыру үшін пайдалану шараларының ішіне диспетчерлік басқаруды кіргізеді. Олардың негізгі мақсатына- сумен қамту жүйелерінің экономикалық тиімді, техникалық қатесіз жұмыс істеулерін ұйымдастыру, желідегі технологиялық процестерді жедел түрде басқару жатады. Топтық құбырлар жүйелерінде екі сатылы диспетчерлік басқару схемасы қабылданған. Ол – орталық диспетчерлік пункт (ОДП) басқармада орналасады және жергілікті диспетчерлік пунктер (ЖДП) жөндеу пайдалану бөлімдерінде болады. ОДП әдетте құбыр жүйесінің бас құрылымдар алаңында орналасады. Оның мақсат-міндеттері- құрылымдардың жұмыстарын ЖДП арқылы бақылау; жөндеу бөлімдерінің және басқа цехтардың жұмыстарын бағыттау; сорап станциялары мен суды тазалау станциясы жұмыстарын қашықтан басқару; тұтынушыларға суды керекті көлемде және сапалы етіп беруді қадағалау; құбыр желілері мен олардың бойындағы құрылымдарды күту, бақылау жұмыстарын қадағалау; олардағы төтенше бұзылыстар мен ақауларды уақытында түзеп отыруын қадағалау; ЖДП- лардың жұмыстарын басқару. ЖДП- нің міндеттеріне мына жұмыстар жатады: · құбыр жүйесі мен құрылымдардағы бұзылыстар мен ахауларды болғызбаудың алдын алу шараларын орындау, сумен қамту жүйесінің сенімді жұмыс істеуіне қатысты жедел шараларды шешу; · төтенше бұзылыстарды және жөндеу- реттеу жұмыстарын жүргізетін бригадаларды уақытында хабарлап, олардың аз шығынмен тез арада ол жұмыстарды аяқтауын ұйымдастыру; · сорап агрегаттарын қашықтан жұмысқа қосып және тоқтату, құбыр желілеріне беретін судың көлемін реттеу және осы ЖПБ- дағы құрылымдардың ақаусыз жұмыс істеулерін қадағалау. Топтық құбырлар жүйелерінің жұмыстарының автоматты түрде басқару (АСУ) ендіріліп жатыр. Оларда қазіргі талаптарға сай жасалған электронды есептеу машиналары (ЭВМ) бар, автоматты қондырғылар қолданылған. Олардың көмегімен керекті мәліметтерді автоматты түрде тіркеу, жинау және экранда көрсету, онымен қоса экономика- математикалық тәсілдерді қолданып, құбыр жүйелерін басқарудың негізгі мәселелерін шешеді.
Date: 2016-05-23; view: 1231; Нарушение авторских прав |