Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Рт қауіпсіздігі және оған қарсы су жабдығын есептеу
Көлік және өндірістік орындарда өрт болған жағдайда оны тез арада жою мақсатында өрт құтқарушы құралдардың керек мөлшері болуы қажет. Гидротехникалық жұмыстардан кейін өрт қалқанымен жабдықталған автокөлік ауданы 340 кв.м. болатын арнайы орынға қойылады. Өрт қалқанына қатты жіне сұйық заттарды сөндіруге арналған көпіршікті ОХП-10 өрт сөндіргіші орнатылады. Әртүрлі жүйедегі өрт сөндіргіштердің қажетті мөлшері мына формуламен анықталады:
n=S/m, (30) мұндағы S- өндірістік орынның ауданы, кв.м.; m- өрт сөндіргіштердің мөлшерленген саны, дана. Стандартқа сәйкес 36 кв.м- ге бір өрт сөндіргіштен келеді:
N=360 кв.м./ 36 кв.м.= 10 дана. Есептелінген ОХП өрт сөндіргіштерінің саны ҚР Мемөртнадзор нормативті документтері мен талаптарына сәйкес келеді.
Су қорғау қызметін қарастыру Су объектілерін қорғау жолдары 2002 жылы қабылданған «Су кодексіне» сәйкес су объектілері: 1) Зиянды қауіпті химиялық және уытты заттармен және олардың қоспаларымен табиғи және техногендік латанудан, жылу, бактериялық, радиациялық және басқа ластанудан; 2) Қатты ерімейтін заттармен, өндірістік, тұрмыстық және өзге де тектегі қалдықтармен қоқыстанудан; 3) Сарқылудан қорғалуға тиіс. Су объектілері: 1) Табиғи жүйелердің экологиялық тұрақтылығының бұзылуын; 2) Халықтың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуін, 3) Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының азаюын; 4) Сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауын; 5) Су объектілерінің табиғи молаю және тазару қабілетінің төмендеуін; 6) Су объектілері гидрологиялық және гидрогеологиялық режимінің нашарлауын; Су объектілерінің физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттеріне теріс әсер ететін басқа да қолайсыз құбылыстарды болғызбау мақсатымен қорғалуға тиіс. Су объектілерін қорғау: 1) Су объектілерін пайдаланудың кез келген түрін жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларға осы объектілерді қорғау жөнінде ортақ талаптар қою; 2) Шаруашылық қызметінің жекелеген түрлеріне арнайы талаптар қою; 3) Жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз технологиялар енгізе отырып, су қорғау іс- шараларын жетілдіру және қолдану; 4) Су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу; 5) Су объектілерін пайдалану мен қорғауды бақылаудың мемлекеттік және басқа да нысандарын жүргізу; 6) Су объектілерін қорғау жөніндегі талаптардың орындалмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Орталық органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес су объектілерін сақтау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай- ақ аталған құбылыстардың зардаптарын жою жөнінде тұрақты даму принципімен үйлесімді шаралар қолданады. Қызметі су объектілерінің жай- күйіне әсер ететін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарды сақтауға және ұйымдастырушылық, технологиялық,орман- мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық- эпидемиологиялық іс- шараларды және су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететін басқа да іс- шараларды жүргізуге міндетті.
Date: 2016-05-23; view: 612; Нарушение авторских прав |