Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Быр желісіндегі санитарлық белдеулерді пайдалану





Бірінші санитарлық қорғау (қатаң тәртіп қстау белдеуі) бөтен адам, мал кірмес үшін қоршайды және көгалдандырады. Негізгі жұмыс ретінде аумақты түгел тазалап көгалдандырады. Бұл аумақтардағы ғимараттарды лас су жүйесіне қосады. Егер ол жүйе болмаса, ластарды жинайтын арнаулы құдықтар қазылады да, одан қоқыстарды әкеткенде, айналаны ластамау керек. Ол құдықтарды су құбырларынан кемінде 30 м қшықтықта және төменгі еңіс жағынан қазады. Бірінші санитарлық қорғау белдеуінде әртүрлі тыңайтқыштарды, улы химикаттарды қолдануға болмайды.

Екінші және үшінші белдеулерде (шектеулі белдеулер) денсаулықты сақтау шараларын және кейбір шаруашылықтарды жүргізуді шектеу жұмыстарын істейді, оның мақсаты- су көздерін ластанудан сақтау болып табылады.

Санитарлық шараларды су көзіне, оның өнімділігіне, су ағу жылдамдығына және ағу бағытына, ауа райының ерекшеліктеріне байланысты белгілейді, оның өздігінен қоқыс- ластардан арылу мүмкіндігін анықтайды. Ал шараларды ең тиімсіз қиын жағдайларда су көзінің тазалануын қамтамасыз етуге бағыттайды, мысалы қатты қыс мезгілінде су қоймасының өздігінен тазалануы баяулайды, тағы сол сияқты жағдайларды есепке алады.

Судың сапасын бақылау бөлімдері. Орталықтанған сумен қамту жүйелерінде судың сапасын бақылау бөлімдері қарастырылады. Олардың міндеттерінде- бастапқы судың (су көзінен) сапасын тексеру, оларды тиімді, көп шығынсыз өңдеу жолдарын, лабораториялық өндірістік бақылау- суды өңдеудің барлық сатысында және 2874-82 ГОСТ сәйкестігін анықтау жұмыстары жатады.

Жергілікті нақтылы жағдайларға сәйкес орталық химия- бактериологиялық лабораториялар кішігірім құбыр жүйелерін біріктіретін бірлестіктерде құрылады.

Топтық құбырлар жүйелерінде химия- бактериологиялық лабораторияларды құбырлар басқармасы жанында құрайды (бас құрылымдар алынады). ЖПБ-ның барлығында да судың сапасын тексеретін лабораториялар болады.

Судың сапасын тексеру үшін татым алатын орны мен жиілігін белгілеу жергілікті Талғар аудандық санитарлы- эпидемиологиялық мекемелермен келісіледі. Судың сапасын өндірістік лабораториялар да қадағалайды. Кеңінен тараған химия- бактериологиялық лабораторияларға: тұрақты ЛАВ- 1, жылжымалы автокөлік базасында НиССА (Польша), ИФА және Робур (Германия) лабораториялар жатады.

 

 

Date: 2016-05-23; view: 621; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию