Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Некенің осы формаларына толық талдау жасаңыз⇐ ПредыдущаяСтр 27 из 27
Дж. Ф. Мак-Леннон некенің 3 формасын көрсетті: 1. Көп әйел алу (полигиния) 2. Бірнеше еркекпен тұру (полиандрия) 3. моногамия. Некенің осы формаларына толық тоқталып өтейін: Полигиния - көп әйел алу. Көп әйел алу байлар мен дәулеттілерге ғана қолжетімді, ал тарихтың белгілі бір кезеңінде ол қажеттілікке айналды, мысалы, түркілерде асыраушысын жоғалтқан отбасы соғыстан оралған еркектің отбасымен бірігуге мәжбүр болған. Бүгінде қазақ қоғамында көп әйел алу мәселесі қызу талқылануда. Тіпті, мұны заңдастыру керек деген халық қалаулылары Неке туралы заңға өзгерту енгізбекке ұмтылған. Депутаттар ұсынған заң жобасы бойынша көп әйел алғысы келген кісінің айлығы есептеліп, ол дүние-мүлкін ашық көрсетіп, әрбір әйелді бір-бір баспанамен қамтамасыз етіп, жалақысын қылдай үлестіріп отыруы керек. Бірақ азаматтардың көбісі пәтер сатып әпере алатындай ауқатты еместігі және заң жобасының басқа да шикіліктері бары анықталып, Парламенттің төменгі палатасының басым бөлігі қолдағанымен, Сенат мақұлдамай тастаған. Осылайша, көп әйел алғысы келетіндердің құқығы заңдастырылмай қалды. Полиандрия - (поли…көп және грек. аndros — ер, еркек) — көп күйеулілік, бір әйелдің бірнеше ері болуы. Полиандрия топты некенің сирек кездесетін сарқыншағы. Алеуттер мен эскимостардың кейбір топтарының арасында 19 ғ-ға дейін сақталып келді. Тибет пен Үндістандағы кейбір этногр. топтарда Полиандрияның “ағайындық” (Тибетте) және “жаттық” (Үндістанда) түрлері 20 ғ-ға дейін жетті. Көп күйеудің болуы көбіне Тибет пен Үндістанда орын алған, ол жерде бір әйелдің төрт – бес күйеуі болып, белгілі бір «неке тобын» құраған. Полиандрияның тарихи себептері де бар: бірнеше ағайындылар мұраны бөліскілері келмейді немесе жаңа туған қыздарды өмір сүру құқынан айырып отырғандықтан, әйелдер саны жетіспейді. Моногамия - бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке, бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ Еуропа елдеріндегі бірден-бір форма. Отбасының бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, қосымша өнімнің шығуына, сөйтіп моногамиялық отбасының тууына жағдай жасады. Моногамиялық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасы басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын болды. Нарықтық экономика аясында көптеген некелер сату-сатып алу келісім шарты сияқты жүзеге асады, яғни дүние-мүлкіне қарай әйел мен еркектің өз бағасы бар. Бұл жерде махаббат тек себепші ғана, бірақ ол есеппен құрылған некенің негізіне жатпайды. Еркек әйелдің қарсылық танытуына қарамастан, жағдайды бақылауды жалғастыруда. Қоғамдық өндірістің құрылымы өзгеріп әйел қызмет ету алаңына шықты. Патриархалды отбасы абырой, билік пен байлықты еркектің пайдасына шешеді. Некелік серік таңдаудың екі түрі бар: эндогомия (серіктер бір топтың ішінде) және экзогомия (неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар арасында болады). Нормативті актілерде некеге анықтама берілмейді және оның құқықтық табиғаты жөніндегі мәселе осы күнге дейін заңдылықтарда да, құқықтық доктринада да шешілген жоқ. Генограмма –белгілі бір ережелерге байланысты құрылатын отбасылық тарих схемасы. Ол үлкен ата-аналар, ата-аналар мен зерттелініп отырған отбасындағы ұрпақтар қарым-қатынасын көрсетеді. Отбасын зерттеудің осы әдістемесін сипаттап беріңіз Қазіргі таңда отбасын тәрбиелеудің маңызы зор.Әсіресе қазақ халқы баланың бойына туылғаннан бастап қазақи тәрбиені сіңіреді. Бала өмірге келісімен ананың ақ сүтінен нәр алып, бесік жырын тыңдап өседі, өсе келе әженің аялы алақанын шытырман оқиғаға толы ертегісін, атасының ұлағатты сөздері мен өсиеттерін өн бойына жинап өміріне азық етеді. Олай болса, балаға ата-анадан берілген тәрбие мен ұстаздан алған білім бір-бірін толықтырып, өскелең жас ұрпақтың болашағына бастау болары анық. Демек, мектеп пен отбасын бөле жару мүмкін емес. Заман сұранысы бойынша психологтар жан-жақты дамыған, өзіне сенімді баланы қалыптастыру үшін, ең алдымен сол баланың отбасына үңіліп, ата-анасымен жұмыс жасауы керек. Генограмма –белгілі бір ережелерге байланысты құрылатын отбасылық тарих схемасы. Ол үлкен ата-аналар, ата-аналар мен зерттелініп отырған отбасындағы ұрпақтар қарым-қатынасын көрсетеді. Жеке кеңес беру кезінде «Генограмма» техникасын пайдаланамыз. Генограмма – бұл ұрпақтан - ұрпаққа берілетін отбасының психологиялық мінездемесін көрсететін сурет. Бұл әдісті 1968 жылы ойлап тапқан американ психологы Мюрей Боуэн. Генеологиялық негіздерді немесе генограмманы жасаудың ережелері мен символдары бар. Мінез-құлықтың жоғарғы формалары дамуының екі негізгі тармағы ағымы ретінде көрінетін құбылыстармен үздіксіз байланысты. Генеалогиялық әдіс - Адам кариотипіне цитологиялық анализ жасау. Бұл әдіс бойынша туыстық қатынастарды, туыстар арасындағы аурулардың бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалау сипатын, оның шыққан тегіне шежіре құрастыру арқылы зерттеп анықтайды. Шежіре әдісінің негізгі мақсаты — жиналған деректер бойынша шежіре үлгісін құрастыру және оны талдау. Шежіре құрастыруды бастайтын адамды пробанд деп атайды. Оның іні-қарындастарын сибстер деп белгілейді. Шежіреде талданатын ұрпақтар: І Ата ұрпағы ІІ Әке ұрпағы ІІІ Өзінің ұрпағы ІV Балалар ұрпағы V Немерелер ұрпағы VІ Шөберелер ұрпағы VІІ Шөпшектер ұрпағы Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады. Ол үшін зерттелетін мәселе бойынша әкесі және шешесі жағынан бірнеше буын бойы мәліметтер жинақталып, соның негізінде шежірелік сызбанұсқа жасалады. Кейбір белгілер мен қасиеттер кез келген ұрпаққа беріле алады, яғни доминанттылық жолмен тұқым қуалап, Мендель заңдарына бағынады. Мұндай жолмен тұқым қуалайтын белгілерге полидактилия (саусақтардың артық болуы), беттің секпілі, катаракта, шаштың қаралығы және т.б. жатады. Генеологиялық әдіспен адамның кейбір қабілеттерінің мысалы, музыкаға, шешен сөйлеуге, математикаға бейімділігі және т.б. тұқым қуалайтындығы анықталған. Ондай қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Айталық музыкаға қабілеттілік әйгілі Бахтардың әулетінде болған. Мұндай мысалдарды өзіміздің қазақ дарындыларынан да келтіруге болады. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай әулетінен тараған ұрпақтардың ішінде ақындар, сазгерлер, шешен сөйлейтіндер көп болған. Олар: баласы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы — Абай (Ибраһим); немерелері — Шәкерім, Әбдірахман, Мағауия, Ақылбай және т.б. Мемлекет қазіргі таңдағы отбасы тәрбиесіндегі проблемаларды анықтап, зерттеп, тығырықтан шығатын жол тауып, көптеген жанұяға психологиялық көмек көрсетуде. Біздің мемлекетіміздің өсіп, өркендеуі әрбір қазақстандықтардың отбасына тікелей байланысты. Мемлекетіміздің күші-отбасының бірлігі мен ынтымағында. Отбасылық тәрбие үздіксіздікпен, тәрбиелік әсер етудің көпфакторлылығымен және қарама-қайшылығымен сипатталады. Онда тәрбиелеуші микроорта жабық көріністе және өзара байланыс көпқырлы болып келеді. Сіз осы пікірмен келісесіз бе. Жауабыңызды негіздеңіз. Қазіргі таңда отбасын тәрбиелеудің маңызы зор.Әсіресе қазақ халқы баланың бойына туылғаннан бастап қазақи тәрбиені сіңіреді. Бала өмірге келісімен ананың ақ сүтінен нәр алып, бесік жырын тыңдап өседі, өсе келе әженің аялы алақанын шытырман оқиғаға толы ертегісін, атасының ұлағатты сөздері мен өсиеттерін өн бойына жинап өміріне азық етеді. Олай болса, балаға ата-анадан берілген тәрбие мен ұстаздан алған білім бір-бірін толықтырып, өскелең жас ұрпақтың болашағына бастау болары анық. Демек, мектеп пен отбасын бөле жару мүмкін емес. Заман сұранысы бойынша психологтар жан-жақты дамыған, өзіне сенімді баланы қалыптастыру үшін, ең алдымен сол баланың отбасына үңіліп, ата-анасымен жұмыс жасауы керек. Отбасылық тәрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тәрбие қоғамдық тәрбиемен бірлесіп, нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам бір жүйенің кіші және үлкен үлгілері. В.Сатир жазғандай: «Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір бірі туралы бәрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі». Отбасылық тәрбие дегеніміз ата-ананың баласының рухани және дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Отбасының алғашқы өмір сабақтары балаға әрекет жасаудың нұсқауы ретінде әлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге меңгеруге, не қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан әсер ету үдемелігі мен нәтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі, ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан жақты әсер етеді, көп жылдар бойына жалғасады. Отбасылық тәрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар: Үздіксіздік; Тәрбиелік әсер етудің көп фаторлылығы мен қайшылығы; Тәрбиелеуші микроортаның салыстырмалы тұйықтылығы; Тікелей әсер ету; Қарым қатынастың жекелігі; Өзара қарым қатынастың табиғилығы және көпқырлылығы. Баланың жақсы тәрбиелі, қоғамда өзінің орны бар үлкен азамат болып өсуіне отбасының ролі өте жоғары. Біз отбасында баланы тек қана материалдық жағынан қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, баланың психологиялық жай-күйіне, қызығушылықтарына, жеке тұлғалық қасиеттеріне мән беруіміз керек. Баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып, соған сәйкес қарым –қатынас жасалғандығы дұрыс. Қазақ халқында «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөз бар. Отбасы - бала үшін маңызды орында екенін ұмытпай, біз болашақ ұрпағымызды Қазақстанға адалқызмет ететін, білімді де білікті, тәрбиелі азамат етіп өсіру міндетіміз. Date: 2016-05-23; view: 1168; Нарушение авторских прав |