Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ай жаста бала өзін асырап алуға байланысты келісімін білдіре алады. 16 жас, 18 жас, 13 жас, 7 жас, 10 жас. Жауабыңызды түсіндіріңіз





Бала асырап алу — заңи акт. Ол баланың және оны тәрбиелеуге алған адамның арасындағы құқықтық қарым-қатыныстарды айқындайды. Негізінен, кәмелетке толмаған балаларға қатысты әрі солардың мүддесіне орай жүзеге асуға тиіс. 1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған ҚР-ның “Неке және отбасы туралы” заңында Бала асырап алудың тәртібі, оның құқықтық салдары, тиісті адамдардың заңи міндеттері мен жауапкершіліктері, т.б. егжей-тегжейлі қарастырылған (12-тарау). Баланы тәрбиесіне алуға тілек білдірген адамның өтініші бойынша Бала асырап алу ісін сот қарап, азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырады. Заң бойынша ҚР-ның азаматы болып саналатын балаларды, егер ел аумағында тәрбиелеу мүмкіндігі болмаса, шетелдік азаматтардың немесе республика территориясынан тыс жерде тұратын туыстарының асырап алуына рұқсат етілген. Дәстүрлі қазақ қоғамында да Бала асырап алу актісіне жете мән берілген. Көбінесе, ұрпақтар жалғастығы үзіліп қалмасын деген ниетпен перзент сүюге қабілетсіз не ұлы жоқ отбасына ет жақын, сүйек шатыс туыстары бала беріп, қамқорлық жасаған. Бұл актіні кейін құпия ұстауға міндеттенген. Жалпы, қазақ ұғымында “асырау”, “асыранды” сөзі итке, малға қатысты ғана айтылатын, кемсітушілік астары мол лексема саналады. Әдетте, отбасы, тіпті ағайын-туыс арасындағы құпия-сыр ретінде сақталатын осынау құқықтық — адамгершілік іс-әрекетті “бауырына басу”, “баланы көйлекшең туу” деп астарлай жеткізген.[1] [2]

Ата-анасыз қалған балалардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін заң оларды асырап алу мүмкіндігін белгіледі.

Мемлекет бала асырап алуды қолдайды, өйткені ата-анасынан айырылған балалар отбасылық қамқорлыққа бөленеді, тиісті тәрбие, материалдық жағдайға, ата-ананың сүйіспеншілігі мен мейіріміне ие болады. Екінші жағынан, балалы бола алмай жүрген отбасылар да көп. Бала асырап алу оларға өздерінің табиғи әкелік жене аналық сезімдерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Бала асырап алу нәтижесінде, бір жағынан, бала асырап алушылармен және олардың туысқандарының арасында, асырап алынған бала арасында қандастығы бойынша туыстар арасындағы сияқты құқықтар мен міндеттер туындайды. Сонымен қатар асырап алушының туған балалары мен, егер ондай балалары болса, асырап алған балаларының арасындағы құқық тең деп танылады.

Заңда бала асырап аларда бірқатар шарттар көзделген:

• бала асырап алушының келісімі;

• баланың ата-аналарының келісімі. Олардың келісімі жазбаша түрде беріледі және нотариус арқылы куәландырылады;

• 10 жасқа толған баланың келісімі. Баланың келісімі жазбаша толтырылады. Егер келісім іс сотта қаралған кезде берілетін болса, ол ауызша келісім болып табылады. 10 жасқа толмаған баланың келісімі қажет емес;

• егер ерлі-зайыптылардың біреуі ғана бала асырап алатын болса, онда соттың келісімі керек. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі бұған қарсы болса, асырап алынған баланың мұндай отбасыңда тұруы қажетсіз. Бұдан басқа, бала асырап алу практикасы, әдетте, ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана бала асырап алуына рұқсат етпейді. Балаға дұрыс отбасы керек.

Бала асырап алу шарттарынан басқа оған тыйым салулар да белгіленген. Мысалы, кәмелетке толған баланы асырап алуға болмайды; некеде тұрмайтын асырап алушы мен асырап алынушының арасындағы жас айырмашылығы 16 жастан кем болса, бала асырап алуға болмайды.

Соттың асырап алушының қалауы бойынша асырап алу құпиясын сақтау жөніндегі мәселені қарауына болады. Баланың туған күніне өзгеріс енгізуді осындай шараларға жатқызуға болады (3 жасқа дейінгі баланы асырап алғанда ғана оның туған күнін өзгертуге жол беріледі); баланың тегін, атын және әкесінің атын өзгерту; асырап- алушыларды ата-анасы ретінде жазу және басқалары.

"Неке жәнө отбасы туралы" Заңның 76-бабына сөйкес Қазақстанның жетім балаларын шетел азаматтарының асырап алуына жол беріледі. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, шетелдіктерге тәрбиелеуге беруге болады.

Республикада балаларға көмек беру жөніндегі "ФРЭНК" халықаралық қайырымдылық қорынын өкілдігі қызмет етеді. Ол шетел азаматтарына бала асырап алуда көмек көрсетеді, сондай-ақ шетелдерде асырап алынған балалардың жағдайына бақылау жасайды. Қазақстан балаларын шетел азаматтарының асырап алуы — біздін мемлекетіміздің практикасында жаңа құбылыс. Және бұл арада қоғамдық пікір біркелкі емес — кейбір азаматтар мұндай асырап алушылықты қолдамайды, ал көпшілігі — қолдайды. Асырап алынған балалар Қазақстан азаматтығынан айырылады.

Жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Шылым шегудің алдын алу және оны шектеу туралы» Заңы қабылданды. Осы заңды қабылдамастан бұрын қандай мемлекеттік шаралар жүзеге асырылатын. Осы заңды қабылдау қажеттілігі бар ма еді.

Осы Заңның мақсаттары мен мiндеттерi:

1) халықтың денсаулығын сақтау;

2) темекi бұйымдарын сатып алуға құқығы бар адамдар үшiн жас шегiн енгiзу;

3) кәмелетке толмағандар арасында темекi шегушiлiктi болдырмау;

4) темекiнi тұтынуға әуестiктiң зиянды салдарлары, темекi шегушiлiктен туындаған аурулар мен өлiм-жiтiм туралы ақпарат тарату;

5) темекi шегушiлiкке халықтың өмiр мен денсаулық үшiн аса қауiптi фактор ретiндегi көзқарасын қалыптастыру;

6) темекi шегушiлiктiң таралуының алдын алу жөнiнде келiсiлген iс-шаралар жүргiзу болып табылады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адамның зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білуі керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.

Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі.

Статистикалықмәліметтербойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.

Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындығы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әр түрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Адам ағзасы үшін бар болғаны бір-ақ тамшы /ол 10-12 тал сигаретте болады екен/ никотин уы жеткілікті көрінеді.

 

Амқорлық – кәмелетке толмаған тұлғалардың құқықтары мен қызығушылықтарын құқықтық қорғау формасы. Кәмелетке толмаған тұлғалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғаудың басқа формалары туралы айтып беріңіз.

«Неке (некелесуде) және отбасы туралы» Кодекстің 133 бабына сәйкес, патронат-баланы (балаларды) тәрбиеге (патронаттық тәрбиеші) алуға тілек білдірген тұлғалар, қамқоршылық және қорғаншылық органының функциясын жүзеге асыратын органмен бекітіп, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім- балаларды, келісім бойынша отбасына патронаттық тәрбиеге берудегі-тәрбиенің формасы.

Қорғаншылық-14 жасқа толмаған балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғаудың құқықтық формасы.

Қамқоршылық- 14- ден 18 жастағы балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғаудың құқықтық формасы.

Патронатта баламен қатынас қамқоршылық және қорғаншылық органының функциясын жүзеге асыратын орган мен патронаттық тәрбиеші арасында келісім арқылы реттеледі, ал патронат белгілі уақытқа өтеусіз негізде тағайындалады. Сонымен қатар патронаттық тәрбиеші баланы өз есебінде күтіп бағуға міндетті емес, оған еңбек ақы төленетін болады.

Балаларға патронаттық тәрбиеге беруге көптеген отбасылар мен жұптар болады.Балаға патронат жылы отбасылық атмосферада тәрбиеленуге,ал патронаттық тәрбиешілерге баланы күтіп-бағуға және ең жақсы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге мүмкіндік алады. Патронаттық тәрбие - бір балаға отбасылық жағдайда жайлы тәрбиеленуіне көмектесіп, өзінің әлеуметтік міндетін орындауға мүмкіндік алады.

Қамқоршылық немесе қорғаншылық патронат формасында кәмелетке толмаған ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім- балаларға, соның ішінде білім беру ұйымдарда, медициналық немесе басқа ұйымдардағы балаларға тағайындалады.

Патронаттық тәрбиеге қабылдау бала 10 жасқа толғанда баланың тілегі есепке алынады.

Патронаттық тәрбиеші болып, кәмелет жасқа толған, жоғары немесе техникалық және кәсіби білімі, немесе орта білімнен кейінгі білімі бар екі жас бола алады.

Қамқоршылық немесе қорғаншылық органы баланы тәрбиеге алушының тұлғаның тұрғын үй мен тұрмыстық жағдайларын зерттеп, қорытындысы бойынша тексеру актісін жасайды.Патронаттық тәрбиешіге баланы беруден бас тартқан жағдайда жазбаша түрде дәлелді жауап жіберіп, құжаттарын өтініш берушіге қайтарылады.Бала тәрбиеленіп жатқан ұйым әкімшілігі мен органның келісімі бойынша патронаттық тәрбиеге берілетін баланы алдан-ала таңдауға жібереді. Қамқоршылық немесе қорғаншылық органы мен патронаттық тәрбиешіге арасындакелісім жасалады.Органның келісімі негізінде бала патронаттық тәрбиеге беріледі.

Соттың ата-аналарды ата-аналық құқықтарынан айыру туралы шешімі қабылданғаннан кейінгі жағдайда баланы асырап алуды бастау үшін қанша уақыт қажет. 3 күн, 3 ай, 1 апта. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

Бала асырап алу — маңызды және жауапты қадам. Балаға нағыз ата-ана болу, жанұяда оның жайлы дамуын қамтамасыз ету оңай емес.

Барлығына белгілі жайт, асырап алу өте өзекті және үнемі назарды талап ететін сұрақ болып табылады, ерекші зейінді талап ететін шетел азаматтарының бала асырап алу сұрақтары.

Аталған саладағы заңнаманы жетілдіру мақсатында, 2011 жылдың желтоқсан айында қабылданған «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде ұл (қыз) асырап алуға арналған арнайы тарау қарастырылған.

Кодекстің бұл тарауымен асырап алу тәртібі реттелген, асырап алушыларға қойылатын талаптар орнатылған, баланы асырап алуға тиым салынған адамдар шеңбері анықталған және тағы да басқа жайттар көрсетілген.

Баланың мүддесіне орай, баланы асырап алуға тілек білдірген азаматтарда сәйкес тұрмыс жағдайы, қанағаттанарлықтай денсаулығы болуы қажет және баланың толық дамуы мен оқуын қамтамасыз етуіне, баланы асырауға жетерліктей тұрақты табысы болуы тиіс деп белгіленген. Асырап алушылар сотталмаған болуы қажет. Әрине, барлығынан да басты талап, міндетті түрде баламен байланыс ұстау болып табылады, сол кезде сәбимен тікелей байланыс кезінде белгілі қарым-қатынас орнатылады.

Басты жаңартудың бірі, Кодекске баланы асырап алу туралы нормасын енгізу және баланы асырап алуға тиым салынған адамдар шеңберін кеңейту болып табылады. Осылай, бейдәстүрлі бағыттағы адамдар болып табылатын адамдар, жалғыз басты ер адамдар, психикалық науқасы бар азаматтар, баланы асырап алуға тиым салынған азаматтардың санаты қосылған.

Заңнаманы казақстандық асырап алуды ынталандыру бағытында бағыттай отырып, баланы асырап алуға бірінші орында оның тума-туысына басымды түрде тиесілі, содан соң Қазақстан Республикасының азаматтарына, тек қана Қазақстандағы отбасына орналастыруға мүмкіншіліктің болмаған кезінде шетел азаматтарына берілу мүмкіндігі Кодекспен бекітілген.

Қазақстандықтармен асырап алудың басымдылығы басқа да Қазақстан азаматтарына ерекше болып табылатын нормаларда қадағаланады. Бұдан бұрын, баланы асырап алу үшін, алты ай күту қажет болған. Бұл уақыт баланың орталық есепке алынған кезінен бастап есептеледі. Қазіргі уақытта бұл мерзім үш айға дейін қысқартылған.

Кейбір асырап алуға ниет білдірген балаларды емдеу қажет екендігін және басқа да өмірілік жағдайларды ескере отырып, қазақстандық асырап алушы асырап алу процедурасының аяқталуына дейін баланы қамқорына алуға құқылы. Осыған орай, сот шешімінің шығуын және асырап алу үшін барлық қажетті ресми түрде дайындалатын процедуралардың аяқталуын күтпей-ақ, Қазақстанның азаматтары баланы өз отбасына алуына болады. Бұл норма болашақтағы ата-анаға да, баланың өзіне де қолайлы болады деп пайымдаймыз. Әдеттегі, үй жағдайында сәбимен байланыс айтарлықтай тез орнатылады.

Балалармен байланыс орнату қажеттігін айтқан кезде, бұл байланыстың белгіленген мерзімі бар екені көрсетіледі. Егер баланы Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алатын болса, бала мен асырап алушылардың байланыс уақыты екі аптадан кем болмауы тиіс. Егер де баланы шетел азаматтары асырап алатын болса, бала мен асырап алушылардың байланыс уақыты төрт аптадан кем болмауы тиіс.

58 Дж. Ф. Мак-Леннон некенің 3 формасын көрсетті:

1. Көп әйел алу (полигиния)

2. Бірнеше еркекпен тұру (полиандрия)

Моногамия.

Date: 2016-05-23; view: 988; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию