Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бұл топтық кеңес беруге жатады
Топтық кеңес берудің мақсаты – адамдар арасындағы жүйені зерттеу болып табылады. Бұл қарым-қатынас мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Топтық кеңес беруде психологтың міндеті – топ мүшелерінің өзара қарым-қатынас құралын табу, кеңес беру барысында әсер етудің типтері мен олардың мазмұн, тұрақтылығын айқындау. Жылы Қазақстан Республикасының «Отбасы және неке туралы» Заңы қабылданғаны белгілі. Осы заңнан бұрын Қазақстан Республикасында отбасыға байланысты қандай заңдар болды. Қазіргі Қазақстанда отбасын әлеуметтік қорғауға байланысты құқықтық алаң қандай жағдайда. Отбасы -мемлекеттің ірге тасы.Мемлекеттің мықты болуы отбасының берік,бақытты болуына да байланысты.Отбасы мүшелерін эмоционалдық жылылықтан басқа бір бірінің алдындағы құқық және міндеттер де біріктіреді. Отбасы – барлық адамға қажетті орта. Адамның отбасын құруы - өз алдына маңызды әрі жауапты ісі болып келеді. Барлық халықтарда неке және отбасы жөніндегі Заңдар мен кодекстерінің болуы адамзаттың қатынастары қоғамдық тәртіппен берік байланысты екендігіне сенімді дәлел болып табылады. Мемлекетімізде отбасы, балаға байланысты 45- тен астам нормативтік құжаттар қабылданған. Олар: 1989 жылы қабылданған Балалар құқығы туралы Конвенция, 1994 жылы Казахстан Республикасының Президенті Балалар құқығы туралы Конвенциясына қол қойды, ол балалар құқығын қорғау мәселесін дүниежүзілік статусқа ие болуына мүмкіндік берді. 1992 жылы «Көп балалы отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шаралар туралы» жарлық бойынша көп балалы отбасыларына жеңілдіктер тағайындалды. 1995 жылы Президенттің Жарлығымен «Отбасы,әйелдер және демографиялық мәселелері» бойынша арнайы кеңес құрылды. Ол отбасының әлеуметтік экономикалық жағдайын, демографиялық мәселелерді, еңбекпен қамту,әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, мүгедектер мен зейнеткерлерге қолдау жасау т. б. мәселелердің дұрыс шешілуімен айналысады. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңы 1998 жылдың 17 желтоқсанында қабылданды. Бұл заңда некеге тұру жасы – 18 болып белгіленді. Неке және отбасы мәселелері «Неке және отбасы Заңында» толық қарастырылған. ҚР отбасы қатынасының принциптеріне жатады: 1. еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі; 2. олардың отбасында тең құқықтылығы; 3.отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік; 4. отбасының ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу; 5.балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп– жетілу мен әл-ауқаты болуына қамқорлық жасау; 6. отбасының кәмілетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру; 7.отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері; 8. отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді. Заң келесі бөлімдерден тұрады: жалпы ережелер, неке, отбасы, қорғаншылық және қамқоршылық, отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары, азаматтық хал актілері, неке-отбасы заңдары нормаларының шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы. 1996 жылы Алматыда «Бөбек» қорының қолдауымен жас аналар үшін «Дом.надежды» ашылды. 1997жылы фонд «SOS- Kinderdorf», Гельмут Кутин, басқарған «Бөбек» қорымен бірге жетім балалар үшін отбасы типіндегі ауылдарды Алматыда, кейін Астанада, 2001жылы Теміртау қалаларында салынды. Жетім балалар үшін 15 приют, жасөспірімдер үшін «Дом Юношества» деген приюттар ашылды. Date: 2016-05-23; view: 1430; Нарушение авторских прав |