Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Отбасын жоспарлау және репродуктивтілік орталықтарының қызметтерінің негізгі бағыттары 3 page





Адамды жекешелендіретін және ана болу, азаматтық жағдайлар акті сияқты құқықтар мен міндеттердің пайда болуы мен тоқтатылуына байланысты жағдайлар қандай құжатта ресми рәсімделінеді.

Әлеуметтік қорғаудың моделі әлеуметтік қамту бағдарламасының қалыптасуы мен ұйымдар ұстанымын түсіндеру негізінде жасалған сурапалық комиссияның 1995 ж. есебіне қарағанда Еуроодақ елдерінде негізгі төрт модель бар: континентальдық, англосаксондық, скандинавиялық және оңтүстік еуропалық.

Бисмарктық деп аталатын континентальдық модель әлеуметтік қорғаудың деңгейі мен кәсіби қызметтің ұзақтығының арасындағы байланысты анықтайды. Қаштылғандардың төлемі есебінен қаржыланатын әлеуметтік сақтандың оның негізі болып саналады. Бұл модельдің негізі принциптері XІX ғ. Германияда қалыптасты. Канцлер О. Бисмарк кейіннен басқа индустриялды елдергі үлгі болған сол кезеңдегі әлеуметтік қорғаудың прогрессивті негізін жасады. Германияда күні бүгінге дейін қолданылтын әлеуметтік саласында үш саласы сол кезде пайда болды. Олар қартықта, мүгедектікті және өндірістегі оқыс жағдайлардан туындаған ауруларуын қамсыздандыру. Аталған модельдің негізгі принциптері Австрия, Франция, Бенилюкс елдерінде де қолдыналады [1].

Оның негізгі принциптерінің бірі – жаодамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлер басқаратын фондтарын қадағалайтын кәсібге сақтандыру фондар сақтандыру төлемдерін жүзеге асыратын жолақыдан алыналатын әлеуметтік бөлуді шоғырландырады.

Бұндай сақтандыру жүйелерін мемлекет бюджеті қаржыландырмайды. Әлеуметтік қамтудың бұл моделіне бюджеттің әмбебептығы уйкес келмейді. Еуропа мемлекеттерінде қолданылатын бұл қорғау моделі бір ғана принципке негізделмеген. Сондықтан ынтымақтастық әлеуметтік көмек беріледі.

Әлеуметтік сақтандырудың миндеттеріне қарамастан (Германияда ол заңмен бекетілген) ол толық сақталмайды. Бұл жалақы деңгейнің өсуіне байланысты болатын ерукті сақтандыру мен бөленген қаражаты жүзеге асады.

Аталған модель негізінде сақтандыру салымдарының деңгейіне қарай сақтандыруға бөленген сана (қаржы Анықталатын каммутативті әділдік принципі жатыр. XІX ғ.а. Германияда пайда болғанда да осыған сәйкес болатын. Бүгінде әлеуметтік көмек жүйесінің дамуы әлеуметтік қорғаудың фискалды қаржылануы үлесінің өсуіне әкелді.

ФРГ-ның әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік сақтандыру айрықша маңызға ие. Бұнда көптеген батыс Еуропа елдеріндегі сияқты әлеуметтік сақтандыру міндетті және жеке сақтандыру жүйесіне бөлінеді. Оның негізгі болыттары: медициналық және зейнеткерлік сақтандыру, мүлдектік, жұмыссыздық сәтсіз оқиғалардан сақтандыру. Неміс зерттеу еңбектерінде әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі принциптері ретінде мыналарды атайды.

1) Сақтандыру қағидасы. Аталған көмекті қаржыландыру сақтандыру ұйвшы мүшелерінің төлемдері есібінен жүзеге асады. Жеке салымдар негізінде әлеуметтік көмек ретінде беріледі. Жаласының белгілі бір мөлшерін сақтандыру фондына берген адамның бұрынғы жалақының көлеміне сай көмек алуға құқығы бар. Әлеуметтік сақтандыру принципі эквиваленттілік ережесімен қатар бөлудің элементтері де кіреді.

2) Қамтамасыз ету қағидасы. Әлеуметтік көмек бұрынғы салымдарына қарамастан беріледі және бюджетке түсетін салық есебінен жүзеге асады. Бұл принцип бойынша әлеуметтік көмек алатындар бұрын ешқандай салым төлемегендер, бірақ мемлекет алдындағы еңбектері үшін осындай құқыққа ие. Бюджет есебінен қаржыландыру бюджет жағдайы мен экономиканың тиімділігіне тікелеі байланысты. Бұл принципті сақтандыру принципін қолдануға болмайтын кезде жүзеге асыру керек.

3) Қамқарлық қағидасы. Әлеуметтік көмекті әрбір қажет адам қиын жағдайдан шығу үщін өзіне керекті көлемде алады. Қамтамасыз ету принципі сияқты бұл да мемлекеттік бюджет жағдайына тікелей байланысты. Қамкорлық принципі ФРГ экономикасындағы әлеуметтік қамту жүйесінің ажыпамас бөлігі. Себебі сақтандыру және қамтамысыз ету принципі барлық қауіпті қашта алмайды [2].

ФРГ-дағы әлеуметтік қорғау жүйесі өзін өзі басқару принципіне негізделген. Бірақ мемлекеттің сақтандыру ұйымдары жұмысына араласуына кедергі келтірмейді. Мемлекет әлеуметтік қорғау ұйымдарының заңды сақтауын қадағалайды.

100 жылдан астам уақыт өмір сүріп келе жатқан Германиядағы өзін-өзі басқару негізіндегі сақтандыру ұйымдары сақтандырушы мен сақтанушы байланысын жақындата түсүге септігінтігізеді өзін-өзі басқару принципі әлеуметтік тұрақтылықтық нығанына және әлеуметтік серіктестікті қолдауға негіз болады.

Германиядағы әлеуметтік қорғау мекемелері қоғамдық ұйымдар статусына ие. Бұл неміс зерттеушілерінің пікірінше, барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Өзін-өзі басқару органдар демократиялық принципте екі жақтың тығыз қарымқатынас орнатуына жағдай жасайды. Бұндай ұйымдық құқықтық форма елдегі профсоюз қозғалысының денгейіне байланысты тиімді болып отыр.

ФРГ-ғы әлеуметтік қорғау жүйесіне әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыратын қарым-қатынас тән. Зейнеткерлікке және өндірістегі жағдайлардан туындаған ауруларға байланысты қамтамасыз ету ұйымдары жұмыс істейді. Жұмыссыздықты сақтандыру әлеуметтік қорғау жұйесіне кірмейді әлеуметтік сақтандырумен қатар басқа көмек механизмдері қарастырылған. Ол барлық телемауы ерлері беткенде жүзеге асады.

Мендетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру сақтанушылар төлемі. Бірақ оның негізгі көзі сақтандыру толемдері болып табылады. Олар медициналық, зейнеткерлік, жумыссыздықты сақтандыру формаларына бөленеді.

Әлеуметтік сақтандыру ұйымдарында қаржылық қиындық туындағанда, мемлекет оның міндеттерін атқарады.

Ұлыбритания мен Ирландияда қолданылатын англосаксондық модель немістердінің бөлек. Ағылшын экономисті У. Беверидждің баяндамасы негізінде қалыптасқан. Беверидж оны үкіметке 1942 ж. таныстырды. Оған Кейнстің қоғамдық өндірістің жылдамдығы төлемақыға байланысты, төмен табысты әлеуметтік топтың мүддесіне сай кірісті бөлу керек деген идеясы қатты жер етті Беверидж әлеуметтік қорғау жүйесін құруды ұсынды.

Біріншіден, барлық материалдық көмекке зәру жандарға тарату, екіншіден бірдей көлемдегі зейнетақы мен төлемақы түріндегі әлеуметтік қызметтің үйлестіру принципын ұсынды «Піріске сай жалақың деген талапты Беверидж әділ деп есептеді. Себебі көптеген жағдайларда кеткен шығынның мөлшеріне қарамастан зейнетақы мен төлемады теңдігі байқалды.

Бұл модельдің негізінде әрбір адамның қандай топқа жатағындағына қарамастан, минималды әлеуметтік қорғауға құқығы бар. Беверидж концепциясының мәні-тамақ, тұргың үй, медициналық қажеттіліктерге кететін аз мөлшердегі шығынға байланысты бір кіріске репілдік беруінде.

Бұл модельде кәсіби емес, ұлттық ынтымақтастық басты орында. Әлеуметтік қорғаудың қаржылануы сақтану кірістерінің есебінен жүргізіледі. Отбасылық толемақылар мен денсаулық сақтау мемлекеттік бюджеттен, ал өзге әлеуметтік төлемдер жолдамалы жұмысшылар мен жұмыс берушілердің төлемдерінен қаржыланады. Бисмарк модемнен бұл модельдің айырмашылығы- әлеуметтік көмекке негізделген сондай-ақ, төлемақы алу үшін мендетті түрде кірісті есептейд.

Англосаксондық модельдің кейбір никі өзгешеліктері де бар. Мәселен, Англияда медициналық көмек керіс деңгейіне дарамастан барлығына бірдей көрсетілсе, Ирландияда тек төмен төлемақы алатындарға ана біріледі.

Әлеуметтік қорғаудың британдық жүйесінің екі ерекшелігі бар. Біріншіден, қарртық, ауру, жұмыссыздық сияқты әлеуметтік қауспен айналысатын арнайы институттары жоқ. Әлеуметтік сақтандырудың барлық бағдарламасы бір жүйеге біріктірілген. Екіншіден, әлеуметтік қызмет көрсетуде мемлекеттік менемелердің маңыздар.

Маман клиентке белгілі бір мәселенің мәнін түсінуге көмек көрсетіп, оның шешімін табуға қолдануға болатын патронаж, кеңес беру, диагностика сияқты түрлі нұсқаларды ұсынатын әлеуметтік қызметтің түрі қандай. Қызметтің осы түріне талдау жасаңыз.

Әлеуметтік қызмет көрсету - бір өзі еңсере алмайтын қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір түрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т. б.) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі.

Әлеуметтік қызмет көрсету саласын кеңейту, олардың сапасын арттыру мақсатында Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауында кепілді және қосымша әлеуметтік қызметтердің тізбесін әзірлеп, заң жүзінде бекітуді, оларды көрсету тәртібіне өзгеріс енгізуді, әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын енгізу және қызметкерлерді аккредиттеуді тапсырған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2008 жылғы желтоқсанда «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заң қабылданып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалауға және қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдардың, оның ішінде мүгедектердің құқықтарын қорғауға жол ашылды. Осы заңға кеңірек тоқталатын болсақ, біріншіден, мұнда арнаулы әлеуметтік қызметтерді бағалау және оларға деген қажеттілікті айқындау арқылы тең мүмкіндіктерге негізделген қоғамды қалыптастыру идеологиясы айқын аңғарылады; адамдарды қиын өмірлік жағдайларға тап болған деп танудың негіздемесі айқындалған. Сол сияқты, заң көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің көпаспектілігі арқылы қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдар үшін мүмкіндіктерді молайтып отыр

Заңға сәйкес қиын өмірлік жағдайларға тап болған адам құқықтық мәселелерін шешу үшін заңгерлерден, медициналық-әлеуметтік консультация алу үшін арнайы мамандардан, психологтардан ақыл-кеңес, басқа да көмектер ала алады.

Патронаттық – ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларды тәрбиелеуге алуға ниет білдірген отбасыларға тәрбиелеуге беру.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, соңғы бес жылда елдегі жетім балалардың жалпы саны 8812-ге, балалар үйі тәрбиеленушілерінің саны 5237-ге азайған. Қазіргі кезде елімізде 2,5 мыңнан астам ата-ана бала асырап алу кезегінде тұр. Сондай-ақ патронатты тәрбиеші болуға ниет білдірушілер қатары да көбейіп келеді. Қазіргі уақытта республикада 33 680 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар. Соның ішінде 21 856 баланы қазақстандық отбасылар қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа алған, 1947-сі – патронаттық тәрбиеде.

Патронат- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенің бір түрі. Бұл шарт баланы тәрбиелеуге алуға ықылас білдірген адам (патронат тәрбиеші) мен қорғаншылық және қамқоршылық органы арасында жасалады. Бала патронат тәрбиешіге шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Алайда асырап алынған балаға патронаттық тәрбиешіге қатысты ешқандай туыстық құқықтар мен міндеттер жүктелмейді. Оған асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекет тарапынан берілетін барлық жеңілдіктер мен төлемдер сақталады. Бұл арада патронат тәрбиешіге баланы бағып күту үшін ай сайын ақша төленіп тұрады. Осы уақытқа дейін оның мөлшері 25 мың теңге болса, енді үкімет оның көлемін 33 мыңнан 60 мың теңгеге дейін арттырмақ. 2015 жылғы қаңтар айынан бастап бала асырап алған Қазақстан азаматтарына 75 АЕК (148 650 теңге) мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемақы төленеді.

Патронат- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенін бір түрі. Бұл шарт баланы тәрбиелеуге алуға ықылас білдірген адам (патронат тәрбиеші) мен корғаншылык және қамқоршылык органы арасында жасалады. Бала патронат тәрбиешіге шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Бұл арада патронат тәрбиешіге баланы бағыпкұту үшін ай сайын ақша төленіп тұрады. Баланы тәрбиелеуге беру оның пікірін есепке алу арқылы жүзеге асырылады. Ал жасы 10-ға толған бала өзінің келісімімен ғана тәрбиелеуге беріледі. Ағалары мен қарындастарын медициналық қорытындылар немесе басқа да себептерге байланысты, олардың бірге тәрбиеленуіне мүмкіндігі жоқ жағдайларда болмаса, ажыратуға жол берілмейді. Патронат тәрбиепгілерді іріктеп алу қорғаншы және қамкоршы органдар міндетіне кіреді, патронат тәрбиешілердің жеке басының сапасы, олардың бала тәрбиелуге қабілеті, балаға көзқарасы ескеріледі. Кәмелетке толған екі жыныстың адамдары патронат тәрбиеші бола алады, яғни не әйел не еркек немесе озара некеге тұрған екеуі де шарт жасаса алады. Патронат тәрбиешілерге қорғаншылар мен қамкоршылар сияқты құқықтар мен міндеттер беріледі (баланың жасына қарай). Баланы патронатка алған отбасы немесе адам баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін ақылы түрде орындайды, яғни қорғашпылар мен қамқоршылардан айырмасы бұларға ақша таленеді. Қазақстан Республикамызда 2000 жылғы 13 желтоқсан- да "Отбасылық тұрпатмндағы балалар деревнялары мен жасөспірімдер үйлері туралы" Заңы қабылданды. Отбасы тұрпатындағы балалар деревнялары мен жасөспірімдер үйлері балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке даярлауды, еңбек нарығы сұранысындағы қандай мамандықтарға окытуды, әрбір балаға жинақ қорын ашуды көздейді. Республикамызда бүгінгі күні отбасылық тұрпатындағы балалар деревнялары құрылып жұмыс істеуде (мысалы, Алматыда "СОС- Киндердорф" деревнясы жұмыс істейді). Бұл деревнялар жетім балаларды қорғаудың жаңа үлгісі болып табылады. Деревнялардың негізгі міндеті — тәрбиеленушілердің өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінетіндей, отбасы жағдайында тәрбиеленіл жатқандай әсерлі жағдайлар туғызу екендігі кездейсок емес. Балаларды балалар деревнясының отбасына беру қорғаншылық және қамқоршылық органы мен тәрбиелеуші-ана арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Тәрбиеші-ананың тәрбиелеуіне жасы 18-ге дейінгі 7—10 бала беріледі (отбасы ішіндегі балалардың жасы әр түрлі — 5,7,10,15 болуы мүмкін). Мұндай әрбір отбасы балалар деревнясынын құрамына кіреді, пәтер тұрпатындағы тұратын үй-жайлары бар (отбасы тұратын), үй іргесіндегі және қосалкы шаруашылықтары, өкімшілік үйлері мен құрылыстары бар өзінің окшауланған аумағы болады. Сондай-ақ балалар деревнясынын жанынан жасөспірімдер үйлері кұрылуы мүмкін, олардың негізгі мақсаты — балалар деревнясының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерін бітіргендерге әлеуметтік бейімделуден өтуге, қоғамға кірігуге, тәрбиеленушілердін көсіби даярлығы мен еңбекке орналасуына көмектесу. Тәрбиеленушілер жасөспірімдер үйінде 23 жаска дейін бола алады. Сонымен, ата-аналық құқықтан айыру баланың құқықтары мен мүдделерін басқа жолмен қорғауға мүмкіндік болмаған жағдайда қолданылатын ең соңғы қатал шара. Ата-аналық құқықтан айыру тек сот арқылы іске асырылады. Бала асырап алынғаннан кейін, асырап алынған бала мен оның негізгі ата-аналарының арасындағы құқықтық мімдеттер тоқғатылады. Бұл міндеттерді орындау жүктелген — қорғаншы және қамқоршы органдар сияқты арнаулы мемлекеттік органдар бар. Бұл органдар мұндай балаларды іздестіріп тауып қоймай, оларды орналастыруды, сондай-ақ бұл балаларды содан арғы тұрмыс жағдайын бақылап отыруды жүзеге асыруға міндетті.[1]- ата-анасының қамқорлығынан айырылған келісім бойынша белгілі мерзімге шейін отбасыларға тәрбиеленуге беріліен балалар мемлекетінің құрылысы.

Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады.

Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі. Әлеуметтік міндеттерді шешудің технологиялық әдістері ретіндегі кеңес беру – бұл азаматтардың, жеке адамдардың, отбасылардың, топтардың, қауымның қажетті бір ақпаратты анықтау мақсатын және оны қамтамасыз етудегі көмек көрсетудің баламалы түрлерін нұсқаумен ақыл-кеңес беру арқылы әлеуметтік қызметте жиі пайдаланылатын шара.

Әлеуметтік кеңес берудің түрлі әдістері мен тәсңлдері бар. Солардың арасынан: қадағалау, тестілеу, көндіру, сендіру, хабарлау, кіші теенинг және басқаларын атап өтуге болады.

Мақсаты бойынша бірі-біріне ұқсас және кіәсіптік қызмет түрлерінің техникасы- консалтинг, психотерапия, психокоррекция сияқты бір-біріне жақын кеңес беру түрлерін бөліп қарау қажет.

Әлеуметтік қызметтте, әсіресе отбасымен жұмыс жүргізгенде, психологиялық кеңес беру пайдаланылады, яғни «адамдарға ықпал етудің негізгі жолы — әғгіме-дүкен құру қажет болып табылатын, тұлғалар арасындағы қатынастардың қиыншылықтарына байланысты әрқилы психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тікелей жұмыстар жүргізу». Психологиялық кеңес беру өтініш иесіне ең алдымен оның тұлғааралық қатынастарын қайта құруға, ал психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал ету негізінен өмірі қиындықтары мен шиеленістері негізіне жататын адамның ішкі мәселелерін шешуге бағытталған.

Ызметтің осы түрінде кеңес беруші мекемеге немесе ұйымға олардың іс-әрекетіне объективті талдау жасап, субъективті бағалаудан алшақ болып, осының негізінде көрсетілетін әлеуметтік қызметтің сапасын арттыруға көмек көрсетеді. Бұл кеңес берудің қандай түрі: топтық, бағдарламалық, тұлғалық, жеке. Жауабыңызды негіздеңіз.

Қазіргі нарықтық экономиканың өзгеру үдерісінде ел ішінде психологиялық күйзеліске түсу жайттары күнбе-күн өсуде. Яғни дүние жүзілік экономикалық дағдарыс адам бойында әр түрлі психологиялық қарама-қайшылықтарды туғызуда. Демек осындай жағдайларда адамдарға психологиялық көмек көрсету қажет. Қандай да болмасын күйзеліске түскен адам психологиялық көмекті қажет етеді.

Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады. Кеңес берудің психологиялық түрі клиенттерге білікті көмек көрсетіп, отбасындағы жанжалдардың алдын алу мен болдырмау әдістеріне байланысты тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсартуды қамтамасыз етеді.

Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі.

Топтық кеңес беру алдын ала жүргізілген жеке даралық кеңес беруден кейін ұйымдастырылады. Онда психологиялық проблемалары ұқсас адамдар топталады және мыенадай түрлерге бөлінеді:

- бір және бірнеше реттік;

- жеке ұсыныс бойынша;

- шақыру және бағыттау нәтижесінде;

- толықтырушы тестілеусіз, толықтырушы тестілеумен, т.б.

Топтық кеңес берудің мақсаты – адамдар арасындағы жүйені зерттеу болып табылады. Бұл қарым-қатынас мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Топтық кеңес беруде психологтың міндеті – топ мүшелерінің өзара қарым-қатынас құралын табу, кеңес беру барысында әсер етудің типтері мен олардың мазмұн, тұрақтылығын айқындау.

Г. Навайтистің концепциясында кеңес берудің психологиялық үлгісі бар. Отбасы отбасылық жүйенің пайда болуы мен құрылуындағы үздіксіз эксперимент ретінде түсіндіріледі. Отбасының құрылымын отбасындағы өзара әрекет әдістерін қалыптастыратын талаптар мен қызметтер жүйесі құрайды. Отбасы жүйесі келесідей шағын жүйелерден тұрады: ерлі-зайыптылар, ата-аналар, балалар. Аталған концепцияға талдау жасаңыз

Г.Навайтистың анықтамасы бойынша: «Психологиялық кеңес беру - қарым-қатынаста қиыншылық көріп жүрген адамдарға көмек берудің әдістерін қалыптастыратын психологияның саласы.» Бұл -психологиялық көмек көрсету үрдістерін жүйелі түрде баяндауды қамтамасыз ететін ғылым. Арнайы ұйымдастырылған кеңес арқылы клиент қиын жағдайлардан шығады және қосымша психологиялық күш алады.

Г. Навайтис концепциясында отбасына психологиялық кеңес беру үлгісі бар. Отбасы отбасы жүйесін құру мен өзгерісінің үздіксіз тәжірибесі ретінде талданады. Отбасы құрылымын құрайтын өзара ықпалдас тәсілдерді құраушы сұраныстар мен қызметтер жүйесін құрайды. Отбасы жүйесі келесі жүйе салаларынан тұрады: жұбайлардан, ата-аналар, балалар. Отбасы жүйесін - біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады.Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы (жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада- ері- әйелінен құралады; үшінші топ –сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы –баладан құралады.Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады.Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады.Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.

Date: 2016-05-23; view: 1253; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию