Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Болашақ жұбайлармен алдын алу жұмыстарын жүргізу керек па
Отбасылық өмірге даярлық деген -ол жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық ұстанымының жүйесі. Ол арқылы оның жұбайылық өмірдің құндылықтарына эмоционалдық-психологиялық қатынасы байқалады. Отбасы жас ұрпақтың өмірлік жоспарларының қалыптасуына әсер ететін микроәлеуметтік факторлар арасында негізгі орын алады. Әрбір отбасында ерлі-зайыптылар қатынастарының жағымды және жағымсыз тәжірибесі, өзінің дәстүрлері бар. Ата-аналарының өзара-қатынастарының айрықша жақтарын ала отырып, жас адамдардың көпшілігі өмірін өз қалауынша жасауына ұмтылады. Қазіргі отбасының ең негізгі әлеуметтік функциясы – болашақ отбасы иесін тәрбиелеу, яғни өсіп келе жатқан жас ұрпақты некелік және отбасылық өмірге даярлау. Отбасы жағдайында бала ата-аналарынан қарым-қатынас жасауға, түрлі еңбек іс-әрекеттерін үйренеді, тәртіп нормаларын игереді, неке, отбасы туралы алғашқы түсініктер алады. Балалар өмірдің өзінен аға ұрпақтан басқа жыныстың адамға деген қатынастары, неке, отбасы туралы біршама білім алып, қылық нормаларын игереді. Оларда жолдастық, достық, абырой, намыс сезімдері ерте дами бастайды. Махаббат туралы түсініктері, жоғары адамгершілік сезімдері неке-отбасылық қатынастарының қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан да, өсіп келе жатқан ұрпақтың өзінің болашақ отбасын құруында арнайы дайындық мектептері болуы қажет. Мұнда тек қана некеге тұрушылардың бір-бірінің алдында жауапкершілік сезімін тәрбиелеу ғана емес, сонымен қатар, күйеу немесе жұбайының өмір стилімен өз стилін байланыстыру қабілеті, педагогика, психология, жыныстық, құқықтық, этикалық нормалар негіздерін игеру, үй шаруашылығының еңбегін жүргізу, білік пен дағдыларды игеруі, бюджеттің рационалдық қолдана білу және т.б. айтып кетуге болады. Сонымен, болашақ отбасы иесін тәрбиелеу – құқық пен медицинаның, құлық пен психологияның, педагогика мен этиканың, өнеге және имандылық мәселелерімен тығыз байланысқан процесс болып табылады. И.В.Гребенниковтың пікірінше, өсіп келе жатқан ұрпақтың отбасылық өмірге даярлығы келесі негізгі аспектілерді қамтуы тиіс: 1. Демография мен неке-отбасылық қатынастары саласындағы мемлекеттің саясатын ашатын, сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың және ата-аналардың әлеуметтік рөлдерін, отбасылық құндылықтарын, отбасының неге арналғанын, неке-отбасылық қатынастарының қоғамдық мәні туралы мәліметтерді қамтитын жалпы әлеуметтік даярлық. 2. Адамгершілік-этикалық даярлық, ол келесі жағымды қасиеттерден тұрады: басқа адамдарға деген ізгі қатынас, үлкендер мен кішілерге, әке мен анаға деген құрмет, балаларды тәрбиелеуге деген қажеттілік, жауапкершілік, адалдық, шыдамдылық, мейірімділік, әділдік, балалардың, отбасының, күйеуінің (жұбайының) алдында борыш сезімі, жыныстық сезімдерінің мәдениеті. 3. Неке мен отбасы туралы заңдарының негіздерімен, отбасылық құқықтың маңызды жағдайлармен балаларға, қоғамға, бір-біріне деген қатынастардағы ерлі-зайыптылардың міндеттерімен танысуға бағдарланған құқықтық дайындық. 4. Қатынас біліктеріне ие болу, ерлі-зайыптылық және отбасылық өмірге қажет сезімдерді дамыту, басқа адамдардың психологиясын түсіне білу, неке мен отбасылық өмірдің психологиялық негіздері туралы, жасөспірімдік шақтағы тұлғааралық қатынастардың психологиялық ерекшеліктері жайында, тұлғалық даму туралы түсінікті қалыптастыратын психологиялық дайындық. 5. Жеке гигиенасы туралы сұрақтарды, жыныстық өмірдің ерекшеліктері, еркек пен әйел ағзаларының физиологиялық ерекшеліктері және т.б. туралы білімдерді қосатын физиологиялық-гигиеналық дайындық. 6. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жоғарылату жолдары туралы, әке мен ананың тәрбиелік функциялары, отбасылық тәрбиенің өзгешелігі туралы, отбасының педагогикалық потенциалы, балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлі туралы ойларын қалыптастыратын педагогикалық дайындық. 7. Үй-шаруашылығын жүргізу, тұрмыс мәдениеті, отбасы бюджеті және т.б. туралы білімдерімен қаруландыруды жүзеге асыраттын экономикалық- шаруашылық дайындық.
Date: 2016-05-23; view: 1177; Нарушение авторских прав |