Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Отбасын жоспарлау және репродуктивтілік орталықтарының қызметтерінің негізгі бағыттары 5 page





Мендетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру сақтанушылар төлемі. Бірақ оның негізгі көзі сақтандыру толемдері болып табылады. Олар медициналық, зейнеткерлік, жумыссыздықты сақтандыру формаларына бөленеді.

Әлеуметтік сақтандыру ұйымдарында қаржылық қиындық туындағанда, мемлекет оның міндеттерін атқарады.

Ұлыбритания мен Ирландияда қолданылатын англосаксондық модель немістердінің бөлек. Ағылшын экономисті У. Беверидждің баяндамасы негізінде қалыптасқан. Беверидж оны үкіметке 1942 ж. таныстырды. Оған Кейнстің қоғамдық өндірістің жылдамдығы төлемақыға байланысты, төмен табысты әлеуметтік топтың мүддесіне сай кірісті бөлу керек деген идеясы қатты жер етті Беверидж әлеуметтік қорғау жүйесін құруды ұсынды.

Біріншіден, барлық материалдық көмекке зәру жандарға тарату, екіншіден бірдей көлемдегі зейнетақы мен төлемақы түріндегі әлеуметтік қызметтің үйлестіру принципын ұсынды «Піріске сай жалақың деген талапты Беверидж әділ деп есептеді. Себебі көптеген жағдайларда кеткен шығынның мөлшеріне қарамастан зейнетақы мен төлемады теңдігі байқалды.

Бұл модельдің негізінде әрбір адамның қандай топқа жатағындағына қарамастан, минималды әлеуметтік қорғауға құқығы бар. Беверидж концепциясының мәні-тамақ, тұргың үй, медициналық қажеттіліктерге кететін аз мөлшердегі шығынға байланысты бір кіріске репілдік беруінде.

Бұл модельде кәсіби емес, ұлттық ынтымақтастық басты орында. Әлеуметтік қорғаудың қаржылануы сақтану кірістерінің есебінен жүргізіледі. Отбасылық толемақылар мен денсаулық сақтау мемлекеттік бюджеттен, ал өзге әлеуметтік төлемдер жолдамалы жұмысшылар мен жұмыс берушілердің төлемдерінен қаржыланады. Бисмарк модемнен бұл модельдің айырмашылығы- әлеуметтік көмекке негізделген сондай-ақ, төлемақы алу үшін мендетті түрде кірісті есептейд.

Англосаксондық модельдің кейбір никі өзгешеліктері де бар. Мәселен, Англияда медициналық көмек керіс деңгейіне дарамастан барлығына бірдей көрсетілсе, Ирландияда тек төмен төлемақы алатындарға ана біріледі.

Әлеуметтік қорғаудың британдық жүйесінің екі ерекшелігі бар. Біріншіден, қарртық, ауру, жұмыссыздық сияқты әлеуметтік қауспен айналысатын арнайы институттары жоқ. Әлеуметтік сақтандырудың барлық бағдарламасы бір жүйеге біріктірілген. Екіншіден, әлеуметтік қызмет көрсетуде мемлекеттік менемелердің маңыздар.

Адамды жекешелендіретін және ана болу, азаматтық жағдайлар акті сияқты құқықтар мен міндеттердің пайда болуы мен тоқтатылуына байланысты жағдайлар қандай құжатта ресми рәсімделінеді.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі 2011 жылы 26 желтоқсанда қабылданып, 2012 жылғы 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы заңының күші жойылды.

Кодекс 17 бөлім, 33 тарау, 283 баптан тұрады.

Жаңа Кодексте азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібінде, тіркеу мерзімінде, тіркеуге ұсынылатын құжаттарда біршама жаңалықтар бар.

Кодексте бірнеше жаңа ұғымдарға арнаулы түсініктер берілген.

Кодекстегі оң өзгерістердің бірі – бұрынғы «Неке және отбасы туралы» ҚР заңында некеге тұрғысы келетіндер өзінің не жұбайының немесе ата-анасының тұрғылықты жері бойынша ғана өтініш бере алса, қазіргі жағдайда отбасын құруды мақсат еткендер еліміздің кез келген аумағында некеге отыра алады. Қазақстандық азаматтар некелерін тіркеуге электрондық формада өтініш беру мүмкіндігіне де ие болып отыр.


Бұрынғы заңның

 

– ерлі-зайыптылардың бірі басқа некеде тұрса;

– жақын туыстар болса;

– бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар арасында;

– сот шешімі арқылы психикалық ауруы бар, ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар араларында неке қиылуға жол берілмейтін бабы бір жынысты адамдардың және асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың арасында неке қиылмайтындығымен толықтырылған.

Сондай-ақ, неке қию кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосып ала алады, қосылатын тек некеге дейінгі тегінен кейін сызықша арқылы жазылады. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда азамат 1 ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.

Заңдағы назар аударатын ерекшеліктердің бірі – нәресте дүниеге келгенде оның тууын тіркеу үшін тек емдеу мекемесі берген туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімі негіз болып табылады. Бұрынғы заң бойынша баланың дүниеге келуін екі куә растай алатын болса, қазір ана үйде босанған жағдайда, туу туралы медициналық анықтаманы анасының жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес ол өтініш жасаған медициналық мекеменің қызметкері рәсімдейді.

Туумен бірге қайтыс болуды тіркеуге де куәлардың айғағы бұдан былай негіз бола алмайды.

Кодекс бойынша туу туралы акт жазбасында баланың туған жері болып тууды мемлекеттік тіркеу кезінде қабылданған Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің атауына сәйкес баланың нақты туған жерінің атауы көрсетіледі. Мысалы, бала Астанада туса, тууы Ақтоғай ауданының ӘБ АХАЖ қызметінде тіркелсе – баланың туған жері болып – Астана қаласы жазылады.

Кодекстің 63 бабы бойынша балаға қосарланған ат беріледі, бірақ ол екі аттан аспауы керек, қосарланған ат сызықшасыз бөлек жазылады. Мысалы, Мырза Ахмет, Әбіл Мансұр, Ай Ару.

Балаға берілетін туу туралы куәлікте баланың ата-аналарының азаматтығы жазылатын болды. (Орайы келгенде айта кететін жайт, биылғы, жылдың 01 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.12.2009 жылғы №2121 қаулысымен бекітілген «Ресми құжаттарға апостиль қою», «Азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес тууды тіркеуге және апостиль қоюға өтініштер Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тапсырылуда).


Егер бұрынғы заңда баланың ата-анасы бір-бірімен некеге тұрмаса, тууды жазу кітабында баланың әкесінің тегі-анасының тегі бойынша жазылатын, жаңа Кодексте баланың әкесі туралы мәліметті анасының тілегі бойынша жазбауға да болады.

Сол сияқты, дәлелді себептермен адамның аты, әкесінің аты немесе тегі ауыстырылғанда, өзгерту жасалып отырған адамның өзіне қатысты жасалған туу туралы акт жазбасына ғана өзгеріс енгізіледі. Басқа жазбаларға өзгерістер енгізу жүргізілмейді. Атын, әкесінің атын, тегін өзгерту жүргізілгенін растау үшін өзгерісті тіркеген АХАЖ органы белгіленген үлгідегі атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік береді.

Кодексте қайтыс болуды тіркейтін бес күндік, жеті күндік мерзім алынып тасталды.

Заңнамада балалардың құқықтары кеңейтіліп, бала асырап алудың шарттарына елеулі өзгерістер енгізілген, мысалы, 92-бап бойынша бала асырап алушының жасы 45-тен аспауы керек. Балаларды асырап алу бұдан былай асырап алу жөніндегі агенттіктер арқылы ғана жүзеге асырылады, бұл агенттіктер балалар құқықтарын қорғау саласындағы құзырлы органдардан аккредитациядан өтуі тиіс. Бала асырап алу алдымен баланың туыстарына, Қазақстан Республикасының азаматтарына, содан соң Қазақстан Республикасымен тең деңгейдегі халықаралық міндеттемелері бар елдің азаматтарына ғана рұқсат етіледі.

Бұрынғы заңда болмаған «Суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану» атты тарау жаңадан енгізілген. 54-бап бойынша суррогат ана болу шарты мемлекетіміздің азаматтық заңнамасы талаптарын сақтай отырып, жазбаша жасалады, ол міндетті түрде нотариалды куәландырылады. Суррогат анамен шарт жасасқан ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) баладан бас тартқан жағдайда, бала суррогат ананың қалауымен өзінде қалады, ал суррогат ана баладан бас тартса, ол мемлекет қамқорлығына беріледі.


Кодекстегі алимент мәселесіне байланысты жаңалықтардың бірі- алимент төлеуге міндетті адам Қазақстаннан тыс жерлерге уақытша, немесе тұрақты тұруға кететін кезде, алиментті төлегенін растайтын құжаттары болмайынша, оның кетуіне рұқсат берілмейді.

Жаңа Кодекс бойынша егер баланың ата-анасы некеден ажырасса, бала анасымен бірге тұрса, анасы оған өзінің тегін бергісі келсе, АХАЖ органы бұл мәселені баланың әкесінің пікірін ескерместен, баланың мүддесіне орай шешеді. Күшін жойған заңда баламен бірге тұрмайтын ата-ананың бірінің келісімінсіз баланың тегі өзгертілмейтін.

26.12.2011 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» осы Кодексі Қазақстан Республикасындағы неке және отбасы қатынастарын, оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейтін нормативтік-құқықтық акті болып табылады.

Осы Кодекс неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Маман клиентке белгілі бір мәселенің мәнін түсінуге көмек көрсетіп, оның шешімін табуға қолдануға болатын патронаж, кеңес беру, диагностика сияқты түрлі нұсқаларды ұсынатын әлеуметтік қызметтің түрі қандай? Қызметтің осы түріне талдау жасаңыз.

Әлеуметтік қызмет көрсету - бір өзі еңсере алмайтын қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір түрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т. б.) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі.

Әлеуметтік қызмет көрсету саласын кеңейту, олардың сапасын арттыру мақсатында Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауында кепілді және қосымша әлеуметтік қызметтердің тізбесін әзірлеп, заң жүзінде бекітуді, оларды көрсету тәртібіне өзгеріс енгізуді, әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын енгізу және қызметкерлерді аккредиттеуді тапсырған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2008 жылғы желтоқсанда «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заң қабылданып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалауға және қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдардың, оның ішінде мүгедектердің құқықтарын қорғауға жол ашылды. Осы заңға кеңірек тоқталатын болсақ, біріншіден, мұнда арнаулы әлеуметтік қызметтерді бағалау және оларға деген қажеттілікті айқындау арқылы тең мүмкіндіктерге негізделген қоғамды қалыптастыру идеологиясы айқын аңғарылады; адамдарды қиын өмірлік жағдайларға тап болған деп танудың негіздемесі айқындалған. Сол сияқты, заң көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің көпаспектілігі арқылы қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдар үшін мүмкіндіктерді молайтып отыр

Заңға сәйкес қиын өмірлік жағдайларға тап болған адам құқықтық мәселелерін шешу үшін заңгерлерден, медициналық-әлеуметтік консультация алу үшін арнайы мамандардан, психологтардан ақыл-кеңес, басқа да көмектер ала алады.

Патронаттық – ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларды тәрбиелеуге алуға ниет білдірген отбасыларға тәрбиелеуге беру.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, соңғы бес жылда елдегі жетім балалардың жалпы саны 8812-ге, балалар үйі тәрбиеленушілерінің саны 5237-ге азайған. Қазіргі кезде елімізде 2,5 мыңнан астам ата-ана бала асырап алу кезегінде тұр. Сондай-ақ патронатты тәрбиеші болуға ниет білдірушілер қатары да көбейіп келеді. Қазіргі уақытта республикада 33 680 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар. Соның ішінде 21 856 баланы қазақстандық отбасылар қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа алған, 1947-сі – патронаттық тәрбиеде.

Патронат- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенің бір түрі. Бұл шарт баланы тәрбиелеуге алуға ықылас білдірген адам (патронат тәрбиеші) мен қорғаншылық және қамқоршылық органы арасында жасалады. Бала патронат тәрбиешіге шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Алайда асырап алынған балаға патронаттық тәрбиешіге қатысты ешқандай туыстық құқықтар мен міндеттер жүктелмейді. Оған асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекет тарапынан берілетін барлық жеңілдіктер мен төлемдер сақталады. Бұл арада патронат тәрбиешіге баланы бағып күту үшін ай сайын ақша төленіп тұрады. Осы уақытқа дейін оның мөлшері 25 мың теңге болса, енді үкімет оның көлемін 33 мыңнан 60 мың теңгеге дейін арттырмақ. 2015 жылғы қаңтар айынан бастап бала асырап алған Қазақстан азаматтарына 75 АЕК (148 650 теңге) мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемақы төленеді.

Патронат- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенін бір түрі. Бұл шарт баланы тәрбиелеуге алуға ықылас білдірген адам (патронат тәрбиеші) мен корғаншылык және қамқоршылык органы арасында жасалады. Бала патронат тәрбиешіге шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Бұл арада патронат тәрбиешіге баланы бағыпкұту үшін ай сайын ақша төленіп тұрады. Баланы тәрбиелеуге беру оның пікірін есепке алу арқылы жүзеге асырылады. Ал жасы 10-ға толған бала өзінің келісімімен ғана тәрбиелеуге беріледі. Ағалары мен қарындастарын медициналық қорытындылар немесе басқа да себептерге байланысты, олардың бірге тәрбиеленуіне мүмкіндігі жоқ жағдайларда болмаса, ажыратуға жол берілмейді. Патронат тәрбиепгілерді іріктеп алу қорғаншы және қамкоршы органдар міндетіне кіреді, патронат тәрбиешілердің жеке басының сапасы, олардың бала тәрбиелуге қабілеті, балаға көзқарасы ескеріледі. Кәмелетке толған екі жыныстың адамдары патронат тәрбиеші бола алады, яғни не әйел не еркек немесе озара некеге тұрған екеуі де шарт жасаса алады. Патронат тәрбиешілерге қорғаншылар мен қамкоршылар сияқты құқықтар мен міндеттер беріледі (баланың жасына қарай). Баланы патронатка алған отбасы немесе адам баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін ақылы түрде орындайды, яғни қорғашпылар мен қамқоршылардан айырмасы бұларға ақша таленеді. Қазақстан Республикамызда 2000 жылғы 13 желтоқсан- да "Отбасылық тұрпатмндағы балалар деревнялары мен жасөспірімдер үйлері туралы" Заңы қабылданды. Отбасы тұрпатындағы балалар деревнялары мен жасөспірімдер үйлері балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке даярлауды, еңбек нарығы сұранысындағы қандай мамандықтарға окытуды, әрбір балаға жинақ қорын ашуды көздейді. Республикамызда бүгінгі күні отбасылық тұрпатындағы балалар деревнялары құрылып жұмыс істеуде (мысалы, Алматыда "СОС- Киндердорф" деревнясы жұмыс істейді). Бұл деревнялар жетім балаларды қорғаудың жаңа үлгісі болып табылады. Деревнялардың негізгі міндеті — тәрбиеленушілердің өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінетіндей, отбасы жағдайында тәрбиеленіл жатқандай әсерлі жағдайлар туғызу екендігі кездейсок емес. Балаларды балалар деревнясының отбасына беру қорғаншылық және қамқоршылық органы мен тәрбиелеуші-ана арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Тәрбиеші-ананың тәрбиелеуіне жасы 18-ге дейінгі 7—10 бала беріледі (отбасы ішіндегі балалардың жасы әр түрлі — 5,7,10,15 болуы мүмкін). Мұндай әрбір отбасы балалар деревнясынын құрамына кіреді, пәтер тұрпатындағы тұратын үй-жайлары бар (отбасы тұратын), үй іргесіндегі және қосалкы шаруашылықтары, өкімшілік үйлері мен құрылыстары бар өзінің окшауланған аумағы болады. Сондай-ақ балалар деревнясынын жанынан жасөспірімдер үйлері кұрылуы мүмкін, олардың негізгі мақсаты — балалар деревнясының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерін бітіргендерге әлеуметтік бейімделуден өтуге, қоғамға кірігуге, тәрбиеленушілердін көсіби даярлығы мен еңбекке орналасуына көмектесу. Тәрбиеленушілер жасөспірімдер үйінде 23 жаска дейін бола алады. Сонымен, ата-аналық құқықтан айыру баланың құқықтары мен мүдделерін басқа жолмен қорғауға мүмкіндік болмаған жағдайда қолданылатын ең соңғы қатал шара. Ата-аналық құқықтан айыру тек сот арқылы іске асырылады. Бала асырап алынғаннан кейін, асырап алынған бала мен оның негізгі ата-аналарының арасындағы құқықтық мімдеттер тоқғатылады. Бұл міндеттерді орындау жүктелген — қорғаншы және қамқоршы органдар сияқты арнаулы мемлекеттік органдар бар. Бұл органдар мұндай балаларды іздестіріп тауып қоймай, оларды орналастыруды, сондай-ақ бұл балаларды содан арғы тұрмыс жағдайын бақылап отыруды жүзеге асыруға міндетті.[1]- ата-анасының қамқорлығынан айырылған келісім бойынша белгілі мерзімге шейін отбасыларға тәрбиеленуге беріліен балалар мемлекетінің құрылысы.

Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады.

Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі. Әлеуметтік міндеттерді шешудің технологиялық әдістері ретіндегі кеңес беру – бұл азаматтардың, жеке адамдардың, отбасылардың, топтардың, қауымның қажетті бір ақпаратты анықтау мақсатын және оны қамтамасыз етудегі көмек көрсетудің баламалы түрлерін нұсқаумен ақыл-кеңес беру арқылы әлеуметтік қызметте жиі пайдаланылатын шара.

Әлеуметтік кеңес берудің түрлі әдістері мен тәсңлдері бар. Солардың арасынан: қадағалау, тестілеу, көндіру, сендіру, хабарлау, кіші теенинг және басқаларын атап өтуге болады.

Мақсаты бойынша бірі-біріне ұқсас және кіәсіптік қызмет түрлерінің техникасы- консалтинг, психотерапия, психокоррекция сияқты бір-біріне жақын кеңес беру түрлерін бөліп қарау қажет.

Әлеуметтік қызметтте, әсіресе отбасымен жұмыс жүргізгенде, психологиялық кеңес беру пайдаланылады, яғни «адамдарға ықпал етудің негізгі жолы — әғгіме-дүкен құру қажет болып табылатын, тұлғалар арасындағы қатынастардың қиыншылықтарына байланысты әрқилы психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тікелей жұмыстар жүргізу». Психологиялық кеңес беру өтініш иесіне ең алдымен оның тұлғааралық қатынастарын қайта құруға, ал психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал ету негізінен өмірі қиындықтары мен шиеленістері негізіне жататын адамның ішкі мәселелерін шешуге бағытталған.

Ызметтің осы түрінде кеңес беруші мекемеге немесе ұйымға олардың іс-әрекетіне объективті талдау жасап, субъективті бағалаудан алшақ болып, осының негізінде көрсетілетін әлеуметтік қызметтің сапасын арттыруға көмек көрсетеді. Бұл кеңес берудің қандай түрі: топтық, бағдарламалық, тұлғалық, жеке.Жауабыңызды негіздеңіз.

Қазіргі нарықтық экономиканың өзгеру үдерісінде ел ішінде психологиялық күйзеліске түсу жайттары күнбе-күн өсуде. Яғни дүние жүзілік экономикалық дағдарыс адам бойында әр түрлі психологиялық қарама-қайшылықтарды туғызуда. Демек осындай жағдайларда адамдарға психологиялық көмек көрсету қажет. Қандай да болмасын күйзеліске түскен адам психологиялық көмекті қажет етеді.

Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады. Кеңес берудің психологиялық түрі клиенттерге білікті көмек көрсетіп, отбасындағы жанжалдардың алдын алу мен болдырмау әдістеріне байланысты тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсартуды қамтамасыз етеді.

Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі.

Топтық кеңес беру алдын ала жүргізілген жеке даралық кеңес беруден кейін ұйымдастырылады. Онда психологиялық проблемалары ұқсас адамдар топталады және мыенадай түрлерге бөлінеді:

- бір және бірнеше реттік;

- жеке ұсыныс бойынша;

- шақыру және бағыттау нәтижесінде;

- толықтырушы тестілеусіз, толықтырушы тестілеумен, т.б.







Date: 2016-05-23; view: 1181; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.016 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию