Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Отбасындағы балалардың бейімделе алмауының психологиялық құралдары қандай
Ата - анасының балаға сын көзқараспен қарап, кемшілігін түзеп, жетістігін жебеп отыру - тағы бір үлкен мәселе. Ол тіпті баланың болашақтағы орны туралы үлкен мәселеге ұласады. Баланың жақсысы-әке мен шешенің ары,ата-ананың абыройы. Жаманы-қайғысы,азап-соры.Бұл пікірді атақты педагог В.Сухомлинский айтқан. Демек,бала тәрбиесінде мектеп пен отбасы міндеттерін күшейтеді. Баланың тәрбиесіне әсер ететін факторлар: 1 Әлеуметтік – мәдени -Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, олардың білім деңгейлері, педагогикалық мәдениеті, оқу орындарымен тығыз байланыс жасаулары. 2 Әлеуметтік- экономикалық -Отбасының материалдық жағдайы,балалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету,қосымша білім беру мүмкіндіктері. 3 Технико-гигиеналық -Отбасының тұрмыс жағдайы, өмір сүру қалпы. 4 Демографиялық -Отбасының құрамы, құрылымы. 5 Әлеуметтік психологиялық -Отбасының микроклиматы, балаға деген қатынасы, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынас ерекшеліктері, балалардың жас, дара ерекшеліктерін ескеру т.б. Коджаспирова Г.М. тәрбиенің негативті факторларына төмендегілерді жатқызды: отбасындағы жағымсыз балаға деген қатынас, жетілмеген сезім, олардың білім деңгейлерінің төмендігі, педагогикалық мәдениетің жоқтығы, оқу орындарымен тығыз байланыс жасамаулары, ішімдікке салыну, тәртіп бұзушылық, материалдық құндылықтарға жақынлығы, тәрбиелерінің төмендігі. Кейбір жанұяда тәрбиенің қиындылығы мынада: әке мен шеше өзінің кемшіліктерімен күреспейді, қайта оны жуып - шаяды. Солай бола тұрса да олар балаларынан тәртіпті болуды талап етеді. Соның салдарынан өте байқағыш, сезімтал балалар ересектердің мұндай қылықтарын көреді. Бұл жағдай балалардың азамат болып өсуіне кері әсерін тигізеді. А.С.Макаренко ата - аналарға оқыған лекциясында: "Әрбір әке, әрбір шеше өз баласында қандай қасиетті тәрбиелеп жатқанын жақсы білулері қажет" - деген болатын. Демек ата-аналар бала тәрбиесінде алуан түрлі қателіктерді жібереді. Олардың кейбіреулеріне тоқталып өтейік: Бірінші қателік. Енді жақсы көрмеуге ант беру. Балаларының тыңдамауы, айтқанын орындамауы ата - ананың көңілін толтырмайды. Мұнда қорқытып, ұрысу де еш нәтиже бермейді. Мұндай жағдайларда ата - аналардың "енді сен менің айтқанымдай болмасаң, онда мен сені жақсы көрмеймін" деп қорқыту тәсілін көп қолданады. Бірақ бұл қауіп тез ұмытылып, балалар мұның барлығы өтірік екенін тез ұғады. Осындай өтіріктер кейін балалардың ата - анаға деген сенімін ұзаққа жоғалтады. Одан да "Мен сені бәрібір де жақсы көремін, бірақ бұл қылығың маған ұнамайды" деп айтқаны дұрыс қылықтардың тәрбиеленуіне септігін тигізеді. Екінші қателік. Немқұрайлық. "Не істесең соны біл, маған бәрібір" - деп ата - ана жиі айтады. Өйткені олар балаларының еркеліктерінен әбден шаршап, шалдығып кетеді. Бірақ ата - аналар балаға немқұрайлықты көрсетпеу керек. Оны байқаған бала немқұрайлықтың қаншаға созылатынын тексергісі келеді. Мұндай жағдайда " Мен ешкіммен бұл жағдайда мүлдем келіспеймін, бірақ мен сені жақсы 49б.көретін болғандықтан көмектесуге әрдайым дайынмын" деген ойда шешімді қабылдағаны дұрыс. Үшінші қателік. Шектен тыс қаттылық. "Сен менің айтқанымды орындау керексің, өйткені бұл үйде мен билікті жүргіземін" - деп жиі ата-аналары балаларына айтып жатады. Мұндай тәрбиелеуде бала барлық тапсырмаларды орындауы тиіс, ол барлығын өзі орындай білуге үйренуі тиіс, оған мүлдем көмек беруге болмайды деп есептейді. Мұндай тәрбиенің салдарынан бала ата - анасы болмағанда барлығын ұмытып, жасамайтын қателіктерді жасайды. Төртінші қателік. Баланы еркелетпеу керек. Балалық - бұл ата - аналардың қолдауына байланысты өтетін өте қысқа, ғажайып шақ. Баланың әр қылығы мен қалауын орындау өте қызықты. Бірақ бұл баланың еркелігіне әкеп соқтырады. Әке - шеше осы ойды дұрыс деп есептесе, бұл керісінше баланы жалғыздыққа әкеп соқтырады. Бұндай жағдайда: "Өзің істеп көрші, қолдан келмесе, мен саған көмектесемін" - деу керек. Бесінші қателік. Қате рөл. Көп жағдайда ата - аналар балаларын дос деп есептейді. Әрине бала әке - шешесіне ұнау үшін барлығын жасайды, бірақ олардың өз проблемалары шешусіз қалады. Алтыншы қателік. Қаржы. "Көп ақша - жақсы тәрбие" - дейтін кейбір ата - аналардың көзқарасы қалыптасқан. Баланың барлық жасағанын ақшамен, сыйлықпен бағалау, бірақ, эмоционалдық көңіл бөлмеуі. Жетінші қателік. Наполеондық жоспар. "Менің балам музыка мен сурет салумен айналысады" деп көп ата - аналар өздерінің балаларының қалауына көңіл аудармай, жоспар құрады. Бірақ түбінде бұл жоспары іске аспайды. Баланың жеке басының қызығушылықтарымен санаспайды. Сегізінші қателік. Балаға өте аз көңіл бөлу. Кейбір ата - аналар балаларына қатаң көзқараспен қарайды. Балаларды кейде еркелету бұл да керек. Ал қатты ата - аналар бұны қателік деп ойлайды. Бірақ қандай жаста болмасын бала ата - анасының аялағанын қалайды. Кейін бала осы жылылықты сырттан іздеуге тырысады. Қайткенде де ата аналар мұндай қателіктерді жібермеуге тырысуы керек.Өмірге ұрпақ әкелген соң, оны еліміздің толыққанды азаматы етіп тәрбиелеуге тырысып, бар күштерін жұмсауы тиіс. "Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді" - дегендей ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді, ол перзентін асылым мен алтыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым, аман болсын бастары, ұзақ болсын жастары деп күні - түні өмір бойы перзентінің тілегін тілеген" - деп қорытындылағымыз келеді.
Date: 2016-05-23; view: 1091; Нарушение авторских прав |