Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Отбасы және балалармен жұмыста психологиялық әдістің маңыздылығы қандай?
Кәсіби психологиялық көмек көрсетудің басында дәрігерлер, психиаторлар, психотерапевтер тұрған. Қазіргі кезде жағдай өзгеріп әрбір оқу орындарында психолог мамандығы штатқа еңгізілген. Оқу орындарындағы психологиялық көмек корсету баланың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Біздің қоғамның, соның ішінде отбасы мен мектептің басты мақсаты білімді, өнегелі және физикалық сау еңбек ете алатын, жан-жақты дамыған адам тәрбиелеу болып табылады. Отбасында балаларды тәрбиелеу процесін ұйымдастыруда мектептің рөлі туралы А.С.Макаренко былай деп жазған болатын: «Жақсы және нашар отбасылар болады. Отбасы әрқашанда керемет тәрбиелейді деп кепілдік беруге болмайды. Отбасы қалай болса тәрбиелей алады деп айта алмаймыз. Біз отбасылық тәрбиені ұйымдастыруымыз қажет және оны ұйымдастырудың басы мектеп болуы керек» - деген. Отбасымен және балалармен жұмыста психологиялық әдіс бала мен ата- ананың арасында кері қарым қатынас орнағанда қолданылады, кері қарым қатынас деп отырғанымыз ата-ананың балаларына көңіл бөлмеі, жұмыс басты болуы, алкогольге салынып кетуі, баланы ұрып соғуы және баланың үйден қашып кетуі. Отбасындағы осындай келеңсіздіктерді алдын алу үшін, басқа қалыпты отбасылар қатарын қосу үшін психологиялық әдіс, отбасна ақпараттық кеңес беру нәтижелі болып келеді, Отбасында дені сау бала туылған жағдайда отбасы үлкен бақытқа бөленеді, қуанады. Егер бала ауры, болмаса толыққанды дамымай туса, бұл ата-ана үшін үлкен сынақ. Олар қорқыныш пен рухани ауыртпалық, кінә сезімі және агрессия сезінеді. Бұл үлкен дағдарыс, өмірдің құнсыздануы мен мағынасын жоғалтуға алып келуі мүмкін. Адам баласы — өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіп-ті жоғары оқу орындары мен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік. Date: 2016-05-23; view: 1379; Нарушение авторских прав |