Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыста педагогиканың рөлі маңызды ма
Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының өзекті проблемаларының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар сапасының тигізер әсері мол. Жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы орта құруға, оқушының педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік орта мен бала арасында кең байланыс әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы орта құруға, оқушының, педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік ортьа мен бала арасында кең байланыс жасауға мамандалады. Балларды әлеуметтік – педагогикалық қолдау – баламен бірге оның өзіндік көзқарасын, мақсатын, мүмкіндігін анықтау үшін және қоғамда қалыпты өмір сүру ге кері ықпал кедергілерді жою үшін жолын анықтау. Өмір сүруіне, қарым-қатынасына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, алдына қойған мақсатына жету және адамгершілік қасиетін сақтап қалуына көмектесу. Әлеуметтік педагогты әлеуметтік қызметкердің бір түрі деп санау қателік болар еді. Оның қызметінің негізгі сферасы социум – әлеумет. Негізгі басымдық бала мен отбасы, бала мен тұрғылықты жеріндегі жақын ортасының арасындағы қарым-қатынасын зерттеуіне беріледі. Әлеуметтік педагог балалармен, оның отбасымен көршілік ортасымен жұмыс жасайды. Оның қызметінің мақсаты-социумда балалар мен ересектердің әлеуметтік маңызы бар, профилактикалық қызметін ұйымдастыру, баланың дамуын, білім алуын әлеуметтік қолдау. Әлеуметтік педагог біріншіден, мүмкіндігінше проблеманың алдын-алуына тырысады, проблеманы тудыратын себептерді анықтай және уақытында оны жойып отыру, адам бойындағы олардың қарым-қатынасындағы әртүрлі ауытқушылардың алдын-алып, отыру, осы арқылы қоршаған әлеуметтік ортаны сауықтырып отырады. Әлеуметтік қызметкер проблеманың алдын-алумен емес, проблеманың өзімен жұмыс жасайды(алкоголизм, нашақорлық, әлеуметтік депрессия, қаңғыбастық, ауру, өзін-өзі қызмет ете алмаушылармен, мүгедектермен, стихиялық зіл-зала, көші-қонмен, жанының күйзелуі әлеуметтік бейімделу) арнайы көмектің түрін, арнайы мамандануды қажет ететін (қарт адаммен жұмыс, босқындармен, әлеуметтік риск тобына жататын адамдармен жұмыс) Солнымен қатар ол арнайы жас ерекшеліктері бойынша топтардың (балалар, жасөспірімдер, жастар, қарттар) мекемелердің, микроорталықтың ерекше сфераларының (ауыл-әскери бөлім) әлеуметтік проблемаларын шешуге мамандануы да мүмкін. Әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагогтың кәсіптік қызметтерінің жұмыстарының түрі мен әдістемесі бір-бірімен қиылысып жатқанымен әр маманның өзіндік айырмашылықтары бар. Дегенмен әлеуметтік қызметкер жұмысының нәтижелілігі әлеуметтік педагогтың жұмысымен тығыз байланысты, тиісінше әлеуметтік педагог жұмысының нәтижелілігі де әлеуметтік қызметкердің қорытындысынсыз жоққа шығар еді. Әлеуметтік педагог бірінші кезекте тұлға мен отбасы қорғауға арналған мемлеккеттік – қоғамдық әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер мен ұйымдар арасын байланыстырушы буын. Әлеуметтік педагог – өсіп келе жатқан тұлғаның мүддесін, заңдық құқын қорғаушы. Әлеуметтік педагог-сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен ересектердің бірлескен қызметінің тікелей қатысушысы, сонымен қатар – бұл қызметтің жетекші ұйымдастырушысы. Оның барлық күш жігері адамды әрекетке, әлеуметтік инициативаға қиын жағдайдан шығу жолын іздеуге оятуға бағытталады, адамдардың проблемасын өздері шеше алуына көмектеседі. Әлеуметтік педагогты рухани жетекші, тәлімгер десек те болады, себебі ол жылдар боый баламен, оның отбасымен жұмыс жүргізеді, әлеуметтік, жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге ол әлеуметтік терапевт-өзінің қамқорлығындағы адамдардың кикілжіңжі жағдайын шешуге, соған сәйкес мамандарға көрінуіне көмектеседі. әлеуметтік педагок әрқашан өзінің клиентінің құқын қорғайды, «әлеуметтік диагноз» қоюда эксперт ретінде қатыса алады. С.И. Голодтың пікірінше, қазіргі кезде отбасылық қатынастардың нуклеарлы, детоцентристік, жұбайлық үлгілері қызмет етеді. Оның айтуынша, тұрақты некенің маңызды талаптарының ішінде үйлесімділік басты орында. Осы үлгілерге талдау жасаңыз. Неге үйлесімділік тұрақты отбасының басты талабы болып табылады Нуклеаралық отбасы толық та толық емес те болуы мүмкін. Әкесі, шешесі және балаларынан тұратын отбасы толық, ерлі-зайыптылардың біреуінсіз, көбінесе, балалы аналар, кей кездері балалы әкелер болып келетін отбасы толық емеске жатады. Детоцентристік отбасы, мұнда отбасы мүшелерінің барлық күш-қуаты шаңырақ берекесіне арналады. Балаға деген материалдық және рухани қамқорлықтың арта түсуі – жағымды құбылыс, бірақ бұл шектен шығып кетсе, соңы әлеуметтік және адамгершілік жағынан келеңсіз жағдайларға ұрындыруы мүмкін; Үйлесімділік- мақсаттардың, көзқарастардың, мұраттардың арақатынастылығы сияқты сипаттардың ұқсастығы. Психологиялық үйлесімділік – бұл негізінен біреуінің пікіріне екіншісінің қарама-қайшы келмеуі, олардың бірін-бірі толықтырып отыруы және үмітінің сәйкес келуі. Отбасында үйлесімділік заңдылықтарын білу қажет. Ерлі-зайыптылардың үйлесімі немесе үйлеспеуі еңбекке деген көзқарасқа көп байланысты. Қызметтік міндеттерін атқаруға жауапкершілікпен қарайтын адамдар ерлі-зайыпты өмірде үйлесімге оңай жете алады. Қызықты жұмыс, жұмысына қанағаттану ерлі-зайыптылық өмірге оң әсер етеді, ал, керісінше, үйдегі жайлы жағдай еңбек қабілеттілігіне, жұмысқа қанағаттанушылығына жақсы әсер тигізеді.Қызметі орасан ақыл-ой еңбегі мен рухани күшті қажет ететін адамдардың ерлі-зайыптылық қатынастары жақсы болады. Еңбек ұжымына қанағаттану ұжымдағы қарым-қатынас жұмыскердің отбасындағы ахуалға әсер етеді, сондай-ақ отбасылық және басқа жеке мәселелер оның жұмыстағы мінез-құлқы мен көңіл-күйіне теріс әсер етуі мүмкін; Ерлі-зайыптылық адалдыққа деген көзқарас. Ерлі-зайыптылық адалдықты сақтаушы адамдардың некесі көбінесе бұл қатынастарды бұзатындарға қарағанда неғұрлым үйлесімді; Рухани мүдде. Адамның жалпы мәдениеті қызметтік міндеттер аясынан шығатын мүдделерді көздейді. Бұл мүдделер адамды рухани байытады, оның дүниетанымын кеңейтеді, оның ерлі-зайыпты қарым-қатынастарын құра білуіне жақсы әсер етеді; Ерінің немесе зайыбының әлеуметтік-психологиялық қызметке тиістілігі, олардың қызметінің ерекшелігі - осындай факторлар мен өзге де факторлар отбасы ішіндегі қатынастардың сипатына және оның функционалдық қызметіне әсерін тигізеді. Отбасы өз өмірінің айналымы бойына түрлі қиындыққа, жайсыз жағдайларға, проблемаларға ұшырасады. Мұндай кұбылыстар тізімінің отбасы үшін өзіндік ерекшеліктері болады дейді психологтар. «Қиындықтар» және «психологиялық қиындықтар» деген қиындықтың екі түрлі ұғымы бар екенін атап өткен жөн. Біз қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты маңызы бар екіншісін қарастырамыз. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, отбасындағы психологиялық қиындықтардың барлығы, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасының сипаты. Отбасының бүкіл тұрмыс-салты, отбасы мүшелерінің көңіл-күйіне, ахуалына, ерлі-зайыптылардың нәтижелі кәсіптік қызмет ету қабілетіне тікелей әсер етеді. • ішімдік пен темекі тартуға деген көзқарас; • жас факторы; • бір-біріне деген сүйіспеншілік пен адалдық; • ерлі-зайыптылардың күн тәртібі; • олардың міндеттерін білу; • жеке уақыты мен бос уақытының көлемі. Ерінің немесе зайыбының әлеуметтік-психологиялық қызметке тиістілігі, олардың кызметінің ерекшелігі - осындай факторлар мен өзге де факторлар отбасы ішіндегі қатынастардың сипатына және оның функционалдық қызметіне әсерін тигізеді. Андай құжаттарда жеке адамға қатысы жағдайлар жасалып, оның құқықтапы мен міндеттеріне байланысты заң түрінде тіркеледі: ата-аналық құжаттар келісмі, азаматтық жағдай акті. Азаматтық хал актілері- Мемлекеттік органдарда міндетті түрде тіркелуге жататын адам өміріндегі негізгі оқиғалар болып саналатын азаматтық хал актілерінің жағдайын (туылу, некеге тұру, некені бұзу, ұл асырап алу (қыз асырап алу), әкелікті белгілеу, аты-жөнін өзгерту және қайтыс болу), яғни адамды жеке түрде танытуға себепші болатын оның құқы мен міндеттерінің пайда болуы мен тоқтатылуымен байланысты жағдайларды заңды түрде рәсімдеу.[1] Азаматтық хал актілерін жазу бөлімдері жеті түрлі акт жазбасын жүргізеді. Соның ішінде тууды және қайтыс болған адамдарды тіркеу тәртібі де бар. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңына сәйкес балалардың тууын тіркеуді азаматтық актілерін жазу бөлімі баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының, не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. Егер баланың тууы оның нақты туған жерінде емес, ата-анасының немесе олардың біреуінің тұратын жері бойынша тіркелетін болса, туу туралы акті жазбасында баланың тууын тіркеген жер көрсетіледі. Азаматтық хал актілерін жазатын органдары жоқ шалғай жерлерде, сондай-ақ, анасы теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе поезда босанған жағдайда туған балалардың тууын тіркеу ата-анасының бірінің тұрғылықты жеріндегі азаматтық хал актілерін жазу бөлімінде жүргізіледі. Туған баланы тіркеу туралы азаматтық хал актілерін жазу бөліміне берілетін арызға емдеу мекемесінің дәрігерлік куәлігі, ал бала үйде туған жағдайда дәрігердің, басқа бір емхана қызметкерлерінің немесе олар болмаған жағдайда екі куәнің арызы қоса беріледі. Медицина мекемелерінің тууы туралы дәрігерлік куәлігінде баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтер көрсетілуге тиіс, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекенжайы т.б. Сондай-ақ, баланың туған күні, жынысы, салмағы және куәліктің берілген күні жазылады. Осы куәлік лауазымды адамның қолымен және емдеу мекемесінің мөрімен куәландырылады. Баланың тууы туралы арыз азаматтық хал актілерін жазу бөлімдерінде бала туған күннен бастап екі айдан, ал, бала өлі туған жағдайда босанған кезден бастап бес тәуліктен кешіктірмей тіркелуі тиіс. Екі айлық мерзім өткеннен кейін баланың тууын тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысан бойынша, аумақтық әділет органдарының азаматтық хал актілерін жазу бөлімі жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі. Леуметтік жұмыстың қай түрінде маман клиентке мәселенің мәнін түсініп, оны шешудің түрлі нұсқалары: кеңес беру, диагностика, патронаж т.б. ұсынады.
Әлеуметтік жұмыстың бір түрі Мүгедектермен әлеуметтік кезінде маман клиентке мәселенің мәнін түсініп, оны шешудің түрлі нұсқаларын ұсынады. Олар: кеңес беру, диагностика, патронаж, т.б 1. Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі. Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады. Кеңес берудің психологиялық түрі клиенттерге білікті көмек көрсетіп, отбасындағы жанжалдардың алдын алу мен болдырмау әдістеріне байланысты тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсартуды қамтамасыз етеді. 2. Диагностика отбасы және оның мүшелері туралы ақпарат жинақтайды, талдайды, проблеманы анықтайды. Отбасын диагностикалау - әлеуметтік қызметкерден төмендегідей принциптерді сақтауды талап ететін, қиын да жауапты процесс. Диагностика кезінде әлеуметтік экспертиза қойылады. Әлеуметтік жұмыста ол эксперт психиатр, заңгер, психолог, тәжірибелі әлеуметтік жұмыскер болуы мүмкін. 3. Қамқоршылық, Патронаж (ағылш. patronage - қамқоршылық) Әрекет етуге бейім азаматтарға қамқорлық жасау нысаны.Аталмыш уақыт кезеңінде денсаулық жағдайы бойынша өзінің құқығы мен міндеттерін өздігінен жүзеге асыра алмайтын кәмелетке толған әрекетке қабілетті азаматтың өтініші бойынша, оған патронаж түріндегі қамқорлық тағайындалуы мүмкін. Қамқоршы (көмекші) тек сол азаматтың келісім беруімен ғана, қорғаншы және қамқоршы орган тарапынан тағайындалуы мүмкін. Г. Навайтис концепциясында отбасына психологиялық кеңес беру үлгісі бар. Отбасы отбасы жүйесін құру мен өзгерісінің үздіксіз тәжірибесі ретінде талданады. Отбасы құрылымын құрайтын өзара ықпалдас тәсілдерді құраушы сұраныстар мен қызметтер жүйесін құрайды. Отбасы жүйесі келесі жүйе салаларынан тұрады: жұбайлардан, ата-аналар, балалар. Осы концепцияны түсіндіріңіз. Г.Навайтистың анықтамасы бойынша: «Психологиялық кеңес беру - қарым-қатынаста қиыншылық көріп жүрген адамдарға көмек берудің әдістерін қалыптастыратын психологияның саласы.» Бұл -психологиялық көмек көрсету үрдістерін жүйелі түрде баяндауды қамтамасыз ететін ғылым. Арнайы ұйымдастырылған кеңес арқылы клиент қиын жағдайлардан шығады және қосымша психологиялық күш алады. Г. Навайтис концепциясында отбасына психологиялық кеңес беру үлгісі бар. Отбасы отбасы жүйесін құру мен өзгерісінің үздіксіз тәжірибесі ретінде талданады. Отбасы құрылымын құрайтын өзара ықпалдас тәсілдерді құраушы сұраныстар мен қызметтер жүйесін құрайды. Отбасы жүйесі келесі жүйе салаларынан тұрады: жұбайлардан, ата-аналар, балалар. Отбасы жүйесін - біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады.Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы (жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада- ері- әйелінен құралады; үшінші топ –сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы –баладан құралады.Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады.Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады.Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт. Г.Навайтистің пікірі бойынша отбасылық қажеттіліктердің келесі негізі топтарын көрсетуге болады: Отбасы өмірлік материалды жағдайларын құру және қолдау; Аналықпен байланысты қамқорлық пен махаббатқа қажеттілік; Психологиялық және физикалық жақындыққа қажеттілік; Отбасылық қарым-қатынасқа қажеттілік; Осындай айтуларды көрсете отырып отбасылық әсер етудің негізгі сфераларын көрсетуге болады: Отбасын құру, балалар, жыныстық және отбаслық қатынас. Отбасында қанағаттандырылатын қажеттіліктер отбасынан тыс жерде іске асады, бірақ тек отбасы ғана осы қажеттіліктердің барлығын біріктіріп, комплексте қанағаттандыра алады. Осындай көзқарас отбасы туралы қатынаста оған жақын шағын топқа жақындығын түсінуге көмектеседі. Отбасы қызметі - құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына да әсер етеді. Отбасы қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады: 1. әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер. 2. Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері. Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау. Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы,осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп – бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата – анамен бала арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата – ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі – зайыптылар жеке қалып, бағып – қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп- жетілуіне орай ата – ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата – аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып – қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен ролдерге қатысы жоқтай сезінеді. Отбасымен жұмыста құжаттарды талдауда, «отбасы картасы» бар, ол отбасы туралы жүйелі базалық мағұлмат жинақтауға мүмкіндік береді. Жай «картадан» айырмашылығы оны үнемі жаңартып отыру қажет емес (отбасының құрылымының және мінездемесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауынан басқа жағдайларда өзгермейді). Осы отбасымен жұмыс үлгісіне сараптама жасаңыз. Отбасымен жұмыс істеу барысында психолог немесе психотерапевт отбасы мүшелерінің мінез – құлықтары мен қарым – қатынасын түсінуге мүмкіндік беретін теориялық түсініктермен қарулануы қажет. Осыған сүйене отырып, психолог отбасы жүйесіндегі байқалатын қандай да бір ауытқушылықтарды анықтай және талдай алады. Өз кезегінде, дұрыс жүргізілген диагностика психотерапиялық ықпал етудің бағдарламасын құруға көмектеседі Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез келген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры, болмысын қалайтын мекен. Отбасымен жұмыс мүмкін педагогтардың жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір жағынан, бұл жұмыс аса бір шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді, тәжірибені қажет ететін жұмыстардың бірі. Өйткені, отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, түрлі мінез - құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама - қарсы кездесесің. Осының барлығынан педагогтық абыройыңа, кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол себептен білім беру мекемесінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор. Отбасымен жұмыс жасау кезінде маман жұмысының маңызды түрінің бірі коммуникативті қарым-қатынас болып табылады. Маман адамдарға әсер ету қабілетіне ие болуы қажет, диалогты сөйлесуді негізге алып, адамдармен қатынасын құра білу қажет. Отбасы жұмысын жүргізу кезінде маман өзінің кәсіптік сапасын дамытуы қажет: бейімділік, адамға деген уайымшылдық қабілетінің болуы, оның мәселелерді шешуге қатысу. Өзінің жұмысында жеке қарым-қатынас әсерлерінің жинағын қолдана білуі тиіс Отбасымен жүргізілетін жұмысты әдістемелік дұрыс ұйымдастыру дегеніміз не? Бұл – мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды педагогикалық қағидаларға сәйкес, баланы жан - жақты дамытуға негізделген, бала құқығын сақтауға және қорғауға бағдарланған түрде ұйымдастыру. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан белгілі бір ретпен, жүйелі түрде ұйымдастыру жүргізілген жұмыстың нәтижесіне әсер етеді. Date: 2016-05-23; view: 1954; Нарушение авторских прав |