Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Йел сұрақтарының» дамуының әлемде және біздің елдегі негізгі бағыттары қандай





Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда.

Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан астам уақыт болса да еліміздің жаһандық саясатта ше­берлік танытып, халық пен ел абыройын еселеуде көптеген жерлерде жеңіске же­тіп, үлгі-өнеге көрсетіп жүргенін дөңге­ле­нген дүниенің барлық сырынан хабардар мемлекеттер жақсы біледі. Сондықтан да әлем елдерінің алдындағы оң саяси имиджімізді бұдан да мықтырақ ету үшін демократиялық қағидаттарға негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейтуіміз керек.

Қазіргі замандағы негізгі үрдістердің бірі гендерлік алшақтық пен гендерлік тепе-теңдік болып табылады. Бұл үрдіс біздің елімізде қол қойылған, халықаралық құжаттармен бекітілген. Бірақ бастапқыдан-ақ гендерлік мәселелерді шешудің қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтарына тап болды. «Әйелдерге қатысты кем- сітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция» атты халықаралық бағдарламалық құжаттың бесінші тармағында бір жы­ныс екінші жынысты басымдыққа алатын мәдени салт-дәстүрлерді жоюды талап етті, бұл көптеген мемлекеттер үшін қиындыққа соқты. Аталған тармақ еркек пен әйелдің өмірлік тәжірибесі мен қарым- қатынастарындағы айырмашылықты есепке алмай, екеуінің жалпы теңдігі тұрғысынан тұжырымдалды. нақты қазіргі таңда отбасының бұл типі гендерлік теңдігі орнаған эгалитарлы үлгіге өту кезеңінде тұр. Бұл әйелдің экономикалық, білім алу, билікке еркекпен теңдей қол жеткізу мақсатындағы заңды үдеріс болып табылады және бұл қадамдар адам­дарды негізгі өркениет құндылықтарынан ажыратуды көздемейді.

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Мемлекеттік гендерлік саясат базалық гендерлік заңдарға және Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясына (бұдан әрі – Стратегия) сәйкес жүзеге асырылады. Онда Мыңжылдық даму мақсаттары мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның қағидаларына сай Қазақстан үшін гендерлік индикаторлар анықталған. Олар мемлекеттік органдар әзірлейтін бес жылдық мерзімге арналған аумақтарды дамыту бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларына енгізіледі.







Date: 2016-05-23; view: 914; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию