Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстандық қоғамда әйелдердің әлеуметтік еңбек мәселелері бар ма





2000 жылы Нью-Йоркте болған Мыңжылдық саммитте әлемнің барлық елдерінің мемлекет және үкімет басшылары үшінші мыңжылдық қарсаңындағы адамзат дамуының мақсаттарын анықтаған декларация қабылданды. Онда ерлер мен әйелдердің теңдігін қолдау, әйелдер құқығы мен мүмкіншілігін кеңейту, балалар өлімін азайту, аналарды қорғауды жақсарту айтылған.

Конституция және біздің барлық ұлттық заңнамаларымыз Қазақстанның барлық азаматтары үшін, олардың жыныстық белгісіне қарамастан тең құқығы мен еркіндігін көздейді. Бірақ нақты өмірде гендерлік теңсіздік айтарлықтай жиі көрінеді. Шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдер аз, еңбек рыногында да ер азаматтарға қарағанда әйелдерге сұраныс төмен. Оларға қалатыны ақы төленбейтін ауыр үй шаруасы. Еңбек рыногында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі олардың жүктілік демалысқа шығуымен, сондай-ақ жұмыс орындарында сәбилерінің ауыруына байланысты болмауымен түсіндіріледі. Негізгі жұмысынан басқа, әйелдердің иығындағы жүкке бұрынғысынша үйдің ошағын ұстау мен үйде жайлы жағдайды қалыптастырудағы күнделікті қамқорлық та қосылады. Статистикалық көрсеткішке көз жүгіртетін болсақ, ер азаматтар өмірінің орташа ұзақтығы әйелдерге қарағанда 11 жылға қысқа және тиісінше 60 пен 71 жасты құрайды.

Көптеген әлем елдерінде әйелдердің билікке, мысалы, сая-си партиялардың басқару органдарына дәстүрлі жолмен қол жет-кізудің шектеулі болуына байланысты, әйелдер билікке, осы ор-гандарға балама құрылымдар арқылы қол жеткізіп отырды, бұл әсіресе, үкіметтік емес ұйымдар секторында байқалады [4]. Осы орайда cоңғы жылдары қазақстандық қоғамда әйелдердің үкімет-тік емес ұйымдарының санының өсу үдерісі етек алуда. Бұған ел ішінде және халықаралық қарым-қатынас аясында демократия-лық өзгерістердің өрбуі, мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің өз-геруі, мемлекет қызығушылықтарының қоршаған ортаны қорғау мен адам құқығы сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарға өтуі және т.б. себеп болып табылады. Қазіргі таңда әйелдердің үкімет-тік емес ұйымдарының өсу үдерісі Қазақстанның жаңа болмы-сымен, ел әйелдерінің әлеуметтік белсенділігімен және қоғамдық өмірде олардың рөлінің артуымен де түсіндіріледі.

Сонымен, әйелдердің азаматтық бастамаларын қолдау мен оларды іске асыру Қазақстан Республикасы гендерлік саясаты-ның маңызды міндеттерінің бірі. Осы орайда еліміздегі гендерлік саясат – отбасы мүдделерін қорғау, әйелдердің елдің саяси, әлеу-меттік, экономикалық және мәдени өміріне қатысуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Демек, гендер-лік саясат дегеніміз - әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отба-сындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады.

 

 







Date: 2016-05-23; view: 1037; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию