Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ибн Арабшах және оның деректеріндегі Әмір Темірдің жорықтары





Тоқтамыстың, Дешті Қыпшақ сұлтаны мен Түркістанға шабуылы жөнінде. Ибн Арабшахтың «Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур» кітабын пайдаланбаған тарихшы – теміршіні табу қиын шығар. Осы қолжазбаны, В. В. Бартольд, Ю. Якубовский, Б. Гафуров, Б. Ахмедов, Я. Гулямов. И. Муминов, А. Мухаммаджанов және басқа да әйгілі академиктер пайдаланған. Бірақ ешқайсысы бұл қолжазбаны орыс тіліне аударған емес. 1992 жылы У. Уватов осы қолжазбаны өзбек тіліне аударып, оны екі кітапта жариялады. Орыс тіліне қысқаша аудармасын біз, У. Уватовтың өзбек нұсқасынан алдық. Ибн Арабшах кішкене кезінде Әмір Темірдің қолында тұтқында болады және бұл еңбегін Әмір Темір қайтыс болғаннан кейін 30 жыл өткеннен кейін жазады. Бұл еңбек Әмір Темір жайында жазылған құнды дерек болып табылады [60, 17 б]. Көптеген тарихшылар, тарихи еңбектерін, сол немесе басқа деректердің дерекнамалық сараптамасынсыз жазып үлкен қателік жасайды. Мұндай тарихшылар, алғашқы дереккөзді, әдеттегі дереккөзден айыра алмайды. Барлық дереккөздер де алғашқы дереккөз бола бермейді ғой, оның үстіне барлық дереккөздер ақпаратты рас бере бермейді. Мысалы, біз, өздерін Өзбекстанның тарих ғылымының көрнекті кемеңгері деп санайтын бірқатар заманауи тарихшыларды атай алатын едік, бірақ та олар тарихи тұлғаларды бағалауда немесе тарихи оқиғаларды баяндауда дөрекі қателерге жол береді. Дереккөздер барысында, ресми құжаттар: қол қою мен мөрмен бекітілген, қаулылар, көпестік және басқа заңды құжаттар, алғашқы дереккөздер ретінде үлкен орын алады. Көптеген тарихшылар, баянаттар, жоғары қызметтегі адамдар мен оқиғаға қатысушылардың анықтамалары, бірінші дереккөз деп санайды. Бірақ та, оларға мұқияттылықпен және сақтықпен қараған дұрыс. Өйткені, сол немесе басқа болған оқиғаны авторлар, өздері сол оқиғаларға қатысы болмаса да, дұрыс қабылдамаған жағдайлар болған, дұрыс түсіндірмейді немесе саналы түрде оқиғаны бұрмалайды. Бұл жерде жеке және пайдакүнемдік мақсат қудаланады. Дерккөздер барысында сонымен қатар, тарихи қолжазбалар кітаптары дереккөздер ретінде орын алады. Мұндай қолжазбаларда, құрастырылған бөлімдерден басқа, авторлардың өзі қатысқан, сол немесе басқа тарихи оқиғалар туралы құнды ақпарат беріледі. Мұндай бөлімдерді, жоғарыда айтылған ескертпелерді есепке ала отырып, алғашқы дереккөздердің тобына жатқызуға болады[61, 15-20]. Темір мен Султан Хусейннің арасындағы өзара тартысты көріп, Тоқтамыс ханның Дешті султаны мен Татардың қаны қарайды. Бұл шежіре мен көршіліктен болған. Ол өте көп солдаттар жинап, әскерлерін теңіз сияқты, Сығанақ пен Отырар арқылы, Темірдің лагеріне жіберіп отырған. Темір, оған қарсы өз әскерлерін Самарқаннан алып шықты, да Түркістанға жақын жердегі Ходженд өзенінің жағасында кездесті. Бұл теңіз Сайхун деп аталады. Ал Самарқан Сайхун мен Джейхун өзендерінің арасында орналасқан. Екі әскерлер арасында «базар» соғысы лаулап жанды. Олардың арасындағы бұл шайқаста, сатып алу - сату сияқты, базар жүріп жатты, Темірдің әскерлері шайналмай жатып, Темірдің соғыстың диірмен ұнтақтағышы сияқты айналып жатты. Темірдің жауынгерлері тарайын деп жатқанда және олардың әскерлерінің бауы шешілейін деп жатқан кезде, Саид Барака атты бір адам Темірге келді. Ол, сол кезде өте ауыр халде тұрған Темірге жақындап: «Эй, афанди Саид, менің әскерлерім жеңілді», - деді. - Қорықпа, - деді оған Саид (Барака). Атынан түсіп, жерден бір уыс топырақ алды да, Темірді қыспаққа алған жаулардың бетіне шашып жіберіп, «дұшпан қашып барады» деп айқай салды. Темір де, өзіне көмек қолын созған шейхқа еріп, оның әрекетін қайталап, айқай салды. Темір, Аббастың даусымен айқай салғанда, ол, тамақтары құрғап қалған түйелерді су ішуге шақырып жатқандай болды. Сонда, бұзауына емірене қараған сиыр сияқты, Темірдің әскерлері оған қарады да, бар күшімен жауды жоюға кірісті. Дені сау және жарақаттанған жауынгерлер де, барлығы бар даусымен «жау қашып барады» деп айқай салды. Содан кейін олар, бір – бірін қолдай отырып, бір адамдай жауға қарсы шапты. Тоқтамыстың әскерлері жеңіліс тапты, және «артқа шегініп, әр жаққа бытырап қаша жөнелді". Темірдің әскерлері, қылыштарын жаудың мойнынан қойып, жеңістерімен оларды өлімге апарды. Олар көптеген байлықтар мен малдарды қолды етті және орта әскер басылары мен басқаларын тұтқынға алды. Содан кейін Темір, Самарқанға қайта оралды - сонымен бірге ол Түркістан мен Ходженд аумағын қайта қалпына келтірді. Саид Барака Темірдің ұлылығына ие болды, ол қайта жаулап алынған жерлердің басқарушысы болып тағайындалды. Осы Саид туралы көптеген әңгімелер бар. Кейбіреулер, оны, (сүлікпен) қан алумен айналысып, Египетте тұрған, сосын Самарқанға келіп, өзін сеид атап, ұлықталды, оның абыройы өсті дейді, кейбіреулер, оны қасиетті Мединенің тұрғыныдеп айтады, ал басқалары, оны нұрлы Меккенің тұрғыны болған дейді. Қандай болғанда да, ол Мәуереннахр ме Хорасан қалаларының атақты адамдарының бірі болған – әсіресе, жоғарыда айтылғандай, Темірді кездейсоқ қысымнан құтқарып қалғаннан кейін қол жеткізді. Содан кейін Темір оған: «Меннен қалағаныңды сұра», - деді. Ол Темірге: «Эй, мавлана Әмір! Қасиетті және нұрлы қалалар, түрлі мемлекеттерді көптеген уақыптарға ие. Олардың ішінде, Хорасан жерінде Андха бар. Мен және менің балаларым да осындай қайырымдылыққа лайықтымыз. Егер де, кіріс пен шығысты санасақ, басқа ұсаұ – түйектерді анықтап және уақыптардың кірген кірісі мен шығындарын санасақ, онда менің және менің балаларымның үлесі олардан кем болмайды. Маған да «иктаъ» түрінде бер», - деді. Және Темір «иктаъ» ретінде, қышлақ қарамағындағы жерлерді сыйға тартты. Сол жерлер, қазірге дейін оның ұрпақтары мен немерелеріне тиесілі. Темірдің Самарқанттағы көтерілістерді басуы.Самарқанда өте көптеген бағынбайтын топтар көп болды, олардың арасында түрлі адамдар: батырлар, сотқарлар мен емшілер болды. Олар кайс пен Яман тайпалары сияқты, екі топқа бөлініп, әрдайым араларында жиренішті әрекеттер мен соғыс бролып жатты. Әрбір топтың өздерінің басшылары, тіректері және қызметшілері болды. Қаншалықты беделді болса да, Темір олардың өзіне қарсы әрекет жасауынан күдіктенді. Ол қаладан шығып кете салысымен - ақ, міндетті түрде бір ұйымның бір тобы, тәуелділікке қарсы шығып, оған сес көрсететін. Темір, әрбір жорықтан қайтқан сайын, тәртіптің бұзылғандығын көретін, оның беделінің шайқалғанын және істерінің былыққанын көретін. Осыған сәйкес, ол бәрін басынан бастауға немесе қайта жасауға мәжбүр болатын. Ол кейбіреулерді өлім жазасына кесетін, кейбіреулерін өз лауазымдарынан шеттетін, ал кейбіреулеріне сыйлықтар беретін. Қайтадан жолға түсіп, орнына келтіретін. Сөз тыңдамайтындар өздерінің қарсы әрекеттерін жалғастырып, өтірік пен айлакерлікке баратын. Мұндай жағдай тоғыз рет қайталанатын. Темірдің бүлікшілерге қарсы қандай шара қолдану керектігіне білімі жетпетініне басы ауыратын. Осы үшін ол үлкен той ұйымдастырды, оған үлкенді – кішінің бәрін шақырды, кәсіпкерлерді өзінің саркарының қасына отырғызды. Ал бүлікшілер мен олардың жетекшілерін, Темір, Ануширван ибн Кайкубад секілді жеке отырғызды. Темір батыстықтарды өздерінің көмекшілеріне жақын отырғызды және олармен өздеріне жіберетіндер өлім жазасына кесілгендер екендігі туралы келісті. Оларға бағытталғандар шартты заң болды. Сосын Темір, шақырылған көсемдерге бағалы шапандар тарата бастады және өз қолымен шарап құыйп берді. Бүлікші көсемдерге жеткенде оларға бағалы шапан сыйлап, оларды батыстықтар жаққа апаруларына белгі беріп отырды. Олар батыстықтардың жағына бара салысымен, үстілерінен бағалы шапандарын шешіп алып, оларды мәңгілік орындыққа отырғызып, өмірлерін қиып жатты. Осылайша, Темір, олардың бірін қалдырмай түп тамырымен жойып, ізін де қалдырған жоқ. Нәтижесінде, өзінің жолына кедергі болған қарсыластарынан құтылып, Темірге жол ашылды. Мәуереннахрда оның жолын кесетін ешқандай жан қалған жоқ. Бұл арада, Самарқан мен оның аймақтары: жеті туманды Самарқан, Андиган және оның тоғыз аймақтан тұратын аумағы, одан он мың әскер қалыптасады. Самарқан Мәуереннахрдың атақты қалаларының бірі болып табылады, және айтылғандай, өте ардақты жер болып саналады. Айтуларынша, ертеде, Самарқан мен оның қабырғалары он екі фарсах болған деседі. Бұл Шыңғыс ханнан алдын, Джалалуддин султанның кезеңінде болған. Мен, Темір тұрғызған, Самарқанның батыс жағындағы, Дамаск аталатын қаланың қабырғаларын көрдім. Бұл қалашық Самарқаннан жарты күн жүретін аралықта орналасқан. Адамдар күні бүгінге дейін, ежелгі Самарқанды қазып жатыр және ол жерден күпірлік қолжазбалар, дирхемдер мен филстер тауып алып жатыр. Филс – шақаларды балқытып, олардан күміс ажыратып алады. Маргийнан да Мәуереннахрдың қаласы табылады. Ежелгі уақытта ол астана болатын және ол жерде Иликхан болды. "Хидаи"дің авторы, құрметті шейх, оқымысты Бурхануддин ал-Маргийнаний – оны Алла қолдасын, – Маргийаннан шыққан. Ходженд Сайхунның жағасында орналасқан, ал Термез Джейхунның жағасында орналасқан. Сондай – ақ, Нахшаб – ол туралы айтылған болатын, – Қаршы, және Кеш, Бухара мен Андижан да бар. Олардың барлығы атақты және олардан басқалары да бар. Аймақтардан, Бадашхан аумағы, Хорезм, Саганиян өлкесі және одан басқа көптеген шегі жоқ алқаптар мен аймақтары бар. Осы өлкенің халқының айтуынша, Джейхуннан шығысқа қарап жайылып жатқан жерлер Туран деп, ал батысқа қарап жайылып жатқан жерлері Иран деп аталады. Кайкавус пен Афрасияб екеуі мемлекетті бөліп алған кезде, Туран Афрасиябқа, ал Иран – Кайкубадтың ұлы Кайкавусқа тиесілі болды. Ал Ирак Иранның батысы болып табылады. Мәуеренахрды толықтай басып алуы. Мәуереннахрдың жерлерін толықтай өзіне қаратқаннан кейін, және сол кезеңнің қыңырлары оның ырығына көнгеннен кейін, Темір басқа мемлекеттерді басып алып, оның тұтқындарын күңдікке айналдыра бастады. Жер жүзіндегі патшалар мен шет мемлекеттердің султандарының аңшылығына арнап, ол айлакерлікпен ау қоя бастады. Бірінші кезекте ол, монғолдармен жақындасты, олармен құшақтасып, аймаласып, оларды сыйлықтармен көмкеріп, олардан сыйлық ала бастады, және Камаруддин – падишахының қызына үйленді. Осылайша, Темір олардан келетін қауп – қатерден толығымен құтылды. Монғолдар олардың шығыс көршісі болды және олардың арасында ешқандай айырмашылық қалмады. Өйткені, олардың арасында жасалған туыстық, құдалық және көршілік осыған себеп болды. Дін де, екі мемлекетте де, Шыңғыс хан орнатқан библия болды. Осы себептен Темір, монғолдар жағынан сойқандық болмайтынына жаны тыныш болатын. Темірдің аймақтарды, бірінші кезекте Хорезм жерлерін бірлестіріуі.Монғол қитұрқылықтарынан қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін және оларға шектеу қойғаннан соң, Темір Хорезм жерлерін өзіне қаратқысы келді. Хорезмдіктер, батыстың сол жағынан, Темірге көрші болды және олардың айырмашылығы, оларда мұсылмандық тәртіп орнатылған болатын. Джурджан олардың астанасы болды және өте ежелгі қалалардың бірі болатын. Негізінен бұл мемлекет, ежелгі қалалар мен үлкен аймақтарға бай. Оның астанасы, ғалым, дарынды адамдар жиналатын, ақылды жазушыларға баспана, тәрбиешілер мен ұлы адамдар үшін бұлақ көзі, ұлы, ардақтылар үшін тау кені, ақиқат іздеушілер үшін теңіз дереккөзі, қателескендер үшін өз жолдарын табатын жер болған. Хорезм азық – түліктері, дәмдерінің молшылығы мен бітпейтіні, сан жетпейтін табиғи байлыққа ие. Бұл мемлекеттің султанының аты, жалған дінге жат, Хусейн Суфи болатын. Мәуереннахрдың қалалары, сырттан қарағанда бір – біріне ұқсас келеді, өйткені, олар жерге ылғал, күйдірілген кірпіштен салынған. Хорезмдіктер, самарқандықтар сияқты өте сүйкімді келеді, ал сезімдерінің нәзіктігі жағынан самарқандықтарға қарағанда басым келеді. Олар өздерін өлең жазуға, әдебиетке, және жоғары қабілеттілікті талап ететін, соның ішінде, музыка ғылымына және ғажайып еңбетермен түрлі әндер жазып шығарды. Бұған әрбір жоғары лауазымды адамдармен қатар, жай адамдар да атсалысатын. Хорезмдіктер туралы келесі кеңінен тараған. Егер де бесікте жатқан нәресте, жылап, «ох» дейтін болса, онда осы дыбыстардан «Дугох» әуені естіледі дейтін. Темір Хорезмге келгенде, Хусейн Суфи жоқ болатын. Ол Хорезмнің шет аймақтаны мен қолы жеткен жерлерінің бәрін басып алды. Бірақ та, Хорезмді алудың сәті түспеді. Ол оған мән бермей, өз жауынгерлерін жинап алып, өз Отанына қайтты. Хорезмге қайта келуі туралы мазмұндама. Содан кейін Темір, шешімге бел буып, өте үлкен әскерлер санымен дайындықпен, екінші рет Хорезмге жорыққа шықты. Оның султаны әлі де орнында жоқ болатын. Темір, әдемі ұалыңдық Хорезмнің жігіті сияқты болды. Ол қаланы қоршауға алып, жолдарды жапты. Сонда, өз султанына берік, қала тұрғыны, саудагерлердің бірі, оның аты Хусан Суриж болатын, Темірдің алдынан шығып, оларды осы ауыр халден босатуларын, есесіне қалаған тұтқындары мен байлығын бергуге дайын екендіктерін жеткізді. Темір, өзінің қазынасына салынатын он екі атқа сыятын күміс сұрады. Бірақ та, Хусан Суриж, Темірге жалынып – жалбарынып, оның сұрағанының төрттен бір бөлігін беруге келісімін алды. Хусан Суриж сол арада, өз қазынасынан қажет болған күмісті өлшеп алып берді. Осыдан кейін, Темір әскербасыларға, хорезмдіктерге ешқандай зиян келтірмеу туралы бұйрық берді де, Самарқанға қайтуға бел буды.

ОРЫТЫНДЫ

Әмір Темір тарихтағы ерекше қарама-қарсылығы көп тұлға. Оның Орта Азия тарихындағы қызметіне қарай отырып біз оның тарихта көптеген із қалдырғанын білеміз, феодалдардың өзара қарқысымен мен феодалдық қырқысуларды жоюда, екінші жағынан сол кезеңде болмаған ірі құрылыстарды салғыздырумен ерекшеленген тұлға болды. Темір өзінің ерекше әскери ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді, күшті жігерімен мемлекет қайраткері ретіндегі ақылдылығымен көрінді. Сонымен қатар ол өз дәуірінің ұлы болды және ол үшін ол еш қашанда қынжылмады, сол дәуірден асып кетпеді. Туып келе жатқан классикалық феодалдық кезеңде өмір сүріп ол соның алға апарушысы бола алды. Әмір Темірдің мемлекетін, егер оның Орта Азиялық және Ирандық жағынан алып қарастырсақ, феодалдық иеліктердің бір орталыққа бірігуінен пайда болған мемлекет болды. Өте қаталдығымен Темір өзінің қол астына басып алған териториясын тегіс бағындырып, ұстады. Соғыс тарихында Темір ортағасырдағы Азиядағы ірі әскери қолбасшылар қатарына қосады. Оның әскери дарындылығы екі бағытта ерекше ашылды: армияны ұйымдастырылушылығы және қолбасшы ретінде. Темір өзі үнемі шексіз билікке ұмтылды, бірақ өзінің алдына қойған нақты мақсаты, белгілі бір жоспары болмады. Әмір Темір-қолбасшы, ірі мемлекет қайраткері XIV-XV ғасырдағы ерекше тұлға, дара тұлға ретінде белгілі. XIV ғасырдың екінші жартысында Шағатайлар мемлекетінің батысында бірнеше феодалдық иеліктер пайда болды. Үзіліссіз соғыстар әскерлердің өлімі елдің эканомикасының құлдырауына әкелді. XIV ғасырдың екінші жартысында Шағатайлар мемлекетінің батысында бірнеше феодалдық иеліктер пайда болды. Үзіліссіз соғыстар әскерлердің өлімі елдің экономикасының құлдырауына әкелді. Сауда жолдары қәуіпті болып ондағы керуендерді тонап және өте көп салықтар салды. Шаруалар өз иелерінен бау-бақшаларды, егіс далаларын тастап қаша бастады. Халық арасындағы наразылық күшейіп күреске шығу қауіпті болды. Осындай саяси қиын жағдайда Маверенахрдың ірі байлары мен көпестері халық-азаттық көтерілісін басатындай, қатал саяси үкімет билігін орната алатын тұлғаны іздеді. Ондай адамды олар барлас тайпасының шыққан бек Тарағайдың баласы әмір Темірден көрде. Өзінің әскери қызметін бастаған кезде Темір бірде бір байдың, екіншісінің соғыс кезіндегі қызметкері болып соларға қызмет етуден бастады. 1360-1361 жылдары Моғолстандағы Тоғлық-Темурға қызметке енді. Ол өзінің қол астындағы адамдардың қолдауымен қаталдығымен, ерлік күресімен билікке ұмтыла берді. 1370 жылы өзінің бақталасын Тоғлық-Темурмен болған шешуші күрестен соң ол Маверенахр жерінің бірден-бір билеушісіне айналды. Өзінің билігін нығайтқан соң ол күзетші жақтан елдердің територияларын басып алу үшін тонаушылық соғыстарын бастады. Оның жаулаушылығының біріншісі Хорезм елі болды. 1370-1389 жылдардың арасында ол Хорезм иеліктеріне төрт рет жорық жасады. Хорезмнің астанасы Үргенч және оның айналасындағы жерлер бос қалды. Темірдің отызбес жылдық билігі кезінде 1370-1404 жж ұлы империя құру үшін ол көрші жатқан облыстар мен територияларды, басқа елдерді жаулап алушылық соғыстарын жүргізді. XIV ғасырдың 70-90 жылдары Темір қазіргі Қазақстанның териториясына, атап айтқанда солтүстік Моғолстан жеріне бірнеше рет енді. Оның армиясы шығыста Шарын өзеніне дейін, Ілеге дейін, ал оңтүстікте Ферғана даласындағы Үргенчке дейін келді. Темірдің соғыс жорықтары жергілікті халықтың арасында үрей тудырды, ол өзінің талабын орындамаған жерлерде қалалар мен селоларды өртеп, әйелдерді балаларды өлтірді. Тұтқынға түскендерді құлға айналдырып Маверенахрге айдап әкеліп отырды, ондағы қала базарларында оларды сатуға кездесті. Моғолстан жерін талқандаған соң Темір енді Тоқтамысқа қарсы Дешті-Қыпшақ еліне жорыққа даярланды. 1391 жылы қаңтарда ол 200 мыңдық армиямен жорыққа атанды: Ясы, Сауран, Сары-Өзек, Ұлытау арқылы өтті. Сол жылдың маусым айында Самара облысының Құндызша деген елді мекенінде ірі шайқас болды. Ол жерде Тоқтамыс толық талқандалды. Ол өте мол байлықпен қайтып келе жатып жолында бейбіт өмір сүріп отырған Ақ Орданың ұлысының жерін талан-таражға салды. 1395 жылы Солтүстік Кавказ жерінде Терек өзенінің жағасында тағы Темір мен Тоқтамыс арасында жаңа шайқас болды. Осы жерде де Тоқтамыс жеңілді. Оны қуып жүріп Темір русь жерінің шетіне дейін барды, одан соң ол Алтын Орданың қалаларын талқандауға кірісті, Алтын Орданың астанасы Сарай Беркені басып алды, Паволжье мен Қырымның бай қалалары – Астрахан, Каффа, Азакты тонады. Әмір Темір мен оның ұрпақтарының тарихышылары кей жерлерде ақиқатты жасырып қалса да, кейбір оқиғаларды баяндауды бұрмаласа да, Темірдің жаулап алған жерлеріндегі озбырлығын бүкпей көрсетеді. Жалпы алғанда, Темір мен оның ұрпақтарына арналған шығармалардың ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелерін зерттеудегі басқа ортағасырлық шығыс мұсылман деректердің арасындағы алатын орны жоғары деуге де болады.

Date: 2016-05-23; view: 669; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию