Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мір Темір және оның «Тузук-и Тимури» дерегі





Әмір Темір 1370-1405 жылдар аралығында билік құрды. Ел басқарған отыз бес жыл ішінде орасан зор империя құрылды, оған деген ынта-ықыластан ұлан-ғайыр тарихи әдебиет пайда болды, бұған ішінара Темірдің өзі де, Темірдің ұрпақтары да себепші болған еді. Қазақстан мен қазақтардың мәдениеті мен тарихын зерттеу үшін өткен ғасырлардың аса бай жазба мұраларын шығармашылық тұрғыдан меңгеру өте маңызды болып табылады. Біздің тарихымызға қатысты XIII-XVI ғғ. Бізге дейін жеткен жазба ескерткіштерінің ішінде парсы тілді деректер ерекше орын алады. Билік құрған соңғы жылдарында Темір қайда барса да, дабирани хастарын-жеке хатшыларын және фазила асрларын-түркілердің білімдар адамдары мен парсы ғалымдарын ертіп жүрді. Олардың ішіненен біреулері Темірдің жорықтарының күнделігін жазып отырды, енді біреулері оның жеке басының ерліктерін сипаттап жазды, ал үшіншілері оның патшалық құруының жылнамасын жазумен шұғылданды. Темірдің өмірі мен қарекетін баяндайтын, пұрсатты ресми хроника болып табылатын екі шығарма бар: біріншісі-Низам ад-Дин Шамидің «Зафарнамесі»-1404 жылы, Темірдің тірі кезінде-ақ жазылған; екіншісі-Шараф ад-Дин Али Йездидің сол атлас белгілі шығармасы-1425 жылы жазылған [7, 57-60]. Ал, жалпы алғанда, мұндай толық ресми жылнама түзудің алғашқы тәжірибесі XIV ғасырдың аяғына қатысты. Алайда бұл қарекет сәтсіз болды. Еңбекке Темірдің көңілі толмай, қабылданбай қалған болатын. Сәтті болмаған осы тәжірибеден кейін хижраның 804 жылы (1401-1402) Темір өзінің билік құрған тарихының толық сипаттамасын жазуды Низам ад-Дин Шамиге жүктеді. Низам ад-Дин Ирандағы Тебриз қаласының төңірегіндегі Шамда туған, осыған орай, ныспысының (туған жері бойынша атану) Шами болуы содан. Низам ад-Дин Шами Бағдатта тұрған және Темірге 1393 жылы ол осы қаланы алған кезде ғана қосылған. Шами жұмысқа кеш дегенде 1402 жылдың тамызында кірісті; бұл уақытта оның қолында Темірдің тарихының жаулап алушының өзінің көңілінен шықпаған бір толық нұсқасы болды, сондай-ақ бірқатар жекелеген жорықтардың күнделіктері мен бұрынғы соғыстардың сипаттамалары бар еді. 1404 жылы жазғытұрым, Темір Ираннан Самарқанға қайтып келе жатқанда, Шами тамамдаған шығармасын әмірге ұсынды. Темір еңбекті мақұлдап, оны «Зафарнаме»-«Жеңістер кітабы» деп атады«Зафар-наме» дерегінде Қаршыда, Қарабақта, Самарқандта болған құрылтай жиналыстары жақсы сипатталған. Бұл құрылтайларға ханзадалар, басшылар, әскери қолбасшылар ақсүйектер қатысатын болды. Бұл құрылтайларда мемлекеттің өмірінде маңызы бар келісім шарттар, әскери іс шаралар шаруашылық мәселелер талқыланды. Үлкен мәселелерді шешу барысында ол міндетті түрде ғұлама ғалымдармен кеңесіп, олардың айтқан ойларын ақыл таразысына салып отырды [8, 35 б]. Парсы тілінде жазылған бұл еңбек Темірдің ел басқарған уақытын сипаттайтын аса маңызды деректеме болып табылады. Шами шығармасының мәтінін F.Tauer 1934 жылы бастырып шығарды. Шамидің «Зафарнамесінің» толық орысша аудырмасы әзірше жоқ. Әулеттің негізін салушының өзінің талаптары ескеріле отырып жазылған және Темірдің өзі мақұлдаған Шами шығармасы Темірдің ресми тарихын сипаттаудың бастамасы болған еді; бұдан кейінгі жылдарда бұл сипаттаманың бірнеше жалғасы мен нұсқасы болды. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны үшінші нұсқа болды. Ол әулет басының қазасынан кейін жиырма жыл өткен соң Темірдің немересі, Фарста 1415-1436 жылдары билік құрған Ибрахим сұлтанның бастамасымен және тікелей қатысуымен жазылды. Ибрахим сұлтан хатшыларының көмектесуімен Темір тарихы жөнінде бұған дейін жазылған материалдардың барлығын, сондай-ақ әр алуан жазғыштар мен хатшылардың жазбаларын жинастырды. Мұқият іріктеліп, бір жүйеге келтірілген материал Жезді қаласынан (Иран) шыққан, Темір әулетінің сарай ғалымы әрі әдебиетшісі, замандастары дәуірдің үздік сөз зергерлерінің бірі деп білген Шараф ад-Дин Алиге берді. Ол жиналған материалды түпкілікті өңдеп, қарасөзді «арабтың шешендігі мен парсының мәнерлілігімен» әсемдеп жазып шығуға тиіс болды. «Мәртебелі бұйрыққа» бойсұнған Шараф ад-Дин Али Йезди тарихты құрастырып шықты. Алғы сөзінде бұл шығарма «Фатх-наме-ий Сахибқирани» деп аталған, бірақ көбіне Йездінің «Зафарнамесі» ретінде мәлім. Түпкілікті түзетілуінде бұл шығарма Темірдің ресми тарихының неғұрдым толық жазылуы болып табылады. Ол парсы тілінде жазылған және бірнеше рет басылып шыққан. Шығарманың орыс тілінде толық аудармасы жоқ. Темір туралы материалдар ресми деректемелермен тамамдалмайды. Оның өмірі туралы Муин ад-Дин Натанзи, Хафиз-и Әбру, Әбдіраззақ Самарқанди, Мирхонд және өз шығармаларын Темір әулетінің сарайында жазған XV ғасырдың басқа да тарихшылары көп жазған. Темір-түркі-монғол бектерінің арасынан шыққан, елде Шыңғыс хан ұрпағы еместер әулетінің басы болған Мәуеренахрдың бірінші ұлыс билеушісі. Ілгеріде айтылғанындай, ол тарих майданына күтпеген жерден, кенет, жиырма бес жасында шықты. Сол уақытта бұрынғы Шағатай мемлекетінің шығыс бөлігінің ханы Тоғлықтемір Мәуеренахрға әскерімен кіріп келген еді. Темірдің 1360 жылға дейін немен шұғылданғаны туралы Темір әулетінің ресми болсын, басқадай болсын деректемелерінде анық еш нәрсе айтылмайды. Тек бар хабарланатыны-Темірдің жас шағына қатысты уақиғалар тарихы жылнамаларға Темірдің өзінің қалауы бойынша кіргізілмеді, «өйткені, олар оқушыларға адам сенбестей болып көрінер еді» делінеді. Темірдің жас шағының өмірбаяны үшін деректеме болатындар-оның сарайымен байланысы жоқ, осы себепті, Темірдің «қалауынан» еркін жазба жәдігерлер. Бұл-ең алдымен, Темірдің тарихы жөнінде араб тілінде Ибн Арабшах құрастырған көлемі үлкен еңбек. Ол кісінің толық аты-Шихаб ад-Дин Ахмед ибн Мұхаммед. Бірақ ол Ибн Арабшах деген есімімен көбіріек мәлім. Тегінде бұл есім – тахаллус (әдеби бүркеншек ат) болса керек. Оның шыққан тегі араб, Дамаскіде хижраның 791 жылы (1388) туған, он екі жастағы бала кезінде Дамаскіде Темір тұтқынына түсіп, Самарқанға әкелінген. Мәуренахрда ол бірталай жыл тұрып, білім алды, парсы және монғол тілдерін үйренді, сөйтіп, XV ғасырдың 20-30 жылдары межесінде Хорезм, Дешті Қыпшақ, Қырым және Туркия арқылы отанына оралды; кейін Египетке көшіп барды, 1450 жылы Каирде дүние салды. Ибн Арабшах бірнеше шығарма жазды, бұлардың ішінде ең белгісі-«Аджаиб әл-мақдұр фи наваиб әл Темір» («Темәрдің тағдырындағы күн ілгері белгіленген ғажайыптар»)-1436-1437 жылдары жазылған. Бұл шығарма бірнеше рет басылып шыққан, 1936 жылы аударылған ағылшынша тәржімасы бар. Ибн Арабшах Темірге өте-мөте дұшпандық пиғылда болған, оны «қатал басқыншы», «зорлықшы», «безбүйрек қиратушы» деп атайды, әйтсе де оның білімді, ақыл иесі, ұйымдастырушылық, дипломатиялық, әскери талант дарыған адам болғанын жоққа шығармайды[9, 33 б]. Темірдің жас кезіндегі өмірбаянының енді бір деректемесі-испан королі III Генрих Темірдің сарайына жіберген елшісі Рюи Гонсалес де Клавихо Темірдің өзін көрген, сөйлескен, басқалармен сұхбаттасқан, естіген-көргенінің бәрін өзінің жолжазбаларына айнытпай жазып отырған [10, 31 б]. Бұл өзінше бір үлгідегі маңызды ескерткіштің алғашқы орысша аудырмасын түпнұсқа мәтінімен қосып, И.И. Срезневский 1881 жылдың өзінде бастарып шығарған болатын. Клавихоның «Саяхат күнделіктерінің» И.С.Мирокова тәржімалаған жаңа аудармасы 1990 жылы Мәскеуде «Наука» баспасында Шығыс әдебиеті бас редакциясының дайындауымен басылып шықты. Клавихо мен Ибн Арабшахтың әңгімелеріне илансақ, бозбала жас жігіт кезінде Темір қарақшылар тобының басшысы болған, ол жылдардағы оқиғалар оның атына кір келтіретін еді. Орыс ғалымы түркістануының негізін салушы В.В. Бартольдтің (1869-1930) пікірінше, ресми жылнамалар – Шамидің «Зафарнамесі» мен Йездінің «Зафарнамесінің» Темірдің жас шағы туралы үндемеуі нақ осы себептен. Темірдің шыққан тегі-түркі болып кеткен монғолдың барлас тайпасы; кейбір ғалымдардың болжауынша, бұл тайпаның бір бөлігі Шағатай ұрпағы Мүбаракшах ханмен бірге XII ғасырдың екінші жартысында Жетісудан Мәуеренахрға көшіп келіп, Қашқадария жазығында басқаласы Шахрисабз болған өңірге қоныстанған. Оның әкесінің аты Мұхаммед Тарағай болып ол әскери адам болған, моғолданған барлас руынан шыққан. Кейбір деректерді Мұхаммед Тарағай бекті барлас тайпасының көсемі деп көрсетеді. Әмір Темірдің әкесінің Балта атты ағасы болған [11, 115]. Темірдің қашан туғаны жөнінде деректемелерде бір біріне қайшы келетін деректер бар. Бір мұсылман авторлары: «Ол хижраның 728 жылы (1327-1328) туған» десе, енді біреулері: «736 жылы (1335-1336) туған» дейді. Темірдің ресми тарихы-«Йездінің Зафар-намесінің» түпкілікті редаксиясында ғана, нақты туылған күні хижраның 736 жылының 25 шағбаны сейсенбі (1336 жыл – Тышқан жылының 9 сәуірі) деп хабарланады. Йезді оның әкесі Тарағай ноянның және шешесі Текине хатунның аттарын атайды, алайда Темір өмірінің 1360 жылға дейінгі оқиғалары туралы ештеңге айтпайды. Ибн Арабшахтың Темірдің туған жері деп Қожа-Ілгер ауылын атайды. Шахрисабздің оңтүстік-батысындағы бұл ауыл қазір де бар, қаладан он үш шақырым жерде. Оның тұрғындары: «Бұл жерде Темір туылған» деген аңызды естерінде ұстайды. Тарағай Кештің билеушісі де, барлас тайпасының басшысы да болмаған. Деректемелерде оның ауылдық жерде тұрғаны, тақуа мұсылман болғаны, ғалымдар мен дәруіштерге дос болып жүргені, сондай ақ Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде де, батыс бөлігінде де бірқатар бекзадалармен достық қарым-қатынас жасағаны туралы хабарланады. Тарағай 1360 жылы қайтыс болып, Кеште ата-баба зиратында жерленген. Өмір деген-тіршілік күнкөрістің бір нысаны ғана емес, әркімнің пешенесіне табиғат өлшеп берген тарихи Уақытпен қарым-қатынас деген де сөз ғой. Адам жарық дүниеге келуі мүмкін сан мың жыл ішінде сол өзінің тағдырына жазылған тарихи уақытта туып, тіршілік кешеді. Адамдардың өз заманымен қарым-қатынасы әрқалай қалыптасады. Біреулер онымен жағаласып арпалысып өтеді. Әдетте, ондайлардың өмірі опынумен тынады. Енді біреулері заманымен үйлесіп, онымен ғажап жарасымды тіршілік құрады. Темір осы аталғандардың соңғылары еді. Ол өз заманының қыр-сырын жете ұғынды, әрбір қалыптасқан жағдайды жіті аңғарып, қапы жіберген жоқ, жеңе де білді, жеңісінің игіліктерін түгел игере де білді. Өздеріңіз ойлап қарасаңыз, Темірдің дүниеге келіп, өмір кешкен уақыты-бастан-аяқ соғыс уақыты. Соғыстар күнбе-күнгі қатал шындық болды, сыртқы дүниемен кереғарлық атаулының бәрі келіссөз арқылы емес, қантөгіспен жойылып отырды. Осыған орай, XIV-XV ғасырлар межесінің авторы Ғийас ад-Дин Әлидің нақыл сөзін келтірсек жеткілікті, онда сол дәуірдің мәні айдан анық аңғарылады: «Қылышы қынында жүргеннің ісінің қыйыуы қашады. Қанға құныққан қылышы жоқ адам биік билікті ұзақ ұстап тұра алмайды». Қиян-кескі қақтығыстардан, шапқыншылықтар, жорықтар тоқтамай, тұрмыстың өзі әскерилердің тіршілігіне ұқсауға айналды. Әскери өнер, соғысқа машықтанғандық, жекелей жаужүректік бәрінен жоғары бағаланды. Бұл орайда ол кездегі әскердің көбіне атты әскер болғанын айта кету керек. Деректемелер Темірдің ат десе жаны қалмайтынын, аттың құлағында ойнағанын, соғыс өнерін үйренумен, қамалап аң аулаумен көп шұғылданғанын, құралайды көзге атқан садақшы болғанын, сол уақыттағы жауынгердің ең қадірлі қаруын жетік меңгеріп, қылыштасуда да алдына жан салмайтынын айтады.Темірдің көсем, басшы ретіндегі қасиеттері жастайынан байқалды. Ибн Арабшахтың айтуында, Темір өжет, батыл, табанды және айлалы болып өсті, уәзірлердің балаларымен дос болды, әмірлердің ұлдарына жақын жүрді. Құрбы-құрдастары арасында өте беделді, олар мұны өте жақсы көретін. Барлас жастары, көрші рулар мен тайпалардың жалаңдаған өжет жігіттері Темірге үйір болып, оның төңірегіне топтасты. Бастапқыда оның қаруланған атты жасақтар секілді төрт-бес нөкері ғана болды. «Оны төрт-бес адамның өзі өздерінің руластарының бірде қойын, бірде сиырын алып кететінді шығарды, бұлары сәтті болған күндері достарымен тойлап қалатын деседі»,-деп жалғастырады Клавихо. Жолы болғыш, өжет те жомарт жас, жетекшілік, атамандық қабілеттері айқын көрінген Темір көп ұзамай Қашқадария жазығындағы барластардың арасында аты шығып, Мәуренахр шағатайлардың басқа рулары мен тайпаларының арасында да танымал бола бастады. Бұған таңдануға да болмайтын. 1360 жылға қарай Темір енді атқұмар, аңқұмар бозбала емес, соғысқа машықтанып алған қарымды батыр жігіт болған еді. Оны өз көзімен көріп білген Ибн Арабшахтың айтуында, Темір батыр тұлғалы адам болған; 1941 жылы Темірдің сүйегін зерттеген профессор М.М.Герасимов та бұл деректі растап берді. Ұзын бойлы, денелі, сымбатты оны «ежелгі алып адамдар-Амиеликиттердің ұрпағы деуге болғандай» болатын [12, 12-14]. Қақпақ жауырынды, кеуделі, бұлшық етті, кең маңдайлы, сопақ жүзді, қызыл шырайлы адам болған. Қол-аяғы әлеуетті адам екенін анық аңғартатындай ұзын, саусақтары жуан, көзі от шашқандай болып жарқырап тұратын. Дауысы зор, өте қарулы, ержүрек батыл, өлімнен қорықпайты, қандай шайқасқа болсын қаймықпай кіріп кететін. Сонымен қоса оның денесін зерттегенде оң аяғының тізе сүйегінде сынған іздері болған, сол себепті оған «Ақсақ Темір» деп кейбір деректерде айтылып кеткен [13, 99]. Темірлік деректер қатарына жататын туындылардың бірі – «Тузук-и Тимури» («Темірдің Заңдары») атты шығарма. Деректе Әмір құрған мемлекеттің саяси құрылымы талданады. Әмір Темір бұл еңбекті өзі жазған және бұнда былай баяндалып кеткен. Менің мемлекетті жаулап алушы бақытты балаларыма, дүниені билеуші ұлдарым-ұрпақтарыма. Барлығына мәлім болсын, Алланың рақымына үміт артқандардың барлығының, менің ұлы тағыма көз тіккендеріне сенімдімін. Осының барлығы, өзім қолданып жүрген тәсілдерімді қолдануыма итермелейді. Осы ережелерді қатаң сақтай отырып, Мұхаммед дінінің игілікті әсерінен, аспаннан маған берілген бақытқа, олар да қол жеткізе алады. Осы ережелердің барлығы, олардың тәртібінде, мемлекет басқаруында қызмет ететін болсын. Ережелердің барлығы он екі. Осы ережелердің барлығы маған үкіметті қолға алуыма, мемлекетті басып алуыма көмектесті. Мен, өзіме сенім білдірген адамдарды 12 топқа бөлдім, олардың кейбіреулері үкіметті басқаруда маған кеңес беріп отырды. Мен оларды өз бақытымның кілті ретінде пайдаландым, олар менің сарайымның сәні болатын. Әмір Темір ел билегенде өзіне сенімді адамдарға үлкен құрмет көрсеткенін осыдан көрсек болады және ол ислам дінін таралуына қарсылық білдірмеген. Оның мемлекетті басқаруда өзіне сенімді 12 топтан тұратын адамдарды төмендегідей көрсеткен.

1. Мен Алла діні мен Мұхаммед заңдарын кеңінен тарауына барымды салдым, ислам дінін әр кезде, барлық жерде қолдадым.

2. Дана, данышпандардың кеңестері маған дұшпандардың әскерлерін жойып, көптеген аймақтарды басып алуға көмектесті. Басқаруда мен адамгершілік қасиетпен және төзімділікті басшылыққа алдым, барлығын сырттан бақыладым және достарымның арсында беделді болдым.

3. Осы тәртіптер мен заңдарға бағыну, менің тағдырыма сүйеніш болды. Басқа нәрселер де, уәзірлер, әмірлер, солдаттар мен қарапайым халық жоғарылауға дәмеленді және өз орындарына риза болатын, осының бәрі менің билігімді одан ары нығайтты.

4. Офицерлер мен солдаттарды жігерлендіру үшін, олардан мен алтынды да, бағалы тастарды да аямадым; оларды өз дастарханыма емін-еркін отыруға мүмкіндік бердім, есесіне олар шайқастарда мен үшін жанын беруге дайын болды. Оларға, маған деген жақсы көрушілік сезімдері үшін, қиындық туған шақта көмегімді аямадым. Осылайша, айбынды көсемдердің және менің жауынгерлерімнің арқасында, 27 мемлекеттің әміршісі болдым. Мен Иран, Туран, Рум, Магреб, Сирия, Ирак-Араб, Ирак-Аджеми, Мазандеран, Гилян, Ширван, Азербайжан, Кабулистан, Фарс, Хорассан, Четте, Ұлы Татарстан, Хорезм, Хотан, Бактерземин мен Үндістанның патшасы болдым. Бұл мемлекеттердің барлығы менің билігімді қабылдады, ал мен олар үшін заң жазуды бұйырдым.Үстіме патша жамылғысын кидім, бос отырудан, тыныштықтан бас тарттым. 12 жасымнан бастап түрлі аймақтарға барып, бақытсыздықпен күрестім, дұшпан әскерлеріне қарсы түрлі жобалар жасадым, офицерлер мен солдаттардың ызаланған әңгімелерін сабыр сақтап тыңдауға әдеттендім. Ақырында, дұшпандарға қарсы шықтым. Осылайша, түрлі шет аймақтарды басып алып, ол жерлерде өз билігімді жүргізе алдым.

5. Алланың берген ықыласын әділетті түрде қабыл алдым. Дана саясат пен қатаң әділеттілікте, өз солдаттарымды ұстап тұра алдым. Менің жауынгерлерім түрлі сыйлықтармен көмкерілген болды. Төменгі халықтар мен мемлекеттің бақытсыз сыныбындағыларға рақымшылық білдірдім. Мен езілуші халықты қанаушылардың қолынан құтқардым, жазықсызды жазалау үшін ешқашан үкім шығарған емеспін. Менің ниетіме қарсы қару көтерген қайсыбір адам, өз кінәсін мойындап кешірім сұраса, одан рақымшылық көрсеттім.

6. Мен пайғамбардың ұрпақтарына, ғалымдарға, дін мамандарына, философтар мен тарихшыларға қошемет көрсеттім. Мен оларды құрметтедім және қадір тұттым. Батыл адамдар менің достарым болды, өйткені, Алла тағала батылдарды жақсы көрген. Мен жандары ізгі ғалымдармен сөзім жарасты. Мен олардың батасын алдым, сол баталар маған жеңіске жетуде көп көмек берді. Дәруіштер мен пақырларды қолдап жақтадым. Мен, оларға қандай да бір қайғы-қасірет беруден аулақ болдым, олардың өтініштерін ешқашан жерге тастаған емеспін. Қандай да бір адам, басқа адам туралы жаман сөйлесе, менің сарайымнан қуылатын. Олардың өсектерін ешқашан тыңдыған емеспін.

7. Мен өз кәсіпорындарыма өте табанды болдым. Әрбір қабылданған жоба, қандай болмасын, менің назарымнан тыс қалған емес және ол жетістікке жетпейінше оны тастаған емеспін. Мен ғалымдардан Адамнан Мұхамедке дейінгі ежелгі үкімдердің қандай болғанын сұрап қызықтым.

8. Мен халықтың жағдайын білдім. Мен атақтыларға өз бауырларыма қарағандай, ал қарапайым халыққа балаларыма қарағандай қарадым. Дұшпандардың мінездеріне сай бола алдым. Мен әрбір аймақтың жағдайын жеке-жеке білдім. Әрбір мемлекетке жалықтың, әскерлердің жағдайын ойлайтын адал адамды қойдым. Олардың дұрыс емес әрекеттерін білген болсам, оларды жазаладым.

9. Қандай-да бір тайпаның, қандай-да бір түрік, араб, парсы немесе басқа мемлекеттердің ордалары менімен кездескісі келсе, олармен міндетті түрде, адамгершілікпен қабылдап алдым. Кімде-кім менімен достық одақтаста болғысы келсе, ешқашан өкінбеген. Оған дәлел ретінде, менің мейірімділігім мен қайырымдылығым болды.

10. Мен балаларымның қандарында ортақтастық бар екенін білдім, оларды құрметтедім. Менің тағдырымда болған тәжірибелер, достарыммен және дұшпандарыммен өздерін қалай ұстау керек екендігін үйретті.

11. Мен, үшін өмірін қиып, шайқасқан әскерлеріме құрметпен қарадым. Олар алдарына келген түрлі қиындықтардан мойымай, алға шығып, күресе білді.

12.Мен үшін жанын қиған қандай да бір әскер, менің достығыма ие болды. Бірақ шайқас кезінде, менің көзімше өз қолбасшысын тастап, маған өткісі келген адам, мен үшін ең бишара адам болды. Әмір Темір Тоқтамыс ханмен соғысқанын былай баяндаған: Тоқтамыс ханмен соғысу барысында, оның әмірлері, маған жазбаша түрде бірнеше хат жолдады. Мұндай әрекет, олардың өз княздеріне деген опасыздығын білдірді. Өздерінің әмірлеріне опасыздық жасаған осындай ұсыныстарды көрген мен өзімше: «өздерінің әмірлеріне опасыздық жасаған болса, маған да опасыздық жасауы мүмкін», және мен оларға қарғыс айттым. Тәжірибелерден түсінгенім, дін мен заңдарға сүйенбейтін билік, өз күшін көпке сақтай алмайды. Оны, кез келген уақытта сұмпайы адам кіре алатын, шарбағы және шатыры жоқ үйге теңер едім. Менің жүрегіме ұялаған ең бірінші ереже, дін мен Мұхаммед заңдарын кеңінен тарату болды. Мен дүниеге исламды кеңінен тараттым, ол менің империямның ең әдемі сәні болды. Мұхаммед дінін қабылдағандардың санын көбейтуде жетістікке жету үшін, мұсылмандардың үстінен толықтай билік жүргізе алатын, ұлы данышпан адамды таңдадым. Ол өзінің қол астында, қасиетті мүліктер мен мешіттерді басқару мүмкіндігіне ие болды. Ол сонымен қатар, қалаларда жоғары сотта үкім жүргізді, базарларда инспекторларды сайлады. Мен армия мен қазынаға соттарды, ал халық үшін басқаларын сайладым. Әрбір аймақтарға исламды дәріптейтін қария, данышпандарды жібердім. Мен қалаларда мешіттер мен шіркеулер, жолдарда керуен – сарай, ал өзендерде көпірлер салуға бұйрық бердім. Мен, барлық қалаларға мұсылмандарды Құран оқыту үшін діни өкілдерді жібердім. Дінге сенуші және жай адамдар, менің дінге қатысты заңдарымның адал, рас екеніндігіне көз жеткізген соң, мұсылман ғалымдары менің құрметуіме келесі хабарландыруларды ойлап жазды: «Әр ғасырда Алла тағала дінді тарату үшін Мұхаммед елшісін жіберіп отырды. Осы VIII ғасырда, дүние жүзінің батыры, бақытты жұлдыз астында туылған Темір, сенімді қайта жаңғырту барысын баршамен бірге есептессін». Ғалымдардың басшысы Мир – Саид – Шериф маған былай деп жазды: дүние жүзінің аймақтарында ислам дінін тарқатуда еткен еңбектенгеніңіз үшін, дінді таратушы лауазымына ие бола аласыз,-деді. Оның жазған хатында «Алла! Мұхаммед дінін қолдаушыларға көмекші бол, ал оны қолдамағандарды тастап кет»,-делінген. Ұлы елшінің жоқ болып кеткеніне сегіз ғасыр өтсе де, қазіргі кезде де оны таратушы жан бар. Оны, дүние жүзінің батыры, мемлекет пен қаланы шынайы сенімді қабылдауына ықпал еткен әмір Темірге міндеттелді. Бірінші Хиджра ғасырында сенімнің жақтаушысы Омар Абдул- Азиз болғаны белгілі. Омар сол кездегі жаман әдеттердің барлығын жойған болатын. Ислам халқы зәбір көру, алауыздықтың табысы болды. бірінші ғасырда, дін қорғаушысы әділетті Момын болды. Бұл халиф, жетпіс екі жалған дінді таратушы қалыптарды кінәраттады. Ол Хорасан-Алиядан Мұса-Джафардың ұлын алдырып, оны өзіне мұрагер етті. Үшінші ғасырда, дінді өз қамқорлығына Аббассид Моктадир-Биллях алды. Абутаирдың кереметтері қасиетті Мекке мен отыз мың қажыларды өз қарамағында ұстады. Қағба қабырғасынан қара тас жұлынып алып тасталып, мұсылман жерлерінде зорлық-зомбылық, қарақшылық көбейіп кеткен шақта, дін жоғалудың алдында тұрды. Сол кезде Моктадир-Биллях қарақшыларға қарсы шығып, дінді қайта жаңғыртты. Азадәулет-Дилеми, төртінші ғасырда дін сенушілердің қорғаушысы болды. Аббас ұрпағынан қаһарлы Мотилла Ахтиллах, сарайдағыларға шынайы дінді теріс уағыздады. Азадәулет оны жолдан алып, оның орнына өз ұлы Тал Билляхты қойды. Бесінші ғасырда Малик-Шахтың ұлы Санжардың туылуымен мақтанды. Ол Ахмед Джами мен Хакім-Сенанның замандасы болған. Ол солардың шәкірті атанған. Ол солардың шәкірті болды. Дінбұзарлар мен надандар, исламға соққы жасаған кезде, Санжар сұлтан оларды жоюдың жанды зейінін тапты. Пайғамбардың дінге берілгендігі соншалықты, ол Мұхамед заңдарына қайшы ешқандай әрекет жасаған емес. Алтыншы ғасырда, Түркістандағы опасыздардың басып алуы, исламды есеңгіретті, бірақ Алла, жүз мың түрікке басшы Лар алқабында аса қадірлі Ибрагим Хаммавидің алдында дінді насихаттаған және «Құдайдан басқа-құдай жоқ, ал Мұхамед-оның елшісі» деген сөздерді айтқаннан кейін, құдайға сенушілердің қатарына енген, Хасан-ханды көтерді. Олардың келісімін алғаннан кейін, дінбұзарларды жер бетінен жойдырды, сол арада сенім қалалар мен аймақтарға тарады. Жетінші ғасыр, Мухаммед Худабанд аталып кеткен, Аргун-ханның ұлы, Альджайт сұлтанның сенімімен аталған. Бұл султан ағасының тағына мұрагер болғаннан кейін, қоғамдық жерлерде Аллаға ғибадат еткеннен кейін, пайғамбарға және оның ұрпақтарына сиынуды ұмытқан екен. Сонда, өзі ғибадат болып жатқан жерге барып, Мұхамед пен оның ұрпақтарына сиынудың қажеттілігін сұрады. Олар, Алланың өзі орнатқан сиыну, - деп бірауыздан жауап берді. Альджайт олардан, Мұхаммет басқалардың атына сиынғанда, олар неге ұрпақтары жайлы еске түсірмейді,-деп сұрады. Ешқандай жауап күтпестен ол, «Рұқсат етіңіз, бұл айырмашылықты екі жолмен түсіндіруге болады. Біріншіден, Мұхаммедтің дұшпандары, Отбар деп атаған, Алланың жазасына ұшыраған, ұрпақсыз болған, ал Мұхаммедтің ұрпақтарының көбеюі, тек Алланың әмірімен болып жатты.. Сондықтан, Құдайға сиына отырып отырып олар, ғибадат жасап болғаннан кейін, пайғамбардың атына дұға жасаған. Ал екінші себебі, салт-дәстүрлер. Мұхаммедтің діні өзгеріссіз және ғасырлар соңына дейін мәңгілік жасағанда, ғалымдар мен басқа пайғамбарлардың діни қаулылары өзгеріске ұшырап және жойылып, мәңгілік тіршілікте қалып жатқан жоқ. Міне сондықтан Аллаға сенімі бар, пайғамбардың ұрпақтары, өз ғибадаттарынан кейін, міндетті түрде пайғамбарды еске алып, оған мойын ұсынулар керек. Және баршамыз пайғамбарға сиынуды өз міндетіміз деп санауымыз керек. Сұлтан өз сөзін аяқтағанда, мешітке жиналған мұсылмандар, Мұхаммед (с.а.у.)-ға және оның ұрпақтарына арнап мінажат етті. Халық алдында сөйлеген сұлтанды барша мақұлдады. Содан кейін ол, әр жұма күні пайғамбардың құрметіне және оның ұрпақтарының құрметіне, еске алып намаз оқылуын жария етті. Және оның атына теңге жасап шығаруды бұйырды. Мир-Саид-Шерифтен осы хатты алғаннан кейін, мен Аллаға ризашылығымды білдірдім. Мен пайғамбарымыздан, жарлықтар мен заңдардың бекітілуін тіледім. Бұл хаттың түпнұсқасын мен, дін басқарушысына бердім. Ол астына, «ғасыр қаһарманы, Әмір Темір, дінді қайта жаңғыртуда оған ерекше рақымшылыққа ие. Ол өзінің мейірімді істерін адалдықпен арттырды, Алла, оның Өз ойын одан ары қарай дамытуды бұйыртсын» - деп жазды. Дін басшысынан бұл хатты алғаннан соң, мен пайғамбардың ұрпақтары мен дінге сенушілерге құрметпен қарауға тырыстым. Мен ислам дінінің таратылуына қамқор болдым және хаттың көшірмесін өзімнің шежірелеріме қосуды бұйырдым. Діннің қайта қалпына келуінде, менің мемлекетімнің азаматтық басқаруына заңдар мен қаулылар шығардым. Осы қаулылардың үлгісі:

1. Мен өз үкіметімді ислам дінінде, пайғамбарға сүйіспеншілікпен құрдым. Менің бұйрықтарым мен ережелерімнің күштілігі сондай, басқаруда өзіне қарсылас болмады.

2. Мен өз халқым мен жауынгерлерімді қорқыныш пен үміттің арасында ұстадым. Дұшпандарым мен достарымды, данышпан саясат, олардың қимылдарын өте сабырлы, қатты назарда және сақтықпен ұстадым. Менің қол астымнан пана іздеп келгендердің арасында, өзіме дос болып қалғандары да болды, өйткені мен оларға өзім қақор болдым. Өзгеремін дегендерді ешқашан өзімнен алыстатқан емеспін. Мейірімді немесе жауыздар да меннен пана тапты.

3. Мен ешқашан кекшілдікке жол берген емеспін. Мен өзіме қарсы болған дұшпандарымды, Аллаға тапсырдым. Мен өзімнің қол астымда, қайратты, жігерлі, сенімді жауынгерлерді ұстадым. Менің ортама пайғамбардың ұрпақтары, лауазымды адамдар қабылданды, ал жауыз сатқындарды ол жерден шектеттім.

4. Алла берген мейірімді пен қайырымды жан үшін, жауыздық пен кері тықсыру, маған сұмдық болып көрінді.

Менің діни кеңесшім маған былай деп жазды: «Темір оны Алла қолдасын, мемлекетті басқару, Алланы басқарған сияқты екенін ұмытпауың керек. Бұл басқаруда түрлі агенттер, қызметкерлер, депутаттар, күзетшілер бар, әрқайсысының өзінің басқармасы бар және олар ешқашан оны аттап баспайды. Әрдайым өз әмірлерің, агенттерің, қолбасшыларың, саған адал жандарды бақыла, олар өз үкіметінің шекарасынан шықпай – ақ, бойсынуға дайын болуы керек. Егер де сен, өзіңе адал жандарды өз тәртібіңмен қатал ұстасаң, бүлік пен қастандықты күт. Сен әрбір жанның және әрбір заттың өз орны бар екенін және әр нәрсенің шекарасы бар екенін ұғындыруың керек. Және олар соны білулері шарт. Сенің құзырыңдағы он екі сыныпқа бөлінген адамдар, сенің мемлекетіңнің сәні мен қолдаушың болады. Әмір Темірдің Тоқтамыс ханды талқандалуына арналған шаралары туралы былай жазады. Ұлы Татардың шөл даласында 6 ай бойы бұл княздің артынан аңдып шаршаған әскерлер, қатты аштықтан қинала бастады; өздерінің аңшылық пен шөлдегі құстардың тастап кеткен жұмыртқаларынан басқа, ешқандай азық алған жоқ. Менің әскерлерімнің жағдайынан хабардар болған Тоқтамыс, өзінің көптеген құмырсқа тәріздес армиясымен маған шабуыл жасауға қолайлы сәт деп шешті. Менің жауынгерлерім аштықтан шаршап қажыған болатын, ал – оның әскерлері керісінше болатын. Менің ұлдарым мен немерелерім, тізелерін бүгіп, өздерінің аған адал екендерін айтпайынша, қолбасшыларым мен әскер басылары шайқасуға құлқы жоқ болатын. Мен дұшпанның ту ұстаушысын пара беріп ұстап алдым, ол екі армия шайқасқа түскен кезде, өз туларын құлатуға уәде берді. Менің балаларым мен немеғы релерімнің маған тізе бүккендерін білген әскер басыларының ерлігі оянды және олар тек қана шайқаспен дем алатын болды. Әскерлердің алғы шебіне, өзімнің немерем Мирзу – Абубәкірді 8000 салт атты әскерімен қойдым, шайқастың дәл қызған шағында, алдын – ала дайындалып қойған шатырлардағы тағамдарға бас салуды бұйырды. Дәл осы сәтте Тоқтамыстың туы құлады, ал абдырап қалған Тоқтамыс, жойылудың алдында тұрған өз армиясын тастап қашуға ұмтылды. Тоқтамыс - ханның талқандау жоспары.Менің уысыма түспегеніне қуанған Тоқтамыс, өзінің қаһарлы армиясын бүлік пен топалаң туғызып, Әзірбайжан хандығына жіберді. Жаңа ғана екі Иракты да жеңіп алған мен, өзім армияны Дербент жолымен Ұлы Татарстанға алып бардым. Әскери тәртіпке төрт фарасангаға (4 млн.) сап түзеген өз армиямды тексеріп шықтым. 3 сәуір күні Аллаға алғыс жаудырды. Семур көлін өткен мен, ұлы Татария тайпаларының халқына келесі үндеуді жолдадым: «Менімен жүретін әрбір адам, өз жолын жалғастыра алады, қалғысы келгендер өз еріктері білсін». 797 жылы (хижри жыл санауы бойынша) мен ұлы Татар жеріне кірдім және оның ең түпкі мемлекеттеріне дейін кірдім. Маған қарсы келген бұл мемлекеттің халқы бытырап, жойылып жатты. Бесінші және алтыншы климаттың қамал аймақтары бағындырылды және мен жеңімпаз болып қайттым. Әмір Темір бұл сөздерді өзінің жазған «Тузук-и Тимури» дерегінде келтіріп айтып кеткен, яғни ол Тоқтамыс ханмен соғысы қиын болғанын көрсетеді. Тоқтамыс ханмен ол үш рет соғысады, соңғы соғысы 1395 жылы Темірдің жеңісімен аяқталады.

 

Date: 2016-05-23; view: 760; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию