Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шараф ад-Дин Али Йезди және оның «Зафарнамесіндегі» Темірдің Шығыс-Дешті Қыпшаққа жорығы





Йезда қаласында дүниеге келген Шараф ад Дин Али Йезди Шахрух сұлтанның сарайында, сондай-ақ Фарста билік еткен (1415-1435) оның ұлы Ибраһим сұлтанның қол астында сарай ғалымы, әдебиетшісі және эпистолярлы стильдің бірегей білгірі ретінде қызмет атқарды. Шахрух өлгеннен кейін Сұлтан-Мұхаммед оған сарайдан кетіп, туған жеріне оралуға рұхсат береді. Шараф ад Дин 1449 жылы Йезд қаласының маңындағы Тафт атты елді мекеніне қоныс теуіп, сол жерде 1454 жылы дүние салады.Зафар-наме – Темір туралы тарихи мәліметтердің толық жинағы болып саналатын, сол заманда кеңінен таралған шығарма. Зафар-наме Шираз қаласында 1424 жылы аяқталады. Шараф ад Дин Йездидің айтуы бойынша, бұл шығарманы хатшылардың көмегімен Ибраһим сұлтан жазған. Одан кейін туынды сол дәуірдің ең мықты стилистерінің бірі болып саналатын Йездиге тапсырылады, Йезди оны «жоғары стилге» сәйкес астарлап әрі көркемдеп, өңдеп шығарады. Қазіргі зерттеушілердің пікірінше, Зафар-намені жазудағы Ибраһим сұлтанның ролін Шараф ад Диннің өзі асырып айтқан [35, 8 б]. Өз әңгімесін жазуда Шараф ад Дин Йезди Низам ад Дин Шамидің «Зафар-намесінің» жоспары мен компазициясын толығымен қабылдап, шығарма барсында қолданып отырған. Сондай ақ ол Темірдің жеке жорықтары туралы жазулар мен күнделіктерді өзінің ізбасары Шамиге қарағанда кеңірек пайдаланған және Темірдің үнемі қасында болған парсы мен ұйғыр жазушылыры қалдырған мұраларды негізге алған. Сонымен қатар ол «Тарих и хани» атты түрік өлең хроникасы туралы да айтады. Шараф ад Диннің айтуы бойынша, жинақталған материалдардан екі ұшлық пен көмескілік байқалған жағдайды, барлық мәліметтер сол заман адамдары мен жорыққа қатысқандар аузынан шыққан деректер көмегімен толықтырылып отырған. Шараф ад Дин Али Йезди өңдеген «Зафар-наме» - Әмір Темір туралы ең толығырақ әрі нақтырақ деректер жинағы болып табылатын Темір мен Темір әулетінің ресми тарихының екінші редаксиясы. 1419-1428 жылдар аралығында Шараф ад Дин Али Иезди тағы да Ибраһим сұлтанмен бірігіп, «Зафар-наме» шығармасына «Тарих-и-джехангир» атты кіріспе жазды. Ол Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарына арнап жазылған және «Мукаддамэ» - «Алғысөз» деп аталады. Әмір Темір бин Тарағай Баһадурдің өмірі мен қызметінде, екі кезең айқын көрсетілген, бірінші кезең (1360-1386 жылдар) Темір үшін, күштерін бірлестіре отырып, түрік пен тәжік ақсүйектерімен бірге мемлекеттердің бытырауына қарсы, қанішер, дүниеқұмар ұсақ бектер мен сұлтандарға қарсы – ортағасырлық ортадан тепкіш күштерге қарсы, Мауереннахрда тәуелсіз, күшті Монғол феодалдық хандығын құру үшін күресуімен сипатталады. Екінші кезеңде (1386-1402 жылдар), Шарафуддина Али Йезди – юриштің пікірінше, үш жылдық, бес жылдық және жеті жылдық аталатын, Темір жорықтары жүргізілді [36, 40-45 б]. Шарафаддин Али Йездидің дерегінде былай көрсетіледі: Уақыты бойынша Темір туралы, ресми сипаттағы екінші шығарма, Шереф ад-дин Али Иездидің, дәл осылай «Зафар-Намэ»-(Жеңіс кітабы) аталатын өте үлкен шығармасы болады. Автордың аты айтып тұрғандай, ол Иезда (Батыс Иран) қаласында туып өскен. Шереф ад-дин алдымен Шахрухтың (1405 – 1447) сарайында, кейіннен оның ұлы, Парсының билеушісі болған Ибрахим – сұлтанның сарайында тұрды. Шереф ад-дина Али Иезди өз өмірінің соңғы күндерін, Иездаға жақын жердегі Тафт елді мекнінде өткізді және сол жерде 1454 жылы қайтыс болды. Шереф ад-дин Али Иездидің Темірдің қаза тапқанынан кейін жазған шығармасы, (1424-1425) 828 жылы аяқталды. Шереф ад-Дин, жұмысты бастауды, Темірдің немересі Ибрахим-сұлтан және оның көмекшілері Шираз қаласындағы хатшыларының көмегімен болған дейді. Шереф ад-дин, бұл жұмыстың бастамасын Шираз қаласында, Темірдің немересі Ибрахим-сұлтан, хатшыларының көмегімен басталуы керек болатын. Шереф ад-дин, бұл шығарманы тек қана өңдеп шықты. По-видимому, Шереф ад-дин Али Иезди, «Зафар-намэні» жазған кезде, өз қолдаушысының ролін асыра мақтап жіберген сияқты. «Зафар – намэ» екінші кезеңінің авторы кім болмасын, мәтін негізі, екі кітапты оңай салыстырғанда, Низам ад – Диннің шығармасынан алынғанын білеміз. Бірақ та, Шереф ад-дина Али Иездидің шығармасында, негізін қалаушыға қарағанда, нақты материалдар көп келтірілген, мұны, оның қосымша дереккөздері бар болғанын білдіреді. Шереф ад-дин Низам ад-дин Шамидің тек еңбектеріне ғана жүгініп қоймай, соңғы жорықтардың күнделігінен көптеген деректерді шығарып алды. Шереф ад-диннің қарамағында, Низам ад-Дин Шами ешқашан пайдаланбаған ұйғыр хатшыларының өлең түрінде жазған, ұйғыр тілінде жазылған «Тарих-и-Хани» хроникасы дереккөзі болды. Өкінішке орай, бұл деректер шығыс тарихнамасында бірнеше рет ескертілген, бірақ бізге жетіп келмеген. Шереф ад-дин Али Иезди, ақпараттарды Темір жорықтарында жоғарыдағы күнделікте аты ешқашан аты аталмаған қатысушылардан алып құрастырған. Шереф ад-диннің еңбегі, Темірдің өмірінің растығын дәлелдейтін дерек бойынша, Низам ад-Диннің еңбегіне қарағанда, көптеген жетіспеушіліктерге ие. Біз ең алдымен, оның еңбегі: «Зафар-намэ» жұмсақ, мәнерлі фразеологияға толы тілде жазылған және көбінесе оның беттерін бірнеше жолмен бірлестірсе болады. Прозалық шығарма, Шереф ад-Диннің өзіне тиесілі өлеңдермен көмкерілген. Автор, барлық жерде Темірмен мақтанады. Оның бұл әрекеті, оның ниетінің түзулігін және оның адамгершілігінің мол екендігін көрсетеді. 1365 жылы Шыршық өзенінің жағасында болған «лайлы шайқаста», Темір әмір Хусейнмен бірге толығымен талқандалған кезде, Шереф ад-Дин, кінәні толығымен, Темірдің серіктесі, аға әмір Хусейнге жауып қояды. Керек десеңіз, 1387 жылы Исфаганда болған көтеріліс немесе сұлтан Махмудтың Үндістанмен шайқасудан алдын 100 мың адамды өлтіргені жайындағы Темірдің қатал әрекеттері де, толығымен ақталып жазылған. Алайда, бұл сұрақтарға, Темірдің басқа тарихнамашысы Низам ад-дин Шами өз пікірін білдірді [37, 98-100 б].Темірдің Тоқтамыс ханға аттануы және құдайдың қуатымен оны жеңіуі туралы әңгіме. Қатал тағдыр Тоқтамыс ханды ақылынан айырып, ол Темірдің жасаған барлық жақсылықтары мен қамқорлығын ұмытып, Темірдің көмегі мен қолдауының арқасында билеп отырған Жошы ұлысы халқынан қалың қол жинады. Өлең жолдарынан: «Орыс, черкес, бұлғар, қыпшақ, алан, Қырым, Кафа және Азақ башқұрттармен қыруар қол жиналды». Осындай ағаш жапырақтарымен жаңбыр тамшылары сияқты сан жетпейтін қолмен, 790-шы қолтырауын жылының қыс бастала ол Темірге қарсы соғысқа аттанады. Оны естіген Темір Самарқан және Кеште жиналған қолмен орталықтан шығып, Сақаржыда өз ордасын тігеді. Темір өзіне қарасты өңірден жеңіске жеткізетін қалың қол жинауды бұйырып көмекшілерін аттандырады. Сол жылы аяздың күштілігі соншалықты, аспан иығына тиын терісін жабылып, жер аң тышқан терісіне оранғандай күйде еді. Сол уақытта Тоқтамыстың қалың қолын бастап келе жатқан Ылығмыш оғланның әскерлері Ходжент өзенінен өтіп, Уджук-Зернук түбінде орналасты деген хабар келеді. Темір бірден сол жаққа бағыт алады. Әмірлер мен нояндар одан өңірлерден жиналатын әскерді күте тұруын сұрайды. Өз дегенінен қайтпаған Темір «бүгінгі істі ертеңге қалдырма» деген нақылды басшылыққа алып, бір жағынан, құдайға құлшылық етіп қалың қолдың жиналуын күтпестен, аттың кеудесіне жететін қалың қарға қарамастан, өзінің жеке жасағымен қарды бұзып, түнделетіп жолға шығады. Андугандық мырза Омар Шейх өз өңірінен жинаған әскерімен бірге Ходжент өзенін бойлап жүріп отырып, Темірдің керуеніне келіп қосылады. Темір Күнче оғлан, Темір Құтлық оғланмен Шейх Али бохадурды әскер жасағымен жаудың жолын кесуге жібереді. Келесі күні, таң атып, күн шығысымен, жеңіс байрағы Анбар төбесінде желбіреді: соғыс ұраны айтылған соң, қызу айқас басталып кетеді. Жүрек жұтқан сарбаздар соғысты жандыра түсіп, теміршілер жағынан жеңіс лебі сезіле бастаған сәттен ақ жау арқасын беріп қаша бастады. Жартысы айқас алаңында мерт болған жаудың тағы бір жартысы найзадан қорқып, Ходжент өзеніне ағып кетеді. Қашып құтылғандардың алдынан жаудың жолын кесуге кеткен мырза Омар Шейхтың жасағы шығады. Жеңіске жетіп, жаудың артынан қуып келе жатқан қалың қолға қосылған олар жауды жан жағынан қоршап алып, садақтың оғын жаудырып, найза мен шоқпар астына алады. Қоршауда қалған әскерлердің жанын Әзрейіл мәңгілікке әкетеді. Қолға түскен Бақшы Айды-бердінің басын шаппақшы болып қатқан кезде, өлімнен қорыққан ол өз атын айтады. Темір одан Тоқтамыс ханның жағдайын анықтап сұрағаннан кейін оған жақсы киім кигізіп, хандық рахымшылдығын білдіріп, сарайға қызметке алады. Темір Ордасын орнынан көшіріп кері қайтады. 791 жылдың қырықтық айында ол Ақарға тұрақтап, сол жерде аз уақыт болды. Көктемнің көк шуағымен жер әсем гүлдерге оранып, бақшалар гүлде» бастаған уақытта, жеңіске жеткен әскер әр жақтан жинала бастайды. Мырза Мираншах патша сарайына Қорасаннан жиналған әскерімен келеді, сондай ақ хан ордасына Балы, Құндыз, Бақлан, Бадахшан, Құтталан, Хисар, және басқа да аймақ пен қалалардан келген әскер де жиналады. Темір Омар Шейх мырзаға, әмір Хаджи Сейф ад Динге және Ику Тимурға Ходжент өзенінде өздерінің кемелері мен салдарынан көпір жасауға ұйғарады. Олар бұйрықты орындап, бірнеше жерге көпір салып, Темірге хабарлайды. Жылан жылына сәйкес келетін 1791 жылы ұлы мәртебелі құдайдың қуатымен жолға шығады. Өзен жағасына жеткен соң ол көкірегі қуанышқа толып, ұлдарымен және бар әскерімен бірге сол көпірлер арқылы арғы жағаға өтіп, Темір Құтлық оғланды, Сүнжек бахадурды Және Осман бахадурды әскердің алдыңғы шебіне шығарады. Бұйрық бойынша олар алдына қарауыл жібереді. Олар жаудың қарауылын көредіде, өз әмірлеріне хабарлайды. Әмірлер алдын ала жасырынып, жаудың әскерін күтіп жатады. Қараңғы түнде ештеңгені сезбеген олар шырт ұйқыға кетеді. Бақытқа бөленген Темірдің жеңімпаз әскері түн ортасында шабуыл жасайды. Жау қолының көп бөлігі сол жерде қырылады, қалғаны қашқан бойы Арыс өзенінен өтіп, Тоқтамыс ханға келеді. Оның әскері Сауран қаласын қоршауды ұстап отырады, ал Чингирче, Ляд және Кушчи қаланы жау қолына бермеу үшін, бар күш жігерімен тойтарыс беріп, тырысып бағады. Сауранға күші жерпеген Тоқтамыс Ясыны тонап, сол маңдағы далаға орналасады. Темірдің жеңіс туын көтерген әскері келіп жетті деген хабарды есіген Тоқтамыстың, оның әскерінің және барлығының қорқыныштан құты қашып зересі ұшады. Өздерінің, қолдарындағы қару жарақтың көптігіне қарамастан, Темір туралы сыбыс естіген сәттен ақ тым тырақай қашып, «қара шегірткедей» жан жаққа тарап кетеді. Жаудың қашқанын естіген Темір Хаджи Сейф ад дин арбалы керуенмен Самарқанға жібереп, өзі шұғыл түрде жаудың артынан қуып кетеді. Қолға тұтқын түсіру үшін ол Ходжа Шейх каучинді, Тублук каучинді, Қарахан бахадурды, Аман шахты және Дәулет шахты таңдаулы қырық адаммен алға жібереді. Сарық өзен атты жерге жеткен кезде олар жау әскерінің артқы шебіндегі күзетші жасағына жолығып, олармен соғысады. Жаудың көбі өліп, біразы қашып құтылады. Жеңіспен оралған бахадурлер шөл далада 100 отбасымен қос құрған Қытба тарханның үстінен түседі. Олармен соғысып, жеңіске жеткен Шанкүл бахадур сол рудың, оның малы мен табындарының иесі Қытба тарханды тұтқынға алып, Ақ сүме жерінде орналасқан жоғары мәртебелі патша ордасына жетеді. Темір бұл жерден жазық дала арқылы Урун Чақыл жолымен Билан деген жерге келеді. Ол жерден Сарық өзен мен Куруджуннан өтіп, Ал Құшынға тұрақтайды. Темір Тоқтамыс ханды артынан өзі қуып жетпек болады, бірақ нояндар мен әмірлер кеңесіп, патша алдына тізе бүге отырып, адалдықпен және тілектестікпен былай деді: «Жоғары мәртебелі патша, алдымен, Хызр қожа оғланға, оның ұлы Тұғлық Темір ханға және Ингатураны қарсы аттанып, оларға екінші рет бізге қарсы шықпайтындай етіп жазалап, содан кейін ғана Тоқтамыс ханға қарсы жорығымызды бастасақ деген ойымызды қабыл алсаңыз екен». Темір олардың пікірін қабыл алады.Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы туралы төмендегідей баяндалады. Сол 792-ші жылдың (20.12.1389-8.12.1390) күзінде Темір Дешті-Қыпшаққа басып алу жоспарын орындау мақсатымен олардың әскері мен оның құрамы туралы мәлімет жинауға кіріседі. Жанына күзет алып және құдайдың қуатымен ол Самарқаннан шығып, Ходжент өзенінінен өтеді. Парсин мен Чинас аралығында Тәшкенде қыстап шығады. Сол кезде ол өзінің рухани және пендешілік ойларын жүзеге асыру үшін атақты Маслахаттың қабірінің басына баруды ұйғарды. Осы мақсатпен ол гүлденіп келе жатқан Ходжент қаласына жетеді. Шын ынта-тілегімен барлық ырымдарды орындапү мүдделілерге 10000 кепек динар таратып, Тәшкенге оралады. Сол жерде оның денсаулығы сыр беріп, науқастанып қалады: ұстамалы ауруы қырық күнге созылып, әмірлері мен уәзірлері абыржып, уайымдайды. Біраз күннен кейін Темірдің денсаулығы орнына келіп, Мираншах мырза Хорасаннан өз әскерлерімен келіп, патша кілемін сүю бақытына ие болады; Темір әскер құрамына көңіл аударып, әмірлер мен нояндарды патшалық рақымшылдыққа бөлеп, барлық сарбаздарға сыйлық үлестіреді. Әскерді тәртіпке келтіргенсоң, Темір әр әмірге бір жол бастаушыдан береді; жеңіс туы тігілген орталықта Темір Құтлық оғлан, Темір Мелік ханның ұлы, Күнче оғлан және Идигу өзбек бастаушы болды. 792 жылы қыркүйек айының 12 жаңасында күн Суқұйғыштың 8 градусына іліккенде әскери керуен күзет күші мен бір құдайға сиынып жорыққа аттанды. Пір Мұқамед и Жәңгір мырза мен Шахрух мырзаны Темір мемлекетті басқару үшін қалдырып, оларға Лал әмір мен Малкут әмірді көмекке береді. Осы ұлы жорыққа ұлы мәртебелінің қосағы болу бақытына ие болған қажы-бек-Жеттің қызы мәртебелі ханым Шолпан-Мелік-ағадан басқа әйелдерінің бәрін Темір кері қайтарады. Жеңіске деген сеніммен және құдайдың қуатымен көтерілген жеңіс туына ілесіп әмір-түмендіктер, мыңдықтар, кошун жорыққа рет ретімен аттанды. Қарасемен жеріне демалуға аялдаған уақытта Тоқтамыс ханның елшілері келеді [38, 156-160]. Әмірлер мен нояндар оларды жақсылап жайғастырып, тиісті құрмет пен қошемет көрсетеді. Жауған қар мен жаңбыр бұлардың бұл жерде бірнеше күн аялдауына себеп болады. Тоқтамыс ханның елшілері келді деген сыбыс Темір құлағына жеткен соң, ол оларды алдына алып келуді бұйырды. Жерді сүю ырымын жасаған соң елшілер ханға 1 сұңқар мен 9 жүйрік атты сыйға тартады. Темір сұлтандардан дәстүр бойынша сұңұарды қолына аладыү бірақ хандық абыройын түсірмей, аса көңілін аудармайды. Елшілер құрметпен әрі көнгіштікпен, әр түрлі кешірім сөздер айтумен, тізе бүгіп отырып, аға әмірлер арқылы Темірге Тоқтамыс ханның мына сөздерін жеткізеді: «Ұлы мәртебелі, сіз мен үшін әке орнына әке, жарылқаушым едіңіз, маған жасаған сансыз мейірімділік пен жақсылықтарыңызға айтар алғысымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, олардың маңының бірін, ал көпшілігінің біразын жеткізе алсам да жетер еді. Егер патша ием ханға тән рақымшылдығымен және кішіпейілдігімен менің рақымсыз тағдымен жамандыққа жетелеген адамдардың ықпалында жасаған, тіптен өзімді ұялтатын, әрі өкіндіретін ақылға симайтын қылығым мен орынсыз өшпенділігімді кешірсе, ол-бұрынғы жасаған жақсылықтарына қосылатын еді. Мен өз әлімді біліп, бұдан былай ырқыңызда болып, өзіңізге бас ұрудан бір сәтке де бас тартпаймын, әдеп сақтап, тіл алу шарттарын толығымен орындаймын». Сонда Темір оған былай депті: Істің басында ол жауынан жасқанып, жаралы, әрі науқыс күйінде бізге келгенде, оны өз ұлдарымнан баға көрмей қаншалықты мейірім көрсеткеніме жұрт біледі. Әрі ол үшін мен Орыс ханға әскер жібердім және қанша ат, сарбаз, мүлік пен қару-жарақ зая кетті. Онымен де қоймай мен оның елін Орыс ханның елінен бөліп алып, оған бердім және ол Жошы ұлысының хан тағында билігін шыңдап, күшін нығайтып алғанша қолдау көрсетіп отырдым. Ұлы- мемлекет құдайдың ісі, бірақ оған себебші мен болдым. Мен оны әрдайым ұлым деп қадірледім, ол мені әке деді. Оның билігіндегі мемлекеті күшейіп, ол өзінің күш қайратына сенген соң, жасаған жақсылықтар үшін парызын орындаудың орнына, балалық борышын ұмытып кетті. Біз Иран жеріне қол бастап жорыққа аттанып Парсы мен Иракты басып алумен айналысып жүргенде, ол антын бұзып біздің патшалығымыздың шет жақтарын тонауға әскерін жіберді. Біз оның тіптен де қолдауға тұрмайтын, аңдаусыз да, арсыздықпен жасаған қылығына өзі өкініп, бірақ билік шарабына мас болған ол жамандық пен жақсылықты ажырата алмайтындай болып басы айналды. Ол екінші ретте әскер бастап келіп, алғы шептегі әскери тобын жіберіп, олар біздің жерімізді басып кірді. Біз дереу оған қарсы аттандық, ал оның әскері біздің қалың қолмен бетпе-бет келмей жатып-ақ қашып құтылды. Енді, міне, біздің ниетімізді біліп, өзінің әлсіздігін сезініп, кешірім сұрап отыр. Жасаған келісімдер оның тарапынан бірнеше рет бұзылғаны белгілі болғандықтан, біз оның сөзіне сенуден қалдық, құдайдың қуаты бір алланың пәрменімен құрған және сол үшін әскер жинаған жоспарымызды орындамауға қақымыз жоқ, содан кейін жасаған алла не бұйырады деп оның айтқаны: «Оларға барып айт, біз олрға күші жетпейтін қалың қолмен шығамыз және оларды ол жерден қорлап қуып шығамыз: олар қорқақ» (Бұл құранның XXVII сүресінен алынған сөз). Дегенмен, егер Тоқтамыс шынымен ымыраға келуді қаласа, біз әмірлермен келіскенмен кейін қажеттілікті орындау үшін Әлібекті жіберсін. Той дәстүрін атқарғаннан кейін ол елшілерге алтынмен әшекейленген шапан кигізіп, оларға жататын үй жай тағайындап, құрмет пен қошемет салтын сақтап күтуді бұйырады. 16-шы сәрсенбі күні құрылтай шақырып, ол ханзадалармен және әмірлермен кеңеседі де, Тоқтамыс ханның елшілерін алып, жақсылық нышанымен күннің сәтіне орай, қалың әскерімен жаулап алу жорығына аттанды. Ясы, Қарашық пен Сайраннан өткен соң, жазық пен шөл далады үш аптадай аялдама жасады. Ұзақ уақыт жолда жүргендерінен және сусыздықтан аттар шалдығып қалады. Бірінші жұмалының I бейсінбісінде Сарық-өзенге келіп аттарды суғарып, аллаға ризашылығын білдіреді. Су тасығанынан болып сол жерде бірнеше күн кідіріп, ақыры өткел тауып, дабыл қақтырып, өзенді кешіп өтеді. Сол түні Едіге өзбектің екі нөкері шөл даламен Тоқтамыс ханға қашып кетті. Темір олардың артынан қуғыншы жібереді, бірақ олар қуып жете алмайды. Жеңіс туын көтерген әскер шұңқырларда қалған суды ішіп, шөл даламен жүріп жылжып отырады. Аталған айдың 21 ші сәрсенбі күні олар Кішік тағ тауына келеді. Ол жерден қозғалып екі түн жол жүріп, жұма күні Ұлығ тағ жеріне келіп тоқтайды. Жазық даланы көру үшін Темір таудың шыңына көтеріледі; дала көк майсаға оранған екен. Ол сол күнді осында өткізеді, сарбаздарына тас жинап, сол жерге мұнара тәрізді биік белгі қоюды бұйырады. Шебер тас қашаушылар күндердің естелігін тасқа ойып жазады. Ол жерден қозғалып, жолда аң аулай жүріп, Иланшың өзеніне келіп тоқтайды. Демалған соң, өзеннен өтіп, 8 күн дегенде Атақарағай жеріне келіп жетеді. Жорыққа шыққалы бері 4 айдай уақыт өткендіктен, сарбаздардың ішетін азығы таусылады, ал көз жеткісіз жазықтық қай жағына да 5 айлап, 7 айлап жүрсең де, жолда елді мекен кездеспейтін. Сондықтан сарбаздарының ат, түйелерінің көптігінен толқып тұрған теңізге немесе айқай-шуға толы әлем сияқты үлкен қосында тапшылық пен қымбатшылық байқала бастайды. Бір қойдың бағасы 100 кепек динар тұрса, шари 16 маңына тең едәуір салмақты нанның 1 маңы 100 кепек динарына дейін жетті және оның өзі табылуы мұң болған кезде Темір түменбасы әмірлерге, мыңбасы, жүзбасы мен ондық басшыларына арнап жарлық шығарып, қостағы бірде бір адам нан, шелпек, үзбе кеспе, кеспе, ришта, тұшпара және басқа да сол тәрізді тамақ жасамасын, піскен тамақ орнына тек арпадан жасалған шалап ішсін деген қолхат алады. Әмірлер мұны жасап көреді және шари 8 маңына тең анбар салмақты ұнның 1 маңынан, «мутр» деп аталатын көкөнесті қосып жасағанда, 60 меске шалап шағатыны анықталады. Нәтижесінде әрбір сарбаз 1 меске шалапты қанағат етсін деген үкім шықты, бірақ көпшілігі оны қанағат тұтпай дала кезіп, тапқан құс жұмыртқасымен, жануарлармен және жеуге болатын өсімдіктерден күн кқріп алға жылжи берді. II жұмалының 1-ші күні сенбіде Темір аң аулауды ұйғарып, қалың әскер қаумалап аң аулауға шықты. Мидай жазықты жан-жағынан қоршап алып, саны жетпес аңдар мен құстарды ортаға қаумалап жинап, екі күннен кейін олардан қырма жасады. Патшаның бақ жұлдызының арқасында, сарбаздар сойған бұғы, сайғағы мен бұланы, жабайы құстарының санының көптігі соншалықты – осының алдында ғана болған тапшылықты ұмытып семізін ғана таңдап алып, арығын тастай берген. Айтпақшы, осы жазықта олар бұрын-соңды көрмеген, үлкендігі су сиырындай бөкен кездестіреді. Монғолдар оны қандағай десе, далалықтар бөлен дейді. Олар да көп сойылды және көп уақыт сарбаздардың тамағы ауланған аң етінен жасалды [39, 204 б].Темір әскер жасақтап Тоқтамыс ханға қарсы екінші рет жасаған жорығы туралы төмендегідей баяндалады. 1374 жылдан кейін, Темір Хорезмге тағы да үш сапар жасады. Соңғысы, Темірдің Тоқтамыспен шайқасы және Алтын Орда ұлы мемлекеттік саясатымен байланысты болды. Темір, мықты Алтын Орда, Ақ Орда сияқты, ұлы Мавераннахр мемлекеті үшін өте үлкен қауіп екенін жақсы түсінді. Сондықтан, өз билігінің бірінші жылдарынан-ақ, Улус Джучиде не болып жатқанын жіті бақылап отырды. Соңғысының құрамына, Атын Орда мен Ақ Орда, екі бөлімде кірді. Мұндай бөлу, әскерлерді ұйымдастырумен байланысты. Алтын Орда-өз халқының әскерлерінің оң қолы, ал Ақ Орда – сол қолы болды. Біртіндеп, Ақ Орда жеке хандармен толықты. Бердібектің өлімінен кейін (1359), Алтын Ордада феодалды бүліктер басталды. Бірқатар қалалар мен аймақтарда, кейбір әмірлер (түмен мен мың басылары), хандарға қарсы шығып, өздерімен өздері жанжалдасып, Орданың жағдайын одан әрі құлдыратты. Алтын Орданың өміріндегі ең қиын кезең, 1360 жылдан, 1380 дейінгі жылдар болды. Жиырма жылдың ішінде, билікті Алтын Орданың оң жағалауын өзіне иемденіп, уақытша басқарған әмір Мамайды қоспағанда, 25 хан өзгерді. Арайда бір жылдан кем отырған, Сол жағалаулық хандардың басым көпшілігі, Улус – Джучи әскелерінің сол қолынан, Сырдария аймақтарынан шыққан Ақ Ордалықтар болды. Хызра, Темир-Ходжу, Мурид (орыс жазбаларында Амурат) және Кельдибек хандарды еске түсірейік. Ақ Орданың Алтын Ордалықтардың ісіне араласуы, экономикалық және саяси құдіреттілігімен қатар жүрді. Әсіресе, бұл арада, шешуші қадамды, 1377 жылға дейін Ақ Орданы басқарған, Орыс-хан қабылдады. Орыс хан, тек саран хан болып қана қоймай, Орыс-Джучидің екі бөлігін өз билігіне қосқысы келді. Темір екі Ордада болып жатқан жағдайлардан хабардар болды, қауіпті көршісіне кедергі жасаудың ретін іздеді. Мұндай жағдайдың сәті түсті. Ақ ордалық өзбек әмірлерінің бірі, Маңғышлақтың биі Туй хожа-оғлан, құрылтайда Алтын Орда жағдайын талқылауда, Орыс-ханға қарсы шықты және сол үшін ол өлім жазасына кесілді. Туй хожа-огланның баласы, Ақ ордадан қашып шығып, өз қызметін ұсынып, Темірге келді. Бұл 1376 жылы болған жағдай болатын. Міне сондықтан, Темір Тоқтамысқа көп көңіл бөліп, оған сыйлықтар беріп отырды. Одан басқа, оған өзінің әскери қолдауын ұсынды. Кейінге қалдырмай, Темір әскерлерін жабдықтап, Тоқтамысты Орыс-ханнан Ақ Орда тағын тартып алу үшін жіберді. Темірге, Ақ Ордада өз қолшоқпарының болғандығы пайдалы болды. Темір, 1376 жылы Тоқтамысты Ақ Ордаға екі рет жіберді және екі ретінде де Тоқтамыс жеңіліске ұшырады. Сонда Темір, қыста Орыс ханға қарсы өзі шықты. Жорықты қатты суық болуына байланысты тоқтатуға тура келді. Көктемде Темір Сырдарияға қайтып келді, бірақ Орыс хан дүниеден өткеніне байланысты, шайқас болған жоқ. Бұл 1377 жылы болды. Тек, 1379 жылы ғана Тоқтамыс, Ақ Ордалық таққа ие болды. Темір бұл жағдайға риза болды, Тоқтамысты өзінің Орыс Джучидегі өзінің саясатының тәуелді, адал жетекшісі етіп қойғысы келді. Бірақ, ол Орыс ханның жолымен жүріп, бірлестіру үшін Алтын Орданы құру үшін күрес жүргізді. 1380 жылы, Дмитрий Донской Куликов майданында Мамай ханды жеңгенін пайдаланған Тоқтамыс, сол жылы Мамайға беттеп, оған қарсы жойқын соққы жасады. Бұл деректен көріп отырғанымыздай яғни Әмір Темір Тоқтамысты Алтын Орда және Ақ Орданың ішкі істеріне араласу және Орыс ханды жеңіу мақсатында Тоқтамысқа үлкен көмек көрсетеді. Бірақ Тоқтамыс пен Темір арасындағы қарым-қатынас көпке дейін бармайды өйткені Ақ Орданың билігіне Тоқтамыс қол жеткізгеннен кейін ол Әмір Темірге қарсы саясат алып бара бастайды. Бұл жеңіс Тоқтамысқа Алтын Ордада, қайтадан Орыс Джучидің екі бөлігін біріктіруге және үкімет билігін тартып алуға мүмкіндік берді. Жыл сайын оның Темірмен келіспеушіліктері барған сайын үдеп кетті. Тоқтамыс, Темірді не үшін дайындаған болса, дәл соны өзіне істеді. Алтын Орданы, Өзбек – ханның жақсы кезеңіне (1312 – 1340) қайта әкелу үшін, Тоқтамыс, алтынордалықтардың жерін кеңейту үшін, 1385 жылы Тебризді алу үшін, әскерлерін жіберді [40, 87 б]. Тоқтамыстың Маверанахрдағы, ұлы Мемлекеттік саясаты, өсіп келе жатқан Темірдің мемлекеті үшін тиімсіз болды. Тоқтамыс Темірдің ісіне кедергі болып қана қоймай, соымен қатар, мемлекеттің қызығушылығын да білдірді. Алтын Орда жасанды мемлекет бірлестігі болды. Ол Қырым, Хорезм халқының мәдениетінің үстінен зорлық жасау билігіне ие болды. Өйткені, әскери үкімет күштеріне сенетін, Болгар, Қырым және Кавкадың мәдени қалалары мен бай жерлерін пайдаланып отырған билік, әскери түрік – монғол көшпелі атақтылардың қолында болды. Бұл аймақтардың халқы, толықтай моңғол үкіметінің құлауы және өздерінің толықтай азат болуларын қалады. Ал Мавераннахрдағы аймақтар мен қала халқы мемлекеттің бірлесуін қалады, өйткені бұл бірлесу мемлекетті феодалдық күйзелістен шығару мүмкіндігіне ие болуы мүмкін еді. 80 жылдардың соңында, Тоқтамыс, Темірді иран істерінен алшақтатуды көздеп, онымен соқтығысудың сәтін күтті. 1387 – 1388 жылдары, Темірдің жоқтығын пайдаланған Тохтамыс, Хорезм жұртшылығын Темірге қарсы болуы үшін, Мавераннахрға шабуыл жасады. Хорезм патшасы Сулейман Суфи оған оңай келісе салды, бұл Темірдің ызасын тудырды. Темір Хорезмге соңғы жорығын жасады. Ургенчті басып алған Темір, Суфи династиясын жойды жіне Ургенчтің халқын самарқанға қоныс аудартты, ал ол жердің астанасын тегістеп, ол жерге арпа сеуіп тастауды бұйырды. Он күндей Темірдің әскерлері, бай және әдемі қаланы тонады. Ургенчтің көп халқы, әсіресе шеберлер Мавераннахрға қоныс аударылды, бірақ та қала түгел тегістелген жоқ, олар өздерінің көптеген ғимараттарын сақтап қалды. 1391 жылы, Тоқтамысқа қарсы шабуыл кезінде, Темір қаланы қайта қалпына келтіруге бұйрық берді. Осылайша, кішкентай, бірақ өте бай және мәдени Хорезм патшалығы өзінің дербес тіршілігін тоқтатты. Содан бастап, Хорезм алдымен Темір мемлекетінің құрамына, кейін – Орта Азиялық Тимуридтер мемлекетінің құрамына кірді. Осылайша, Орта Азияның, Жетісу мен Сырдарияның төменгі жағынан басқа барлық жері Темірдің қол астында болды [41, 187]. Темірдің жауынгерлері мен Тоқтамыстың әскерлері, Саураннан төмен жатқан Сыр – даряның қалаларынан басқа жерлерді басып алуды көздеген емес. 1380 жылы, ұлы хан аталған Тоқтамысқа қарсы, 1389, 1391 және 1394 – 1395 жылдары, Темір тағы да үш жорық жасады. Ыңғайлы болу үшін, біз, Темірдің Алтын Ордамен шайқасына назарымызды топтадық. Көрсетілген, Тоқтамысқа қарсы күресте, біз назарымызды, соңғы екі жорыққа тоқтатуымыз керек. 1391 жылы Темір Самарқаннан шығып кетіп, Ташкентте қыстап шықты және 200 мың әскерімен, қазіргі Қазақ ССР-і аталатын жазық далаға беттеді. 1391 жылы сәуірде, Ұлы тауда, Қарсақпай кенішінің ауданында, Темір: «Туран сұлтаны Темір, өзінің 200 мыңдық әскерімен Тоқтамыс – ханның қанына бара жатыр», - деп тасқа қашап жазуды бұйырды. Бұл жазбалар он жыл бұрын табылды және қазіргі уақытта Ленинградтағы мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы тұр. Ұзақ өтпелдерден өткен Темірдің 200 мыңдық әскері, Тоқтамыспен, Самара мен Чистополь арасындағы Кундузча елді мекенінде кездесті. Осы жерде, 1391 жылы 18 маусымда, Тоқтамыстың толықтай жеңілісімен, шайқас болды. Бірақ та, Алтын Орданың қоры өте көп болатын, шайқастан жеңіп және өте үлкен олжаға кенелсе де, Темір алтынордалық мемлекетті қирата алмады. Олардың арасындағы күрес жалғасып жатты. 1395 жылы Темірмен Тоқтамыс арасында Солтүстік Кавказда, Терек өзенінің аумағында, жаңа шайқас болды. Бұл жерде де, Тоқтамыс жеңіліске ұшырады. Бұл жолы Тоқтамыстың әскерлерінің әлсірегені соншалықты, Темірге Алтын Орданың жүрегі – оның астанасы Берке Сарайына тікелей, жол ашық болды. Өте үлкен және бай қала қоршауға алынды, тонауға түсті және өртелді. Және ол жерден көп мөлшерде олжа алынды, әр түрлі материалдық бағалы заттардан басқа, өте көп тұтқындар – күңге айналған ерлер, әйелдер, балалар болды. Тек қана Сарай Берке мен Хаджи – Тархан (Астрахань) ғана қасіретке ұшырап қана қоймай, Қырым, теңіз жағалауындағы қалаларымен (мысалы, Каффа), сондай – ақ, Азак (Азов) және Солтүстік Кавказ да зардап шекті. Егер де, Ургенчтің жеті жыл алдын бос болғанын назарға алсақ, Темірдің Алтын Орданың құрамындағы мәдени аймақтардың шаруашылық, әсіресе саудагерлік өмілерін талқандау, өз жобасында болғанын аңғарамыз. Бұл жерді қирату, жоюдың өте үлкен болғанынан, бұл жерлер экономикалық тұрғыда, біраз орнына келе алмағаны бізге белгілі [42, 256 б]. 1395 жылғы Терекенің талқандалуы мен Сарай Беркенің құлауы, Алтын Ордаға түзелмейтін соққы болды. Ұлы Ресейге көп қасірет шеккізген мемлекеттің арқасы сынды. 1395 жылдан кейін, Алтын Орда сөзсіз құлдырай бастады. Ал 1395 жылғы Теректідегі жеңіліс пен Сарайдың талқандалуы екінші соққы болды. Темір, Алтын Ордамен шайқасты Орта Азияға қызығушылықпен жасады, және ешқандай хабары жоқ мәскеулік княздің байланысынсыз жасады, бірақ та осының барлығы Орталық Азияға ғана пайда әкеліп қоймай, Ресей үшін де пайдалы болды. Темір, Алтын Ордаға жасаған соққының орыс тарихына қандай мәні бар екенін түсінген жоқ. Ал орыс жазбаларында, Темір туралы өте жаман естеліктер жазылған, өйткені, 1395 жылы ол орыстың оңтүстігінің бірқатар қалаларын өртеп, тонаған делінген Якубовскийдің еңбектерінде.Шараф ад-дин Али Йезди былай деп жазады қыс өте көктем сұлтанның бұйрығымен ояна бастаған көк әскері даланың бетін жаулап алғанда, әділ көктем патшасының көк шуағынан суық қыстың әскері қаша бастағанда, Темірдің ұшқыр ойы әскерді Тоқтамыс ханға қарай бастап, осыдан былай көрпесіне көселіп, аяғын аңдатып бастыру үшін оны қайтадан жазаламаққа шешім қабылдады. Осыдан кейін оләскер жарақтауға назар аударып, жауынгерлерге сыйлық таратты, және ханшайымдарды арбалы керуенмен Сұлтанияға жіберуді, Сарай Мүлк Ханым мен Тұман ағаға кішкентай балаларды алып Самарқанға кете тұру, ал Шолпан Мүлк ака мен кейбір әйелдері сонда қалдыруды бұйырды. Сұлтания қамалының коменданты міндеті жүктелген Ахи Мираншахпен бірге сол жақты басқару үшін Темір соларға Муса Рақмалды қосып берді. Бұйрық бойынша олар шыққан кезде Темір 797 жылдың жұмалысының 7-ші күні жексенбіде сол жерде әскер туы көтеріліп аттануға белгі берілді. Жасақтар бірінен соң бірі туларын желбіретіп және әрқайсысы тас түйін қатаң тәртіппен келе жатты, және олар батыс пен солтүстікке бағыт алғандықтан, ежелгі түркі салты бойынша алдыңғы жаққа сол қанатты жіберді. Соғысқа сылтау табу үшін қыстауға жатқан кезде-ақ Темір Тоқтамыс ханға хат жазады. Хатты ол әрі ақылды, әрі шешен, тәжірибесі мол, төр ережелері мен заңдарын жете меңгерген, қандай ортада әдемі сөз таба білетін, көздеген мақсатына жете білетін Алмалықтық Шемс-ад-динді жібереді. Ол Дербент арқылы Дешті Қыпшақтағы Тоқтамыс ханға келіп, Темірдің хатын қолына береді де, ұлы мәртебелінің сәлемін көркем және шешен сөзбен айтып жеткізеді. Бұл Тоқтамыс ханға қатты әсер етті де, ол татуласуға дайын екендігін білдіріп, ымырашылдықпен кешірім сұрап шын ниетімен тізе бүгіп, араларындағы араздықты жоймаққа ант су ішеді. Бірақ оның әмірлері ақылға салып ойланбай жатып оған қарсылық білдірді, олар бүлік шығарып, өркөкіректеніп менмендікке басып жарылқаушысының да, өздерінің де бағын байлап, біткелі тұрған істі аяқсыз қалдырады.Бұл бишаралардың сөзіне ерген Тоқтамыс хан әділ жолдан тайып, тәкаппарлық пен бос үміт тұңғиығына батты, қасіретке жол беріп, Темірдің жазған хатына дөрекі сөздермен жауап қайтарды. Алмалықтың Шемс-ад-динге шапан жауып, қайтарады. Ол Самур өзені бойындағы патша ордасына жетіп, жерге тағзым ету дәстүрін жасап болған соң, Тоқтамыс ханның хатын береді. Темір бұл әдепсіз жауабына қатты ашуланып, әскерді сапқа тұрғызып, тәртіпке келтіруге бұйырады. Самур өзені Эльбрус тауының бөктерінен өтеді, ал ол жерден Кулзум теңізіне дейін бес фарсах. Бұйрық бойынша әскер ретпен жүріп отырып, сол жақ қанаттың шебі Эльбрус тауының етегіне дейін, оң жақ қанаттың шебі Кулзум теңізінің жағасына дейін жетіп, тізіле орналасты. Саны жағынана мұндай қалың қолды Шыңғысхан заманынан бері ешкім көрмеген, ал көркемдігі мен жарақтануы жағынан Аджем патшалары туралы әңгімелерден де ешкім осындайды оқып, естімеген болар ау. Ұлы Темір құдайдың қуатында жеңімпаз әскердің сол қанатын, орталық және оң қанатын айнала өтіп сауыттарын тікелей өзі тексеріп шықты. Ол жақындағанда әрбір жасақтың әмірлері мен батырлары тізе бүгіп, шын ниетімен қызметке дайын екендерін айтып, оны мадақтап, адалдықтарын жеткізіп жатты. Олардың әрқайсысы үйреншікті әдетімен ерттелген аттарын жетектеп шығып, тізе бүгіп қарсы алады. Темір оларға өзінің қошеметін білдіріп, патшалық уәдесіне сендірді. Ол ортаға қайтып оралған соң, литавр ойнап дабыл қағылды, оң жақтан және сол жақтан да, ортадан да керней тартылды, жалаң қылыштарын жауға қарай сермеп, сарбаздар ұран салғанда тау қозғалып, теңіз толқығандай болды. Әмірлер-түмен басы, мыңбасылар және қосын жасақ жасағымен сап түзеп рет ретімен алға қарай қозғалды. Олар Дербенттен өткен кезде, Эльбрус тауының етегінде Тоқтамыс хан билігіндегі жұрттардың бірі қайтақ тайпасын кездестіреді. «Фатиханың басы – кітаптардың анасы» дегендей істің бисмилласын бастау үшін, Темір ол кәпірлерді қырып тастауды бұйырады. Жан алғыш әскер тап беріп, оларды о шеті мен бұл шетіне дейін мыңнан біреу де қалдырмай қырып, бәрін тонап, ауылдарын өртеп жібереді. Тоқтамыс хан Ұртақ есімді елшісін Темірге жібереді. Ол патша ордасына жақындап келіп, сан жетпес қалың қолды көргенде аң-таң болып қорыққанынан дереу кері бұрылып, Тоқтамыс ханға Темірдің адам айтқысыз әскерімен келіп авангарт ортаңғы қолын реттеп келіп қалғандығын жеткізеді. Оны естігенде не істерін білмей сандалған Тоқтамыс хан Қазаншыны үлкен қолмен алдын ала жібереді. Темір бас әскерімен Тарға жеріне келіп, қосын тіккен соң, оған Тоқтамыс ханның қазаншы авангарты Хой өзенінің бойына келіп тоқтады деген хабар келеді. Темір таңдаулы әскерімен өзі бастап түнделетіп шығып, таң ата өзеннің арғы бетіне өтіп, жауға шабуыл жасайды, жарқыраған жалаң қылышпен жауды қырып, даланы дұшпанының қанына бояйды, семсердің серпінімен бақыт келіп, жеңістің гүл шоқтары шашақ жаяды. Әлем жаулаушысы жеңімпаз әскерімен осы жерден шығып, Сунж өзенінің жағасына келіп тоқтайды, ал Тоқтамыс хан әскерін Терек өзенінің бойына жинап, алдыңғы шепке турларды, арбалар мен қойып өзінің позициясын нақтылап, шайқасқа дайын тұрады.Темір өз әскерін әскери тәртіппен орналастырып, басына қонған бағымен әскерінің құдіреттілігінің арқасында, Тоқтамыс ханның табандылығы мен сабырлығын шайқалтып, бойына қорқыныш пен үрей ұялатты. Ол төтеп бере алмай, әскері қазған бекінісін тастап, шегініп кетті. Темір өткел тауып, Терек өзенінің арғы бетіне өтеді, ал Тоқтамыс хан Қурай өзеніне жетіп, қалған әскерін жинауға кірісті. Темір әскерінің азық – түлігі таусылуға әзер қалғандықтан, сарбаздарына астықтан азық – түлік жинап, қорланып алып, жауды жоюға кірісу үшін, Темір өзен бойымен Жулат аймағына келеді. Сол кезде қарауыл күзеті Тоқтамыс хан әскерін екінші рет тәртіпке келтіріп, өзен жағалауымен жеңімпаз әскердің артынан келе жатыр деген хабар жеткізеді. Темір әскерінің оң – сол қанаттарын, орталық тобы мен шет – шеттерін ретке келтіріп, кері бұрылып, өзенді өрлейді. Екі жақтың ара қашықтығы жақындаған соң, доңыз жылына сәйкес 797 жылы жұмалының 22 күні сейсенбіде бір – біріне қарама – қарсы келіп тоқтайды. Жеңімпаз әскердің тавачийлері бұйрықты орындау үшін әр қайсысына тұратын жерлерін бөліп береді. Сарбаздар қосты айналдыра жыра қазады да, бой тасалайтын бекініс жасап, жерге қазықтар қақты, ол жыраның арғы жағынан екіншісін қазды. Түнгі шабуылдан сақ болу үшін осы түні ешкім өз орнынан қозғалмасын, дыбыс шығармасын деген қатаң бұйрық берілді. Жоғарыдан түскен бұйрық орындалып жатты, дәл сол түннің ортасында Тоқтамыс мәртебелі орданы састырып, берекесін қашырмақ болып, түнгі шабуыл жасауға әрекеттенді. Ол жақындап келіп, дабыл соғып, литавр қақтырып жіне керней тартып, ұраг шақырды. Жан алғыш әскер бұйрықты орындап, жаудың бұл қылығына назар аудармай, тым – тырыс жатты. Қарсыластарынан ешқандай қимыл байқамаған соң, олар жаудың мұншалықты сабырлығына қайран қалып, жақындауға батылы бармай, келі қайтады. Екінші күні сәрсенбіде екі жақтың әскері де у-шу болып, іс қимыл жасай бастайды. Құдіретті Темір әскерін тәртіпке келтірумен айналысты; жеті корпус жасақтап, бекініс турларды орнатып, алдыңғы шепке батырларды қойды; жаяу әскерлер бекіністің қалқасында, алдыңғы шепте тұрды. Мырза Мұхаммед Сұлтанды ол бас корпусқа тағайындады, ал корпустың шет-шептеріне жүрегінің түгі бар нағыз ержүректерді қойды. Өзі 27 қосынды алып, мықты қаруланып, артқы жаққа орналасты. Жаудың әскері де қарама-қарсыға тұрып, жалауын көтерді. Сол сәтте сол жақ қанаттан біреу жау әскерінің оң жақ қанатынан Күнше-оғлан, Бек-Жарық-оғлан, Ақта, Дәуіт Сопы, Тоқтамыс ханның күйеу баласы қалың қолмен Темір әскерінің сол қанатынан шабуылға шықты деген хабар жеткізеді. Темір тез арада солай қарай ұмтылып, сапта тұрған қосындарымен шабуылға шықты. Олар жан алғыш әскердің екпінді тегеурінін көріп, қашып құтылуға мәжбүр болды. Темірдің 27 қосынындағылардың біразы қашқындардың соңынан қуады. Қашқындар өз корпусына жеткен соң кенет бұрылып, қуып келе жатқандарға қарсы ұмтылады, оларды Темірге дейін қуып әкеліп, жартысын өлтіреді, жартысы жан-жаққа тарқап кетеді. Осыдан кейін қосындар қоян қолтық шайқасып кетеді, ал бойына батылдық қонған олар алға ұмтылып, Темірге қарай беттейді. Өзінің жарылқаушысы үшін жанын қиған Әмір Шейх-Нур-ад-дин жаратушыға сыйынып, жаумен айқасты, оған тағы 50 адам қосылды, және жүректі жаратын оқ жаудырып, дұшпанының жолын кесті. Мұқамед Азат, оның бауыры Әлишах және Түкел бауыршы жаудың бір-бір арбасын қолға түсіріп, оларды Темірдің алдына қалқан орнына байлап қойды. Бефадар қосынымен Алладан да көмекке келіп, Шейх-нур-ад-динге қосылды. Құлдарын ертіп Құсайын мүлік Қаушын да келді. Әмір Зерек Шағу да өз қосынымен келіп, оларға қосылды. Ортадағы қосын туын көкке көтеріп, дабыл соғып, керней тартып, әскери ұрандарын шақырды. Үстуй да өз қосынымен орталық қосынның соңына келіп орын алды. Жау әскері жасақ-жасағымен, қайта-қайта шабуыл жасап, бар күшін салып басқа да, аттан түсіп, тізерлеп отырып садақ атқан жеңімпаз сарбаздарды орнынан қозғай алмады. Сол жақ қанаттың шебінде орналасқан Худадад Құсайын жаудың оң қанатындағы Күнше оғланнан өтіп, Темірге қарама-қарсы тұрып соғысқан Ақтау қыр соңынан келіп, оқ жаудыртты. Сол кезде көмекке Мұхаммед Сұлтан мырза мықты қаруланған қосынымен келіп, Темірдің сол жағынан соғысқа араласты. Батырлар жаппай шабуылға кірісіп, бірден жаудың әскерлеріне тойтарыс беріп, жалаң қылышын сермеп, от шашыратқан найзаларымен жаудың оң жақ қанатын шегіндірді. Оң қанаттың шебінде орналасқан қажы Сейф-ад-дин әмір қиын жағдайда қалады, өйткені жаудың сол қанатының шебіндегі Иса би әмір мен Бақсы қожа оларды жан-жақтан айнала қоршап алады. Ол тайсалмай өз түменімен бірге аттан түсіп, алдарына қалқан қойып, қайсарлықпен ерлік көрсетіп, тізерлеп отыра қалып оқ жаудырып, жаудың тегеурінін басуға тырысты. Дұшпан қаншама бір-біріне көмекке келіп, қылыштарын сермеп, найзалары мен сүңгілерін лақтырса да, бұлар соққыны садақ оғын қайтарумен жаудырды. Ақыры екінші жақтан Жеханша-бахадур өз түменімен келіп, дұшпанмен ақтық шайқасқа түсті. Бұл екі дана әмірдің бірін-бірі қолдап, қосарлана жасаған әрекетінен жаудың оларға қарсы шыққан сол жақ қанатының шебі қаша жөнелді. Темірқожа-и-Ақ-Бұқа да ерлік көрсетіп, өзіне қарсы тұрған жаудың сол жақ қанатын ығыстырды. Рүстем-и-Омар-шейх м-ырза өз түменін бастап күндей күркіреп, найзағайдай жарқырап, дұшпанға соққы берді, қарсыласының мысын басып, шегіндірді, сөйтіп ол жас болсада, марқұм әкесінің атын тағы бір рет шығарды. Тоқтамыс ханның нөкерлері мен «ішкілерінің» бірі Яғлы би бахрин өз жасағының ержүректерімен алға шығып, дауыстап тұрып Осман бахадурды шайқасқа шақырды. Осман бахадур оларға өз әскерімен жақындаған соң, екі жақ бір-бірімен ұстасып, қылыштары мен найзаларын айқастырды. Ақыры, маңдайға жазған құдіретті бағының арқасында, жаудың әскерін тас талқан етіп, жан жаққа шашырата қуады. Тоқтамыс хан Жошы ұлысының ханзадалары, әмірлері мен нояндарын алып қашып құтылды, және олардың сарбаздарының көбі майданда мерт болды. Ханзадалар, әмірлер және нояндар тізе бүгіп, құттықтау рәсімі мен нисар жасады, ал Тимур оларды құшағына алып, мадақтап жатты. Жеңіс туы сол жерден шығып, көңілдері шат, салтанатты түрде Құрай өзенінің бойына келіп, орда тіккен соң, мәртебелі падиша көмекшілерінң жағдайын анықтап алып, әсіресе соғысқа қайсарлық көрсеткен Шейх-Нур-ад-диннің ерлігін ерекше атап, оған тұлпар, алтыннан зер салып, бағалы тастармен әшекейленген киім сыйлап, 100000 кепек динарын сиға береді. Қажырлық пен қайсарлық көрсеткен басқа батырлар мен әмірлерге ақшалай сыйлық таратып, патшаның әр түрлі сый құрметін көрсетеді [43, 108 б]. Темірдің Тоқтамыс ханның соңына түскен шапқыншылығы және Тоқтамыс ханның толықтай жеңілуі туралы төмендегідей баяндалады.Темір осы ұлы жеңіске қолға түскен сан жетпес байлық пен қазынаны арбалы керуенмен қалдырды, ал шайқастың алдында аттан жығылып қолын сындырған Мырза Мираншахты керуенде қалдырды. Ядғар-барлас пен Қажы-Сейф-ад-дин әмірді олардың қасына қалдырып, таңдаулы әскерімен ол шапқыншылық жасамақ үшін, Тоқтамыс ханның соңынан күні түні асыға жүріп, оның ізіне түседі. Еділдің Тұратур өткелі деп аталатын өткеліне жетіп, ол қасындағы Орыс ханның ұлы Құйыршық оғланға патша сарайындағы нөкерлер сапында өзбек батырларынан тұратын жасақты беріп, падишахқа лайық керек жарақты дайындап, оған алтыннан зер салынған шапан мен алтын белбеу сыйлап, Еділ өзенінен өтуді бұйырып, Жошы ұлысының ханы етіп тағайындайды. Жошы ұлысының ханзадасы бұйрыққа бағынып өзеннің арғы бетіне өтеді де, шашырап кеткен әскерді жинап, ұлысты жөңге келтіруге кіріседі, ал жан алғыш әскер жаудың ізін қуып, Укекке дейін барып біразын қырып тастайды. Сол күні ол бишараларды бір жақтан жойқын қылыш соққысы қысса, екінші жақтан еділдің қанішер тасқыны күтіп тұрды. Олардың басым бөлігін тұтқынға алды, ал кейбірі сәл мініп Еділдің арғы бетіне өтіп кетті. Хандық билігі үй мүлкін, бүкіл жиып тергендері мен жасырғанын тастап, шыбын жанын қимаған Тоқтамыс хан бірнеше нөкерімен Бұлардың орман алқабына барып жан сауғалап, дұшпанының жолбарыстай шеңгелінен әзер құтылады. Темірдің жеңімпаз әскері өзеннің осы бетінен бірінші рет Дешті Қыпшаққа жорыққа аттанып, тонап кеткен арғы бетке келеді. Бұл жер «қараңғы қапас елінен» алыс емес. Жеңімпаз әскер бұл жолы да Дешті Қыпшақтың көлемді бөлігін тонады. Мырза Мираншах өзімен бірге Қурай жағасында арбалы керуенмен қалған әмірлермен бірге Юлуклук-Узуклук жерінде темірге келіп қосылады. Өзбек тарихшысы И.Муминовтың Шарафаддин Али Йездидің жазған «Зафарнаме» еңбегіне айтып кеткен пікірлеріне келетін болсақ «Зафарнома», Темір мен оның мемлекеті туралы тарих бойынша, оны алғашқы, бағалы дереккөз ететін нақты материалдарға бай. Сонымен қатар, ол тарихи оқиғаларды жиі әсерлі, көркем етіп берген. Өте бағалы хабарлама деп айтып көрсетеді. Әмір Темір бин Тарағай Баһадурдің өмірі мен қызметінде, екі кезең айқын көрсетілген, бірінші кезең (1360-1386 жылдар) Темір үшін, күштерін бірлестіре отырып, түрік пен тәжік ақсүйектерімен бірге мемлекеттердің бытырауына қарсы, қанішер, дүниеқұмар ұсақ бектер мен сұлтандарға қарсы – ортағасырлық ортадан тепкіш күштерге қарсы, Мауереннахрда тәуелсіз, күшті Монғол феодалды&

Date: 2016-05-23; view: 804; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию