Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Абд Ар Раззак Самаркандидің деректеріндегі Тоқтамыс, Әмір Темірдің Ақ Ордағы жорықтары





Камал ад-Дин Абд ар-Раззак ибн Жалал ад-дин Ысқақ Самарканди 1413 жылы Герат қаласында дүниеге келді. Оның әкесі Маулана Жалал ад Дин Ысқақ сол жерде дүниеге келгендіктен оған Самарқанди есімі берілген. Абд ар-Раззак Тимурлықтар әмірлері Хорасан Шахрух (1404-1447) пен Сұлтан Абу Саидтың (1452-1469) сарайында қызмет етті. 1462 жылы сұлтан Әбу Сейт оны 1410 жылғы Гераттағы Шархух құрған хандықтың шейхі етіп тағайындады. Сол жылы, Гератта 1482 жылы Әбд Ар Раззак қайтыс болды. Әбд Ар Раззак Самаркандидің «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн» (Екі бақытты жұлдыздың шығысы мен екі теңіздің тоғысқан мекені) атты тарихи еңбегі екі Әбу Сейттің Әбу Сейт Хулаги мен Әбу Сейт Тимурлықтың патшалық құрған кезіндегі оқиғаларды сипаттауға арналған (1304-1470). Бұл жылдарға дейін ол Рашид ад Диннің «Жылнамалар жинағын» аяқтады. Абд ар Раззак Самарканди шығарманы 1470-1475 жылдары аралығында жазып бітірді [44, 5-7 б]. «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн» екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі Ельхан Әбу Сейттің туғын жылы 1304 жыл мен Темірдің өлімі мен және 1470 жылы оның немересі Мырза Халелдің Самарканда патшалық құрған кезіндегі жүз жылдықтағы оқиғаларды қамтиды. Екінші бөлім Әмір Темірдің төртінші ұлы Шахруқтың таққа келуі мен 1470 жылғы Сұлтан Хусейннің қайта билік еткен аралықтарын баяндауға арналған. Өзінің еңбегінің бірінші және екінші еңбегінде 1426 жылға дейінгі оқиғаларды суреттеу барысындағы ол Хафиз-и-Абру мен Шараш ад дин Али Езди еңбектеріне қысқаша мазмұндама берген. «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн» 1426 жыллан кейінгі оқиғалардың әрі қарай өруі 45 жылды қамтиды және оны Абр ар Раззак Самарканди өзі жазған. Бұл еңбек үлкен мәнге ие, себебі ол бұл жерде сол оқиғалардың куәгері және әрі қатысушысы ретінде сипаттап жазады. Кейінірек шығарманың бұл бөлімінде барлық мүмкіндіктер қолданылған. Әмір Темірдің Тоқтамыс ханды Темір Мәлік оғлан ханға қарсы соғысқа жібергендігі туралы Самарқандидің дерегінде былай баяндалады: Темір-Мәлік ханның қамсыз жатқаны турлы естіген Темір Тоқтамысқа тағы да түрлі сыйлықтар мен қошаметтер жасап, оған қоса Әмір Бияс ад дин тарханды, Әмір Тұман–Темірді, Жақия қожаны, Өзбек Темірді, Никиді көп әскермен аттандырды. Оларға Сығанақта Тоқтамыс ханды сұлтанның тағына отырғызуға бұйырды. Темір–Мәлік–оғлан Қараталда қыстап жатқан еді. Тоқтамыс Темір–Мәлікке қарсы шайқас ашып, нәтижесінде Темір-Мәлік жеңіліп, Тоқтамыс жеңіске жетті. Осы қуанышты хабарды жеткізуге ол Темірге орыс қожаны жіберді. Ұлы мәртебелі Темір оғлан қуанып, бірнеше күн той жасап, хабаршыны сый–сияпатқа бөлеп, кері қайтарды. Тоқтамыс хан Сығанақта қыстап шыққаннан кейін, көктемде Камак аймағын жаулап алды. Оның билігі күшейе түсіп, өз байрағын жоғары көтерді. Ал Темір Мәлік өзінің Мұхаммед оғлан берген алғашқы мыңдығына келіп, Тоқтамыс ханды қуу туралы кеңес құрды. Бірақ Мұхаммед оғлан шарасыздық танытты. Оның бұл ойын теріс пиғылда түсінген Темір–Мәлік кінәсыз Мұхаммед оғланды өлтіріп, өзінің мыңдығымен Тоқтамысты қуу үшін жүріп кетті. Олар Қараталдың төңірегінде кездесіп, шайқасты. Бірінші ұрыста Темір–Мәлік тұтқынға алынып, өлтірілді. Темір–Мәліктің жанындағы жақын адамдарының бірі Балыншақ тұтқынға алынды. Ол өзінің тақсырына адал бахадур болғандықтан, Тоқтамыс оны тірі қалдырып, әмірінің қатарына қосты. Балыншақ сол сәтте тізерлей құлап: «Темір Мәліктің кезінде өмірінің жақсы кезеңдерін өтті. Мен өзімді оның тағында көргенімше менің көзім ойылып түссін. Маған жақсылық жасағың келсе, менің басымды шабуға бұйрық берде, менің денемнің үстіне оның денесін қой, себебі оның жаны қорлық көрмесін», – деді. Осы сөзден кейін Тоқтамыс адал және ержүрек батырдың жанын о дүниеге аттандырды. Әмір Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы 1391 жылғы жорығына арнап Алтын-Чуку тауына шағатай тілінде 8 қатардан ал араб тілінде 3 қатардан тұратын жазу қалдырады. Тарихта бұл жазбаны Темірдің Қарсақпай жазбасы деп аталған [45, 187 б]. Темірдің Орыс ханмен қарым-қатынасын Самарқанди және басқа ғалымдардың еңбегінде төмендегідей көрсетіледі. Темірдің жорықтары, оның ішкі талас-тартыстарға араласуы Орыс ханды Сарайдан тез арада кетіп, Ақ Ордаға оралуға мәжбүр етті. Темір тағыда Тоқтамысқа әскер жасақтады, бірақ ол жорыққа шығып үлгермей-ақ, Орыс ханның елшісі келіп, оның әскері Түркістанға келе жатқаны және Түркістанға қайтару туралы талапты хабарлады. «Тоқтамыс менің ұлдарымды өлтірді, және де сіздің жаққа барды. Дұшпанымды маған тапсырыңыз, болмаса соғыстың орнын белгілеңіз!»- дейді Орыс хан. Осыған байланысты айтылған Темір жауабы Темір мен оның ұрпақтары тарихнамасында әртүрлі баяндалады: «Ірі мемлекеттерді иеленушілердің батылдық пен әдет-ғұрыптарының қай заңында бірер мемлекеттен пана іздеп келген адамды дұшпан қолына тапсыруға жол беріледі?! Бұндай болу мүмкін емес. Әрине, бұл сылтауға бола жанжал көтерілсе, ықтиярыңыздан соғысқа дайын болу керек» [46, 104 б]. «Ол бізге сеніп келіп тұр. Мен оны ешкімге бермеспін. Алайда ұрыс десеңіз дайын тұрмыз» [47, 83 б]. «Темір қатты ызаланып, Қандағар аймағынан Хотан шекарасына дейінгі барлық атты, жаяу әскерлер белгілі уақытта жиналып, жауға тойтарыс беруге аттансын, деген қаһарлы бұйрық берді». Шынымен де, Темір соншалықты ашық түрде қастықпен жауап берді ме? Жауаптың мәтінде әр түрлі нұсқада берілуі біздің ақпаратшыларымыздың мәліметтерінің шынайылығына күман туғызады. «Темір ережелерінде» Орыс хан елшілігі жайлы нақты міліметтер бергенімен, елшінің аты мен келу мақсаты аталмайды, бірақ темірлік тарихшылар Шами, содан соң натанзи мен Йезди Орыс ханның тек бір елшілігі жайында ескертеді. Оның басында Кебек тұрды. Қ. Өскенбай кейбір зерттеушілердің «Темір ережелеріндегі» елщіліктің Темірге кейінірек соғыс қимылдары кезінде келді деп жорамалдайтығын айтады [48, 106 б]. Елшілікке қатысты «Темір ережелерінен» мәтін келтірейік: «Дешті Қыпшақ ханы Тоқтамыс хандыққа таласып Орыс ханнан жеңіліп, менің қарамағыма қашып келген еді. Онымен бірге қосып жіберсем ба екен, жоқ өзім барсам ба екен деп тұрғанымда Орыс ханның елшілері келіп қалды. Кеңесіп, елшінің көңілін аулап, содан соң кетулеріне рұхсат беріп, елшінің соңынан әскер жіберуді немесе, елші жайбарақат барып, болған оқиғаларды Орыс ханның мәжілісінде баяндасын, ертесі күні менің әскерім тосын жағдайда олардың үстінен бастырып кірсін деп ойластырдым» [49, 55 б]. ««Ережелерде» суреттелген елшілердің Темірге келу жағдайы, бұл жерде Кебек-маңғыт басшылық еткен елшілік жайлы сөз болып жатыр деп топшылауға болады. Ал жоғарыда келтірілген Темірдің елшілерге айтқан қаһарлы сөздерін ғайбарлы, біржақты Темірлік тарихнамаға тән тағы бір бұрмаланған мәліметтер деп санауға болады» дейді Қ. Өскенбай [50, 47-49 б]. Алайда деректегі мәліметті әрі қарай жалғастырар болсақ былай делінеді: «Ойлағанымдай іс жасаған едім, жопарым жүзеге асты. Орысхан елшісі болған оқиғаларды баяндап жатқан уақытта, менің қорықпас әскерім тосыннан Орыс хан үстінен түсті. Орыс хан қарсылық көрсете алмай, қашуды ұйғарды. Дешті Қыпшақ мемлекеті маған бой ұсынды» [51, 54]. Ал Темір тарихшыларының айтуынша Әмір Темір тосыннан емес, алдын ала даярлықпен жорыққа аттанды. Соның өзінде бірден соғыспайды. Өйткені тылсым табиғат кедергі болады [52, 184 б]. Темірлік тарихшылар бірауыздан Темір әскерінің Сырдариядан өтіп, Отырар даласына орналасқанын айтады. Ақ-Орда әскерлерінің орналасқан жерін Шами мен Йезди Сығанақ деп айтады: «Орысхан, барлық Жошы ұлысын жинап, Сығанаққа жетіп тоқтады. Ол жерден Отырарға дейін 24 фарсах» Натанзи бойынша Орыс хан әскерлерімен Сауранға орнықты және де екі әскерлердің аралығы шамамен жеті фарсахты құрады. «Біздің санауымыз бойынша, - дейді Қ.Өскенбай, бір фарсах бес-жеті километрді құраса, бірінші жағдайда жау әскерлерін 120-170 км қашықтық бөліп тұрды, екінші жағдайда–35-50 км. Екі жақтың барлаушы отрядтарының арасында үнемі болып тұрған қақтығыстарды ескеретін болсақ, Натанзи пікірі біршама шындыққа жақын екендігін мойындау қажет [53, 118 б]. Бір-біріне қарама-қарсы тұрған жау келесі күні соғысқа дайындалумен айналысты. Алайда Орыс хан мен Темір арасында шешуші соғыс болған жоқ. Оқиғаның болуына табиғат кедергі жасады. «Сол кеште ауа бұлттанып, қар мен жауын жауды. Қатты суық болғаны соншалық, екі жақтан да бірер бір жанның әрекет етуге батылы жоқ еді. Үш айға жуық бір-біріне қарсы отырып, Сахыбқыран дұшпан әскерлеріне алдын ала соққы беру үшін әмірзада Ярық Темір, Мұхаммед Сұлтаншах, Хитай Баһадур мен Мубашширді жіберді. Бұйрыққа сәйкес бес жүз кісі атқа мінді» [54, 104-105]. «Кешкісін Орыс ханның ұлы Темір Мәліік оғланға кезікті. Оларда үш мың кісі бар еді»,– [55, 176 б]дегеніне қарағанда Орыс хан әскерлерінің жеңілуі мүмкін емес еді. Ал темірлік тарихшылар «жаудың қашқаны» жайлы мәлімдейді. Олар тағыда шындықты бүгіп қалуға тырысып, Темір әскерлерінің артқа шегінгендігін мойындағылары келмейді. Дегенмен, болған оқиғалар мұның растығын дәлілдейді: «Бұл соғыста Ярық Темір мен Хитай-баһадур қаза тапты. Темір Мәлік оғланның аяғына Елші бұға атқан оқ, аяғынан өтіп атқа қадалды». Ал тірі қалған Мұхаммед Сұлтаншах қайта оралды. Бұл жағдайдан кейін Темірдің негізгі күші өзінің жоғарғы билеушісімен Кеш қаласының бағытында артқа шегінді. Сол маңда бір аптадай уақыт өзінің әскерін ретке келтірумен айналысты, сөйтіп Тоқтамысты жол көрсетуші ретінде жанына алып, бір аптадан соң қайта жорыққа аттанды. Екі аптадан соң ол Орыс ханның ұлысы орналасқан Жайран Қамыс деген жерге жетеді [56, 204 б]. Кейінгі болған жайт темірлік тарихнамашыларының шығармаларында жеңісті жағдайлар қысқа ғана беріледі. Сол уақытта олардың басты жауы- Орыс ханның өлімі жайлы, оның орнына үлкен ұлы Тоқтақия тағайындалғаны туралы хабар келеді. Алайда кейбір зерттеушілер ол жайында былай көрсетеді: «Сақыбқыран Орыс ханға қарсы күресу үшін Сығанаққа жақын келіп орналасады. Ауа-райының жамандығы, қахратан қыс пен жауын шашынға байланысты артқа қайтып бірнеше ай Кеште тұрды. Содан соң Орыс ханға қарсы соғыс бастау үшін Тоқтамысты жолбасы етіп алған бір уақытта жоспар өзгеріп, бірінші Орыс хан, кейінірек Тоқтақия қаза тапты» [57, 7 б]. Яғни Орыс ханмен Темір әскерлері арасында болған қақтығыстарды соғыс деп есептемейді. Орыс ханның өлімі Темірге жол ашып беруі керек еді. Ол сол мезетті пайдаланып шешуші соғысқа кірісуі қажет еді. Алайда, ол өз иелігінің шекарасында Тоқтамысты Хынкоғлан атты ат сыйлап қалдырып, өзі Самарқандқа қайтты. Мәуеренахр билеушісінің бұлай тез қайтуы және артынша Тоқтамыстың жеңіліс табуы 1377 жылы көктемде орын алған оқиға нәтижесіне басқаша қарауды қажет етеді. Яғни, бұл Темір әскерлерінің Орыс хан әскерлерінен жеңілуі деп қорытындылауға келеді. Тоқтақия өлгеннен соң Алтын Орда тағына Темір Мәлік отырды. Тоқтамыс Әмір Темір әскерлерінің күшімен Темір Мәлікке қарсы күреседі. Темір Мәліктен Тоқтамыстың әскерлері үш рет жеңіледі. 1379 жылы Темір Тоқтамысқа және көмек береді. Бұл жолғы шайқаста Тоқтамыс Қараталда қыстап жатқан Темір Мәлікті біржола талқандайды. Сығанақтың жаңа билеушісі алғашқы кезде өз қамқоршысының бұйрығын орындап жүрді. Кейіннен Ақ Орданың атақты әміршісі толық қожасы саналған Тоқтамыс хан енді Әмір Темірге деген тәуелділіктен бас тартып оның өзіне қарсы әрекеттер жасап, енді Алтын Орданы өз қолына толық алуға күрес жүргізеді. «Барлық тарихшылар мен аңыз-жыр айтушылардың пікірі бір жерден шығып, Темір-Тәлек ханның билігі біткенде жеңіскер ұлы Сахыбқыран Әмір Темір Гураганның қолдауымен Тоқтамыс хан хан тағына отырды» [58, 332 б]. Осылайша, Тоқтамыс өзін Ақ Орданың билеп-төстеушісі деп есептеп, Ақ Орданың көптеген әмірлері оның жағына шықты. 1380 жылы ол Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алды [59, 123 б]. Темір Дешті Қыпшаққа жорыққа аттануға дайындалып жатып, табашыларды әскер жинауға жіберді. Олардан бір жыл бойы уәлият пен аймақтардан әскер беруді, түріктер мен тәжіктерді азық түлікпен қамтамасыз етуді талап етті. Әрбір адамда төрт түрлі қаруын болуды міндеттеді: садақ, 30 жебе, қалқан мен қорамса, әрбір екі адамға бір қосар ат, екі күрек, бір кетпен, бір орақ, бір ара, бір балта, бір біз, 100 ине, мықты қайыс, үлкен қазаннан болуын бұйырып, тексерген жағдайда осы аталған заттардың дайын тұруын талап етті. Осыдан соң, Ташкенттен шыққаг соң әскердің әрқайсысы 1 айда 1 қамбаның салмағындай талқан жесін, ешкім нан пісірмесін, тек қана быламық ішсін деген бұйрық келді. Осылайша істі тиянақтаған соң Темір Ташкентті қыстап, Сафардың жартысында әйелдері мен ханшайымдарын Самарқанға жіберіп, өзімен бірге тек Шолпан–Мәлік аруды қалдырды.

Date: 2016-05-23; view: 805; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию