Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мұхаммед Ховент–Шах Мирхондтың дерегіндегі Тоқтамыстың жорығы





Толық аты Мұхаммед ибн Ховент–шаж ибн Махмұд Мирхонд – «Раузат ас–сафа фи сират аал–анбия ва–л–мулук» (Пайғамбарлар, патшалар және халифтерге қатысты тазалық бақшасы) атты көлемді тарихи еңбектің авторы. Ол 1433 жылы Балхта дүниеге келген. Оның әкесі, Бурхан–ад–Дин, Бұқараның сейттер көне руынан, Балхқа келіп, сол жерде өмір сүріп, дүние салған. Мирхонд өмірінің басым бөлігін Гератта Темірліктер әулетінің ең соңғы өкілі – Сұлтан Құсайын Байғараның сарайында өткізді. Бұл жерде ол атақты ақын және мемлекет қайраткері Мир Али–Шер Науаидің қамқорында болып, соның талабымен өзінің ірі шығармасын жазуға кірісті. Өмірінің жартысын көптеген тарихи кітаптарды оқумен өткізгендігін Мирхондтің өзі де айтады. Мирхонд Гератта 1498 жылы қайтыс болады. «Раузат–ас–сафа» («Тазалық бақшасы») – Мирхондтың Темірліктер әулетінің Мәуреннахр мен Хорасанды билеген соңғы жылдарында жазған әлем тарихындағы қомақты тарихи құрастырмасы. Мирхондтың өз шығармасын жазуда Темірліктердің бай кітап қоймалары мен кітапханаларында сақталған өзіне қажетті барлық мәліметтерді кеңінен әрі кедергісіз қолдануға мүмкіндігі болмаған. Мирхонд өзінің жол салушылары сияқты, жазба ескерткіштерден басқа өз замандастарының аузынан естігендерін көп пайдаланған, сол оқиғалардың көпшілігіне өзі не куәгер болған, себебі мемлекеттің саяси өміріне, сұлтан сарайына бір табан жақын болды, әрі өз қамқоршылары тарапынан оң көзқарасқа ие болды. «Раузат–ас–сафа» кіріспеден, жеті томнан және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде маңызды автобиографиялық мәліметтер келтірілген, Сондай ақ Мирхонд өзінің ойы бойынша нағыз тарихшыға тән қасиеттерді суреттейді және тарих ілімі «ақыл мен білім адамдарына» өоятын талаптарды атап шыққан. Өзі оқыған араб тіліндегі және парсы тіліндегі ескерткіштердің барлығын, хронологиялық не басқада тәртіпке сүйенбей, толық санап шықты. «Раузат–ас–сафа» шығармасын зерттеушілер оны жалпы тарих бойынша үлгілі әрі таңдамалы еңбек деп санайды, оның ерекше мәнерін, материалдарының молдығы мен қызықтығын атап айтады, бірақ та сонымен қатар, авторда тарихи сын мен әдістің жоқтығын да айтады. «Раузат–ас–сафаның» бірінші томында тіршіліктің пайда болуынан бастап Сасанилер әулеті басқаруының соңғы уақыттарына дейінгі оқиғалар суреттелген, екінші том ислам діні мен Мұхаммед пайғамбардың пайда болуынан төртінші Али халифтің дәуіріне дейінгі уақыт қамтылған, омейяд пен аббас халифтері мен имамдарының тарихы үшінші томда келтірілген, ал төртінші том әмір Темірге дейін мұсылман шығыста билік еткен болмашы әрі кіші әулеттерге арналған, Шыңғыс хан мен оның ізбасарларына арналған бесінші том, Темірдің билік жүргізу тарихы мен оның Абу Саидке дейінгі көптеген ұрпақтарына алтыншы том арналған, ең соңғы, жетінші томда 1457 мен 1521 жылдар аралығындағы оқиғалар мен Сұлтан Құсайын Байқараның билікке келу, басқару және тақтан кету тарихы жазылған. Осы «Раузат–ас–сафандан» алынған материалдар 1939 жылғы «Түркімендер мен Түркімен тарихы бойынша материалдар» басылымынан келтірілген.

Date: 2016-05-23; view: 594; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию