Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Темірлік деректердегі Әмір Темір мемлекетінің саяси құрылымы, Тоқтамыс, Темірдің жорықтары





Азақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Джалгасбаев К.П.

Азақстанның орта ғасырлық тарихы Темірлік деректер негізінде

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011400-«тарих»

 

 

Алматы, 2016

ЖОСПАР

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 Темірлік деректердегі Әмір Темір мемлекетінің саяси құрылымы, Тоқтамыс, Темірдің жорықтары................................................................9

1.1 Әмір Темір және оның «Тузук-и Тимури» дерегі.......................................................................................................................12

1.2 Низам-ад дин Шами оның «Зафарнамесіндегі» Тоқтамыстың, Темірдің жорықтары...................................................................................................22

 

2 Шығыс Дешті Қыпшақ тарихы Темірлік парсы, араб деректерінде..................................................................................................38

2.1 Шараф ад-Дин Али Йезди және оның «Зафарнамесіндегі» Темірдің Шығыс-Дешті Қыпшаққа жорығы............................................................38

2.2 Абд Ар Раззак Самарқандидің деректеріндегі Тоқтамыс, Әмір Темірдің Ақ Ордаға жорықтары................................................................................53

2.3 Мұхаммед Ховент-Шах Мирхондтың дерегіндегі Тоқтамыстың жорығы.........................................................................................................57

2.4 Ибн Арабшах және оның деректеріндегі Әмір Темірдің жорықтары...................................................................................................60

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................67

ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................71

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендік алғаннан бері Қазақстанның геосаяси жағдайы күрт өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбұрыстар болды. Әсіресе, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіз мемлекет болып өмір сүріп тұрған тұста, қазақ халқының рухани өрлеуі мен тарихы санасының қалыптасуы дәуірінде өзінің көршілес және алыс-жақын халықтармен, мемлекеттермен ғасырлар бойы орын алған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылық уақыт өте артып отыр. Осы орайда, әлем тарихында үлкен маңызы болған, орта ғасырларда Орта Азияда құрылған Әмір Темір мемлекетінің жүргізген сыртқы саясатын жан-жақты талдау кездейсоқ емес. Өйткені, мемлекет орта ғасырдың ең ірі империяларының қатарына кіріп қана қоймай, өзінің көрші мемлекеттерінің, сондай-ақ Иран, Үндістан, Қытай сияқты ірі мемлекеттердің, Еуразия мен Орта Азия аймағындағы бірсыпыра этностар мен мемлекеттердің тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды. Олардың ішінде халықтардың тарихына өзіндік әсерін тигізген, тарихи оқиғаларға өшпес із қалдырған – Әмір Темірдің жасаған жорықтары және оның жүргізген сыртқы саясаты болы. Осы уақиғаларды талдау барысында мен өзіме зеттеу нысаны ретінде Әмір Темір жайында жазылған деректер тақырыбын алдым. Себебі осы мәселені жан-жақты қарастыру барысында осы тарихи тұлға жайында деректер талданады. Осы тарихи тұлға жайында жазылған көптеген сол уақыттағы және кейінгі еңбектерді талдай отырып олардың мазмұнын, бір-бірімен салыстыра отырып өзектілігін ашу болып табылады. Әмір Темірдің Алтын Орда ханы Тоқтамыспен, Моғолстан ханы Тоғлық Темурмен болған соғыстары жайында кеңірек тоқталып кетттім. Сонымен қоса бірнеше деректермен жұмыс істей отырып оларды бір бірімен салыстыра кетіп еңбек жайында авторлардың пікірлерін айта отырып салыстра көрсету болып табылады. Қазақстан мен қазақтардың мәдениеті мен тарихын зерттеу үшін өткен ғасырлардың аса бай жазба мұраларын шығармашылық тұрғыдан меңгеру өте маңызды болып табылады. Біздің тарихымызға қатысты XIII-XVI ғғ. Бізге дейін жеткен жазба ескерткіштерінің ішінде парсы тілді деректер ерекше орын алады. XIV-XV ғғ. Орта Азия мен Қазақстанның тарихын ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. Темір және оның ұрпақтарына арналған нарративтік шығармалар орта ғасырлық Қазақстан тарихын зерттеуде құнды дерек болып табылады. XIII-XIV ғғ. Дешті Қыпшақ және Түркістан жеріндегі негізгі оқиғалар тізбектелген бұл шығармалар біржақтылығына қарамастан дерек ретінде алатын орны жоғары. Өйткені тек Әмір Темір және оның ұрпақтарының шығармалары ғана сол кезең оқиғаларынан басқа ортағасырлық мұсылман деректеріне қарағанда толықтай көрініс береді. Зерттеуіміздің мақсаты осы Темірлік деректер негізінде Ақ Орда, Алтын Орда және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына қатысты жазылған темірлік материалдарды зерттеу болып табылады. Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Әмір Темір өзінің халқына және хандығына мемлекеттік билік пен заңдар жобасын жасап берді. Бірақ бұл оқиғалар халықты жаппай қыру және қиратумен қатар жүріп отырды. Бұл оқиғаларды талдап, баға беру үшін мен бірінші кезекте осы оқиғаларға деректік негіз бола алатын шығармаларға тоқталып өтейін.

Әмір Темірдің өміріне байланысты деректік материалдар жылнамалық және мемуарлық сипатта жазылған деп топтауымызға болады. Бұл кезеңге байланысты бай мәліметті сонымен қатар заттай деректерден, эпиграфикалық ескерткіштерден де байқауымызға болады. Бұл дәуірге байланысты көп деректің бізге жетуіне Әмір Темірдің жанында арнайы хат танитын сауатты жылнамашыларының болғандығы да септігін тигізді («дабиран-и хас»-жеке хатшы, «фадилан-м аср»-заманының білімді адамы). Осындай адамдарының бірі Омар деген ғалым адам болды. Ол Темірдің Үндістан сапарына қатысып, жанында болып, көрген білгендерін қағазға түсірген. Осы сапардың негізінде «Үнді жорығының күнделігі» жазылды. Сондай ақ осы сапар нәтижесінде жазылған Гиас ад-дин Алидің күнделіктері белгілі. Бұл шығарма В.В.Бартольдтың зерттеуі бойынша 1403 жылы жазылғандығы анықталды. Низам ад-дин Шамидің «Зафар-намесінде» де Темірге байланысты маңызды мәліметтер кездестіреміз [1, 19 б]. Әмір Темір оқуды және жазуды білмесе де, өз заманының білікті адамдарының бірі болғандығын айтады. Сонымен қатар, деркете бұл еңбек жазылғанға дейін де бізге жетпеген басқа деректердің болғандығы туралы мәлімет бар. Бұл еңбектің Гиас ад-дин Алидің еңбегінен ерекшелігі, еңбектің тілінің жеңілдігі және онда Темірдің бүкіл саяси қызметінің толық қамтылуы. Низам ад-дин Темірдің 1360 жылға дейінгі тарихына да тоқталған. Бұл еңбек 1405 жылға дейін жазылып аяқталған. Бұл еңбектің деректік маңызы зор. Сондықтан осы еңбекте келтірілген фактілер Әмір Темір дәуірінің тарихына байланысты кейінгі кездері жүргізілген барлық зеттеулердің желісінің негізгі арқауы болды. Әмір Темір мемлекетінің әскери жорықтарына қатысты әдебиеттер саны жағынан көп болып есептелінеді. XIV-XV ғасырлардағы деректер ішінен мәселеге қатысты Шараф ад-дин Али Йездінің «Зафар-нама» атты еңбегіне ерекше тоқталуға болады. Ол Әмір Темірдің өмірінің соңғы жылдарында оның кеңсе бөлімін басқарып, билеушінің Кіші Азияға жасаған жорықтарына тікелей қатысқан адам болды. Йездінің сөзіне сүйенсек, ол бұл туындысын Әмір Темірдің ұлы Шахрухтың баласы, өзінің немересі сұлтан Ибрагимнің тапсырысымен жазған. XIV-XV ғғ. Әмір Темірге байланысты деректерді екіге бөліп қарастыруымызға болады: біріншілерінде Темірдің жүргізген саясатын құптау, қолдау байқалады; екіншілерінде бұл әрекеттерге теріс баға беріледі [2, 28 б]. Бірақ, соған қарамай бұл екі топтағы деректердің қай қайсысынан болмасын біздің мәселеге, сол оқиғаларға байланысты бай мәліметтер алуға мүмкіндік бар. Атап өтетін жай – әлі күнге дейін осындай бай материалдар толығымен жүйеленіп, бір ізге келтірілмегені байқалады. Бұл дерекді Орта Азия тарихы мен Әмір Темір мемлекеті дәуірі арасындағы тарихи сабақтастық толық орын алмаған. Орта Азия, Иран және іргелес елдердің тарихын қазіргі уақыттаы зерттеушілер Темір мемлекетінің ықпалының әлі де толық зерттелмегендігін атап өтіп, деректерді іздестіруді жалғастыру керек деп есептейді. Шараф ад-дин Али Йездидің «Зафар-намесіне» тоқталайық. Автор еңбектің соңында шығарманы «Фатх-наме» деп атап өтеді де, оны хижра жыл санағы бойынша 840 жылы (1437 ж.) рамазан айында аяқтағанын баяндайды. Осы қолжазбаны зерттеген Өзбекстандық зерттеушілір еңбек 1419 жылы басталып, 1437 жылы аяқталған деген қорытынды жасады. Бұдан автордың осы еңбекті 18 жыл көлемінде жазғандығын байқаймыз. Бұл еңбектің ерекшілігі, автор өзінің еңбегінде тарихтың адамзат тарихында алатын жоғарғы орнын анықтай отырып, оның өткенді саралап, болашақты болжау мемлекеттің гүлдену мүмкіндігін көрсете алу ерекшеліктерін атап өтеді. «Зафар-намеде» фактілік материалдардың көп болуы оның құндылығын арттырады. Бұл еңбектің жазылуына Темірдің өзінің қадағалауы және жағдай жасауы оның маңыздылығын арттыра түседі. Бұл дерек негізінен оның өлімінен кейін жазылғандықтан автор Темірді көрген, білген, оның жорықтарына қатысқан адамдардың мәліметтеріне сүйенген. Бұл еңбектің алғы сөзі Рашид ад-диннің еңбегінен алынған. Белгісіз автордың «Ескендір Анонимі» атты шығармасы да Әмір Темір жорықтарына қатысты құнды дерек болып есептелінеді. Бұл еңбектің авторын өмірінің соңында В.Бартольд зерттеп, Муин ад-дин Натанзи болуы мүмкіндігі туралы өзінің ойын айтып кеткен [3, 85-87 б]. Бұл еңбекпен танысу барысында автор көптеген түркі, монғол терминдерін, атауларын қолданғандығын байқаймыз. Бұл еңбек 1413-1414 жылдары жазылған. Еңбекте өзге шығармаларда кездеспейтін көптеген фактілердің келтірілуі оның құндылығын арттырады. Әмір Темір тарихына қатысты құнды мәліметтер XV ғасырдың тарихшылары Хафиз Абру, Абд ар-Разак Самаркандидің және Мирхондтың шығармаларында да кездеседі. Осы деректерді тимуридтік тарихнама кезінде жазылған, бізге жеткен деректер тобына жатқызуымызға болады. Олар тікелей Темірдің өзінің немесе оның ұрпақтарының тапсырысы бойынша жазылды. Ал енді келесі топтағы деректерге, Әмір Темірге байланысты өз ойларын ашық білдірген, оны ұнатпаған топ өкілдерінің мәліметтерін жатқызуымызға болады. Осындай топ өкілдеріне Ибн Арабшахты және оның «Аджип ал-макдур фи наваиб ал-Тимур» атты еңбегін қарастыруымызға болады. Жас кезінде Дамаскіде тұтқынға түсіп, Самарқандқа алып келінген ол, өле-өлгенше Темірге және оның қырып жою саясатына деген өзінің теріс көзқарасын ұстанды. Ибн Арабшахтың «Темір өміріндегі көргемпаздық ғажайыптары» атты еңбегінде Темірге қатысты көптеген фактілер келтірілген. Бұл еңбекте автор сол оқиғаларға қатысып қана қоймай, оны көрген-білгендердің мәліметтеріне сүйене отырып та жазған. Темірге қатысты келесі деректің авторы Абд ар-Разак Самарканди атты тарихшы. Оның «Матлаас-са дайн ва маджма ал-бахрайн» («Бақытты екі жұлдыздың қосылған және екі теңіздің түйіскен жері») атты еңбегі бізге жеткен. Еңбек 1467-1471 жылдары жызылған. Оның бірінші томында Темірдің өліміне дейінгі кезеңнің тарихы баяндалады. Еңбек Темір мен оның әулетінің тарихын зерттеу үшін құнды мәліметтер береді. Әмір Темір мемлекетіне және оның жеке тұлғасына байланысты құнды мәліметті Руи Гонзалес де Клавихоның Самарқандтағы Темір сарайына жіберілген елшілігі кезінде көрген білгендерін жазған мәліметтері де бере алады. Бұл елшілік 1403 жылы кастильдік король III Генрихтың бұйрығымен Самарқандқа аттандырылған болатын. 1404 жылы Клавихо Темірдің бірнеше қабылдауында болып, онымен сұқбаттасқан, мемлекеттің өзге де қалаларын аралаған. Өз көрген білгендерін күнделік түрінде қағазға түсіріп отырған. Бұл дерек те Темір мемлекеті және оның сыртқы саясатының тарихын зерттеуде көмегін тигізетін бағалы шығарма болып есептеледі. Әмір Темір мемлекетінің өзге елдермен жасаған қарым-қатынасына байланысты құнды мәліметтерді материалдық мәдениеттің туындылары арқылы да байқауымызға мүмкіндік бар. Себебі осы кезеңде дүниеге келген мәдениет және өнер туындыларында осы ықпал анық аңғарылады. Олардың қатарына осы дәуірлерде тұрғызылған Самарқанд, Шахризабс, Түркістандағы мешіттер, мавзолейлер, сарайларды жатқызуымызға болады. Осы құрылыстарды салу үшін жаулап алынған елдердің барлығынан шеберлер, қолөнершілер жиналды. Олар көп жағдайда өздері тұрғызған ғимараттарға аттарын жазып отырды. Осындай қолөнер туындылары арқылы бұл мемлекеттің өзге де елдермен жасаған қарым-қатынасы, ықпалын байқауымызға болады. Әмір Темір мемлекетінің тарихын зерттеу барысында негіз болатын қазіргі кезге белгілі деректер, жоғарыда аталған еңбектер. Енді осы мемлекеттің тарихының зерттелу деңгейіне тоқталатын болсақ, бұл мәселеге байланысты ең алдымен В.В.Бартольдтың еңбектерін атап өтуіміз керек. Автордың зерттеулерінде аталған деректер негізінде осы мемлекеттің құрылу тарихы, жаулаушылық жорықтары, әмір Темірдің жүргізген саясаты талданған. Осы мемлекеттің Орта Азия халықтарының тарихындағы орнын анықтаудың маңызына көңіл бөлген. Зерттеуші Л.В. Строеваның еңбектері және ізденістері, мақалалары осы тақырыпқа арналды [4, 67 б]. Автор зерттеу мақалаларында Әмір Темір мемлекетінің құрылу алғышарттарына талдау жасай отырып, көрші мемлекеттердің тарихындағы орнына өзіндік бағасын беруге тырысады. Әмір Темір мемлекетінің тарихын зерттеуде А.Ю. Якубовский де қосқан үлесін атап өтуіміз керек. Ол өзінің зерттеулерінде Темір мемлекетінің тарихына қатысты құнды ойлар мен болжамдарын келтіреді. Оның Б.Д. Грековпен бірлесіп жазған еңбегінде де осы мемлекеттің тарихы баяндалған. 1960 жылдарға дейін бұл мемлекеттің тарихына қатысты көлемді зерттеулер болмады. 1960 жылдары Өзбекстанда атап өтілген Әлішер Науаидің туғанына 525 жыл толуы және Самарқанд қаласының 2500 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты жиындар мен конференциялар ұйымдастырылды. Осы оқиғаларға байланысты зерттеушілердің Әмір Темір мен Темір ұрпақтары заманындағы Орта Азияның әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өмірінің мәселелеріне арналған зерттеулер жарық көрді. Абд ар-Разак Самарқандидің еңбегі өз тіліне аударылды[5, 103 б]. Соңғы жылдары Әмір Темір мемлекетінің тарихына және оның жеке тұлғасына арналған еңбектер, зерттеулер де жарық көріп жатыр. Олардың қатарына «Тамерлан: Эпоха. Личность. Дияние» атты жинаққа кірген зерттеулерді қосуымызға болады [6, 78 б]. Қазақстан ғылымына тоқталатын болсақ, біз бұл салада ғалымдардың әлем тарихы бағытындағы ізденістеріне ерекше тоқталуымыз керек. Қазақстандағы қоғамдық ғылымдардың маңызды міндеті ретінде қазақстандық ғылымды қалыпты оқшаулану жағдайынан әлемдік кеңістікке шығару мәселесі болып отыр. Осы мәселеге байланысты Қ.Т. Жұмағұловтың айтқан ойлары біздің мәселені де зерттеуде теориялық негіз бола алады. Ол: «Тарих ғылымындағы идеологияландыру және бейсаясаттандыру жағдайлар, интеграциялық үрдістердің ғасырында маңызды теориялық және методологиялық мәселелерді жүйелеудің жаңа жолдарын іздестіруге талпыныстар жасау керек. Өйткені жалпы тарих мектептерде, гимназияларда, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытылады»-деген пікірін білдірді. Бұл пікірдің Әмір Темір мемлекетінің жүргізген саясатына да обьективті баға беруде маңызы зор деп ойлаймыз. Автордың әлем тарихына байланысты жалпы теориялық еңбектерінің де маңыы үлкен. Бұл ізденістерге теориялық, практикалық тұжырымдар Қазақстандық тарихнамада Еуропа мен Еуразияда жаңа идеологияның таралуына үлкен ықпал берді. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Менің зерттеу жұмысымның мақсаты Әмір Темір туралы жазылған еңбектерге жеке-жеке сипаттама беріп, еңбектердегі Қазақстан тарихына қатысты деректерді айта кету және авторлардың пікірін салыстырып шет елдік және Қазақстандық авторлардың деректер жайында жазған пікірлерін ашып көрсету болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді қойдым:

- Әмір Темір жаулаушылығының нәтижесі және оның Қазақстан мен Орта Азия елдеріне ықпалын түсіндіру;

- Сол уақыттағы және кейін Әмір Темір жайында жазылған еңбектерге түсініктеме беріп оларды зерттеу;

- Низам-ад-дин Шами «Зафар-наме» дерегіндегі Темір мен Ақ Орда арасындағы саяси қарым қатынасты талдау;

- Шараф-ад-дин Али Йездидің «Зафар-наме» дерегіндегі Темір, Орыс хан, Тоқтамыс арасындағы саяси жағдайды көрсету;

- Шет елдік және отандық ғалымдардың еңбектерін қарастыру.

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері негізінен XIV ғасыр мен XVI ғасыр орталарына дейінгі кезеңді қамтиды. Әмір Темір жайында жазылған Низом-ад-Дин Шамидің «Зафар-наме», Шарафаддин Али Йездидің «Зафар-намесі», Абд Ар Раззах Самарқандидің «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн», Мұхаммед Ховент Шах Мирхондтың «Раузат ас–сафа фи сират аал–анбия ва–л–мулук», Ибн Арабшахтың Аджайиб ал-макдур фи тарихи Таймур» еңбектері негізінде жазылған. Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі. Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері қолданыс тапты. Ғылыми зерттеуде жалпы тарихи, тарихи салыстырмалық, тарихи жүйелік әдістер қолданылды. Ізденістің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың әдістемесі ретінде герменевтикалық және салыстырмалы тәсіл таңдап алынды. Жұмыс барысында жалпы ғылыми әдістер-талдау мен синтез, индукция және дидукция, суреттеу және түсіндіру сияқты әдістер де қолданылды. Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

Темірлік деректердегі Әмір Темір мемлекетінің саяси құрылымы, Тоқтамыс, Темірдің жорықтары

Date: 2016-05-23; view: 1350; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию