Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Коммуникативтік талап және оның түрлері мен синтаксистегі көрінісі
«Коммуникация» термині қазақ тіл білімінде алпысыншы жылдардан бері қолданылып келеді. «Коммуникация» көптеген еңбектерде қарым-қатынас жасау деп қолданылып жүр. Бұдан басқа коммуникацияның өзге де мағыналары баршылық. Коммуникация сөзінің мағынасын кеңінен сипаттау үшін мұны тілдік қарым-қатынас деген ұғыммен байланыстырған жөн. Сондай-ақ, бұл термин тек тіл білімінде ғана емес, өзге де ғылым салаларында кеңінен қолданылып келеді. Коммуникацияның тіл тұрғысынан алғандағы мағынасы «тіл арқылы өзара түсінісу, пікірлесу, ой бөлісу» болса, өзге ғылым салаларында басқа да мағыналары бар. Тілдік коммуникация – тіл арқылы сөйлесу, ұғынысу деген сөз. Коммуникация немесе коммуникативтік деген терминдерге олардың көбіне қарым-қатынас құралы екенін, сөйлеуге байланысты қасиеттерін ашқанда ғана кеңінен түсінік бере аламыз. Демек, коммуникация тілдік қарым-қатынасқа, адамдардың өзара ұғынысуына, бірін-бірі түсінуге негізделеді. Коммуникация арқылы бір-біріне ойын жеткізіп, белгілі бір нәрсені хабарлап қана қоймайды, сонымен қатар өзара түсінісу арқылы ұғысып, пікір алмасады. Тілдің коммуникативтік қызметі – тілдің қарым-қатынас құралы бола алу қызметі. Бұл термин айып келгенде, әлеуметтік әрі қоғамдық мәні бар тілдік қатынас деген ұғымды білдіреді. «Коммуникация» сөзінің жалпы мән-мағынасы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген ұғымдармен тікелей байланысты әрі ол адамдардың тілдесу, өзара сөйлесу ерекшеліктерін, тілдің қоғамдық мәні мен қызметін, адамдардың бір-бірімен түсінісуін көрсетеді. Тілдік қатынас әмбебап, жалпы болып келеді. Адамдардың ойлау қабілеті есебінен тілдік қатынас бірінші кезекте тұрады. Тілдік қарым-қатынас ақпаратты іске асырушылар мен оған қатысушылар арқылы жүзеге асады. Оны былайша көрсетуге болады: 1. Ақпаратты хабарлайтын – баяндаушы. 2. Ақпаратты тарататын, жеткізетін – тұлғалар, жеткізушілер. 3. Ақпаратты не хабарды қабылдайтын – қабылдаушылар. Осы үшеуіне де ортақ әрекет – өзара байланыс, қарым-қатынас яғни коммуникация. Коммуниканттар арасында байланыс болмаса, сөйлеу процесі де жүзеге аспайды. Байланыс бұл тілдік қатынастың негізін жасаушы, оны іске асырушы, адамдар арасындағы тілдік коммуникацияның қажетті шарты. Тілдік коммуникация – жалпы адамзаттың ойына, ойлау жүйесіне тікелей байланысты құбылыс. Ол – адамдарға тән ойлау мен сөйлеу процесінің белгілі бір қоғамдық қатыснаста тіл арқылы жарыққа шығу көрінісі. Коммуникациялық процесстің негізгі мақсаты – ақпараттың дұрыс түсінілуін қамтамаыз ету. Ал коммуникацияның жалпы негізгі қызметінің өзі танымдық қызмет атқару болып табылады. Тілдік коммуникацияны қарастырған Э.П. Шубин бұл туралы былай дейді: «Естественно было бы определить языковую коммуникацию как комплекс явлений, связанных обменом информацией между людьми через посредство универсальной системы звуковых или графических знаков, именуемой языком. ... Во-первых, языковая коммуникация универсальна, поскольку она обслуживает все сферы умственной и физической деятельности людей, неязыковая же коммуникация используется либо в специальных ситуациях, либо как вспомагательная по отношению к языковой. Во-вторых, языковая коммуникация первична, поскольку на ней базируется само мышление человека; трудно представить себе такой вид неязыковой коммуникации, который осуществлялся бы без психологического вмешательства знаков языка / точнее их образов/». Тілдің коммуникация прагматикамен тікелей қатысты. Себебі прагматиканың өзі коммуникативтік қызметке әсер ететін тілдің қолданылуын зерттейтін бағытта қарастырылады. Прагматика тіл мен оның қолданушыларының арасындағы қатынасты зерттейтін ғылым. Прагматиканың тілдік коммуникация үшін маңызы бар деуіміздің себебі прагматика сөйлеу ситуацияларына қатысты мағынаны зерттеу болып табылады. Сонымен қатар, ол адамның белгілі бір жағдайда қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын да қарастырады. Прагматика – коммуникация кезінде міндетті түрде болатын, коммуникацияны ұйымдастыратын алғы шарттардың бірі. Қандай да бір тіл бірліктерінің қолданысы, ойдың жеткізілуі прагматикалық сипатта жүзеге асады. Осымен байланысты сөйлеу процесінде тіл бірліктерінің коммуникативтік-прагматикалық қызметі деген терминдер бірге қарастырылады. Тілдік коммуникацияның лингвистикалық негізі қарым-қатынас құралы тілге байланысты. Тілдік коммуникацияның орындалуына тікелей себепкер болатын ең қажетті бірлік – сөйлем. Сөйлемнің тілдік коммуникациядағы маңызы оның ойды толық әрі аяқталған түрде жеткізетін бірлік екендігінде. Әсіресе, құрмалас сөйлемдер күрделі ойды жеткізудің бірден бір тиімді жолы болып табылады. Жалпы тілді коммуникативті бағытта қарастыру дегеніміз тілдік бірліктердің, яғни тілдік жүйе-деңгейдің сөйлеудегі қызметін қарастыру деген сөз. Коммуникацияның сөйлеу процесімен қатысын, лебіз құру кезіндегі сөйлеушінің коммуникативтік мақсаттары мен жалпы сөйлемде көрініс табатын коммуникативтік талаптарды қарастырған ғалымдардың бірі – Р.Әмір. Ол жалпы коммуникативтік талаптар мен оның сөйлемдегі көрінісін, сондай-ақ, коммуникативтік талаптарды жіктеген алғашқы ғалымдардың бірі.
Date: 2016-05-23; view: 4143; Нарушение авторских прав |