Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Рмалас сөйлемдердің семантикалық аспектісі





Құрмалас сөйлемдердің семантикалық аспектісі құрмалас сөйлемдерді құрауға негіз болған бірліктердің мазмұны мен оның жалпы сөйлем мазмұнымен арақатынасын қарастырады. Сонымен қатар семантикалық аспект құрмалас сөйлем мағынасының субъективтік және объективтік жағын қарастырады.

«Сөйлемді зерттеудің семантикалық аспектісі оның грамматикалық құрылысымен тығыз байланысты қаралатындықтан және онсыз семантикалық талдаудың мүмкін еместігіне сай, тіл ғылымында сөйлемді зерттеудің бұл түрі семантика-синтаксистік (немесе-структура семантикалық) деп те аталып жүр» [19, 22]. Демек құрмалас сөйлемдердің семантикалық табиғатын тану үшін оның құрылымдық жағын да ескеру қажет.

Құрмалас сөйлем бірліктерінің мазмұнын зерттеу мен сөйлемдегі пікірдің мазмұнын қарастыру да құрмалас сөйлемнің семантикалық аспектісінің еншісіне тиеді. Семантикалық синтаксистің негізгі ұғымдарына пропозиция (сөйлем арқылы берілген іс-әрекет жағдайы), «агенс» (іс-әрекетті орындаушы семантикалық субъект), «пациенс» (әрекет құралы), адресат (іс-әрекет бағытталған жолданым иесі), инструмент (іс-әрекетті орындауға қатысатын құрал) жатады. Құрмалас сөйлемнің мағынасының объективтік жағы диктум болады да, субъективтік жағы модус болады. Диктумдық бөліктің семантикалық компоненттерінің бастысы – предикат, одан өзге актанттар (жоғарыда біз атап өткен субъект, объект, адресат, құрал) мен сирконстанттар (пысықтауыштар).

Құрмалас сөйлемнің модустық бөлігі сөйлеушінің бағасымен және оның хабардың растығына сенімді/сенімсіздігімен байланысты болып келеді. Диктумдық бөліктен ерекшелігі кейде астарлы берілуі ықтимал. Орыс тіл білімінде В.А.Белошапкова семантикалық құрылымның компоненттері деп субъект, предикат және объект секілді бөлшектерді таниды.

Құрмалас сөйлемдерді тек компонент санына қарай топтастыру бұл құрылымдық аспектісін көрсетсе, ал олардың компоненттерінің байланысу тәсіліне қарай (компоненттердің мағыналық қатынасы мен компонент баяндауыштарының тұлғалық белгісі) топтастырылуы семантикалық аспектісін көрсетеді.

Құрмалас сөйлемнің салалас деп аталатын түрі өз ішінде мынадай мағыналық топтарға жіктеледі.Олар: ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, кезектес, түсіндірмелі, талғаулы құрмалас сөйлемдер.

1. Құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой екіншісіндегі айтылған оймен мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде айтылатын салаластың түрі ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем деп аталады. Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер да, де, та, те, және, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Мысалы: Балабақшаның құрылысы басталды әрі жөндеу жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

2. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының, ал соңғысы алдыңғысының себебін білдіріп тұратын салаластың түрі себеп-салдар салалас құрмалас деп аталады. Мысалы: Себеп-салдар салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз. Сөйлемдер жалғаулықсыз да байланыса береді. Мысалы: Бала күнімдегі басымнан өткен небір ауыр күндерді ұмытуға тырыстым, себебі жаныма маза бермейтін.


3. Компоненттерiнде қарама-қарсы iс-оқиға баяндалатын салаластың түрi қарсылықты салалас деп аталады. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген шылаулар арқылы байланысады. Берік сабағы біте сала үйге қайтқысы келді, дегенмен берген уәдесі бойынша әкесін күте тұруды жөн көрді.

4. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп тұратын салалас құрмаластың түрі түсіндірмелі салалас деп аталады. Бұл салаластың түрі жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып байланысады: Биылғы дауылдың қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жайпап кетті.

5. Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін салалас құрмалас сөйлем талғаулы салалас деп аталады. Таулғаулықты салаластың құрамындағы компоненттер не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады: Бұл жолы не мен кетемін, не сен кетесің.

6. Құрамындағы жай сөйлемдер айтылған іс-әрекеттің кезектесіп жүзеге асуын көрсететін салаластың түрі кезектес салалас деп аталады. Бұл сөйлемдердің құрамындағы компоненттер өзара бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді шылаулар арқылы байланысады: Бірде бар қайғысын ұмытып түк болмағандай күледі, бірде болған оқиға есіне түсіп өкіріп жылайды.

Профессор Т. Қордабаев салаластардың жалғаулықты және жалғаулықсыз түрлеріндегі мағыналық ерекшеліктер туралы: «Компоненттердің бір-бірімен мағыналық қатынастары жағынан алғанда жалғаулықсыз салалас сөйлем жалғаулықты салалас сөйлем арасында айтарлықтай онша алшақтық жоқ. Өйткені жай сөйлемдердің жалғаулық арқылы құрмаласуы мен жалғаулықсыз іргелес құрмаласуы, айналып келгенде, құрмалас сөйлемнің бір түрін (салалас түрін) жасаудың екі түрлі тәсілі ғана. Сондықтан да салалас құрмалас сөйлемнің бірсыпыра түрін жалғаулық арқылы құрмаластырып айтуға да, жалғаулықты алып тастап, жалғаулықсыз айтуға да болады» [10, 249], - деген пікір білдіреді.


 

Ал сабақтас құрмаластардың топтастырылуы жайлы ғалым С.Жиенбаев: «Бағыныңқы сөйлемді таптастырғанда, әуелі олардың формаларын өз алдына бір тексеріп өтіп, онан кейін сол формалардың беретін мағыналарын мазмұндап шығайық. Солай еткенде ғана, сөйлем категорияларының формалық белгілері, олардың қасиеттері (қандай мағына беретіндігі) айқынырақ көрінбекші» [20, 17] дейді. Ғалымның бұл жерде бағыныңқы сөйлемнің таптастырылуы деп көрсетіп отырғаны сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық топтарға бөлгенде алдымен бағыныңқы сөйлемнің формасы мен мағынасының негізге алынуымен тікелей байланысты. Ал ғалым Р. Әмір: «Құрмалас сөйлемдер компоненттерінің арасындағы мағыналық қатынас олардың баяндауыштарының шақтық формасының үйлесуіне байланысты. Мысалы, -са, -се арқылы құрылған құрмаластық конструкцияның шарттық немесе мезгілдік қатынасты білдіруі басыңқы компоненттің баяндауышының шақтық (өткен шақ, келер шақ) мағынасына тәуелді» [16, 26], - дейді. Автор мұнда құрмалас сөйлем құрамындағы екі компоненттің де баяндауыштарының тұлғалық белгілерімен қатар мағыналарына да мән беру керектігін атап көрсетеді.

Демек, сабақтас құрмалас сөйлемдер де мағыналық топтарға тек тұлғаларының формасы арқылы ғана емес, семантикалық табиғаты жағынан да ескеріліп бөлінеді.

Қ.Есенов сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарын топтастыруда мағыналық принцип тиімсіз деп, былайша тұжырым жасайды: «Бағыныңқы сөйлемдердің бойындағы мағыналық мазмұн әр алуан болып келеді. Осыған орай әрбір мағыналық белгіге сай, бағыныңқы сөйлемдерді жіктей берсек, олардың түрлері шектен тыс көбейе берген болар еді [12, 35].

Сабақтастардың мағыналық түрлерін саралауда өзіндік ерекшелігі бар таптастырудың бірі - Қ. Шәукенұлының таптастыруы. Автор сабақтастарды төмендегідей мағыналық топтарға бөледі:


1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

2. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

3. Кезектес бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

4. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

5. Мәндес бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

6. Сын-қимыл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

7. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

8. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

9. Түсіндірмелі сабақтас құрмалас сөйлем.

10.Салыстырмалы сабақтас құрмалас сөйлем.

11. Болжалды сабақтас құрмалас сөйлем.

12. Көп тармақты сабақтас құрмалас сөйлем [21, 188-229].

Сонымен құрмалас сөйлемдердің семантикалық аспектісі құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттерінің мағыналық қатынастарын, мағыналық жағынан бір-біріне тәуелділігін қарастырады. Сондай-ақ, құрмалас сөйлемдердің құрылымының яғни құрамындағы жай сөйлемдердің семантикалық табиғатына байланысты мағыналық топтарға бөлінуі де құрмалас сөйлемдердің семантикалық аспектісінде қарастырылады.

 







Date: 2016-05-23; view: 1828; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.015 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию