Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
I Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жүйесі. Коммуникативтік талаптарСтр 1 из 12Следующая ⇒
МАЗМҰНЫ Кіріспе I тарау. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жүйесі. Коммуникативтік талаптар. 1.1. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің зерттелуі. 1.2. Құрмалас сөйлемдерді зерттеудің аспектісі. 1.2.1. Құрмалас сөйлемдердің құрылымдық аспектісі. 1.2.2. Құрмалас сөйлемдердің семантикалық аспектісі. 1.2.3. Құрмалас сөйлемдердің функционалдық аспектісі. 1.3. Коммуникативтік талап және оның түрлері мен синтаксистегі көрінісі.
II тарау. Құрмалас сөйлемдердің функционалды – коммуникативтік талапқа сай құрылуына әсер ететін факторлар. 2.1. Коммуникативтік талаптардың жіктелуі. 2.1.1. Бірінші дәрежедегі коммуникативтік талаптар туралы түсінік. 2.1.2. Екінші дәрежедегі коммуникативтік талаптар 2.2. Ортақтастыру амалы және құрмалас сөйлемдер. 2.3. Лебізді ажарлау, түрлендіріп айту факторлары және құрмалас сөйлем. 2.4. Сөйлемнің актуалды құрамын ерекшелеп айту факторы және құрмалас сөйлем. Орытынды Пайдаланған әдебиеттер КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің функционалды - коммуникативтік талаптарға сай ұйымдасуына арналған. Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдердің зерттелуі бірден қалыптасқан құбылыс емес және олардың табиғаты туралы біршама зерттеу еңбектері болғанымен, құрмалас сөйлемдерге қатысты проблемалар толық және жан-жақты шешілді деп айта алмаймыз. Өйткені құрмалас сөйлемдер – біртұтас жүйелі құбылыс. Оның үстіне қазіргі қазақ тіліне қатысты мәселелер функционалды бағытта зерттеуді қажет ететінін ескерсек, құрмалас сөйлемдерді де осы бағытта зерттеу қажеттігі жоқ емес. Құрмалас сөйлемдердің әрқайсысының синтаксистік форма алуы өзінше қалыптасқан, өз алдына жеке-жеке синтаксистік категориялар болып саналғанымен, олардың құрылуында ортақ жайттар көп. Құрмалас сөйлемнің функциясында да ерекшеліктер бар. Мәселен, салалас құрмалас сөйлемді тудырушы коммуникативтік талап өзге де, сабақтас құрмалас сөйлемді туғызған коммуникативтік талап өзге. Бұл зерттеу жұмысында құрмалас сөйлемдердің осындай ерекшеліктерімен қатар қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің функционалды-коммуникативтік талаптарға сай ұйымдасуы қарастырылған және осы мәселе зерттеудің негізгі өзегі болып табылады. Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Тіл біліміндегі синтаксис саласы бойынша көптеген зерттеулердің өзегіне айналған мәселелердің бірі – тіліміздегі құрмалас сөйлемдер мен олардың түрлі сипаттағы ерекшеліктері болып табылады. Қазақ тіліне тән синтаксистік құрылымдар бүгінгі таңға дейін түрлі деңгейдегі үлкенді-кішілі зерттеулерде әр қырынан қаралғанымен, әлі де ілгерілей зерттеп, толықтыра түсуді қажет ететін тұстары да аз емес. Оның үстіне адам танымының кеңеюіне байланысты ойды жеткізу бірліктерінің де мағыналық-құрылымдық жағынан толығып, тіл дамуына орай түрленіп, жетіліп отыруы – заңды құбылыс. Ал халықтық тілдегі қандай да бір өзгерістердің әдеби тілде көрініс табатыны белгілі. Сол себепті әдеби тіліміздің күрделеніп, ажарлануымен қатар үнемі жаңаша сипатта түрленіп, жетіліп отыратын синтаксистік құрылымдардың өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты саралай танып білу – уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік. Тілдік категориялардың мағыналық мазмұнын құрылымдық жағымен бірлікте қарастыра келіп, сөйлеу жағдаятымен, қарым-қатынас процесімен тікелей байланыста қарастырған жағдайда олардың табиғатын ашып көрсетуге болады. Бүгінгі таңда тіл білімінде тілдік категориялардың семантикасын танытуда оларды білдіретін тілдік құралдардың мағынасына, функциясына ғана сүйенетін «тұлғадан мағынаға қарайғы» зерттеу бағытымен «мағынадан тұлғаға қарайғы» зерттеуді сабақтастырудың қолайлылығы байқалуда. Сөйлем – ойды жеткізу әдістерінің бірі. Күрделі ойды жеткізу барысында сөйлем де құрылымдық жағынан күрделене түседі. Құрмалас сөйлем – бір бүтін семантикаға ие тұлға. Оның семантикасы көп аспектілі, көп компоненттен құралады [1, 4]. Лебізді айту – әрқашан коммуникативтік талаптармен орындалатын әрекет. Тілдесудің мақсаты, мазмұны күрделенген сайын сөйлеушілерге қоятын коммуникативтік талаптар да күрделенеді [1,93]. Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің функционалды-коммуникативтік талаптарға сай құрылуы - қазақ тіл білімінде толыққанды зерттеу нысанына айнала қоймаған мәселелердің бірі. Осыған орай біз осы зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде құрмалас сөйлемдердің функционалды-коммуникативтік талаптарға сай ұйымдасуын алдық. Ал қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің функционалды-коммуникативтік талаптар жүйесінде қарастырылуы зерттеудің өзектілігін айқындайды. Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – қазіргі қазақ тіліндегі құрамалс сөйлемдердің функционалды-коммуникативтік талаптарға сай ұйымдасуына талдау жасап, құрмалас сөйлемдерді коммуникативтік талаптар жүйесінде қарастыру; қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің құрылу және қолданылу ерекшеліктерін талдай отырып, олардың түрленуін ашып көрсету. Осы мақсатқа орай, жұмыс барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді: - құрмалас сөйлем мәселесінің қазіргі қазақ тіліндегі жай-күйін анықтау; - құрмалас сөйлем синтаксисінің теориялық мәселелеріне қатысты тұжырымдарды, атап айтқанда, құрмалас сөйлемнің грамматикалық табиғаты, түрлері, ұйымдастырушы амалдары, тарихи даму жолдары жөніндегі ғылыми ізденістерге шолу; - қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемді зерттеу мен оларды зерттеудің аспектілеріне тоқталу; - коммуникативтік талапқа анықтама беру және оның синтаксистегі көрінісін айқындау; - құрмалас сөйлемдердің функционалды – коммуникативтік талапқа сай құрылуына әсер ететін факторларды анықтау. Зeрттeудің ныcaны. Диплoм жұмысының зерттеу нысаны – Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер және олардың функционалды-коммуникативтік талаптарға сай құрылуы. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ тіл біліміндегі синтаксистік құрылымдардың жалпы мәселелерінен гөрі нақты зерттеулердің жүзеге асуы – кенже қалып келе жатқан құбылыс. Құрмалас сөйлем синтаксисін жаңа арнаға бағыттаушы ғалымдар Р.Әмір, Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев сынды ғалымдар еді. Жалпы синтаксис мәселелері туралы Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, Х.Басымов, Н.Сауранбаев және т.б. ғалымдар айналысты. Ал 40-жылдардан кейін синтаксис мамандарының қатарына А.Ысқақов, Ғ.Бегалиев қосылды. 50-жылдардан бастап құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуге Т.Қордабаев, О.Төлегенов, А.Әбілқаев, Қ.Есенов т.б. сияқты зерттеушілер атсалысып, құрмалас сөйлемнің жекелеген мәселелерімен де айналыса бастады. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемдер жүйесін танып-білуде осы аталған ғалымдардың қажырлы еңбектерінің жиынтық нәтижесі. Ал біз қарастырып отырған тақырып нақты Р.Әмір еңбектерінен көрініс тапты. Р.Әмір құрмалас сөйлемдер жүйесін жаңа бағытта қарастырған ғалымдардың бірі. Зерттеу жұмысында «Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесі» (2014) атты еңбегіне сүйендік. Зерттеудің дерек көздері. Зерттеудің негізгі материaлдары ретінде осы уақытқа дейін құрмалас сөйлемдер жайлы жарық көрген еңбектер мен оқулықтар, мерзімді баспасөз беттеріндегі материалдар алынды. Атап айтатын болсақ, олардың қатарында А.Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» (1992), С. Жиенбаевтың «Синтаксис мәселелері» (1941), академик Н.Сауранбаевтың еңбектері (көп томдық), С.Аманжоловтың «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» (1994), М.Балақаевтың «Қазақ тілінің грамматикасы» (1940), Ғ.Бегалиевтің «Құрмалас сөйлем» (1941), Қ.Есеновтің «Құрмалас сөйлем синтаксисі» (1995), Р.Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі», «Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесі» (2014) сынды еңбектері мен Ә.Елшібаеваның «Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, функционалдық арақатынасы» (2006), Ж.Жакуповтың «Қазақ тілі функционалдық синтаксисі» (1999) сияқты диссерттациялары бар. Зeрттeудiң әдiс-тәсiлдeрі. Жұмыcтың тaқырыбы мeн мaзмұнынa өзeк бoлғaн мәсeлeлeргe бaйланысты салыстыру, жүйелі-сипаттама, сонымен қатар қажетті мәліметтерді жинақтау, талдау, қорыту әдістері басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу жұмысындағы негізгі тұжырымдамалар алдағы уақытта осы диломдық жұмыс тақырыбына ұқсас зерттелетін немесе қарастырылатын жобаларда қолданыла алады. Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысындa келтірілген мәліметтер қазіргі қазақ тілінің синтаксисі және құрмалас сөйлемдер жүйесіне арналған семинарларда, оқу курстарында дaйын зерттеу жұмысы ретінде қолданылa алaды. Зерттеу жұмысы нәтижелерін сонымен қатар синтаксис мәселелері туралы сөз болатын лекция, практикалық сабақтарда пайдалануға болады. Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдaн және тақырыпқа байланысты пaйдaлaнылған әдебиеттер тізімінен тұрaды.
I Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жүйесі. Коммуникативтік талаптар Date: 2016-05-23; view: 2895; Нарушение авторских прав |