Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Рмалас сөйлемдердің құрылымдық аспектісі
XX-XXI ғасырлар тіл білімінде сан қырлы тіл құбылыстарын әр түрлі бағытта қарастырған зерттеулердің дами бастаған кезеңі еді. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап құрылымдық синтаксис, құрылымдық-мазмұндық синтаксис, коммуникативті синтаксис деген бағыттар пайда бола бастады. Құрылымдық синтаксис тіліміздегі сөйлемдердің құрылымдық түрлерінің модельдерін айқындап, олардың схемаларын, формулаларын анықтады. Құрылымдық-мазмұндық синтаксис сөйлемдердің дәстүрлі құрылымдық-мазмұндық түрлерін зерттеді. Соңғы уақытта пайда болған коммуникативті синтаксис сөйлеу тіліне қатысты болғандықтан, тіл факторларын антропоөзектік бағытта қарастырады. Құрмалас сөйлемдер синтаксистің шеңберінде қарастырылатындықтан, оның аспектілері де синтаксистің аспектілері негізінде көрінеді. Қазіргі ғылымда синтаксистің негізгі үш аспектісі ажыратылады: грамматикалық (құрылымдық), семантикалық және коммуникативтік (функционалдық). Синтаксистің аталған үш аспектісі ғылымда бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылады. Енді осыларға тоқтала кетсек. Грамматикалық немесе құрылымдық аспект – бұл дәстүрлі аспект. Ұзақ уақыт бойы синтаксистің мәселелері осы құрылымдық аспектіде қарастырылып келді. Бұл аспектіде синтаксистік бірліктер белгілі бір жүйеде орналасатын конструкцияларды, құрылымдарды құрайды. Мұнда кез келген синтаксистік бірлік модельдер жүйесі, құрылымдар жүйесі ретінде қарастырылады. Ал синтаксистің семантикалық аспектісі құрылымдық аспектіге қарағанда біраз кешірек зерттеле бастады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың алғашқы жартысында ғана қарастырыла бастаған бұл аспектіде сөйлем қандай да бір жағдаяттың мағынасын білдіретін, шындықтың бір бөлігі ретінде қаралады. Бала кітап оқып отыр. Далада қар жауып жатыр. Олар доппен ойнап жүр деген сөйлемдердің грамматикалық құрылымы бірдей. Бірақ семантикалық жағынан бұлар әртүрлі. Себебі, олар әр түрлі жағдайды білдіреді және мағыналық жағынан бөлек. Синтаксистік бірлік семантикасының негізгі құралы лексика, лексикалық бірліктер болып табылады. Коммуникативтік (функционалдық) аспект синтаксистік бірліктерді сөйлем құрылымының бөлігі ретінде ғана емес, сөйленісте белгілі бір мақсатпен актуальды ақпаратты жеткізу құралы ретінде де қарастырады. Коммуникативтік аспектідегі негізгі мәселе - бұл сөйленіс үстіндегі субъектінің актуальданған ойы. Мысалы, Далада қар жауып тұр деген сөйлемді Далада қар жауып тұр? формасындағы сұраулы сөйлем түрінде де беруге болады. Бұл сөйлемдердің құрылымы бірдей болғанмен, сөйлеушінің мақсатына қарай әр түрлі. Себебі Далада қар жауып тұр деген сөйлем хабар мәніндегі сөйлем болса, Далада қар жауып тұр? деген сөйлем сұрау мәнін білдіреді. Демек, функционалдық аспектідегі басты нәрсе сөйлеушінің мақсаты, сол мақсатына сай актуализациялағысы келген ойы. Біз жоғарыда құрмалас сөйлемдерді зерттеудің аспектілері синтаксистің аспектілерімен тығыз байланысты әрі құрмалас сөйлемнің аспектілері синтаксистің аспектілері негізінде қаралады дедік. Құрмалас сөйлемнің құрылымдық аспектісі дегеніміз құрмалас сөйлемдерді құрылымдық тұрғыдан тану дегенді білдіреді. Ал құрмалас сөйлемдерді құрылымдық тұрғыдан тану деп құрмалас сөйлемді құрайтын конструкцияларды ойға және жағдаятқа қатыссыз құрмалас сөйлемнің өз ішінде қарастыруды айтамыз. Сөйлемнің құрылымдық үлгісі тұрлаулы мүшелерге негізделіп жасалады, сондай-ақ мұнымен қатар құрмалас сөйлемдердің құрылымы ондағы басыңқы және бағыныңқы сыңарларының арақатынасымен анықталады. Құрылымдық аспектідегі негізгі нысан – предикативтік қатынас. Құрмалас сөйлемдерді құрылымдық тұрғыдан қарастырған еңбектер қазақ тіл білімінде біршама. Сонау А. Байтұрсыновтан басталатын құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты пікірлер Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, Т. Сайрамбаев және т.б. ғалымдарда өз жалғасын тапты. Құрмалас сөйлемнің құрылымдық табиғатын тану үшін алдымен оны құраушы компоненттердің я сыңарлардың лексикалық құрамы мен құрылымы, т.б. компоненттік элементтері аса маңызды қызмет атқарады. Құрмалас сөйлемді құрылымдық тұрғыдан қарастырған ғалым А. Байтұрсыновтың құрмалас сөйлемдерді сыйыса және қиыса құрмаласу деп бөлуі оның құрылымдық жағына да мән бергенін көрсетеді. Ғалымның сыйысулы құрмаласты түсіндіргеніндегі мысалдары бұған дәлел бола алады. «1) Қарабай мен Сарыбай аңға шықты. 2) Екі дос бірін-бірі сүйді, құшты. 3) Қолға алды татулықты, араздықты. 4) Далада, ойда, қырда, орман-тауда сау қалған жан болмады бұл індеттен. Бұл сөйлемдердің әрбірі бірнеше сөйлем сыйысып құрмаласқаннан болған сөйлемдер. Мәселен, 1-ші сөйлем екі сөйлем сыйысып, қосылғаннан болған: қосылмай бөлек тұрғандағы түрлері мынау: Қарабай аңға шықты. Сарыбай аңға шықты. Бұларды екі қайта айтып жатпас үшін, екеуін сыйыстырып қосып, бір-ақ айтқан. 2-ші сөйлем деп екі сөйлем сыйысып, қосылғаннан болған. Қосылмағандағысы мынау: Екі дос бірін-бірі сүйді. Екі дос бірін-бірі құшты. 3-ші сөйлемде екі сөйлем сыйысып, қосылғаннан болған. Қосылмағандағысы мынау: Қолға алды татулықты, араздықты. 4-ші сөйлем төрт сөйлемнің сыйысып, қосылғанынан болған. Қосылмағандағысы мынау: Далада сау қалған жан болмады, бұл індеттен. Ойда сау қалған жан болмады бұл індеттен. Қырда сау қалған жан болмады бұл індеттен. Орман-тауда сау қалған жан болмады бұл індеттен. Сыйысулы сөйлемдерді белгісі – бірнеше мүшелері бірыңғай болу. Мәселен, 1-ші сөйлемде екі мүшесі бірыңғай: Қарабай, Сарыбай – екеуі де бастауыш. 2-ші сөйлемде де екі мүшесі сөйлемде бірыңғай: татулықты, араздықты – екеуі де толықтауыш. 4-ші сөйлемде төрт мүшесі бірыңғай: далада, ойда, қырда, орман-тауда – төртеуі де мекен пысықтауыш» [1, 208]. Көріп отырғанымыздай ғалым өзі сыйысулы құрмалас деп беріп отырған сөйлемдерді құрылымдық жағынан талдап, олардың бірігу және ажырау себептерін анықтаған. Ал қиысулы құрмаласты салалас және сабақтас деп бөледі. Салалас құрмаластың қиысуының бес түрін атап көрсетеді: 1) жиылыңқы, 2) қайырыңқы, 3) айырыңқы, 4) сұйылыңқы, 5) қойылыңқы. Сондай-ақ сабақтас құрмалас сөйлемнің белгісі ретінде «бірнеше сөйлемнің бірігіп, біріне-бірі сабақталып, байланысып айтылуы. Сөйлемдер сабақталып біріккенде, бірі басыңқы болып, екіншісі бағыныңқы болып бірігеді» [1,210] деп көрсетеді. Ғалым А.Байтұрсынов мұнымен қатар басыңқы және бағыныңқы сөйлемдердің құрылымдық және мағыналық ерекшеліктеріне тоқталып өтеді. Қазақ тіл білімінде құрмаластарды топтастырудың өзінде де алдымен құрылымдық жағы ескеріліп отырды. Мәселен, құрылымдық принцип бойынша, құрмалас сөйлемдерді құрамына яғни құрамындағы предикатив сыңарларының санына байланысты екі үлкен топқа бөліп көрсетуге болады. Олар: екі (қос) құрамды құрмаластар және көп құрамды құрмаластар. Екі құрамды құрмаластардың құрамындағы компоненттердің бір-бірімен грамматикалық байланысу тәсіліне байланысты салалас және сабақтас құрмалас сөйлем деп, ал көп құрамды құрмаластарды аралас, көп компонентті салалас, көп бағыныңқылы сабақтас деп жіктеуге болады. Құрмалас сөйлемдердің құрылымдық жағын қарастырған ғалымдардың бірі Б. Шалабай құрмалас сөйлемдерді топтастыруға қатысты 1982 жылы «Қазақстан мектебі» журналында (№8) былай дейді: «Құрмалас сөйлемнің құрылымдық типтерін анықтау жеңіл болу үшін алдымен, құрмаластарды компоненттердің санына қарай: жай құрмалас сөйлем, күрделі құрмалас сөйлем деп бөлген тиімді болады. Екі компоненттен құралған құрмаластарды жай құрмалас десек, үш не одан да артық компоненттерден құралғандарын күрделі құрмалас сөйлем қатарына жатқызамыз», - деп, әрі қарай жай құрмалас сөйлемдерді салалас, сабақтас, ал күрделі құрмаластарды (үш немесе одан да көп предикативтік орталықтан құралған құрмаластарды) көп компонентті құрмаластар деп, оны өз ішінде көп компонентті (сыңарлы) салаластар, көп бағыныңқылы сабақтастар және аралас құрмаластар деп жіктейді. Автордың бұлайша топтастыруы 2002 жылы жарық көрген «Қазақ грамматикасында» да өз жалғасын тапқан еді. Ғалым одан әрі салалас құрмаластарды компоненттерінің байланысу тәсіліне қарай жалғаулықты, жалғаулықсыз деп жіктейді де, жалғаулықты салаластарды мағыналық қатынастарына қарай ыңғайлас (мезгілдес), себептес, қарсылықты, талғаулы, кезектес деп саралайды [15, 3]. Мұнда назар аударатын басты мәселе – автордың құрмаластарды әуелі предикатив сыңарларының санына қарай жіктеп алуы. Құрмалас сөйлемдер кемінде екі жай сөйлемнен құралады десек, екі құрамды құрмаластарда оның саны екеу ғана болады, дәлірек айтсақ, екі предикативтілік орталыққа негізделеді. Предикативтілікке қатысты мынадай пікірлер бар: 1) Бастауыш пен баяндауыштың тіркесі ғана ойды білдіретін сөйлем құрай алады (Ф.И. Буслаев, А.А. Потебня, Д.Н. Овсянико-Куликовский, А.А. Шахматов); 2) Барлық сөйлем ойды білдіреді, олай болса, әрбір сөйлемде предикативтілік бар (А.М. Пешковский); 3) Сөйлем мазмұны – шынайы өмір құбылысы, олай болса, оның шындық өмірге қатысы бар, осы қатынас предикативтілік деп аталады (В.В. Виноградов). Олай болса предикативтiлiк дегеніміз сөйлемнiң негiзгi қасиетiн айқындайтын синтаксистiк категория болып табылады. Предикативтiлiк сөйлемде жақ, шақ тұлғалары арқылы жүзеге асады. «Жалпы сөйлем бiр бас мүшелi, екi бас мүшелi немесе мүшеленбейтiн сөйлемдерден құралса, предикативтiлiктiң ең жоғары түрi екi бас мүшелi сөйлемдерде нақты, ал бiр бас мүшелi сөйлемдерде жартылай, ал мүшеленбейтiн сөйлемдерде болмайды да. Мiне, бұған қарағанда, предикативтiлiк тек бастауыш пен баяндауыш арасындағы таза грамматикалық құбылыс», - деп түсiндiредi Т. Сайрамбаев [18, 6]. Предикативтiлiктi бiлдiруде тiлiмiзде ең көп жұмсалатындар – бастауыш-баяндауыш құрылымындағы сөйлемдер. Сөйлемдi құрау үшiн ең аз болғанда екi мүше қатысуы керек – бастауыш және баяндауыш. Осы екi мүшенiң грамматикалық қатынасы сөйлем құрауға негiз болады. Өйткенi сөйлем пiкiрдi, яғни болмыстағы, заттардың өзара қатынасын бiлдiру үшiн жұмсалады. Салалас құрмалас сөйлемдердің жалғаулықты және жалғаулықсыз деп бөлінуінің өзі құрылымдық фактіге жатады. Себебі, контекст арқылы да жалғаулықтың көмегінсіз мағыналық қатынасты табуға болады. Ал сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымдық схемасын былайша көрсетуге болады: бағыныңқы сөйлем (баяндауышы тиянақсыз) және басыңқы сөйлем (баяндауышы тиянақты). Көп компонентті салалас құрмаластың құрылымдық схемасы: басыңқы сыңар + басыңқы сыңар + басыңқы сыңар. Ал көп бағыныңқылы сабақтастың құрылымдық үлгісі: бағыныңқы сыңар + бағыныңқы сыңар + басыңқы сыңар болса, аралас құрмалас сөйлемдерде бұл схема: бағыныңқы сыңар + басыңқы сыңар + басыңқы сыңар немесе басыңқы сыңар + бағыныңқы сыңар + басыңқы сыңар түрінде болады. Сонымен, құрмаластардың құрылымдық аспектісінде күрделі құрылымды құраушы конструкциялар, олардың қызметі, байланысу формасы қарастырылады. Жоғарыда атап өткендей құрмалас сөйлемдерді құрылымдық тұрғыдан қараған кезде құрмалас сөйлемдердің құрамындағы предикативтік қатынас пен басыңқы және бағыныңқы сыңарларға ажыратылуы басты нысан болып табылады.
Date: 2016-05-23; view: 2184; Нарушение авторских прав |