Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
шіншісі: Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм) қайтарған және одан тыйған істерінен ұзақ болу ⇐ ПредыдущаяСтр 8 из 8
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) көптеген сөздерден, істерден және көптеген сипаттардан қайтарды. Пайғамбарымыз бір істен қайтаратын болса, онда адам баласына зиян болғандығы үшін қайтарады. Ал бір істке бұйыратын болса, онда адамға пайдасы болғандығы үшін бұйырады. Егер пенде оның қайтарғанынан қайтпаса, ол Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) Аллаһтың елшісі деген куәлігін өтірікке шығарған және оны кеміткен болады. Қалай ол Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) Аллаһтың елшісі деп тұрып, өзі оның қайтарған істерінен қайтпайды? Аллаһ Тағала былай дейді: «Аллаһтың елшісі сендерге нені берсе соны алыңдар да, неден қайтарса, одан қайтыңдар». Хашр: 7 Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Егер сендерді бір нәрседен қайтарсам, одан қайтыңдар, ал сендерге бер нәрсені бұйырсам, оны шамаларың келгенше орындаңдар» - дейді. Бухари(7288), Муслим(1337) Абу Хурайрадан риуаят етті. Ақиқатында сахабалар пайғамбарымыздың тыйым салған істерінен қайтуда біз үшін өнегелі мысал көрсетті. Арақ харам етілген кезде олар одан бірден қайтып: «Тыйылдық, тыйылдық» - деген еді. Тіпті олардың кейбіреулері қолдарында кесені ұстап тұрып, арақтың харам екенін естігенде, оны ішпестен бірден төгіп тастады. Сондықтан кімде-кім Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) Аллаһтың елшісі деп куәлік етсе, міндетті түрде оған пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уа сәлләм) қайтарғанынан қайту керек болады.
Төртіншісі: Аллаһқа тек пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) шариғаттаған ғибадаттармен ғана құлшылық ету. Бұл ақырғы нүкте өте маңызды. Өйткені көптеген адамдар пайғамбарға бойұсынуы мүмкін, оны өтірікке шығармай, оның қайтарған нәрселерінің көбінен қайтып, оның бұйрықтарын орындауы мүмкін. Бірақ Аллаһқа құлшылық етуге келгенде пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уа сәлләм) ергесуді естен шығарып қояды да, сол себепті дінге жаңалық енгізушілерден, яғни, бидғат істеушілерден болып қалады. Оған мысал: кейбір адамдарды ол уақыттарда нәпіл намаздарды оқуға болмайтын уақыттарда нәпіл намаз оқып жатқанын көресің, немесе таң намазының азанынан кейінгі екі ракағат сүннетке қосып, оны төрт рәкәғат қылып оқып жатқандарын көресің. Егер оларға: бұл уақыттарда намаз оқуға болмайды, таң намазының сүннеті екі-ақ рәкәғат десең, ол саған: жоқ, бұл Аллаһ үшін!- дейді. Демек, қашан ол намаз болса болды, оны қалаған уақытымда, қалай болса да оқи беремін деп ойлайды, бұл — надандыққа жатады. Сондықтан құлшылық тек пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм) көрсеткеніндей болуы керек. Адам құлшылықта пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) сүннетін басшылыққа қойып ғибадат етуі керек және пайғамбар (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) оны шариғаттамаған ғибадаттарды істеуден ұзақ болуы керек. Егер ол шариғатта жоқ ғибадаттарды істеушінің ниеті жақсы болса да, ол онымен сауап үміт етсе де, оның бұл ғибадаттары батыл болады. Өйткені оны пайғамбарымыз істемеген, ал тек ниеттің жақсы болуы пайда бермейді. Сондықтан міндетті түрде пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уа сәлләм) ергесу керек. Өйткені ғибадаттар тауқифия, яғни адамға пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм) оны шариғаттамаған ғибадаттарды істеуіне болмайды. Бұл жайлы пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын): «Кім біз оған бұйырмаған істі істейтін болса, ол оған қайтарылады» - деді. Яғни, қабыл етілмейді. Тағы бір хадисте пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын): «Сендерге менің сүннетімді және менен кейінгі тура жолға бастаушы халифалардың жолын ұстануларың міндет болады, оларға азу тістеріңмен жармасыңдар (яғни, оны мықтап ұстаныңдар) және дінге жаңалық егнгізуден сақтаныңдар, өйткені әрбір жаңа іс — бидғат, ал әрбір бидғат — адасу» - деді. Абу Дауд (4607), Тирмизи (2676), Ибн Мәжжә (42,43) және имам Ахмад 28/373 (17144) Ирбад ибн Сарияның хадисінен риуаят етті. Сондықтан пайғамбарымыз оны шариғат-тамаған ғибадатты істеу тыйым салынған бидғаттқа жатады. Тіпті егер оны пәленше мен пәленше бұйырса немесе оны көп адамдар істеп жүрсе де, қашан ол Аллаһтың елшісінен келмесе, ол бидғат әрі адасу болады. Сондықтан қандай бір адам: «Ниетім жақсы, Аллаһтан сауап үміт етемін» деп кез келген бидғатты істейтін болса, оның амалы қабыл етілмейді. Өйткені, адамдардың ойлары мен қалаулары маңызды емес, керісінше маңызды болған нәрсе — пайғамбарға ергесу, оған бойұсыну. Егер біз қалағанымызды істеп, кез келген нәрсені ғибадат деп, оны өзімізге құлшылықтың бір түрі қылып алатын болсақ, онда біз пайғамбарға мұқтаж болмайтын едік. Бірақ Аллаһ Тағала өзінің рақымдылығынан бізді өз ақылдарымызға, немесе пәленше мен пәленшенің ойларына жүктеп қоймады. Өйткені бұл істер шариғатқа, Аллаһқа, оның елшісіне қайтарылады. Сондай-ақ кез-келген ғибадат тек қана Аллаһ және оның елшісі (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) шариғаттаған нәрсеге сәйкес болса ғана адамға пайда береді. Міне осы барлық бидғаттардан ұзақ болу керек екенін білдіреді. Осыған орай, кімде-кім пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) сүннетінде жоқ нәрсені істейтін болса, ол дінге бидғат енгізген болады әрі Мұхаммед (саллалаһу алейһи уа сәлләм) Аллаһтың елшісі деп күәлік етпеген болады. Өйткені кім Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) Аллаһтың елшісі деп ақиқат күәлік етсе, ол оның сүннетімен жүреді әрі дінге өз ойынан еш нәрсе қоспайды, сондай-ақ біреудің қосқан жаңалығына да ермейді. Адам баласына ең бірінші парыз болған нәрсе Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты еш бір тәңір жоқ және Мұхаммед (саллалаһу алейһи уа сәлләм) оның елшісі деп күәлік ету және осы күәліктің талап еткенін орындау болып табылады. Кім осы күәліктің мағынасын білсе және соған сәйкес амал қылса, ол ең бақытты адам болып есептеледі. Шейхуль ислам Ибн Таймия былай дейді: «Адамдардың ең бақыттылары әрі ең ұлы нығметке бөленгендері және ең жоғарғы дәрежеге ие болғандары — пайғамбарға толығымен ерген және білім мен амалда оған сай болғандары» - деді.
Аллаһ Тағала баршамызды осы күәлікке сай амал қылып дүние-ақыреттің бақытына, ұлы нығметтерге және Аллаһтың алдындағы жоғары дәрежелерге жеткізсін! Барлық мадақтар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән!
Date: 2016-05-18; view: 400; Нарушение авторских прав |