Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Екіншісі: Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уа сәлләм) айтқан хабарларын растау





Демек пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) бір нәрсе туралы айтса, оны еш кідірусіз, бірден қабылдау уәжіп болады. Оның айтқанын өз ақылыңа салып салыстыруыңа болмайды. Өйткені пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уа сәлләм) айтқанын ақылыңа салу және егер ақылыңа сай келмесе оны қайтару — бұл қазырғы күндегі философтардың жолдары. Кім пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уа сәлләм) айтқандарын өзінің ақылына салып қабылдап немесе қайтаратын болса, ол пайғамбарға (саллалаһу алейһи уа сәлләм) емес, өзінің ақылына ергескен болады.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) көптеген көмес істері жайында хабар берді, Аллаһ Тағала жайында, періштелер жайында, өтіп кеткен нәрселер жайлы, бұрынғы кездегі үмметтер жайлы, сол сияқты келешекте болатын қиямет күні, оның белгілері, жаннат, тозақ жайлы хабар берді. Бұның барлығын растау уәжіп. Өйткені пайғамбарымыз бұның барлығын өз ойынан айтпайды, керісінше бұларды Аллаһтың уахиы арқылы айтады. Сондықтан бұл шындық, онда ешқандай өтірік жоқ. Аллаһ Құранда:

«Ол өз ойынан сөйлемейді, оның сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» - деді. Нәжім: 3,4

Кім пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) Аллаһтың хабарларын растамаса, ол мүмінге жатпайды және Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) Аллаһтың елшісі деген күәлігінде шыншылдық білдірмеген болады.

Оның айтқандарын растаған адам — Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) Аллаһтың елшісі деп ақиқат күәлік берген болады әрі ол күәлік пайғамбарымыздың айтқандарын растаумен ғана толық болады. Кім оның хадарларына сенбесе, ол мұнафықтарға жатады. Аллаһ Тағала мұсылмандарды пайғамбарымызды (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) растағандары себепті мақтап былай деді:

«Сондай шындықты әкелген және оны растағандар, міне солар тақуалар» - деді. Зүмәр: 33

Бұл аяттағы «шындықты әкелген» деген сөзді Мужахид, Қатада, Рабиъ ибн Анас және Ибн Зайд: ол Мұхаммед (саллалаһу алейһи уа сәлләм) деді. «Оны растағандар» деген сөзді Абдурахман ибн Зайд ибн Асләм: ол мұсылмандар деді.

Аллаһ Тағала пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уа сәлләм) әкелгенін өтірікке шығарған адамды қор қылды, әрі оған қатты азап уәде етіп былай деді:

«Аллаһқа өтірік айтқан, сондай-ақ өзіне шындық келген кезде, оны өтірікке шығарғаннан залымырақ кім бар? Кәпірлердің орны тозақта емес пе?». Зүмәр: 32

Тәпсіршілер бұл аяттағы: «шындық» деген сөзді: Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) әкелген Құран деді.

Аллаһ Тағала Мүддәссір сүресінде пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм) Құранда әкелген хабарларды өтірікке шығарған адам туралы былай деді:

«(Мұхаммед) Мен соқа басы түрінде (жалғыз) жаратқанды өзіме қой! Мен оған мол мал-дәулет және (әрқашан алдында) дайын тұратын ұлдарды бердім. Және оған (өмірдің барлық нығметтерін) жеңіл етіп қойдым. Сосын, ол тағы арттыруымды дәме етті. Жоқ, (оның дәмесі бекер)! Өйткені, ол біздің аяттарымызға қарсылық жасады. Жақында мен оны бір өр тасқа (яғни, өтіп болмайтын тоспаға) жолықтырамын. Өйткені, ол (Құранды естігеннен кейін, бұл Иләһи кітапқа қандай жала табу туралы) ойлады, жоспар түзді. Жоқ болғыр, қандай жоспар түзді-а?! Сосын ол (ойлаған жоспарларына) қарады. Сосын (Құраннан бір айып таба алмағаннан кейін, маңдайын) тырыстырды және (бетін) бүрістірді. Сосын (шындықтан) бет бұрды және тәкаппарлық қылды. Енді ол: «Бұл (Құран Аллаһтың сөзі емес, бәлкім), тек қана (бұрынғылардан) айтылып келе жатқан бір сиқыр. Бұл тек қана адамның сөзі»-деді. Жақында мен оны сақарға (тозаққа) кіргіземін». Мүддәссір: 11-27

 







Date: 2016-05-18; view: 528; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию