Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Шарттардың біріншісі: Білім
Әрбір сөздің мағынасы бар болғандықтан, бұл сөзді айтқан адам да оның мағынасын білуі керек. Оның мағынасы: Құлшылық ақысын Аллаһтан өзгенің барлығынан қайтару және оны тек Аллаһқа тән деп бекіту. Яғни Аллаһтан басқа құлшылыққа ешкім лайықты емес деген мағына. Демек нені қайтарып нені бекітетінін білуі керек. Егер бұл сөзді айтқан адам оның мағынасын білмейтін болса, бұл сөз оған пайда бермейді. Аллаһ Тағала бұл жайында: «Тек қана біліп тұрып куәлік бергендер» - деді. Зұхруф: 86 Яғни жүректерімен біліп тұрып «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ» деп тілдерімен күәлік береді. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) айтады: «Кім Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екенін білген күйде өлсе, ол жаннатқа кіреді». Бұл хадисті имам Муслим Османнан риуаят еткен. Қазіргі күнде көптеген адамдар бұл сөзді айтады бірақ оның мағынасы жайлы ешнәрсе білмейді. Сол үшін олар Лә иләһә илла лла деп тұрып шірк амалдарын істеп қояды. Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уа сәлләм)заманындағы мүшріктер бұның мағынасын білгендіктен, оларға бір Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер делінген кезде олар: «Тәңірлерімізді бір ақ тәңір қыламыз ба?! Бұл тым ғажайып нәрсе» - деді. Сод: 5
Екіншісі: Айқын сенім. Яғни бұл сөзді айтқан адам оның дәлел ететін нәрселеріне айқын сенуі керек. Егер оның жүрегінде Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ деген сөзге деген азғантай болса да бір күмәні болса және оған айқын сенбесе, бұл сөз оған пайда бермейді. Өйткені мүмін адам бұған еш күманданбайды. Аллаһ Тағала мүміндерді сипаттағанда былай деді: «Мүміндер сондай, олар Аллаһқа және оның елшісіне иман келтіргендер кейін күманданбаған-дар». Хұжурат: 15 Ал егер адам Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екеніне күманданса, ол мұнафықтардан болады. Бұл жайында Аллаһ Тағала айтады: «Шынында Аллаһқа, ақырет күніне сенбейтіндер жүректері күдіктеніп күман ішінде екі ойлы болғандар ғана сенен рұқсат сұрап сылтауратады». Тәубе: 45 Сондықтан бұл сөзді тек аузыңмен ғана айтып қою жеткілікті емес, міндетті түрде оған жүрекпен сену керек. Абу Һурайрадан риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм): «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және мен оның елшісімін деп куәлік етемін, пенде осы екеуімен оларға еш күманданбай Аллаһқа жолықса, жаннатқа кіреді» - деді. Муслим р-ты. Тағы бір хадисте пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм)Абу һурайраға былай деді: «Бұл баудың артынан Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ дегенге жүрегімен айқын сенген біреуді жолықтырсаң, оны жаннатпен шүіншіле». Муслим р-ты. Хадистің мағынасы: кімде осы сипат болса, ол жаннат иелерінен болады. Абу Һурайра адамдардың жүрегінде не бар екенін біледі дегені емес, бірақ кім жүрегімен айқын сенсе, ол жаннатқа кіреді дегенді білдіреді. Хадистен алынатын пайдалардың бірі: хадис «Лә иләһа иллә ллаһ» кәлимасына тіліңмен айтпастан тек жүрегіңмен сенудің жетпейтініне және жүрегіңмен-мен сенбей тек тіліңмен айтудың жетпейтіндігіне дәлел болады. Сондықтан екеуі бірге болуы керек, тіліңмен айтқаныңа жүрегіңмен сенуің керек және жүрегіңмен сенгеніңді тіліңмен айтып білдіруің керек.
Шіншісі: Ықылас. Бұл сөзді адам ықыласымен айтпаса, ол оған пайда бермейді. Кейбір адамдар Лә иләһа иллә ллаһ дейді, бірақ Аллаһқа серік келтіруді тастамайды. Қазіргі кездегі қабірлерге құлшылық етіп жүргендер сияқты, олардың Лә иләһа иллә ллаһ дегендері оларға пайда бермейді. Өйткені оның шарттарының бірі — ықылас. Аллаһ Тағала айтады: «Олар дінді тек Аллаһқа арнаған түрде құлшылық етуге бұйырылды» -деді. Бәйинә: 5 Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм)айтады: «Менің шапағатыма бөленетін ең бақытты адам, ықыласты түрде жүрегінен Лә иләһа илла ллаһ деген адам» - деді. Бухарий р-ты. Тағы бір хадисте пайғамбарымыз: «Расында Аллаһ Тағаланың разылығын қалап Лә иләһа илла ллаһ деген адамды Аллаһ тозаққа харам етті» - деді. Бухарий р-ты. Бұл хадистердегі айтылып жатқан ықыластан болған мақсат: Лә иләһа илла ллаһ дегеннен кейін адам бұл сөздің талап ететінін орындауы керек. Яғни Аллаһқа еш нәрсені серік келтірмей, құлшылықты тек Аллаһқа арнауы керек. Адам егер бұл сөздің мағынасын айқын білсе, бірақ құлшылығында ықылассыз болса, ол оған пайда бермейді. Ықыласты адамдар — амалдарының барлығы; жүрек, тіл және денемен орындалатын амалдарының барлығы Аллаһ үшін болған адамдар. Олар бұл амалдары үшін адамдардан бір несібе немесе олардан шүкірлік білдірулерін немесе бір мәртебеге жетулерін, не олардың мадақтарын қаламайды. Егер адам құлшылықта Аллаһқа біреуді ортақ қосатын болса, Аллаһтан басқа біреуге дұға қылса, ол үшін құрбан шалып, одан өзінің қиыншылықтарын кетіруін сұрап, жақсылықты Аллаһтан басқадан үміт ететін болса, ол ықыласты адам деп аталмайды. Және оның Лә иләһа иллә ллаһ дегені оған пайда бермейді. Өйткені Аллаһ Тағала айтады: «Егер олар Аллаһқа ортақ қосса, олардың амалдары жойылып кетер еді». Анғам: 88 Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм)құдси хадисте айтады: «Аллаһ Тағала: Мен маған біреудің ортақ болуына мұқтаж емеспін, кім бір амал қылып, сол амалында маған біреуді ортақ қосса, оны да, оның амалын да тастаймын деді». Муслим р-ты.
Төртіншісі: Шыншылдық. Бұл сөзді айтқан адам оны шын жүрегінен айтуы керек. Егер өтірік айтатын болса, ол мұнафықтардан болады. Өйткен оны өтіріктен айту — ол мұнафықтардың сипаты. Олар да бұл сөзді айтады, бірақ оның мағынасына жүректерімен сенбейді. Аллаһ Тағала айтады: «(Мұхаммед), Егер мұнафықтар саған келсе, шындығында сен еш күмәнсіз Аллаһтың елшісісің деп күәлік береміз дейді. Аллаһ сенің оның елшісі екеніңді біледі және де Аллаһ мұнафықтардың әлбетте өтірікші екендіктеріне күәлік етеді. Мұнафықтар өздерінің күәліктерін қалқан етіп алады». Мұнафиқун: 1,2 Мұғаз Ибн Жәбәлдан риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) айтады: «Қандай да біреу: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның құлы әрі елшісі деп шын жүрегінен куәлік ететін болса, Аллаһ Тағала оны отқа харам етеді» -деді. Бухари р-ты.
Date: 2016-05-18; view: 351; Нарушение авторских прав |