Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мұхаммед Аллаһтың елшісі» күәлігінің мағынасы
Аллаһ Тағала Мұхаммедті (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) пайғамбар қылып жіберді және оны елшілікпен әрі құлшылықпен шарапаттады. Мұхаммед (саллалаһу алейһи уа сәлләм) пайғамбарлар мен елшілердің мырзасы, және адам баласының ең жақсысы әрі олардың ішіндегі ең артығы болып табылады. Қиямет күні ең бірінші шапағат ететін әрі шапағатқа рұқсат етілетіні де пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) болады. Сондай-ақ қияметте ең бірінші қабірі ашылатын және ең бірінші жәннатқа кіретін де пайғамбарымыз Мұхаммед (саллалаһу алейһи уа сәлләм). Аллаһ Тағала оны (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) адамдарға оларды жәннәтпен қуандырушы және тозақтан сақтандырушы қылып, әрі оларды Аллаһқа шақырушы, қараңғылықтан жарыққа, зұлымдықтан әділдікке, адасудан туралыққа шығаратын нұрлы шырақ түрінде жіберді. Қандай бір жақсылық болса, оны үмметіне көрсетті және қандай бір жамандық болса, одан үмметін сақтандырып кетті. Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп куәлік ету — ол тек қана оны аузыңмен айтып шектелетін сөз емес, керісінше бұл сөздің өзіне сай мағынасы әрі оның талап ететін талаптары бар. Оның мағынасы: тіліңмен және жүрегіңмен Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) Аллаһтың елшісі деп мойындауың. Демек тіліңмен Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) Аллаһтың елшісі деп айтасың әрі соған жүрегіңмен иман келтіресің. Ал тек тілмен айтып, жүрекпен оны қайтару — бұл Аллаһ Тағала айтқанындай, мұнафықтардың жолы. Аллаһ Тағала Құранда олар жайлы былай дейді: «(Мұхаммед), Егер мұнафықтар саған келсе, шындығында сен еш күмәнсіз Аллаһтың елшісісің деп күәлік береміз дейді. Аллаһ сенің оның елшісі екеніңді біледі және де Аллаһ мұнафықтардың әлбетте өтірікші екендіктеріне күәлік етеді. Мұнафықтар өздерінің күәліктерін қалқан етіп алады». Мұнафиқун: 1,2 Мұнафықтар күәліктерін өздеріне перде етіп алып, адамдарды Аллаһтың жолынан тосады. Содықтан куәлікті тек тілмен айту жеткілікті емес. Сол сияқты Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) Аллаһтың елшісі екенін тілмен айтпастан, оған тек қана жүрегімен сену де жетпейді. Егер адам оны айтуға шамасы келіп тұрып, оны айтпаса, бұл жеткілікті емес. Өйткені мүшріктер пайғамбарымыздың Аллаһтың елшісі екенін білетін еді, бірақ олар оған қарсы келді. Аллаһ Тағала айтады: «Ақиқатында олардың айтатындары сені кейітетінін білеміз. Олар сені өтірікке санамайды. Бірақ залымдар Аллаһтың аяттарына қарсы келеді». Әнғам: 33 Олар жүректерімен пайғамбарымызды (саллалаһу алейһи уа сәлләм) Аллаһтың елшісі екенін білетін еді, бірақта оларды оның пайғамбарлығын мойындаудан өздерінің тәкаппарлықтары және оған деген қызғаншақтық-тары қайтараған еді. Сол сияқты оны тілмен айтып жүрекпен сеніп қоя салу да жеткілікті емес. Міндетті түрде үшінші нәрсе керек, ол: пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уа сәлләм) еру. Аллаһ Тағала Құранда: «Оған (яғни, пайғамбарымыз Мұхаммедке) иман келтірген, оны құрметтеп, оған жәрдем еткен және де оның келуімен түсірілген нұрға (яғни, Құранға) ергендер, солар ғана құтылушылар» - деді. Ағраф: 157 Сондықтан Абу Толиб пайғамбарымызды (саллалаһу алейһи уа сәлләм) Аллаһтың елшісі екенін білген, оған өте көп жәрдем етіп, оны өз қорғауына алған. Бірақ та оған пайғамбарымыз маған ер дегенде одан бас тартты, нәтижесінде ол тозақ иелерінен болды. Демек, адам қашан пайғамбарымызға ермейінше, ол мұсылман болмайды. Сол үшін міндетті түрде оның пайғамбарлығын іштей және сырттай мойындаумен және оған иман келтірумен қатар, оған еру шарт етіледі. Бұның барлығы ғұламар айтқанындай төрт нәрсеге келіп тіреледі, олар: Әміріне бой ұсыну, айтқан хабарларын растау, қайтарған және тыйым салған істерден ұзақ болу және Аллаһқа тек ол шариғаттаған ғибадаттармен ғана құлшылық ету.
Біріншісі: Әміріне бой ұсыну. Аллаһ Құранда: «Қандай бір пайғамбар жіберсек, тек Аллаһтың қалауыман оған бойұсынылсын деп жібердік» - деді. Ниса: 64 Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) бойұсыну уәжіп. Өйткені ол Аллаһтың елшісі әрі оның саған әмір еткені — ол Аллаһтың әмірі. Пайғамбарымыз шариғатты өз ойынан алмайды, бірақ оны Аллаһтан бізге жеткізеді. Аллаһ Құранда: «Ол өз ойынан сөйлемейді, оның сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» - деді. Нәжім: 3,4 Пайғамбарымызға бой ұсыну — Аллаһқа бой ұсыну. Аллһ Құранда: «Кім пайғамбарға бағынса, расында Аллаһқа бағынған болады» Ниса: 80 «Оларға Аллаһқа және пайғамбарға бойұсыныңдар де» Әлі Имран: 32 «Ей иман келтіргендер, Аллаһқа бойұсыныңдар, пайғамбарға бойұсыныңдар және араларыңдағы әмірлеріңе бойұсыныңдар» - деді. Ниса: 59 Аллаһ Тағала адамдардың тура жол табуларын пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уа сәлләм) бойұсынуға баланысты қылып қойды, Аллаһ Құранда: «(Мұхаммед) Оларға: Аллаһқа бой ұсыныңдар және пайғамбарға бойұсыныңдар де. Ал егер олар ол екеуіне бойұсынудан бет бұрса, шындығында пайғамбар тек өзіне жүктелгенге, сендер өздеріңе жүктелгенге міндеттісіңдер. Ал егер пайғамбарға бойұсынсаңдар, тура жол табасыңдар. Сондай ақ пайғамбарға тек қана дінді анықтап жеткізу міндет –де». Нұр: 54 Сондай-ақ кім Аллаһқа және оның елшісіне бойұсынса, Аллаһ Тағала оны адамзаттың ең құрметті адамдарымен бірге қылады. Аллаһ Тағала бұл жайында: «Кім Аллаһқа және пайғамбарға бойұсынса, міне солар Аллаһ оларды нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһидтер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдастар» - деді. Ниса: 69 Кім Аллаһқа және оның елшісіне бойұсынса, Аллаһ Тағала оны зор табысқа жеткізеді, оны жәннатқа кіргізеді, және ол онда мәңгі қалады: «Кім Аллаһқа және елшісіне бойұсынса, астарынан өзендер ағатын жәннаттарға кіргізледі де, олар онда мәңгі қалады. Міне осы — зор табыс». Ниса: 13 Ал пайғамбарға қарсы шығу — ол Аллаһқа қарсы шығу. Аллаһ Құранда: «Кім Аллаһқа және оның елшісіне қарсы шықса, шындығында ол үшін онда мәңгі қалатын тозақ оты бар»; Жын: 23 «Кімде-кім Аллаһқа және оның елшісіне қарсы келіп, оның шектерінен шықса, Аллаһ оны онда мәңгі қалатын тозаққа кіргізеді және оған қорлаушы азап бар» - деді. Ниса: 14 Сондықтан Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп куәлік еткен адам үшін оның әміріне бойұсынуы уәжіп болады. Өйткені Аллаһ Тағала: «Аллаһтың елшісі сендерге нені берсе соны алыңдар де, неден қайтарса, одан қайтыңдар» - деді. Хашр: 7 Тағы бір аятта: «Оның әміріне (Пайғамдардың әміріне) қарсы келушілер бір апатқа душар болуынан немесе оларға жан түршігерлік азап келуінен сақтансын» - деді. Нұр: 63
Date: 2016-05-18; view: 491; Нарушение авторских прав |