Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лә иләһа иллә Ллаһ кәлимасының мағынасы





Оның мағынасы: тек қана Аллаһ Тағала құлшылыққа лайықты деп иман келтіру, және соны ұстану әрі оған амал қылу. Демек, Аллаһқа құлшылық ету және оған ешкімді ортақ қоспау. Аллаһ құранда:

«Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екенін біл де, күналарың үшін кешірім тіле» - деді. Яғни, Аллаһ қана құлшылық етілуге лайықты, одан басқа ешкімге құшылық етуге болмайды, керісінше құлшылықтың барлығы тек Аллаһ үшін болуы керек.

Қазіргі кезде көп адамдар бұл сөздің мағынасын қате түсінеді. Олар бұны: Аллаһтан басқа жаратушы жоқ, немесе Аллаһтан басқа ризық беруші жоқ дейді. Бұл қате түсінік, өйткені бұл таухид рубубияға жатады, ал пайғамбарымыз келеген кезде Мекке мүшріктері бұны, яғни, Аллаһтан басқа жаратушы жоқ, және Аллаһтан басқа ризық беруші жоқ екенін білетін және соны моындайтын еді, бірақ олар Лә иләһа иллә Ллаһ деп айт делінсе одан бас тартатын еді. Аллаһ Құранда бұл жайында былай дейді:

«Оларға Лә иләһа иллә ллаһ деңдер делінсе, олар тәкәппарланып, құдайларымызды бір жынды ақын үшін тастаймыз ба?- дейтін еді». Соффат: 35-36

Тағы бір аятта оларға Лә иләһа иллә ллаһ деп айтыңдар десе, олар:

«Тәңірлерімізді біреу-ақ тәңір қыламыз ба? Бұл ғажайып нәрсе» -деді.

Демек, адамдардың өздеріне құдай қылып, тәңір қылып жүрген нәрселері көп, бірақ олардың барлығы өтірік, ақиқат құлшылыққа лайықты тек қана Аллаһ. Сондықтан бұл сөздің мағынасы: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешқандай тәңір жоқ»-деген мағынаны білдіреді.

Өйткені егер бұл сөздің мағынасы: Аллаһтан басқа жаратушы жоқ, одан басқа ризықтандырушы жоқ деген болса, сол кездегі мүшріктер мұсылман болатын еді де, оны айтудан тартынбайтын еді. Өйткені олардан: аспан мен жерді кім жаратты, кім ризық береді, кім өлтіреді және кім тірілтеді деп сұралса олар: Аллаһ дейтін еді.

«Егер олардан: «көктер мен жерді кім жаратты? Күн мен айды пенделері үшін бағындырып қойған кім? -деп сұрасаң, әлбетте олар: Аллаһ» –дейді Анкабут: 61

«Егер олардан: аспаннан жауын жаудырып, сол себепті өлген жерді қайта тірілткен кім»-деп сұрасаң, олар әлбетте. Аллаһ дейді». Анкабут: 63

«(Мұхаммед): Оларға: Сендерді аспаннан, жерден кім ризықтандырады? Құлаққа, көзге кім ие? Өліден тіріні, тіріден өліні кім шығарады, әр істі кім игереді? – деп сұра. Олар: Аллаһ дейді». Юнус: 31

Яғни, олар бұл нәрселердің барлығын ислам келуінен бұрын білетін еді.

Бірақ бұл сөздің мағынасы бұл емес, керісінше: «Аллаһтан басқа ақиқат құлшылыққа лайықты ешқандай тәңір жоқ» деген мағына.

Егер біреу: Аллаһтан басқа құлшылық етілетін ешкім жоқ десе, бұл өте үлкен қателік болады. Өйткені бұдан, қазіргі оларға құлшылық етіліп жатқан пұттардың барлығы; қабірлер, әулие терек, әулие тас дегендердің барлығы — ол Аллаһ деген мағына түсініледі. Ал бірақ егер оны шектеп: «ақиқат құлашылыққа лайықты» дейтін болсаң, барлық қазіргі күнде оларға құлшылық етіліп жатқан пұттарды қайтарасың да, тек Аллаһ Тағала ғана қалады. Сондықтан, міндетті түрде: Аллаһтан басқа ақиқат құлшылыққа лайықты ешкім жоқ деуің керек болады.

Date: 2016-05-18; view: 458; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию