Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бесіншісі: Жақсы көру
Лә иләһа иллә ллаһ деген адам осы сөзді, оның дәлел ететін мағыналарын және осы сөздің талап ететін істерін орындайтын адамдарды жақсы көреді және оған амал қылмайтындарды жек көреді. Бұл сөзді айтқан адам үшін Аллаһ және оның елшісі (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) оған өз әкесінен, баласынан және барлық адамдардан сүйіктірек болуы керек. Өйткені бұл сөз тек оны жақсы көрген адамдар үшін ғана пайда береді. Ал бұл сөзді жақсы көру — ол адамның ықыласты екеніне дәлел болады. Ал кім Аллаһты жақсы көрсе, ол оның дінін де жақсы көреді. Аллаһ Тағала: «Адамдардың кейбіреулері өзгелерді Аллаһқа теңестіріп, оларды Аллаһты сүйгендей сүйеді. Ал иман келтіргендер Аллаһты (мүшріктердің пұттарды жақсы көргендерінен де) қатты жақсы көреді» -деді. Бақара: 165 Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) айтады: «Кімде үш нәрсе болса, сонымен ол иманның ләзәтін табаты: кімге Аллаһ және оның елшісі басқалардың барлығынан сүйіктірек болса және кім бір мұсылманды тек Аллаһ үшін жақсы көрсе және кім Аллаһ оны күпірліктен құтқарғаннан кейін соған қайта оралуды жек көрсе» - деді. Бухарий р-ты. Тағы бір хадисте: «Сендердің ешбіреулерің мен оған оның әкесінен, баласынан және адамдардың барлығынан сүйіктірек болмайынша иман келтірмейсіңдер» - деді. Бухарий р-ты. Басқа хадисте: «Менің жаным оның қолында болған Аллаһпен ант етемін, сендердің ешбіреулерің мен оған оның өз жанынан да сүйіктірек болмайынша иман келтірмейсіңдер» - деді. Имам Ахмад р-ты. Иман келтірмейсіңдер дегені: имандарың толық болмайды деген мағынаны білдіреді. Яғни адамның Аллаһқа және оның елшісіне (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) деген махабаты басқалардың махабатынан жоғары болуы керек. Кім басқа біреуді Аллаһтан және оның елшісінен (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) қаттырақ жақсы көретін болса, оның иманы толық емес. Тіпті оны айтпай-ақ, оның басқа біреуді жақсы көруі Аллаһ пен оның елшісін жақсы көрумен тең болса, оның да иманы толық емес. Өйткені Алаһ Тағала айтады: Адамдардың кейбіреулері өзгелерді Аллаһқа теңестіріп, оларды Аллаһты сүйгендей сүйеді. Ал иман келтіргендер Аллаһты (мүшріктердің пұттарды жақсы көргендерінен де) қатты жақсы көреді». Аллаһты және оның елшісін (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын)жақсы көру — тек пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) әкелген нәрсеге ерумен ғана пайда болады. Аллаһ Тағала айтады: «(Мұхаммед), оларға: егер Аллаһты жақсы көрсеңдер, маған еріңдер, сонда Аллаһ сендерді жақсы көреді және күналарыңды кешіреді. Аллаһ өте кешірімді, аса мейірімді» - деді. Әлі Имран: 31. Адамның Аллаһқа және Оның елшісіне (саллалаһу алейһи уа сәлләм) деген махабатының толық болуы — Аллаһтың жақсы көргенін жақсы көріп, жек көргенін жек көрумен болады. Кім Аллаһтың жақсы көрген нәрсесін жек көрсе және жек көрген нәрсесін жақсы көрсе, оның таухиді толық болмайды және ол Лә иләһа илләЛлаһ деген сөзінде шыншыл емес. Осыған байланысты ол адам Аллаһқа серік келтірген болады. Оның серік келтіру мөлшері — Аллаһтың жақсы көгенін қанша жек көргеніне және жек көргенін қанша жақсы көргеніне байланысты болады. Аллаһ Тағала кәпірлерді қорлап, олардың амалдарын жойып жіберді. Бұл жайында Аллаһ Тағала былай деді: «Бұның себебі: шынында олар Аллаһтың түсіргенін жек көрді. Сондықтан Аллаһ олардың амалдарын жойды». Мұхаммед: 9 Пенденің Аллаһты жақсы көруінің белгісі — Аллаһтың жақсы көргені өзінің ойына қарсы келіп тұрса да, оны өз ойынан жоғары қоюы және Аллаһтың жек көретінін егер өзі жақсы көріп тұрса да, оны жек көруі. Аллаһты және оның елшісін жақсы көретін адамдарды жақсы көруі және оларды жек көретін адамдарды жек көруі. Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уа сәлләм) сүннетіне еруі және оны барлығының жолдарынан жоғары қоюы. Сол сияқты дене мүшелер де көбінде адамның жақсы көретін және жек көретініне байланысты амал қылады. Егер жүректе Аллаһқа деген махабат берік орнықса, дене мүшелері тек Аллаһқа итағат етуге ғана жұмсалады. Абу һурайрадан риуаят етілген құдси хадисте пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уа сәлләм) былай дейді: «Аллаһ Тағала айтты: Пендем Мен оны жақсы көргенге дейін маған нәпіл құлшылықтармен жақындай береді, егер мен оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы және жүретін аяғы боламын». Бухари р-ты. Бұның мағынасы: ол тек менің зікірімді естиді, тек менің кітабымды оқып ләзаттанады, тек маған мінәжәт етумен рахаттанады және тек менің мүлкімнің ғажайыптылығына ғана қарайды және аяғы мен қолдарын тек менің разылығыма ғана жұмсайды.
Date: 2016-05-18; view: 503; Нарушение авторских прав |