Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ОҚЫТУ ӘДIСТЕРIН ЖҮЙЕЛЕРІ
1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс. Әңгімелеу. Мұғалім оқу материалын бірізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері пайдаланылады. Әдетте әңгімелеу, бастауыш сынып 10-15 минутқа созылады. Әңгіме әдісі сабақта сұрақ жауап түрінде қолданылады. Сондықтан мұғалім алдын-ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият ойластырады. Бұл оқушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бірізділікпен анықтауды қамтамасыз етеді. Оқушыларға өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгіме әдісі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді. Түсіндіру. Мұғалім оқу материалдарын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады. Түсіндіру әдісінде мұғалімнің басты міндеті оқушылардың танымдық және қиын мәселелерді күні бұрын болжау, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, оқушыларға көмектесу. Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі күрделілігі, логикалық құрылысы жағынан өзгешелігі бар. Лекция сұрақтар бойынша логикалық бірізділікпен баяндалады. Әрбір сұрақтан кейін қортынды жасалады. Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми әдебиеттерде осы уақытқа дейін жарияланбаған мәселелер баяндалады. Сонымен бірге талас және жалған теориялар жөнінде танымды түсініктер беріледі. Лекция саабағы 25-30 минут уақыт алады. Қалған уақытта оқушылар тақырыпқа сәйкес мұғалімнің көмегімен өз бетінше түрлі жаттығулар жұмыстарын орындайды. Кітаппен жұмыс. Оқу жұмыстарында қолданылатын құралдардың бірі оқулықтар. Олар білімді терең игеру үшін пайдаланылады. Оқушы сыныпта алған тапсырманы қарап, еске түсіреді, оны орындау үшін кітаптағы материалды а) өзінің ақыл-ойын жұмылдырып, көңіл қойып ықыласпен оқиды. ә) негізгі материалды ұғу үшін кітаптағы тексті тез қарап шығады, яғни оны алғаш рет алдын-ала оқиды, ойға салады. б) соңғы рет кітап текстісін тянақты оқиды, талдау жасайды, басты мәселелерді бөледі, маңызды ережелерді жазып алады. 2 Көрнекілік әдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері жатады. Демонстрация әдісі тәжірибелерді, приборларды, препараттарды табиғи объектілерді, кинофильмдерді демонстрациялауға байланысты. Мысалы, сабақта кинофильмді пайдалану үшін оны алдын ала қарап, қандай мәселелерді фрагменттерге бөліп, оқушыларға түіндіруді анықтау қажет. Демонстрация әсіресе физика, химия, биология сабақтарында түрлі приборларды, табиғи объектілерді демонстрациялау үшін қолданылады. Илюстрация әдісінің көмегімен оқушыларға илюстративті құралдарды (плакаттар, карталар, суреттер, портреттер, картограммалар) көрсетуге болады. Бақылау әдісінін пайдаланып оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз бетімен бақылау жұмысын жүргізеді. Бақылау жұмысын сынып бөлмелерінде, оқу-тәжірибе учаскелерінде жүргізеді. 3 Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әртүрлі жаттығулар. Бұл әдістер мектеп жағдайында пайдаланып арнайы құралдармен (микроскоп, өлшеу аспаптары, приборлар, техникалық құралдар) жабдықталған кабинеттерде мұғалімнің басшылығымен оқушылар табиғи құбылыстарды, заттарды зерттейді. Лабораториялық тақырып бойынша жаңа оқу материалын ұғыну үшін мынандай тәсілдер ескеріледі: Лабораториялық сабақтың тақырыбын және сабақтың міндетін анықтау. Сабақты өткізу тәртібін түсіндіру. Сабақтың нәтижесін жинақтап қорытындылау. Сабақтың нәтижесін талдау. Практикалық жұмыстар. Практикалық жұмыстар мектеп шеберханасында, оқу-тәжірибелі учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында өткізіледі. Практикалық жұмыстар оқушыларды өнімді еңбекке баулу үшін политехникалық біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру. Графикалық жұмыстар. Оқушылар графикалық бейнелеу техникасымен сурет, сызу сабақтарында танысады. Мектепте әртүрлі графикалық жұмыстар қолданылады. Бастауыш сыныптарда сурет салу және түрлі заттардың суретін түсіріп алу. V-VІІІ және жоғары сыныптарда оқушыларды әр түрлі пәндер бойынша тақырыптық хроникалық кестелер, графика жасайды. Жаттығулар. Оқушылардың іскерлік қабілеті, дағдысы жаттығу жұмысының процесінде қалыптасады. Жаттығу түрлері: ауызша жаттығулар, жазбаша жаттығулар, сынып, үй жұмысы т.б. Оқу әдістерін жіктеудің басқа да тәсілдері бар. М.Н. Скаткин мен И.Я.Лернер жасаған оқыту әдістері жіктеуінің кейбір ерекшеліктерін байқауға болады. Олар оқушылардың танымдық немесе логикалық ойлағыштық іс-әрекетін әдістерді топтаудың негізі деп қарастырады. Олар оқытудың мынадай әдістерін ұсынады. Түсіндірме-илюстративті әдіс Репродуктивті әдіс Проблемалы баяндау әдісі Ішінара баяндау немесе эврестикалық әдіс. Зерттеу әдісі
Date: 2016-05-17; view: 3207; Нарушение авторских прав |