Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Оқыту үрдісі – тұтас жүйе





Жоспар:

1.Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері

2. Оқытудың мәні мен құрылымының қазіргі кездегі түсінігі. Оқыту екі жақты үрдіс.

3. Оқытудың іс-әрекет ретіндегі мәндік сипаттамасы

4.Оқу-оқытудың тұтас үрдісіндегі оқушының танымдық іс-әрекеті

 

Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады.Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе,ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді.

Әрекет -дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс

Адам іс-әрекеттің белгілі белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап,оны шамасынша өзгертіп отырады.

Іс-әрекет құрылымы жөіндегі проблема жантану теориясының дамуы мен көптеген практикалық міндеттердің тиімді шешім табуда үлкен маңызға ие.Іс-әрекет құрылымын жөніндегі алғашқы теориялық пайымдаулар әрекет элементтерімен байланыстырлыды. Бұл қарапайым элементтер ретінде әрекеттің ең жай түрлері: алу, қою, көтеру қабылдау

Сонымен, іс-әрекет – адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды байланысының қозғалысты жүйесі.Осы жүйеде психикалық бейне пайда болып,обьекті күйіне енеді, ол іс-әрекеттің саналы қабылданған мақсатты түрі болып табылады.

Белгілі мақсатты болуынан әрқандай белсенділікті іс-әрекет деп санауға болады. Ал іс-әрекеттің бүкіл басқа тараптарының бәрі сеп түрткі, іс-әрекетті жоспарлау, ағымдағы ақпаратты өндеу, шешім қабылдау бірде сезілсе,көбіне еске ала бермейді. Алынған күнде толық болмауы, кейде тіпті қате де болуы мүмкін. Іс-әрекет қай деңгейде танылмасын, саналы мақсат оның қажетті белгісі.

Әрекет құрылымындағы бірліктердің біршама автоматтанып, дағды қалыптасуынан келесі тәсілдер өзгеріске келеді.

а) әрекет орындалуы- майда қимыл-қозғалыстар біртұтас әрекетке бірігеді, артық, кажетсіз қозғалыстар жойылып, қимыл жеделдей түседі;

ә) әрекетке сезімдік бақылау- қимылды көзбен бақылауға қажетті бағыт-бағдар сараптау қабілеті дамиды:

б) әрекетті санамен реттеп бару- зейіннің әрекет тәсілдерінен сол әрекеттің орындалу жағдайлары мен нәтижелеріне ауысуы. Осыдан әрекеттегі кейбір есеп-қисаптық санаға байланысты бірлікті әрі ықшам қабылданады.Кейбір қимылға көшуге болған ішкі дайындық алдыңғы әрекеттің орындалуымен бірге жүргізіліп, жаңа әрекетке өту арнайы жоспарсыз-ақ орындалады.

Мақсат дегеніміз - іс-әрекет бағытталған обьект, іс-әрекет нәтижесін көрсету Қажеттілік-міндетті түрде керек нәрсені белгілейді.

Іс-әрекеттің құрылымы: мотив, әрекет, мақсат;

Әрекет: ішкі (ақыл-ой),сыртқы (заттық);

Интериозиация – ішкі әрекет; Экстериозиация – сыртқы әрекет болып табылады. Интериозиация – сыртқы әркеттің ішкі амалға ауысуын айтамыз; Экстериозиация - ақыл ой әрекетінің заттармен әрекет ету түрінде сыртқы шығуын айтамыз. Сонымен ішкі ақыл ойдың психикалық әрекеті және дененің затпен айналысуы сыртқы моторлық болып бөлінеді. Совет психологы Л.С.Выготский,А.Н. Леонтьев,Б.Я. Гальперин зерттеулері арқылы ақыл ой әрекеті әуелде сыртқы әрекет түрінде көрініп бірте –бірте психикалық амалға ауысын дәлелдеді.


Оқу іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді,дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.

Психолог П.Я. Гальперин (1902-1988) өзінің «Ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасу» теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді(затты ұстап көру,тұрқын,көлемін ажырату,шамамен өлшеу т.б.) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді.

Оқу іс-әрекеті дегеніміз – оқытушылық және тәрбиелік әсер берудің, оқытушы мен оқушы арасындағы өзара тығыз қарым-қатынас.

Кез-келген әрекет сияқты оқу іс-әрекетінде субъективтілікпен, белсенділікпен, пәнділікпен, мақсаттылықпен, саналылықпен сипатталады.

Белсенділіктің өзі оқу іс-әрекетінде оқушының бойында көрінетін сапа, қасиет. Білімді меңгеру әрекеттің жалпы тәсілдерін игеру әрекеттің тәсілдері мен құрылымдарын өңдеу, олардың бағдарламасын өңдеу, міндеттерді шешу. Міне осы процесте оқушы дамиды, яғни осының өзі оқу іс-әрекетінің пәні, мазмұны болып табылады. Оқу іс-әрекетінің құралдарын үш жоспарда қарастырған жөн, өйткені оқу іс-әрекеті осы үш жоспар арқылы жүзеге асырылады.

1. Интеллектуалдық әрекет (Рубинштейн бойынша ойлау операциясы). Интеллектуалдық әрекет оқу іс-әрекетінің танымдық және зерттеу функциясының негізінде жатыр. (Мысалы, анализ, синтез, пікір, жалпылау, жіктеу)

2. Білім меңгерілетін формалар (вербальды, вербальды емес құралдар)

3. Оқушының белсенділігі

Оқу іс-әрекетінің тәсілдері өте көп:

Репродуктивті тәсіл

Проблемалық шығармашылық тәсіл

Зерттеу танымдық әрекеттер

Оқу іс-әрекетінің тәсілдері дегеніміз – қалай оқу қажет қандай тәсілмен білім алуға болады деген сұрақтарға жауап.

Оқу іс-әрекетінің нәтижесі дегеніміз – субъектінің мінез-құлық немесе бұл іс-әрекетті жалғастыру қажеттілгі.

Оқу іс-әрекетінің құрылымы мынандай компоненттерден тұрады:

Мотивация

Оқу міндеттері

Оқу әрекеттері

Бақылау

Баға

Оқу мотивациясы бірнеше арнайы факторлармен анықталады.

Білім беру жүйесімен білім беру мекемесімен

Білім беру процесін ұйымдастырумен

Оқушының субъективтік ерекшеліктерімен (жынысы, жасы, қабілеті, өзін-өзі бағалауы, дамуы).

Педагогтың субъективтік ерекшеліктерімен (оқушыға жұмыстық қатынасы).

Оқу пәнінің спецификасымен анықталады. (ерекшелігі, әр пәннің сапасы).

Оқу мотивациясы жүйелі болып келеді, ол бағыттылықпен, тұрақтылықпен, динамикалылықпен сипатталады. Оқу мотивациясы жүйелі процесс.

Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 4, 6, 8, 10, 11, 12, 14, 16.

Қосымша әдебиеттер: 1, 9, 24, 25, 27, 28, 29.

 

 







Date: 2016-05-17; view: 5502; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию