Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс. Қазіргі білім берудің мазмұны
Жоспар: 1. «Білім беру мазмұнының мәні» түсінігі 2. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары 3. Жалпы білім берудің мазмұнын таңдап алудың ұстанымдары мен өлшемдері 4. Білім беру мазмұнын құрамаларына сипаттама 5. ҚР Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері 6. ҚР «Білім туралы» заңы
Білім беру мазмұны – оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі тиіптегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі. Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде «нені оқыту керек» сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақталған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен қатар оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсаттарын ескереді. Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек. Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделген. Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі. Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, оқулықтарда, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында, электрондық оқу құралдарында нақтыланады. Білімнің мазмұнын оқыту процесіндегі компоненттерінің бірі. Бұл білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйелердің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамып, ғылыми материалдық көзқарастары қалыптасады. Педагогикалық теорияларды және күнделікті тұрмыста білімге түсіндірме әртүрлі тұрғыдан беріледі. Мысалы, білім беру сатылары туралы сөз болғанда мынандай ұғымдар пайдаланылады: бастауыш, орта, жоғарғы білім. Ал, сипатына қарай педагогикалық міндеттердің технологиялық және т.б. білім беру ұғымдары пайдаланылады. Жалпы білімді мектеп береді. Жалпы білім арнайы және кәсіптік біліммен тіркесе орта, арнайы оқу орындарында және колледждерде беріледі. Білімнің мазмұны туралы мәселелерде өте көкейкесті саяси мәселелер болып табылады. Білім беру мазмұнын анықтау, бұл өсіп келе жатқан ұрпақты неге үйрету, сондай-ақ оқыту мазмұнын анықтауды шешу деген сөз. Білім мазмұны – жас ұрпақтың өркениетті демократиялық қоғамда өмір сүруі үшін оған қазіргі кезеңдегі білім жүйесімен дүниетанымды игерту. Білім мазмұны жаңа ақпарат ағымын санала түсіну, оны бағалай білу, кез келген жағдайда шығармашылық шешім қабылдау, рухани адамгершілік қағидаларды игерту бағыттарын белгілейді. Халыққа білім беру ісін жетілдіру – мемелкет саясатының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі. Мектеп – халық шаруашылығының әртүрлі саласында белсенді, қызметке қабілеті, саналы, жоғарғы білімді адамды тәрбиелеу үшін қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындайды. Сондықтан білімнің мазмұны тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталуы тиіс. Осы талаптардың негізінде мынадай принциптерді қолдану білім мазмұнының деңгейін көтеруге өте қажет. 1. Оқушыларды біліммен қаржылатындыратын табиғатты қорғауға, еңбекке және өмірге жауапкершілік қатынасты тәрбиелеудің қажеттілігі. 2. Білім мазмұны негізінде ұлттық мәдени тарихи байлықты жалпы азаматтық мәдени мұрасымен ұштастыру. 3. Білім мазмұнында әлеуметтік – экономикалық жолдарын ескерудің маңыздылығы. 4. Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ғылыми әдістемелік негізде жүзеге асыру. 5. Қазіргі үдемелі ғылыми техникалық жағдайда ақпаратты технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту. 6. Ұлттық тілді, халықаралық қатынас тілдерін оқып үйренудің тұрмыс, мәдениет және ғылым салаларындағы маңыздылығы. 7. Жалпы білім мазмұнын политехникалық және кәсіптік білім мазмұнымен ұласуы теориялық, практикалық білімнің негізі. Білім берудің негізгі принциптері: 1. Барлық азаматтердың білім алу теңдігі. 2. Мемлекеттік білім беру теңдігі. 3. Меншік түрлері. 4. Қызмет ету бағыттары. 5. Тәрбие мен оқыту формалары бойынша білім беру мемелекетінің әртүрлі болуы. 6. Білім беру процесінің үздіксіздігі. 7. Білім берудің ғылыми сипаты мен экономикалық бағыты. 8. Білім беру тәуелсіздігі. Мектепте білім мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс: - табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жанындағы білімді қалыптастыру. - адамды жан-жақты дамыту міндеттерін жинақты шешу. - жастарды өмірге, еңбекке, мамандық таңдауға даярлау. Жалпы орта білім мазмұнын қалыптастырудың көзі адамның өз тағдырын өзі шешудегі негізгі өрісі – адам, қоғам, табиғат, ноосфера болуы қажет. «Адам - табиғат» қатынас жүйесінде адам өзін табиғаттың бөлшегімін деп тануы экологиялық мәдениетті меңгеруі жас ұрпақ алдында жауапкершілігі түсінуі керек. Ноосфера (грек сөзі – ноос – ақыл және сфера) қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігін ойдағыдай ұйымдастырып, қоршаған ортаның нашарлауына әсер ететін, талан таражға салынатын жыртқыштық апаттық әрекетке жол бермеу. Адам қоршаған ортада тұлғаның өз тағдырын өзі шешуі үшін тіршілік әрекетін, білімін гумандық негізде қамтамасыз етеді. «Қоғам» өрісінде өз тағыдырын өзі шешу Отан, адамзат интерноционализм, құқықты мемлекет, демократия, жариялылық, үйелмен, еңбек азаматтық жауапкершілік сияқты құндылықтарды игеру арқылы болады. Осы мәселелерді мектепте білім беру процесінде қолдана білу қажет. Ю.К. Бабанский ғылымдар негіздерінің білім беру мазмұнын таңдап алу үшін төмендегі критериийлер жүйесін атап көрсетті.(1 кесте)
Тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру міндеттері білім мазмұнындағы тұтас бейнелеу өлшемдері (критерийі). Бұл өлшемдерді пайдалану үшін жүйелі құрылым талдау әдістері қолданылады. Осы әдістердің негізінде оқу бағдарламасында көрсетілген барлық негізгі теориялар, заңдар және ұғымдар ғылымның осы саласына жеткілікті түсінік береді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңы 1999 жылы 8 маусымда, 1999 жылы 22 қарашада, 2001 жылы шілдеде 2001 ж. 24 желтоқсанда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді және Қ.Р. азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Білім беру заңы 9 тараудан, 50 баптан тұрады. 6 – бап. Білім берудің мемлекеттік жалпы стандарттары. 1. Қазақстан Республикада әрбір білім беру деңгейі бойынша: - білімнің мазмұнына - оқып және тәрбиеленіп жатқандардың - оқу жүктемесінің ең көп көлеміне - білім сапасын мемлекеттік бақылаудың ережелері мен рәсімдеріне - білім алушылардың белгілі бір білім беру бағдарламаларын меңгеруін куәландыратын құжаттар. 2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары меншік нысандарына,үлгілері мен түрлеріне қарамастан барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті. 3. Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеу, бекіту тәртібімен олардың қолдану мерзімін Қ.Р. үкімет белгілейді Мемлекеттік білім стандарты 1996 жылы бекітілген, 1998-1999 енгізілген, 2001 жылы өзгертулер енгізілген. 1. Оқушылардың білім алу түріне қарамастан, алуға тиіс білім деңгейін айқындайтын негізгі құжат. 2. Оқу-пәні бойынша білімнің соңғы нәтижесі айқындалған негізгі құжат. Мемлекеттік білім стандарты – пәндік білімнің мақсаты мен міндеттерін оқушылардың түсініктері мен дағдыларын білім нәтижелерін тексеру психологиясын белгілейді. Сонымен қатар негізгі білімдік бағдарлама мазмұнын, оқулықтардың оқу жүктемесінің көлемін, бітіруді әзірлеу деңгейінің талаптарын анықтайды.
Білім берудің мемелекеттік стандарты дегеніміз – осы саладағы мемлекеттік норма ретінде қабылданатын параметрлер жүйесі, білім мазмұнының құрамы мен құрлымы, оқу жүктемесінің көлемі, оқушылардың дайындық деңгейі, оқу нәтижелерінің көрсеткіштері, оқу нәтижелерінің өлшемдері, Бұл стандарт жалпы білім алудың көп нұсқалы жағдайында білім беру кеңістігінің бірыңғайлы сақтауға мүмкіндік береді. ҚР. жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының соңғы ресми басылымы 2003 ж. ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында басылып шықты (Жалпы бастауыш білім). Бұл жинақта жалпы білім беретін оқу орындарының бастауыш сатысындағы 10 оқу пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт енгізілген. Сандарттар оқу пәндері бойынша білім мазмұнының құрылымы мен құрылымының нормаларын және оларға қойылатын талаптарды рәсімдейді, сондай-ақ білім мазмұнының мемлекеттік минимумы мен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді. Стандарт мазмұны: 1. Қолдану аймағы. 2. Нормативтік сілтемелер. 3. Анықтамалар және қысқарған сөздер. 4. Жалпы ережелер. 5. Пәннің жалпы сипаттамасы. 6. Оқу бағдарламаларының түрлері және олардың мазмұны. 7. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі. 8. Пән бойынша оқу бағдарламасының базалық мазмұны. 9. Оқушылардың пән бойынша дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 10. Пән бойынша бастауыш жалпы білім мазмұнын құруға және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар. Білім беру тұжырымдамасы: әртүрлі оқу орындарындағы базалық оқу пәндерінің мазмұны мен оқылу ұзақтығы туралы көзқарастар жүйесі, білім беру бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін ұйымдастырылуын түсіндірудің белгілі бір әдісі. Білім беру мазмұны 3 негізгі құжатта көрсетілген. Бұл құжаттарды Қазақстан Білім және ғылым министрлігі бекітеді. 1. Оқу жоспары. 2. Оқу бағдарламалары. 3. Оқулықтар. Жалпы білім беретін оқу орындары үшін арнайы нормативті құжаттар, яғни, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, сонымен бірге оқулықтар және оқу құралдары жасалады. Оқу жоспары -бұл оқу пәндерінің құрамын әрбір сынып және пән бойынша апталық сағат санын анықтайтын мемлекеттік құжат. Оқу жоспары: - оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін; - оқытуға тиісті оқу пәндерінің тізімін; - әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін; - әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат. Тиіптік оқу жоспары оқу министрлігінде жасалынып барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектілі, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады. Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділік және жүйелілік принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне, санитарлық –гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке пәндердің белгілі бір реттілікпен оқу жоспарында берілуі олрдың өзара логикалық байланыстылығына тәуелді. Оқу пәндері міндетті және таңдаулы деп бөлінеді. Оқу жоспарларының негізгі және типтік болып бөлінеді. Жалпы білім беретін мектептердің өтпелі базистік оқу жоспарында толық жүктеме екі деңгейге бөлінеді: тұрақты және жылжымалы. Тұрақты жүктеме құрамындағы пәндер жалпы орта білім беретін мектептердің барлық типтерінде (бағдарлы мектеп гимназия, лицей, жеке мектеп т.с.с.) оқылады. Жылжымалы бөлім оқушылардың дербес қабілетін дамытуға, бар ынтасымен қызығып оқитын пәндерді жете тереңдетіп білуге мүмкіндік жасайды. Ол таңдамалы пәндер мен факультатив курстарынан құралады. Жылжымалы бөлім бойынша таңдамалы пәндерге бөлінген уақыт тереңдете оқылатын пәндерге беріледі. Жеке пәндерді теориялық және практикалық жағынан тереңдете оқытуға арналған типтік оқу жоспарларының бірнеше түрлерін 1993-1994 оқу жылында ҚР. Білім және ғылым министрлігі жасаған. Сол жоспарлардың бәрін мектептің ерекшелігін есепке алып, тереңдете оқитын пәнді педагогикалық ұжым белгілейді де оқу жоспарын іске асыруды ойластырады. Оқу бағдарламаларында білім мазмұны сипатталады, пәндер бойынша әр жылға және оқылатын курс тараулары мен тақырыптарына бөлінетін сағаттар саны белгіленеді. Онда пәндерді оқыту жайындағы негізгі міндеттер көрсетіліп – мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулар ұсынылады. Оқу бағдарламасының құрамы:аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, біліктер мен дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқаларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат; - негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми мәселелер тізімі; - пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар; - әдістемелік оқу құралдары мен көрнекілік тізімі; - ұсынылған әдебиеттер тізімі. Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады. Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік аппаратынан тұрады. Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралды. 1990 жылдан бастап ҚР тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» заңға байланысты білім беру саласын демократияландыру, ізгілендіру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай білім беру саласының құрлымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді. Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығу жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптері жатады. Солардың ішінде басты назар оқулыққа арналады. Жақсы оқулық оқушыны нәтежиелі оқуға жетелейді. Оқулықтар оқу бағдарламаларының негізінде жүзеге асылады. Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Олар оқушыларға білім берудің негізгі көзі. Әрбір оқулыққа қойылатын талаптар: - оқу бағдарламасына сәйкес болуы; оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болуы; - оқу материалдарының жоғары идеялық және ғылыми деңгейінде түсінікті болып баяндалуы - ой-әрекетінің негізгі тәсілдерін қалыптастыру - пәнаралық және пәнішілікке байланысты жетілдіру - оқу материалдарының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі - жалпы орта білім мазмұнында табиғат, қоғам, техника, мәдениет және адам жайындағы ғылымдардың барлық негізгі бағыттарын тұтас бейнелеу - біздің елімізде және басқа дамушы елдерде салыстырмалы бағалау әдістерінің көмегімен жалпы білім мазмұнын таңдап алу жайындағы халықаралық тәжірибені ескеру. Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек. Бүгінгі қоғамдық өзгеріс білім беру ісіне де түбірлі жаңалықтар енгізу жас ұрпақты тәрбиелеуге басқаша көзқараспен келуге талап қойып отыр. Алдымен ұлттық мектептер санын көбейту қажеттілігі туып отыр. Осы негізде республикамызда жаңа типтегі гимназиялар, лицейлер ашыла бастады. Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны. Гимназия жаңа атау емес, түрі де жаңа емес, гимназия – революцияға дейін әбден сыннан өткен, байырғы білім беру ошағы. Бүгінгі гимназия ескі үрдістің үздігіне көз жіберіп, оны біздің қоғамның әлеуметтік сұранымына сай жаңа мазмұнмен толықтыру. Лицей – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны. Колледж – орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлаудың білім беру бағыттарын іске асыратын орта білім беретін оқу орны. Жалпы білім беретін мектеп – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс істей алатын үш сатыдан: бастауыш, негізгі және жоғары сатылардан тұратын жалпы орта білім беретін оқу орны. Date: 2016-05-17; view: 12877; Нарушение авторских прав |