Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Л.И.Новиканың ұжымның қалыптасуын кезеңдеуі





Бірінші кезең Ұжымның бірігу кезеңі
Екінші кезең Ұжымның барлық оқушыларды тәрбиелеу құралына айналуы
Үшінші кезең Әлеуметтік тәжірибені түзету және әр тәрбиеленушінің шығармашылық даралығын дамытудың ұжымның қамқорлығына айналуы

 

Ұжым дамуының барлық кезеңдері мен сатыларында үлкен және кіші дәстүрлер қалыптасып, нығаяды. Дәстүрлер мінез-құлықтың жалпы нормаларын қалыптастырады, ұжым өмірін жандандырады.

Үлкен дәстүрлер – бұл үлкен жаппай өткізілетін шаралар, олрды дайындау балаларда өз ұжымы үшін мақтаныш сезімін, ұжым күшіне сенімін, қоғамдық пікірді сыйлау сезімін тудырады. Кіші, күнделікті қолданылатын дәстүрлер өз көлемі, аясы жағынан аз ауқымдықамтыса да олардың тәрбиелік маңызы өте жоғары.

А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетеді:

1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды;

2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді;

3. Ұжым барлық ұжымбармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі;

4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары мен органдары – ұйымдастырушылары болады.

Әрбір ұжым – топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ол контактілі және негізгі болып екіге бөлінеды. Контактілі ұжым – ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактілі ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактілі ұжым – ьұл студенттер тобы, ал негізгі ұжым – факультет, т.б.

Оқушылар ұжымын қалыптастыру мен нығайтуда аса маңызды мәселелердің бірі – ұжым алдындағы мақсатты – перспективаны таңдау. Оны үшке бөліп қарастыруға болады:

1) Жақын перспектива – бұл күнделікті өмірде пайдаланылатын жеке адамды әр түрлі іс-әрекетке ынталандыру, қызықтыру. Оған жарыс, саяхат, т.б. жатады.

2) Орта перспектика – бұл перспективаға жыл сайын өткізілетін көрмелерге, сайыстарға қатысу, лагерге бару, т.б. жатады.

3) Қашық перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Оған келешекте білім алу, мамандық таңдау, т.б. жатады.

Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалім оны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білуі, екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық деңгейін есепке ала білуі керек.

Ұжымдық іс-әрекеттегі педагог пен оқушылардың өзара әрекеттері

Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасауы үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы бір орнында тоқырап қалмайды, даму, ілгері жылжу – ұжым өмірінің заңы, бұл жерде қозғалыстың себебін, даму мүмкіндігінің сырын ашып алған дұрыс.

Мұндай психологиялық күш – болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым, балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын,ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне, қоғам талабына сай келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінеміз.


Мектеп тәжірибесі болашақ үміт дүниесін алға қоюдың төмендегідей екі жолы бар екенін көрсетеді:

3. оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мұғалімнің өзі олардың алдына болашақ үміт дүниесін міндет етіп қояды және міндетті шешудің жолдарын көрсетіп, балаларды еліктіреді;

4. өздеріне болашақ үміт дүниесі ретінде алға қойған мақсатқа жету жөніндегі оқушылар бастамасын мұғалім қуаттап, оған жету жолдарын табуға көмектеседі.

Болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік тәсіл – нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа болашақ үміт дүниесіне жетуге көмектесетін жоспарды, жобаны, ұсыныстарды талқылау мен одан туындайтын ұйымдық және практикалық жұмыстар кіреді. Бұл жұмыс – тәрбие ұжымын біріктіру барысындағы ең маңызды кезең. Ортақ іс-әрекетке барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек. Ұжым мүшелеріне тапсырмаларды орынды бөлу – балаларды еліктірудің, ұжым істеріне қатынастырудың негізгі жолы. Кез келген іс баланың ақыл-ойын ғана емес, оның сезіміне әсер ететіндей болуы керек.

Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда әсіресе сынып жетекшісінің үлкен ұйымдастырушылық жұмысы қажет.

Балалар ұжымын педагогикалық басқарудың практикасында келеі маңызды ережелері қалыптасқан:

1) педагогикалық басқаруды балалардың өзіндікке, тәуелсіздікке табиғи ұмтылысымен, өзінің инициативасы мен өзіндік іс-әрекеттерін көрсетуге тырысуымен үйлестіру;

2) ұжым – ылғи даму үстінде болатын дамымалы жүйе болғандықтан, оны педагогикалық басқару да үнемі өзгерсіке түсіп отыруы керек. Яғни ұжымның даму сатысына қарай педагог та өз тактикасын өзгертіп отыруы керек;

3) ұжымдық тәрбиеде жоғары жетістікке жету үшін жетекші осол ұжымда жұмыс жасайтын басқа педагогтарға сүйенуі, ұжымды жалпы мектептік әрекетке, басқа ұжымдармен қатынасқа итермелеуі қажет;

4) формализмнен аулақ болу, уақыт өткен сайын ұжымдық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қайта құру;


5) ұжымда ортақ пікір қалыптастыру, өзара көмек, бір-бірінің пікірін сыйлауға үйрету;

6) ұжымдық тәрбиені демократияландыру, бақылау жүйесін жетілдіру;

7) ұжымда тұлғарарлық қатынастардың дұрыс дамуына ықпал жасау;

8) оқушыларға жүктелетін міндеттерді олардың қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкестендіру;

9) ұжым ішінде стихиялы қалыптасатын қатынастарды тудыратын факторларды бақылау;

10)оқушылар арасындағы қатынастарды жақсарту мақсатында уақытша ұжымдар қалыптастыру;

11)балаларды жаңа қарым-қатынасқа тартатын ұжымдық іс-әрекеттің сипаты мен түрлерін өзгерту.

Сонымен бірге ұжымды басқаруда мына жайларды еске алған жөн

- ұжым мүшелері тең құқықты болады;

-.басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан балаларға қысым жасалмайды;

- жауапкершілік пен өзара тәуелділік жүйесінде жалпы істі орындаудың барысында әр түрлі бейімделушілікке жол берілмейді.

Ұжым өмірінде гуманистік қатынастар ерекше орын алады, оның негізгі белгілері мынадай:

- сергектік стилі – ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелернің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру;

- балалар арасында бақталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтық, бөлектенушілік, лидерлік болмауы керек;

- басқа ұжымдарға жолдастық көмек беру, үн қосуға дайын тұру;

Мұндай гуманистік қатынас тек қана іс қатынасының көзі емес, ол ұжымда балалардың жеке байланыстарының дамуының құралы болады.

Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынастар жүйесін, өзара жауапкершілік пен тәуелділік қатынасын, сондай-ақ гуманистік қатынасты есепке алу балалар ұжымын басқарудың жемісті болуына әсер етеді.

Ұжым- қоғамдық мәні бар мақсат, мүдде, бірлескен іс - әрекеттін қарым- қатынас негізінде біріккен адамның қоғамдық тобы. Тәрбие ұжымы күшті тәрбиелік ықпал нәтижесінде пайда болған дамудың жоғарғы деңгейіндегі топ. Онда адамдар арасындағы қарым – қатынас қоғамдық тұрғыдан құнды боп табылатын және жеке тұлға үшін ерекше мәні бар бірлескен іс- әрекет мазмұнынан құрылады.


Тәрбие ұжымына тән белгілер:

1. Тәрбие ұжымы балалар өмірінің мазмұнын құрайтын, бірлескен іс - әрекетті, оқуды, еңбекті, қоғамдық саяси іс - әрекетті және қызығушылықтарына байланысты әртүрлі жұмыс түрлерін біріктіреді

2. Тәрбие ұжымының нақты құрылымы болады.Мектеп ұжымы педагогикалық ұжым және балалар ұжымынынан тұрады. Балалар ұжымының ресми және ресми емес құрылымы болады.

3. Тәрбие ұжымының басқару органы жалпы жиын, оқушылардың әртүрлі ұйымдарының кеңесі болады.

4. Тәрбие ұжымдарының бар өмірі мен іс - әрекеті саналы тәрбиеге, режимді орындауға негізделеді.

5. Тәрбие ұжымдарына балалардың көңіл–күйін көтеретін жақсы қарым – қатынас стилі үстемдік етеді.

6. Еңбек ұжымдарын тығыз ынтымастық байланыс жасау,тәрбие үжымын жалпы халықтық іске араласу тәжірибелерін, еңбек дәстүрлерін байытады.

7. Тәрбие ұжымы үнемі дамуда болады. Оның өмірлері мен іс - әрекетінің мазмұны күрделеніп құрылымы басқару органдарына жетілдіріліп отырады. Мүшелердің қоғамдық белсенділігі тәртіп деңгейі артып пайдалынатын дәстүрлер көбейеді және еңбек ұжымынын байланысы нығаяды.

ІІ. Тәрбие ұжымын қалыптастыру әдістері.

1. бірыңғай. педагогикалық талаптар әдісі.

2. оқушылардың ұжымдық өз- өзіне қызмет көрсету әдісі.

3. жарыс.

4. оқушылардың өз - өзін басқару әдісі.

1-ші әдіс ұжым өмірін іс - әрекеттерінің негізгі нормаларын белгілеп, балалардың бәріне бірдей қойылатын талаптар жүйесін құрайды және мұғалімдердің, ата- аналардың, жұрттардың, балалардың тәрбие ұжымының, балаға ықпалын бір бағытта жүргізуді көзделді, оқушылардың міндет – құқықтарын нақтылай отырып, олардың бойларында саналы тәртіптін мінез – құлық мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тәрбие ұжымын қалыптастырудың алғашқы кезеңінде ерекше мәнге ие болады. Бұл әдіс тиімді болу үшін: 1- шіден мұғалім оқушы іс - әрекетінің кез – келген түрлерінің мазмұнына сай талапты анықтау керек. 2- шіден бұл талаптардың орындалуын ұжым өмірінде іске асырылуын ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету керек.

2-ші әдіс ұжым өмірі үшін қолайлы жағдай жасау үшін оқушыларды еңбек іс - әрекетіне араластырады, олардың бойында қоғам, меншікке дұрыс қарым – қатынасты қалыптастыруды көздейді және оқушылар іс - әрекетінің бар түрін қамти отырып оларды еңбекке сүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Оқушылардың ұжымдық өз - өзіне қызмет көрсету түрлері:

-мекен – орындарын, территорияны жинау.

-мектеп асханаларына, киім сақталатын орындарына кезекшілік.

-мектеп құрал – жабдықты және мектепте жөңдеу жұмыстары, т.б.

2-ші әдістің тиімді болуының шарттары:

1.Оқушылардың бойында өз -өзіне қызмет көрсету дағдыларын, әдеттерінің болуы.

2.Оқушыларының керекті құралдармен, тұрмыстық құралдармен, материалдармен қамтамасыз етілуі.

3.Өз - өзіне қызмет көрсетудің ұйымдастыру барысында балаларды жалықтырып алмас үшін тәрбиелік мақсатты әртүрлі ойын элементтерін пайдалану.

3-ші әдіс мектепте оқушылар ұжымының іс - әрекеттерін ұйымдастыруда және ынталандыруда септігін тигізеді. Дұрыс ұйымдастыратын жарыс балалардың шығармалық белсенділігін, ұйымшылдығын өз еңбектерінің нәтижесінде жауапкершілігін дамытады. Ортақ іске үлес қосу ынталарын арттырады. Жарыс мазмұнына қоғамдық пайдалы еңбек, оқушылардың қоғамдық іс - әрекеттері, спорттық сауықтыру іс - әрекетері, клубтық жұмыс жатады.

Жарысты табысты ұйымдастырудың шарттары.

1.Жариялылық бар оқушылар жарыстың шартымен, оның әр кезеңіндегі барысы,соңғы қорытынды нәтижелер туралы хабарлар болу керек.

2.Нәтижелерді салыстыру.

3.Озат тәжірибені қайталау мүмкіндігі.

4.Жарыстың барысын есепке алу, бақылау.

5.Математикалық және моральдық ынталандырудың үйлесімділігі.

4 – ші әдіс ұжымдық мақсатқа жету үшін балалардың өз бетінше шешімдер қабылдап, оны жүзеге асыруына іс -әрекеттер негізделеді. Жеке тұлғаға қатысты өз- өзін басқару мынадай функциялар атқарады.

-бейімділік (жеке тұлғаның қарым –қатынасын реттейді)

-интегративті (іс - әрекеттер ұжымдық және дербес түрлерінін сәйкесті мүмкіндік береді, іс нәтижелі болу үшін мұғалімнің, ата – ананың, балалардың күш-жігерін біріктіреді).

-болжау (диагностиканын рефлексия негізінде болашақтағы істерді анықтауға көмектеседі)

-басқару мәдениетті игеру – (ұжым үшін маңызды шешімдерді өз қалауы бойынша таңдауға мүмкіндігі болады, еркіндігі мен жауапкершілікті сезінуі) оқушының өз өзін басқаруың жүзеге асыруы үшін алдымен іс-әрекет мазмұның анықтап алып оны басқару құрылымның құруда және міндеттерді бөліп беруде басшылыққа алу керек. Ұжымның жалпы жиыны басқару органдарын сайлайды және олардың құзырлығын анықтайды. Әр оқушы белгі бір тапсырманы ала отырып өз міндеттерін олардың орындалу мүмкіндігін көре білуі тиіс.

Оқушылырдың өз - өзін басқаруды ұйымдастыруда мына педагогикалық басшылық ерекше мәнге ие болады:

1.Мұғалімнің қандай органдарда құру және олар қандай қызмет атқару керектігін дәл көре білуі.

2.Оқушыларды жұмысты нақты ұйымдастыра білуге үйрету.

3.Мектепшілік құжаттарды (өз- өзін басқару оргадары мен ұжымдар туралы ережелер, жауапты адамдарға араналған ескертпелер т.б.) дайындау.

3. Мұғалімнің тәрбие ұжымын ұйымдастыру шеберлігіне тән белгілері:

1.Ұйымдастыратын істердің білгірі болуы.

2.Ортақ істердің келешегін көре білуі.

3.Нақты негізгі міндеттерді анықтай білу.

4.Балаларды, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін жақсы білу.

5.Ұйымдастыратын істердің материалдық, технологиялық тұрғыдан жабдықтарын ойластыру.

6.Орындалған жұмысытың барысын дұрыс есепке алу және бақылау,нақты қорытындылар шығару.

Мұғалімнің ұйымдастыруы ретінде негізгі қасиеттері

1. Принциптік қоғамның, ұжымның, әр жеке тұлғаның мүддесін үйлестіруге тырысу

2. Іскерлік тосынан туындаған кез- келген сұрақтын шешуін таба білу қабілеті

3. Орындаушылық, тәртіптін жұмыс істеу тездгі

4. Ұстамдық, шыдамдылық

5. Тіл табыса білу қабілеті.







Date: 2016-05-17; view: 4276; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.031 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию