Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс. Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру жүйесінде
Жоспар: 1. Отбасы – әлеуметтік институт 2. Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері 3. Отбасы мектеп және социумның өзара әрекеттері.
Адамға стихиялы түрде әсер ететін, мейлінше сан алуан сыртқы құбылыстардың кешені, әдетте, орта делініп түсініледі. Ортаны: табиғи немесе жағрафиялық, әлеуметтік және үй-ішілік орта деп ажыратуға болады. Үй-ші ортасының, сондай-ақ мектептен тыс жердегі бала төңірегінің ықпал күші (ауласы, көшенің, яғни микроорта дейтіннің ықпалы) өте айқын болып келеді. Шет елдерде (Англияда) егер де баланың үй іші ортасы қолайсыз болса, мектептің еш нәрсе істей алмайтындығын дәйім баса көрсетеді, яғни нашар ортада тәрбие беру дәрменсіз деп мойындалады (Т.А.Ильина, 29 б.). Ортаның алдын ала анықтаушылық ролі туралы теория тұқым қуалаушылықтың ықпалы туралы теорияға қосымша болып келеді. Тәрбие процесі барынша күрделі диалектикалық процесс болып табылады. Мектептің белгілі мақсатты көздейтін тәрбиелік ықпалы балаларға әлеуметтік ортаның, үйдегі оларды қоршаған және өмірде кездесетін көптеген әр түрлі адамдардың тигізетін ықпалдарымен тығыз байланыса өріліп, бір-біріне ерекше әсер етіп отырады. Оқытуда, іс жүзінде, мұғалімнің оқыту қызметіне тікелей қарсы бағытталған сырт ықпалдар жоқ; ол сондықтан жетекші және анықтаушы күшке ие, ал тәрбиеге келсек, мұғалім тәрбиешіге кей жағдайларда қарсы әсер ететін жаңағы сырт ықпалдарды зерттеп білуге көп уақытын жіберуге тура келеді, бұл оларға балалардың мінез-құлықтарының тенденциясын пайымдау, сырт ықпалдардың соншалықты сирек те кездеспейтін мұғалім тәрбиесіне қарсы мотивтерін білу үшін қажет. Оқушыға әлдекім үйде н/е көшеде химиялық реакция мектепте үйреткендегіден басқаша өтеді н/е көбейтуді мұғалім айтқандай етіп орындауға болмайды, деп дәлелдеп жатқанын көзге елестету қиын. Ал тәрбие саласында мектептен сырт жерде мұндай “қайта оқыту” жиі байқалады. Алайда, біздегі жақсы әлеуметтік ортаның және баланы қоршаған өмірдің күшті ықпалы жекелеген мектептердің тәрбие жұмысындағы кемшіліктер мен ақауларды да, кей жанұялардағы үй ішіндегі теріс әсерлерді де көп ретте түзетіп отыратынын ескермеуге болмайды. (367) Тәрбие жұмысының табысты болуы үшін жанұя мен мектеп әрекетінің бірлігі принципінің де үлкен маңызы бар, өйткені мектеп беретін тәрбиеге қарсы ықпалдар жанұядан жиі шығады. Мектеп болса, тәрбиеде бірлікке ұмтыла отырып, қарсы әрекет ететін ықпалдарды әлсіретуге н/е жоюға тырыса отырып, жанұяға ықпал ете алады және ықпал етуге тиіс. Қорытындылай келгенде тәрбие жұмыстарына талдау жасау және оларды жоспарлау мақсаттары үшін жеке қасиеттерді, сондай-ақ тәрбие принциптерін саралауды қарастыруға жол берілгенімен, тәрбие процесінің бір тұтас және кешенді болатынын: адамның жеке басы оның барлық қырларымен, көріністерімен бірлікте дамитынын және қалыптасатынын, оның барлық қасиеттері өзара тығыз байланыста және бір біріне тәуелді болатынын тағы бір атап өткен жөн. (430-433) Сынып жетекшісі оқушылардың ата-аналарымен сол сыныпта сабақ беретін мұғалімдер ұжымының өкілі ретінде, оқушылардың бас тәрбиешісі ретінде қарым-қатынас жасайды. Ол оқушыларға үйінде қандай ықпал жасалатынын білу үшін, оған теріс ықпал жасалатын болса, дер кезінде көмек көрсету үшін, тіпті бұл баланың тәрбиесі мен дұрыс өсуіне қатерлі болса, оны қорғау үшін оқушылардың жанұяларын жете білуге тиіс. Сынып жетекшісі балаларын тәрбиелеуде жанұяға көмек көрсету үшін күн тәртібі, сабақ дайындау, үй жұмысына араласу және басқалары жөнінде мектептің оқушыларға қоятын талаптарымен таныстырады. Ол мектеп пен жанұя талаптарының біркелкі болуын қамтамасыз етуге күш салады. Ата-аналар үшін тәрбиенің жеке мәселелері жөнінде үздіксіз лекциялар оқылып, мұнда оқыту, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбие беру, балалардың денсаулығын жақсарту міндеттерін шешуде жанұяның мектепке көмек көрсетуінің жолдары мен әдістері туралы айтылады. Лекциялар мен баяндамалар сынып жетекшісінің оқушылардың ата-аналарымен жеке-жеке өткізілген әңгімелерімен толықтырылып, сол әңгіме барысында оқушы жөнінде өзінің байқағандарын анықтайды, өзінің күдіктерін, аса маңызды мәселелерді айқындайды, балаларына дарыған нақты қасиеттерді дамыту жөнінде ата-аналарға кеңес береді, баланың мінезіндегі кейбір мұқият назар аударуды талап ететін ерекшеліктерін атап көрсетеді. Кейбір жанұялардың материалдық жағынан тапшылықта екені мәлім болса, сынып жетекшісі мектептің ата-аналар комитеті арқылы мемлекеттің осы мақсатқа бөлген қаржысынан оларға материалдық көмек көрсетуді өтініш ете алады. Педагогика тарихында, оның ішінде ата-аналар қауымын мектепке көмек көрсетуге кеңінен тарту болған. Онда - ата-аналар мектепке кезекші болған; - жекелеген оқушылардың тұрмыс жағдайымен танысқан; - төменгі сынып оқушыларына мектепте тамақ беруді ұйымдастырған т. б. шараларға көмектескен сондай-ақ - мектептегі үйірмелерді басқарған; - экскурсиялар ұйымдастырған; - мамандықпен таныстырған. Сонымен сынып жетекшісінің оқушылардың ата-аналарымен жүргізетін жұмыстарының негізгі ұйымдасқан түрлері: - оқушылардың жанұясында болып, үйінде әңгімелесу; - ата-аналарды мектепке шақырып, жеке әңгімелесу; - сыныпта ата-аналар жиналысын үздіксіз өткзіп тұру; - ата-аналар белсенділерімен жұмыс жасау; - ата-аналардың ашық күндерін өткізіп, педагогтік ақыл-кеңес алу үшін мектепке келген ата-аналармен сынып жетекшісінің әңгімелесуі, т. б. Мектепте оқушылардың ұйымдарға өту жөнінде ата-аналарға күні бұрын хабарлау керек, өйткені олардың өздерінің жастық шағы, туралы баяндауы оқушы үшін тәрбиелік мәні зор (пионерге өтуді үйде атап өту). Жанұядағы жоғары сынып оқушылары үшін тәрбиенің негізгі бағыты – оқушыларды өздерінің жанұясын құруға даярлау. Бұл іске сынып жетекшісі, дәрігер кеңесі де қажет етіледі. Жыныстық тәрбие тақырыбында әңгіме өткізу қажет. Жанұя құрудың негізінде көмек ретінде істелетін еңбектің тәжірибесі қаншалықты пайдалы болғанымен бұл салада үйде ата-аналардың істеткен еңбегінің тәжірибесі одан да құнды. Балаларды үй шаруасына жұмсаудың өзі де өте маңызды. Үй жұмысын атқарудан босаған жігіттер мен қыздар өз бетімен үйдегі тұрмыс шаруашылығын атқаруға моральдық жағынан да, практикалық жағынан да мүлдем икемсіз болып жүр. Үй жинау, кір жуу, азық-түлік сатып алу, тамақ дайындау сияқты күнделікті тұрмыстың қам-қарекеті өмірді жаңадан бастаған жас жұбайлардың албырт, әлі шыңдалмаған сезімін қайтарып, салын суға салады. Бұл мәселелер тек қана жанұя көмегімен және жанұя арқылы шешуге болады. Моральдық кодекстің қағидасының бірі - жанұяда өзара құрмет көрсету, балаларды тәрбиелеу туралы қамқорлық- ең алдымен, жанұя ұғымының біздің қоғамымыздың жанұя құрылып отырған жаңа принципиальды негіздердің мән-жайын, балаларды тәрбиелеудегі жанұяның ролін анықтап алуды көздейді. Мұнда бүтін бірқатар жеке мәселелерді нақтылы анықтап түсіндіріп, ажыратуға тура келеді. Жоғары сыныптың оқушыларының назарын оларды жеке өз жанұясын құруға әзірлік мәселесіне бағыттауға болады. Осының нәтижесінде оқушылар біздің қоғамымыздағы жанұяның зор ролі мен маңызын түсінуе, балаларды тәрбиелеу жолындағы ата-ананардың жауапкершілігі туралы, өз жанұясын құруға моральдық әзірліктің қажеттігі турлы және жанұядағы кемшіліктер мен кінәратты құбылыстарды түзетудегі жұртшылықтың ролі туралы біліп алуға тиіс. Отбасылық тәрбие- көзделген нәтижеге жетү мақсатында ата-аналармен жанұя мүшесінің тарапынан жасалатын ықпал процестері болып табылады.Әлеуметтік отбасы және мектеп тәрбиесі мен тоғысқан тұсындағы мәселелері жалпы педагогикада қортылады.Бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса 2 жағынан тәрбиелік орта болыл табылады.Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы кейінгі жас кезеңдерде болатын ықпалын басымдау болады.Зерттеулерге қарағанда отбасы бала үшін мектеп ақпарат көздері қоғамдық ұйым еңбек ұжымы дос жорандар болып табылады.Отбасы әрі өнер мен әдеп кілті.Бұдан педагогтар мынадай тұжырымдарға келіп отыр.тұлғаның қалыптасу нәтижеге ең алдымен отбасыларға тәуелді.Жеке адамдардың қалыптасу процесі мен оның нәтижесінде отбасылық тәрбиенің күші мен қуатын мойындау керек.Мемлекет пен қоғамда тәрбиелік шараларды дұрыс жолмен ұйымдастыру үшін ең алдымен отбасыға назар аударады.Бұл дамыған өркениетті елдің ұстанымы болып табылады. Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас халықаралық және ұлттық үрдістерді естен шығу инобаттылық процестерінен тайқып кету шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік іштей тәртіптің болмауы ерлі зайыптылардың араларындағы ажырасулар бұлардың бәрі отбасыға бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі. 1. Отбасында адами қатынастар негізі қаланады.Барлық өмірге жетер еңбек әлеуметтік бағыт бағдарлар түзеледі.Отбасы тәрбиесі басқа барлық тәрбиелік әсерінің бәрінен де күштірек.Адам жасы ұлғайғанда бұл әсер бәсеңдеуі мүмкін бірақ ешқашан өз күшін жоймайды. 2. Отбасы тұлғаның әлеуметтерін қамтамассыз етеді.Оның моральдық,тәндік,еңбектік мүмкіндіктерінде болған тәрбиелерді шоғырлап іске қосады.Қоғамның азамат мүшесі отбасынан көрінеді.Халықтың салт дәстүр жалғасында отбасы қамтамассыз етіледі.Халықтың салт дәстүр жалғасында отбасы қамтамассыз етіліп отырады.Отбасының әлеуметтік маңызды қызметтеріне мыналар жатады: азамат тәрбиелеу; отан сүйгіштікті қалыптастыру; болашақ отбасы иегерін кемелдендіру.Мемлекет заңын мойындап құқығын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшелерін жетілдіру болып табылады.Қазақ талай басынан «Ақтабан шұбырынды», «Алқа көл сұлама» тарихи оққиғаларды кешкен.Солай болса да орталарында жүрген дала тәрбиесінің ғұлама ұстаздардың болуынан өз басшысын сақтап қалған.Қаншалықты отбасы болса да ортада жүрген дала тәрбиесінің ғұлама ұстаздардың болуынан өз басшысын сақтап қалған.Қаншалықты отбасы болса тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол. Отбасының ондағы қатынастарға байланысты мынандай түрлері бар: - Балаларға құрмет көрсете алатын отбасы - Мейрімді қайрымды отбасы - Күнделікті дүние парыздыққа жүгінген отбасы - Алаусыздығы жауласқан отбасы - Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы - Ата-аналармен педагогикалық үйлесімсіздігі жайылған отбасы - Тұрпайы тәрбие әдістері мен қаруланған отбасы Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде талаптарына сай ұйымдастырылады.Болашақтағы еңбек қоғамдық отбасылық өмірге бейім дені сау психолог болымды адамгершілікті иманды,парасатты тұлға дайындау отбасының міндеті болып табылады. 1. Отбасылық тәрбие мазмұны мына білімдену істері мен толығып отырады. 2. Отбасындағы сана сезім тәрбиесі өз балаларын білімдер мен байыпты ақпараттарға дейін тұрақты қажетсінуін қалыптастырып үздіксіз жаңалап отырады. 3. Адамзаттық құндылықтарды сүйіспеншілдік құрмет пен сыйластық әділдік пен ар намыс қадір қасиет пен борыш сезімдерін тәрбиелеу.Тәртіптілік жауапкершілік ұстамдық бұларда отбасында үйретіледі. 4. Отбасындағы эстетикалық тәрбие баланың таланты мен дарынын дамытуға бағытталады. 5. Отбасындағы еңбеек тәрбиесі баланың болашағы адал өмірінің негізін қалайды. Отбасындағы тәрбие әдістері болып адамдардың өздері баланың санасы мен әдет қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсаты көзделген жөн жосығы жолы.Отбасылық тәрбие әдістері адамның тұлғалық сән сипаты мен бірге қарастырылады,қаншама ата-аналар болса соншама әдістер түрі қарастырылады жылы сөзбен көндіру,қорқыту айқайлап үркіту мақтау мен мадақтау құрсауына салу және жазалау.Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт бағдарға тәуелді келеді.Біреулері өз баласының тіл алғыштығынан тәртіпті келеді,екінші біреулері өз алдына ойлай білуге негізі боларлық тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздейді.Отбасындағы тәрбиелік міндеттерді атқарудың құралдары да бар.Олар: өте кең қолданымда жүргендері сөзсіз ата-аналар беделі,еңбек,үй-тұрмысы оқу табиғат қоғамдық пікірлер матирялдық болмыс ақпарат көздері (газет-журнал,радио,теледидарлар)т.б. Date: 2016-05-17; view: 6491; Нарушение авторских прав |