Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс. Оқушы тұлғасы – тәрбиенің обьектісі және субьектісі
Жоспар: 1. Педагогикалық антропология - тәрбиенің философиялық негізі 2. Тұлға дамуының қазіргі кездегі теориялары. 3. «Тұлға», «адам», «индивид», «жекелік» ұғымдарына түсінік.Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар 4. Адамның өзіндік өзгертуші іс - әрекеті – тұлғаны қалыптастырудың негізгі факторы. 5. Оқушылардың дамуы мен тәрбиесінің өзара байланысы 6. Оқыту мен дамудың өзара байланысы.Әлеуметтендіру үрдісіне тұлғаның (пайда болуы) қалыптасуы. 7. Тұлғаның инттелектуалды дамуы.«Тұлғаның өзін-өзі дамытуы» түсінігі.Тұлға дамуының қозғаушы күштері және негізге заңдылықтары. 8. Дамудың гендерлік ерекшеліктері.Бала дарындылығы.
Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке тұлғаны қалыптастыру және оның жан-жақты толық қанды дамуын қамтамасыз ету. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған ортаның, қоғамның, ұжымның, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл –парасатымен, жеке бастын өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырсады. Қоғам мүшелерінің бәріне тән, ортақ біркелкі мінез-құлықтың болуы мүмкін емес, әр адам өзінше жеке тұлға. Ертеде грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биолгиялық факторлар мен қоса әлеуметтік факторларда әсер етді деген. Адам өзіне тән биологиялық құрлысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи даму нәтежиесінен де пайда болады. Сонымен адамның жалпы дамуына өзара байланысты екі бағыт: биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз даму барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. Жеке тұлға – дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және әлеуметтік функцияларды (қызметтерді, болмысқа, адамдарға өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қтысты) атқарады. Жеке тұлға өзіне тән мінез-құлқы, іс-әркетімен, көзқарасындағы ерекшелігімен дараланады. Жеке тұлғаға тән қасиет- ақыл, ес яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Тұлға жеке адамның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік жігерінің іске асуы, яғни өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асырудың нәтежиесінің көрінісі жеке тұлғаның ең маңызды белгілері: саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, жеке бас қадір-қасиеті, даралығы жатады. Даралық бір адамның басқа бір адамнан айырмашылығын, оның өзіне тән ерекшелігін сипаттайды. Даралық адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (салмақты, жігерлі) шығармашылық қызмет әрекетінің, қабілетінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін «индивид» түсінігін білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша «жекелік» дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлік өкілін, оның сапа –қасиеттеріне қатынасын танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір ақыл есі дұрыс адам индивид бола алады. «Жеке тұлға» түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні міне осында. Ал жеке тұлға сапалары адамның өмірі барысында дамуы және қалыптасуынан педагогика үшін «даму» және «қалыптасу» ұғымдарының мәнін ашып беру өз алдына маңызды. Даму – бұл жеке тұлға сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі; көптеген әлеуметтік тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді меңгереді. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз – ең алды мен оның қасиеттері мен санасындағы сапалық өзгерістерді айтамыз. Адам дүниеге келген соң дене жағынан дамып, яғни дене мүшелері мен нерв жүйелері өседі. Адамның жеке тұлға болып дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан саналық өзгерістер (танымдық, сезімдік және моральдық), сонымен осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды. Сонымен даму дегеніміз – адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесімен психикасының дамуындағы, танымдық, шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, яғни сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі. Қалыптасу –түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтежиесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді меңгеруін білдіреді. Жеке тұлғаның табиғи дамуы көпсанды әр сан алуан әлеуметтік салалар мен қасиеттерді қабылдаумен тығыз байланыста бірге дамып барады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иеі ретінде сипаттайды. Мыс; нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі үйдегі және көпшілік арасындағы қалпы т.б. Өсе келе ол білімді меңгереді, жұмыс істеуге ептіленеді. Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнің сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады әрі дамытады. Міне осыдан, ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субьект, яғни тарихи қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек «адам» түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік сапа мен қасиеттердің бірлігін айтады. Date: 2016-05-17; view: 4237; Нарушение авторских прав |