Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жеке тұлға дамуындағы тұқым қуалаушылықтың рөлі





Адамның дамуына ықпал ететін негізгі факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта және тәрбие жатады. Жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор. Тұқым қуалаушылық- баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердіғ жиынтығы. Адам дамуындағы тұқым қуалаушылықты екі түрге бөлуге болады:

1. Жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелерінің дамуы, нәсілдік және ұлттық ерекшеліктері);

2. Даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық, физиологиялық бейімділіктері).

Адам дамуының заңдылықтарын педагогикалық тұрғыдан зерттеу үш басты проблеманы- интеллектуальдық, арнайы және моральдық сапалардың тұқым қуалау арқылы берілуін қамтиды.

Интеллектуалдық сапалардың тұқым қуалау арқылы берілуі: ол қабілет тұқым қуалау арқылы берілмейді тек нышан түрінде беріледі. Ағзаның анотомиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің, демек, қабілетттің дамуына қажетті табиғи мүмкіншілікті нышан дейміз. Нышан өздігінен дамымайды оны қозғау және дамыту тәрбиеге және әлеуметтік жағдайларға байланысты. Арнайы нышандарға; математикалық, музыкалық, спорттық т.б. сапалар жатады.

Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі мына нәрселерден тұрады:

- морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері);

- функционалдық ерекшеліктері (қан тобы);

- адамға тән бейімділіктер (сөйлеу қабілетінің дамуы, ойлау, еңбек ету қабілеті);

- жүйке қызметінің түрлері (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен тежелуі);

- әрекеттің қандай да бір түрінің анатомиялық –физиологиялық бейімділіктері;

- есту мүшелері, ойлау, сезім мүшелері құрылысындағы ерекшеліктер.

Сонымен жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық ықпалы дегеніміз- ол ұрпақтарда, ата-аналарының ұқсастықтарының мол болуын тұқым қуалаушылық деп түсінеміз.

Әрбір бала ата-анасынан белгілі бір тұқым қуалаған қасиеттермен дүниеге келеді. Мыс: ата-аналардан балаларға дене қалыптасуы және кейбір басқа да дене күші сапалары мен қасиеттері, шаштарының түр-түсі, көздерінің, терілерінің реңі ауысуы, бұлар туа біткен дене ерекшеліктері деп аталады.

Тілдің дамуы, тік жағдайда жүру нышандары сондай-ақ ойлауға еңбек етуге қабілеттілік сияқты, адамның өзіне тән нышандар тек белгілі бір әлеуметтік ортада адамдар мен араласқан да ғана дами алады. Тұқым қуалаған жалпы адамдық нышандардың дамуы тек тұқым қуалаушылыққа емес, сондай-ақ ең алдымен әлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қатынастарға тәуелді болып келеді.

Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылымды генетика деп атайды.

3. Тұлғаның дамуындағы заңдылықтар мен қозғаушы күштер. Жеке тұлғаның дамуында тәрбие процесі қоғамның мәнін әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға және олардың қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық мәнінің өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын оның рухани жан дүниесі соғырлым бай болады.


Тәрбие бұл педагогикалық құбылыс. Бұл жағдайда педагогикалық құбылыстар мен процестер арасында байланыс болады. Осыған сәйкес жеке тұлғаның дамуындағы кейбір заңдылықтарды атауға болады.

1.Тәрбиенің қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік мүмкіншілігі өскелен өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғырлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етеді.

2.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің рөлі зор. Іс-әркет барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады, олар: қарым-қатынас, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Бұл жерде қарым-қатынас белсенділігі арқылы оқушы сыныптас достарымен басқа да адамдар мен қарым –қатынас жасайды. Қарым-қатынас белсенділігі нәтежиесінде тұлғаның бойында мінез-құлық қасиеттері, қамқорлық, қайырымдылық, жауапкершілік сезімі қалыптасады.

Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділгі сапа жағынан ішкі факторға айналады. Бұл жағдайда жеке тұлға тек айналадағы дүниені танып қоймайды, олар өзінің ішкі дүниесіне үніле білуі керек, яғни оқушы бір жағынан тәрбие обьектісі, ал екінші жағынан тәрбие субьектісі болады.

Жеке тұлғаның дамуы мен тәрбие процесінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың организімі бүкіл өмірінде әртүрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Оларға организімнің өсіп жетілуі, ақыл-ойының дамуы, міңез құлықтың қалыптасуы жатады. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің ықпал етуіне байланысты. Әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әртүрлі дәрежеде әсер етеді. Өйткені, баланың сыртқы әсерді қабылдауы, оның ішкі сезіміне, санасына байланысты. Сондқтан қабылдау процесінде баланың санасында ішкі қайшылық туады, бұл дамудың қозғаушы күші болып табылады.

4. Даму мен оқытудың байланысы, іс-әрекет даму факторы. Тәрбие жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқым қуалаушылық, бейімділік пен шағын ортаның өзгерістері әсер етеді. Барлық балалар тәрбиелеп- білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет әркетін жемісті ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.


Таным іс-әркетінің процесінде жаңа мотивтер (ықылас, тілек) туады, баланың түсінігі мен ұғымы, білімі мен тәжірибесі артады, ойлау операциясы да жетіле түседі. Оқу мен тәрбие процесінде баланың ойлау процесі арқылы обьективтік шындықтың құбылыстарын анықтай біледі.

Ойлау әркеті негізінде мектеп жасындағы балалардың дүниге көз –қарасы қалыптаса бастайды, сөйтіп олардың ой-өрісі кеңейеді.

Оқушылар іс-әркетінің ең басты және жетекші түрі – оқу. Ол алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығы мен жүйелі түрде іске асырылып отырады.

Сондықтан оқу басқа іс-әрекеттерге қарағанда оқушылардың таным қабілетін дамытады, оқудын барысында сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушылардың ой-өрісі кеңейеді, білімі тереңдейді. Мектепте іс-әркеттің бірнеше түрі түрлері бар. Олар: баланың өзінет -өзі қызмет етуі, қоғамдық пайдалы еңбек.

Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.

Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастар бар. Олардың бірі баланың дамуы тәрбие мен білім беруі тәуелсіз, яғни тез түрде жүзеге асады дейді (Э. Мейман, А.Ф. Лазурский). Бұл орайда оқыту мен тәрбие дамуға бейімделеді. «баланың дамуның сонында бірге жүреді» (Л.С. Выготский). Келесі бір көзқарас бойынша даму іс-әркетінің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы жүзеге асырылады(яғни оқыту мен тәрбие көмегімен), бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткізген деңгейінде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешу (К.Д. Ушинский., П.Г. Блонский). Л.С. Выготский оқыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды ұйымдастыруда «баланың дамуының ең жақын болашағына» сүйену керектігін, яғни «Дамудың алдында болған оқыту ғана жақсы болып табылады» - дейді.


Сондықтан тәрбиенің ең маңызды тәсілі табиғи бейімділіктердің жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай қызметін ұйымдастыру.

Тұлғаның даму қарқыны мен жетілген деңгейі нəсілділікке, тəрбие жəне оқу ортасына, оқу-тəрбиелік іс-əрекеттерге жегілуіне, қолданымдағы педагогикалық ықпал жабдықтары мен тəсілдеріне тəуелді;

- оқу-тəрбие процесін басқару педагогикалық процестің тиімділігі тəрбиеленушілер мен тəрбиешілердің арасындағы кері байланыстың жеделдігіне, сондай-ақ тəрбиеленушілерге жасалған реттеуші ықпал əсердің шамасы, сипаты жəне негізділігіне орайлас келеді;

- ынталандыру: Педагогикалық процестің өнімді болуы оқу-тəрбие қызметтерінің ішкі ықпалдарына (стимулдарына) жəне сыртқы (қоғамдық, педагогикалық, моральдық, материалдық) жəне т. б. ықпалдардың əсеріне байланысты болады;

- педагогикалық процестегі сезімдік, логикалық жəне іс-тəжірибелік элементердің бірлігі. Оқу-тəрбие процесінің тиімділігі сезімдік қабылдау, қабылдағанды қисынды тоқу, тоқығанды іс-тəжірибеде қолдана білу шарттарына тəуелді;

- сыртқы (педагогикалық) жəне ішкі (танымдық) іс-əрекеттің бірлігі. Педагогикалық ықпал нəтижелілігі педагог қызметінің сапасына қалай байланысты болса, тəрбиеленушінің өзіндік оқу танымдық іс-əрекеттерінің сапасына да соншалықты тəуелді келеді;

- педагогикалық процестің себептілік негізінің болуы. Оқу тəрбие процесінің жүрісі мен нəтижесін алдын ала анықтап отыратын жағдаят- қажеттілік, сондай-ақ тұлға мен қоғам мүмкіндіктері (материалды-техикалық, экономикалық жəне т.б.), процестің оқыту, орындалу (моральдық-психологиялық, санитар-гигиеналық жəне т.б.) шарттары. Жоғарыда аталған жəне басқа да заңдылықтар негізінде педагогикалық процесс принциптері- (яғни, кейбір ереже, ұсыныстарға орай) нақтыланып баратын оқу мен тəрбиеге бастау, жетекші талаптар анықталады (оқу мен тəрбие принциптері кітаптың келесі бөлімінде қарастырылады).

 

 







Date: 2016-05-17; view: 5847; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию