Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Педагогикалық процестің бөліктері





Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндет, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта-қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі.

Педагогикалық процестің заңдылықтары дегеніміз «ұстаздар-оқушылар» жүйе байланысын көрсету болады: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер. Көрсетілген себеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігі қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын, заңдылықтарын анықтайды.

Сондықтан да педагогикалық процестің негізгі мынадай заңдылықтары болады:

- оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады;

- педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретіндегі білім беру заңдары арқылы талап етіледі;

- педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздармен оқушылардың өзара тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет;

- оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі;

- педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырудың оқушылар ұжымы, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты;

- педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір-біріне бағыныштылығы мен бір-біріне әсері бар;

- педагогикалық процесс бір қас қағым сәттік емес, ұзақ мерзімге уақытқа бағытталған;

- педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердщің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады.

Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарын айқындалғандарды ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік- экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнің басшылыққа алуы тиіс.

Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде творчестволық ықпалы көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:

- педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы;

- іс-әрекеттің санамен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;

- педагогикалық процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;

- педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым-қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;

-оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.







Date: 2016-05-17; view: 3521; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию