Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Арама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші
Педагогика ғылымында қарама-қайшылықтардың ролін ХХ ғасырдың барлық кезеңдерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама-қайшылығы басқалардан бұран зерттеген (М.А.Данилов, М.Н.Алексеев, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский). Кейбір жұмыстарда ұжымның қарама-қайшылығы (Л.И.Новикова) тәрбие процесінің (И.С.Марьенко, Г.И.Щукина, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев) білім берудің мазмұнындағы қарама-қайшылықтар (Г.И.Батурина) зерттелді. М.А.Данилов алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, Ю.К.Бабанский қарама-қайшылық көп жағдайда кездейсоқ бір ізділікте қарастырылатындыған анықтады. Ол жоспарлау процедурасына сәйкес келмейді, оқыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлер нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді деді. Зерттеу нәтижесінде мыналар анықталады: - қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процесті жүйе ретінде олар зерттелетін объектінің мәнін ашуы тиіс; - қарама-қайшылықты ұстаздар мен оқушылар іс-әрекетін-педагогикалық процесті басты құрамын көрсеткіш ретінде сипаттау керек; - қарама-қайшылықтар жүйесін ғана емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек. Педагогикалық процестің мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бірінші және негізгі қарама-қайшылықтар тобы-бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар тобын психологтар жеткілікті дәрежеде жақсы зерттеген. Олардың санына Г.К.Костюк келесі қарама-қайшылықтарды жатқызады: - жаңа қажеттілік, мүдделер, ұмтылушылық пен тұлға мүмкіншілігінің жеткен даму деңгейі арасындағы; - жаңа ғылымдардың міндеттерінен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері мен іс-әрекет тәсілдері арасындағы; - тұлға дамуындағы жеткен деңгейімен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын оның орны, атқаратын қызметі арасындағы; - жақсы жетістіктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы; - дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жетіспеуі арасындағы; - мақсаттылық стереотиптік (еліктеушілік), тұрақтылық пен ширақтылық, өзгергіштікке ұмтылушылық арасындағы; - тұлғаның ерікті әрекет пен қоғамдық қажетті іс-әрекет арасындағы. Өз күшіне деген сенімділікті оқушы педагогикалық процеске басқа да қатысушылар мен бірлескен іс-әрекет барысында жеткен жетістіктері арқылы алады. Бұл оқушы тұлғасының қалыптасуы ол жүйе болатын ұжымның дамуымен тығыз байланыстылығымен анықталады. М.Ю.Красовицкийдің зерттеулерінде көрсетілгендей оқушы ұжымының тәрбиелік ролі қоғамдық пікір арқылы жүзеге асады, онда құндылық бағыттың жүйесі белгіленеді. Бірақ керекті тәрбиелік деңгейдегі қоғамдық пікір ұстаздардың аса қадағалауымен қамқорлықтарын талап етеді. Оны қалыптастыру барысында мұғалім балалар ұжымының қалай даму үстінде екендігін, оған дамудың қандай қайшылықтары тән екендігін ескерілмейінше болмайды. Олардың қатарына келесі қайшылықтарды жатқызуға болады: - ұжым мүддесімен индивидтің жеке мүдделері арасында; - индивидтердің бірлесуге ұмтылушылығы мен тұлғаның өзінің тәуелсіздігіне өз еркімен безбей арасындағы; - тұтас еріктілігі мен ұжымның тәртібіне бағыну қажеттілігі арасындағы; - ұжымның талаптары мен тұлғаның тілектері арасындағы; - ұжымның пайдалы әдеттерінің қажеттіліг мен формализм қауіптілігі арасындағы; - бастапқы ұжым ұйымының қажеттілігімен топтық бөлініп шығуы қауіптілігі арасындағы. Көрсетілген ұжымның даму қайшылықтары көптеген жылдар бойы бақылаудың негізінде қалыптасқан. Қайшылықтардың алғашқы екі топ қайшылықтарын шешу мұғалімдердің оқушылармен бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру барсыныда мүмкін болады. Бірақ бұнда да мұғалім пайда болған қиындықтарға назар аудармай болмайтынын көреді. Бұл қиындықтар оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырудың мәні: - педагогикалық басшылықтың міндеттілігі мен оқушылардың бастамасы мен қайраткерлігі арасындағы; - мектептегі іс-әрекеттің ұжымдық сипатталығы мен әрбір оқушының адамға тән барлық өзіндік қасиеті бар тұлға ретіндегі даму қажеттілігі арасындағы; - ұжымның қоғамдық мәні мақсатына байланысы жүйесін ұйымдастыру қажеттілігі мен бір жастағы балалардың әлеуметтік тәжірибесінің шектелгендігі арасындағы; - оқушыларды атадан қалған, адамға тән іс-әрекет түрлерінің (қатынас, ойын, еңбек, таным, өнер, табиғатты қорғау іс-әрекеті) дайындау қажеттіліг мен оқушылардың осы іс-әрекеттер түрлерін меңгеруінің келешегі арасындағы; - әрбір оқушының өзін-өзі билеушілігін қалыптастыру қажеттілігі мен жеке жауаптылықтың жеткіліксіздігі арасындағы; - оқушылардың қоғамдық өмірдегі қатынасу ықыласы мен өмірде өзін жүзеге асыру тәсілдерінің жеткіліксіздігі арасындағы. Тұлға дамуындағы қайшылықтарды білу жеткілікті дәрежеде әдісін біліп педагогикалық әрекеттің жұмыс жемісін жасауға мүмкіндік береді, ол оқушыларға дербес тәуелсіздікке, өз орнын табуға ұмтылушылықтағы оның формалары мен әдістерін табуға көмектеседі (Г.К.Костюк). Қайшылық оқушылар ұжымны жүйесінде пайда болғанымен оларды шешу одан жоғары деңгейдегі «сынып ұстаздары-сол сыныптың оқушылар ұжымны» жүйеде шешілшуі мүмкін. Сонымен бірге қайшылықтардың бір бөлігі пән мұғалімдерінің оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін. Басқа қайшылықтарды шешу сынып жетекшіге байланысты болады. Ол бастапқы сынып ұжымының жалпы мектеп қатынастары жүйесінде орнын табуға, яғни өз оқушыларының сыныптан жалпы мектеп ісіндегі әлеуметтік белсенділік кеңістігінің кеңейе түсуіне көмектеседі. Date: 2016-05-17; view: 4347; Нарушение авторских прав |