Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Педагогиканың зерттеу әдістері





Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Қазіргі кезде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Оларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық тәжірибені үйрену және қортындылау, әлеуметтік талдау (сұрақ, анкета жүргізу, тестен өткізу)т.б.

Педагогикалық бақылау әдісі. Бұл әдіс педагогикалық зерттеудің қай-қайсысында болмасын қолданыс табады. Себебі педагогикалық құбылыс пен танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді үйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді. Мыс; кейбір оқушылардың сабаққа деген белсенділігі жоғары, ал кейбіреулерінің сабаққа белсенділігі төмен екендігін аңғаруға болады. Осы құбылыстарды бақылау зерттеушіге алғашқы болжамдарын қортындылауға мүмкіндік береді. Оның мағанасыни былай түсіндіруге болады 1) оқушылардың зейінділігі сабақтың мазмұндығына байланысты, 2) сабаққа зейінділік және белсенділік танытқан оқушылардың білімі біршама жоғары дәрежеде. Бақылу әдісі, осылайша нақты теориялық ой-пәкірлерге нәр беріп, кейін олар басқа да әдістердің көмегімен тереңдете зерттеліп, тексеріледі.

Әңгімелесу әдісі. Бұл әдәіс ғалым- тәрбиеші мен тәрбиеленушінің екеуінің де бірдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді. Соның арқасында ол көрініс берген құбылыстардың мәні мен себептері жөнінде тереңдеу пайымдалған ғылыми тоқтамға келуге тырсады. Егер, мыс; жоғарыда келтірілген оқушылардың сабаққа деген әртүрлі мінез-құлықтық қатынасын алатын болсақ, зерттеуші бұл құбылыстың себептері жөнінде өзінің пікірін пікірін мұғалімнің ойымен салыстырғанды жөн көреді. Бұл үшін мұғалім мен әңгімелесуді бірден –бір жол деп, сабақта кездескен құбылыстардың себебеін түсіндіріп беруді, мұғалімніңғ пікірін білуге ұмтылады. Белгіленген сұрақтар бойынша мұғалім мен оқушы пікірлерінің өз ара сай келуі немесе алшақтығын анықтауға көмектеседі.

Мектептік құжаттар мен оқушылардың шығармашылығын зерттеу әдісі. Көптеген педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық іс-құжаттарын қарап отыру үлкен маңызға ие. Мыс; оқушылардың оқу –үлгерімімен танысу үшін сынып журналы, өткен жылғы табельдермен танысып шығу керек. Белгілі тақырыпта еркін шығарма жаздырып немесе сурет салдырып, оқушының дүниеге, қоғамға деген көзқарасын болжауға болады.

Педагогикалық эксперимент. Бұл арнайы ұйымдастырылған, алдын- ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғаліммен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті. Бұл сипаттағы эксперименттерге: жетіскен білім деңгейін анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименттері жатады.

Жетіскен білім деңгейін анықтау экспериментті- зерттеу жұмыстарының бастапқы сатысы болып, зерттелінуі тиіс. Ол проблеманың жалпы жағдайымен танысуға мүмкіндік береді. Мыс, егер оқу жұмысы барысындағы шәкірттердің өзін бақылауы, зерттелінуі қажет болса, осы эксперимент арқылы және басқа да әдістерді қолдана отырып, оқушылардың өзіндік бақылау әдістерін қаншалықты білетінің анықтайды.Нәтежиеде оқушылардың өз оқу жұмысына өзіндік бақылауының мүмкіндіктері жөнінде қортынды жасайды.

Егер зерттеуші бұл проблеманың мектеп ісінде кері сипатқа ие болғаның анықтаса, ол зерттеуді одан әрі жалғастырып, дамыту-қайта жасау экспериментіне кірседі, яғни алдын ала жасалған жоспар бойынша оқушылардың білім игеру тәжірибесінде өзіндік бақылаудың тиімді тәсілдерін еңдіреді.

Бұл проблем бойынша зерттеу барысының келесі кезеңі аталған эксперимент бойынша көрсеткіштер мен қортындыларды жалпы көпшілік мектеп тәжірибесінде тексеру.

Озат педагогикалық тәжірибені үйрену және жинақтау. Бұл әдіс оқыту мен тәрбие жұмыстарын табысты өткізіп жатқан озат мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесін үйрену және жинақтау және теориялық пайымдауға негізделген.

 







Date: 2016-05-17; view: 6101; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию